Бейбіт өмірге 75 жыл!

Бүгінгі ұрпақ Ұлы Жеңісті алып берген аға буын алдында әрқашан қарыздар
Н.Ә.Назарбаев.
Көшсе де жерден жасыл шатырлары,
Ізі мен оғы жатыр тақырда әлі.
Уақыттың дауылында ұрпағына,
Елдіктің жолын сілтеп жатыр бәрі – Қазақтың батырлары! - деп қазақтың ақиық ақын қызы Фариза Оңғарсынова апамыз жырлағандай, сайын сахараны дүбірлетіп өткен батыр бабалардың ұрпағы, 1941-1945 жылдардағы 1418 күнге созылған қан майданда мұз жастанып, қар кешкен, нәзіктігіне қарамай алыптың ісін жасаған, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың өмір жолы, ерлік өнегесі – мәңгілік таусылмайтын әңгіме, айнымас шындық. Елі үшін жанын пида етуге даяр, зиялы, мәдениетті ата-ананың тәлімтәрбиесі Мәншүкті биік мұраттарға жетелеген. Жастайынан әкесіне еліктеп өскен, балалық арманынан ажырамаған Мәншүк оны іс жүзінде дәлелдейді. Әсіресе «Шығыс Шолпаны» атты деректі фильмінде «Егер менің әкемдей адал жан халық жауы болса, кім халық жауы емес?»- деп Сталинге дейін арыз жазып, майданға аттанған сәтінен әке алдындағы парызына деген адалдықты, өжеттікті көруге болады. Бүгінгі бейбіт заманда өмір сыйлаған ең қымбатты ата-анасын қараусыз тастап, қарттар үйіне өткізіп, өмірінің жалғасы – ұрпағын сәбилер үйінде қалдырып жатқан жастар еріксіз есіңе түседі, олардың іс-әрекеттерінен қынжыласың, қорқасың, келешек жастар осындай жат қылықтан аулақ болса деп тәңірден де тілейсің.....
Шығармалар
Толық

Еліміздің тағлымды тарихы

Міне, көзді ашып жұмғанша уақытта зымырап өтіп бара жатыр. «Уақыт – ұлы дәрігер» дегендей, халқымыз бастан кешірген сұрапыл қайғы мен қасірет жеңілденді, ер-азаматтарымыздың төгілген қаны мен тері өзінің жемісін беруде. Ұлы Жеңістің 71 жылдығы және Ұлы Отан Соғысы басталуына 75 жылдығы да жақындап келеді. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары да азайып барады. Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Сол себепті біз ардагерлерімізді құрметтеп мақтан тұтуымыз керек. Батыр дегеніміз- ел басына күн туған шақта ел-жұртын жанын аямай қорғай білу. Қазақ халқы- ежелден батыр халық. Бұған сан ғасырлық тарихымыз, батырлық дастандарымыз айғақ. Сол шайқастарда талай боздақтарымыз қыршыннан қиылды, елінің болашағы үшін жанын пида етті. Ауыл тұрмысын жақсартуда сүт-тауарлы фермасын ашып, ел болып қыруар еңбек жасағанын әңгімелегендерін үлгі –өнеге ретінде қабылдаймыз. Сол кездердегі үлкен тұлғаларда біздің ауылдың қадірлі қонағы болған. Солардың бірі – Дінмұхамед Қонаев ауыл ақсақалдары мен еңбек ардагерлері, үлкен-кішілерімен кездесіп қолын алды.«Қазақта Димекеңдей кемеңгер тұлғалы адам кемде-кем. Тағдыр маған онымен үш мәрте көзбен көріп, кездесуді жазыпты» деп әңгімелейтін атам. .....
Шығармалар
Толық

Еліміз ерлерімен мақтанады

Ерлік ұмытылмайды Ежелден ер тілегі – ел тілегі, Адал ұл ер боп туса – ел тірегі.
Б.Момышұлы
Соғыс... Соғыс дегеніміз қантөгіс, қайғы-қасірет. 1941 жылдың 22 маусымында басталған соғыс 1418 күнге созылған. Кеңестер Одағына тұтқиылдан ескертусіз соғыс ашқан неміс фашистері адамзат баласына зор қайғы-қасірет әкелді. Ұлы Отан соғысы адамзат тарихындағы ең үлкен қасіретті майдан, Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасіретті соғыс болды. Жеңіс... Біз үшін Жеңіс күнінен қымбат мереке жоқ. Ұлы Жеңіс аға ұрпақтық Ұлы ерлігін ел есінде сақтауға арналған ең қастерлі күн. 9 - Мамыр – Жеңіс жалауы желбіреген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Сұм соғыс ойранын салмаған, отына шарпылмаған отбасы жоқ шығар, сірә. Ана сүйікті ұлынан, ару асыл жарынан, бала аяулы әкесінен айрылды. Соғыста қираған қалалар мен ауылдар қалпына келтірілді. Бірақ соғыс жарасы әлі жазылған жоқ. Әлі де хабарсыз кеткен ұлын, бала әкесін іздеген хабарды теледидардан жиі көреміз. Біз соғысты көрген жоқпыз. Ұлы Отан соғысы туралы кітаптардан оқып, фильмдерден көрдік Соғыс тақырыбында әлі де кітаптар, фильмдер шығарылып, өлеңдер мен әндер де жалғасын табуда. Осынау қиыншылықпен келген жеңіс қалайша ұмыт болмақ?! «Ешкім де, ештеңе де ешқашан ұмытылмайды». Осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткішіне қашалып жазылған. Кешегі ел басына күн туған қатерлі шақта аға ұрпақ өкілдері бостандығымыз бен тәуелсіздігімізді жанқиярлықпен қорғады. Соғыс көптеген ерлердің есімін елге танытты. Талғат Бигелдинов пен Сергей Луганский, Мәлік пен Бауыржан, Әлия мен Мәншүк ерліктері туралы ақиқат пен аңыз халыққа кең таралды.
Ерліктің арқасында бақ қарады....
Шығармалар
Толық

Еліміздің аспанында азат күн

Соғыс -қантөгіс , кінәсіз адамдардың жапа шегуі және батырлардың біздер үшін , жас ұрпақтар үшін ,қазақ үшін ,қазақ даласы үшін өз өмірлерін қиюы.Соғыста ерлік көрсеткен батырлар өте көп.Мен сол батырлар үшін бас иемін. Соғысты батырлар жеңіспен аяқтау үшін барлық күш жігерін жұмсап,ерлік көрсеткен. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат баласына қайғы-қасірет әкелді.Соғыста барлық қазақстандықтар Отанын қорғауға айрықша үлес қосқаны тарих беттерінен мәлім. Ел қорғауға қазақ батырлары белсен қатысып ,майданда небір ерліктерін ,үлгі өнегелерін көрсеткен.Соғыс кезінде барлығы майдан үшін , жеңіс үшін деп өшпес өнеге қалдырған.Ол сарбаздардың серті ұрпаққа мәңгі өнеге! Біз кең байтақ өлкемізді қаскөй жаулардан қорғауға тиіспіз.Сол соғыс үшін аналар күйеуінен,күйеулері әйелдерінен,әкелері балаларынан,балалары әкелерінен,ал біздің ел ақылгөй қарттарынан айрылды.Біз соғысқа қатысқан әр бір сарбазға бас иіуге тиіспіз.Біз қашанда ел мен жердің тәуелсіздігін ойлауымыз керек.
Ұлы Отан соғысы 1417 күнге созылды. Сол күндер бойы батырлар бейбітшілік үшін күрескен.Біздің ардагерлеріміз соғысты көрген .Сол соғыста көрген –білгендерін жас ұрпақтарға,бізге үйретеді.Олардың тәлімтәрбиесін біз бойымызға жинап ,өскенде саналы болып өсеміз.Қазақтың ержүрек қыздары Әлия мен Мәншүк,қайсар ұлдары Бауыржан Момышұлы,Қасым Қайсенов,Рақымжан Қошқарбаевтар батырлықтың , ерліктің тамаша үлгілерін көрсетті. Ел басына күн туған қиын-қыстау күндерде азамат жүгiн арқалап мыңдаған қазақ қыз-келiншектерi уақыт сынынан, тарих талқысынан сүрiнбей өттi....
Шығармалар
Толық

Ұлы Жібек жолы ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына қалай әсер етті? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Сабақ тақырыбы: Ұлы Жібек жолы ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына қалай әсер етті?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау;
Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарын анықтау;
Ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру.
Сабақ мақсаттары: Ұлы Жібек жолының қолөнер, сауданың дамуына және қалалардың өсуіне әсерін анықтайды;
Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардағы маңызын ашады.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Түркі тілдес халықтардың миграциясы Еуразия тарихына қаншалықты әсерін тигізді? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1A VI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Түркі тілдес халықтардың миграциясы Еуразия тарихына қаншалықты әсерін тигізді?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Әр түрлі тарихи оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы түркі тілдес тайпалардың миграция үдерістеріне ықпалын түсіндіру;
Түркі тілдес тайпаларды атап, олардың территориялық орналасуын картада көрсету.
Сабақ мақсаттары: Қазақстанның саяси картасын, тарихи үрдістерді, этносаяси бірлестіктердің қалыптасуы және миграцияның себептерін талдайды.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. басындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы 4-сабақ
Сабақ мақсаты: Оқушылар:
Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін түсіндіреді, экономикалық байланыстардың, өнер мен ғылымның дамуына ықпалын талдайды.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. басындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы 3-сабақ
Сабақ мақсаты: Оқушылар:
Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін түсіндіреді, экономикалық байланыстардың, өнер мен ғылымның дамуына ықпалын талдайды.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. басындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы:Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.4.2.1 – Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау;
6.4.1.1 – көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарын анықтау;
6.2.2.2 – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: *Ұлы Жібек жолының Тараз,Йасы, Отырар, т.б қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау
*көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарын анықтау
* Қожа Ахмет Ясауи,Айша Бибі,Бабаджа Хатун,Арыстан Баб т.б. сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру
*Әл Фараби,Ж.Баласағұни, т.б. орта ғасырлық ғалымдардың ғылымның дамуына қосқан үлесін анықтау.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. басындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.4.2.1 – Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау;
6.4.1.1 – көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарын анықтау;
Сабақ мақсаттары: Ұлы Жібек жолының Тараз,Йасы, Отырар, т.б қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау,
көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарын анықтау.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық