Мысал ертегі: Қозы мен құлын

Мысал ертегі: Қозы мен құлын

Қозы мен құлын жарысатын болып келісіпті. Жарысатын жері ұзақ жер екен, даяшылар оларды бір төбенің басынан тосып алатын болыпты.
Жарыс басталып, а дегенде құлын озып кетеді. Біраз жер жүгірген құлын артына қараса, қозы көрінбей қалған. Сонымен, ол өз-өзіне марсиып, «Маған қозы өлсе де жете алмайды, босқа жүгіргенше дем алайын, қозы осы араға келгеннен кейін жүгірсем де, бәрібір озбаймын ба», – деп қозының келуін тосып жатады.

Құлын туада ұйқышыл болады екен де, жата салысымен дереу ұйықтап кетеді. Содан ұйқысы қанып бір уақытта оянса, қозы әлі жоқ. Сонда құлын қозы әлі келмеген екен деп ойлап: «Бұл арада бүйтіп тосып әлектенгенше ертерек барып алмаймын ба, бәрібір жүлде менікі болғаннан кейін», – деп шауып отырып барса, қозы өзінен бұрын барып баяғыда жүлде алған екен. Сөйтіп, асқақтаған құлын артта қалыпты да, өзіне сенім артқан қозы озып келіпті.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру