«Түскі асыңа жұмса» деп ақша беру «есепсіз ақша беру» тәрізді пайдасыз. Екі жағдайда да бала ақшаны өздігінен жұмсай алмайды. Бірінші жағдайда «самсадан басқа ештеңеге жетпейді» деген....
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Қозы мен құлын жарысатын болып келісіпті. Жарысатын жері ұзақ жер екен, даяшылар оларды бір төбенің басынан тосып алатын болыпты. Жарыс басталып, а дегенде құлын озып кетеді. Біраз жер жүгірген құлын артына қараса, қозы көрінбей қалған. Сонымен, ол өз-өзіне марсиып, «Маған қозы өлсе де жете алмайды, босқа жүгіргенше дем алайын, қозы осы араға келгеннен кейін жүгірсем де, бәрібір озбаймын ба», – деп қозының келуін тосып жатады....
Өткен заманның заманында торғай мен бұлбұл дос болыпты. Күндердің күнінде бұл екеуі бір-біріне туған мекендерін көрсету үшін қонақ шақырысатын болыпты. Алдыңғы кезекті бұлбұл алып, торғайды әнімен қарық қылып орман-тоғайдың ішімен бір жеміс бағына әкеліпті. Бұл кезде бұлбұлдың жағымды әні онан ары сорғалай түсіпті. Кеудесін қуаныш кернеген бұлбұл қанша сайрағанымен торғай қабағын бір ашпапты. Бұны байқаған бұлбұл:
– Ой, досым, неге қабағыңды ашпайсың? – деп сұрайды. Сонда торғай:....
Құламерген айдалада, жапан түзде аң аулап, сейіл құрады екен. Оның баласы Жоямерген әкесінің таяғын ұстап жастай-ақ аңсақ болған екен. Ол түрлі құстарға тор, тұзақ құрып ұстап алады екен. Бір күні құрып қойған торына кішкене шымшық оралып қалыпты. Ол сорлы тордан шыға алмайды, оралып жата береді, бір мезгілде оның қасына көгершін келеді. Бұның торға оралып жатқанын көреді. Ол анадай тұрып шымшыққа ұрсып табалайды:
– Әй, ақымақ, есалаң, қазір күн талтүс емес пе? Түн болса бір шарт. Күндіз торды көрмей оралып екі көзіңді шел қаптады ма? Аяғыңның астына қарап, ана сығырайған көздеріңді ашып жүрсең етті. Енді сен күшікті кім шығарып алады. Бәрібір бүгін мен сені әуреленіп шығарсам да сен есалаң ертең тағы шоқақтап, ебелектеп жүріп торға түсесің ғой.....
Бұрынғы заманда асқар таулы, нулы орманды өңірде піл мен тышқан көрші әрі тату-тәтті дос болып өтіпті. Бірақ достықтары көп ұзамай бұзыла бастапты. Піл өзінің алып тұлғасына қарап, кішкентай тышқанды алымсынбайтын болыпты, тіпті онымен бірге жүруді ар көріпті. Пілдің бұл ниетін білген тышқан «Орайын тауып сазайыңды бір тарттырамын» деп әбден тісін басады. Піл мен тышқан осындай күрең қабақтасып жүргенде арыстан қызын ұзататын болып, пілді тойға шақырыпты. Піл тойға аттанғанда тышқан да ере жүреді. Бойын қызғаныш кернеген піл оған тап-тап беріп қуалайды. Арбаңдап жүрген пілдің абайсыздығында тышқан оның құлаштай ұзын танауына «сып» етіп кіріп, кетеді. Танауға кірген ол тыныш жатсын ба, арлы-берлі жүгіріп оның мазасын әбден алады. «Шық» деп зекиді піл. Тышқан ерегесе түсіп, бұрынғыдан әрмен жыбырлата тырналайды. Ақыры піл:....
Ілгері кезде бірнеше көк кептер, ішінде патшасымен бір жерде мекен қылып жатыпты. Күндерде бір күн араларынан бір топ кептерлер бір жаққа жолаушы барып келіп, мұндағы кептерлерге көрісіп, есендік сұрасып болғаннан кейін, барып келген жерлерінен хабар айтып, сөз арасында айтыпты:
– Бір керуен сарай бар екен, сол сарайдағы керуендер көшіп, сарайын қалдырып басқа жаққа кетіпті. Ол сарай иесіз қалыпты. Қанша заманнан бері халық мекен қылған жер сарайларында есепсіз дәндер төгіліп қалыпты. Енді бізге ұқсас құстар мекен қылуға тиісті болыпты, – деп, мұндағы кептерлерге айтып өтініпті. – Көптерің мақұл десеңдер, патшаға айтып, енді сол сарайға көшсек, үш-төрт күнде жетіп барып рахатта болар едік, – дейді. Оған баршасы барғандарын мақұл көріп, патшасына арыз қылыпты: «Сыйлы біздің патшамыз, бізден бірнеше кептерлер жолаушы барып келген еді, сол жолаушылар бір жақсы хош хабар айтып келді. Бір керуен сарай бар екен, сол сарайдың адамдары кетіп, сарайы босқа қалыпты. Қанша төгілген астықтары бар дейді. Мына көп жұртыңыз өтінеді, сізден рұхсат болса, сол сарайға көшіп барып, сол сарайда мекен қылсақ, үш-төрт күндік жол екен деп, сізден тілек қыламыз. Ендігі әмір өзіңізден», – деп сөздерін бітіріпті. Ол кезде патшасы жауап қылады....
Бұрынғы өткен заманда, ну жыныс қалың орманда бір шошқа мекен етіп тұрыпты. Оның қорек қылатын ағашы емен екен.
Еменнің бүршіктеріне жеміс шығады, ол шошқаның атасының асы, ең сүйіп жейтін тамағы болады
Шошқа әбден семіреді, тегін тамақ мол болғандықтан ашаршылықты көрмейді. Тамаққа тойып, емен түбінде күн шуақта жата береді. Ыстықта көлеңкесіне паналайды, суықта түбіндегі үңгірде жатады.
Қысқасы, осы ормандағы дәу жалғыз емен шошқаның әрі орны, әрі азығы болып, барлық мұқтажын өтеп тұрады. Ашаршылық көрмеген, азық үшін еңбек істемеген семіз, күйлі шошқа әбден ерігеді, не істерін білмейді. Ақырында тұра салып еменнің түбін қаза бастайды. Шошқа бірнеше күн еріккен сайын, емен түбін қазатын болады. Еменнің тамырлары қиылып құлауға қарайды. Сол кезде оған емен тұрып тіл қатады: – Әй, ақымақ, өлеріңді білмейтін сен доңыз, менің түбімді қазып, құлайтын халге жеткіздің. Құламаған күнде де тамырларым қиылды, көбін аршып тастадың, сондықтан мен аз жылда қуарып құрып бітемін.....
Ніл дариясындағы пәлен мың жасаған бір жайын Сүлеймен пайғамбардың ат басындай гауһарын жұтқан екен. Сол жайынға бір кездерде ажал уақыты жетіпті. Ол өте есті жайын екен, мендегі гауһар кісі ақысы еді, соны ақыретке арқаламай беріп кетуім керек. Ол үшін қайранға шығып өлейін. Бір кездерде жемтік арасындағы гауһарды бір адам көріп алар. Адам алса мен борыштан құтылғаным ғой деп ұйғарады. Сонымен жайын жағадағы қайранға шығып қаза табады. Бірнеше жыл ішінде оның жемтігін алдымен құс жеп тауысады. Жеуге келмейтін тек қана гауһар тас қалады. Бұл гауһардың жартысы су ішінде, жартысы бетінде көрініп жатыр. Су ішіндегі жарымын шортан мен шаян көреді. Су бетіндегі жартысын мойны ұзын аққу көреді. Бұлардың әрқайсысы да оны өздері алмақ болып қызығады.
Шортан ойлайды: «Шіркін-ай, бұл тереңірек жерде болса су астында шам жанғандай жарық болар еді де, көзім бұдан да жақсы көрер еді. Соның арқасында тамағым тіпті тоқ болар еді. Жемді қиядан көрер едім», –дейді.
Шаян өзінше пайдасын малданады. Ол: «Осы гауһар судан шығып тұрмай, жер астына қарай түссе, жер ішінде де сәуле болар еді. Менің балшық арасындағы балаларыма үлкен пайдасы тиер еді. Өзім де ұядан адаспай, тап басып отырар едім», – деп арман қылады......