Тұлғасы тұнған тәлім есімі елге мәлім-Б.Момышұлы

Отанға деген сүйіспеншілік- еліміздің келешегіне оның кемел ұрпағына біздің аманат етер ең қасиетті өсиетміз деп білейік.
Отаның Бауыржан Момышұлындай сүюді өнеге етіп қалдырған басқа қаламгер жоқ. Ол «өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу -сатқындықтың белгісі.
Ел дегенде еміреніп,жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін! Отан үшін отқа түс- күймейсің! Опасызда Отан жоқ. Елсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт болмайды!»,-дейді...
... Біздің халқымыз, әсіресе жастар осы қағидаларды естеріне ұстаса деймін. Н.Ә.Назарбаев. Ер есімін ел есінде мәңгілікке қалдыру мақсатында 1990 жылы ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Бауыржан Момышұлына Кеңестер Одағының Батыры атағы берілді. Осы атақ берілген кездегі өз сөзінде Н.Ә.Назарбаев «Бауыржан жұлдызды болған күн – қазақтың жұлдызы жанған күн», – деп толғана айтқан еді.Қазақтың қаһарман қолбасшысы Бауыржан Момышұлының өнегелі өмірін жас ұрпаққа насихаттау, оларды отансүйгіштікке баулу, Қарулы Күштер қатарына жанжақты жетілген жастарды тәрбиелеу. Егемен еліміздің ұлттық сана-сезімі мен намысы оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, бойында білімге негізделген ізгілікті қасиеттері қалыптасқан «Сегіз қырлы, бір сырлы қазақ азаматын» тәрбиелеуге болатынына біздің көзіміз жетіп отыр.Бүгінгі таңда қоғам мен мемлекеттің білім беру жүйесінің алдына қойып отырған міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты ұлттық тәрбие рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл талаптың көкейкестілігі қазіргі әлемді жаһандандыру жағдайында бұрынғыдан да артып отыр.....
Шығармалар
Толық

Ашық аспан бейбіт өмір

Соғыс жаңғыры жылдан-жылға алыстап барады... Ол туралы үлкендерден, көнекөз қариялардан естіп жүреміз. Кинолардан, деректі фильмдерден көреміз. Әйтсе де өткенге көз жүгіртпей, болашаққа бағдар жасау мүмкін емес. ХХ ғасырдың орта кезінде болған алапат соғыс Екінші дүниежүзілік болса, соның бөлшегі Кеңес Одағының тарихында Ұлы Отан соғысы болды. Бұл соғыс кезінде әрбір бесінші қазақ майданға аттанып, Отаным, туған жерім қазақ елім, отбасым деп жолға шықты. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды. Жеңіс бізге миллиондаған адамдардың төгілген қанымен келді.
Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның есінде орны өшпес қасірет болды. Мыңдаған отбасы, балалар жетім, жесір болып қалды. Ашаршылықтан көрген азап аздай, енді соғысты көрулеріне тура келді. Ұлы Отан соғысы тарихы туралы қаншама кинофильмдер түсірілді, өлеңдер шығарылды, кітаптар жазылды. Ерлікпен шайқасып лайықты бағасын, ордендер алғандар да бар. Ал кейбіреулері тіпті молаға да зар болып ормандар да жатып қайтыс болғандар, суға батқандар өте көп. Олардың кейбіреулерінің мазараттары айдала да, әр жерде қалғандарды ғалымдар, археологтар табуды жалғастырып жатыр. .......
Шығармалар
Толық

Өмір мен өлім айқасы

Арпалысып жүріп алған абырой - өмірдің ең шырын рақаты.
Б. Момышұлы
Арпалыс. 1941 жылы бастау алған сұрапыл соғыс, шынында да, ұлы арпалыспен өткен еді. Бірақ, ол кезде соғыста жанын қиғандардың ешбірі абырой үшін, атақ үшін жан қиған жоқ, керісінше «Отан үшін», «ел үшін» деп, қарша бораған оққа көкірегін тосып, өлсе де оған өкінбей, Отан үшін өмірін қиып тұрып алған абыройын өмірдің ең шырын рақаты деп білді.
Қазақтың аты аңызға айналған ғазиз ұлдарының бірі – Бауыржан Момышұлы тағы бірде:
Ежелден ер тілегі – ел тілегі,
Адал ұл ер боп туса – ел тірегі, – дейді.
Соғыс жылдарында ерлік көрсеткен азаматтарымыздың ел тілегін тілеген, елге тірек бола білген, адал ұл болғанына ешкім күмән келтірмес.
Біздің елдің өзінен ғана жиырма миллион адам қаза тапқан Ұлы Отан соғысының аяқталғанына да жетпіс жыл толып отыр. Бомбалар мен снарядтар қопарып, окоптар айғыздаған жер жарасы жазылғалы қашан. Содан бері жомарт табиғат жер бетіне жетпіс рет жасыл кілемін жайната жауып, жетпіс рет жинап алды. Жеңіс жылы туған баланың өзі жігіт ағасының жасына жетіп, самайын қырау шалды. Сол алапат соғысқа қатысып, от пен оқ өтінде жүріп, солдат етігімен Берлинге жеткендер қазір ат төбеліндей ғана. Қаһармандар қатары селдіреп барады. Емші уақыт талай қаралы көңіл мен жаралы жүрек дертіне дәру болып, қайғы-қасірет ұмытылып бара ма, қалай?.......
Шығармалар
Толық

Халқымның жарқын болашағына сенемін

Осыдан 71 жыл бұрын, дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады.
Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтулары керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі беларусь жерінде қалған.
Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды.
Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. 1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жолданды, ал Қазақстанның аумағында сол жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мыңдай офицер дайындап шығарған. .....
Шығармалар
Толық

Қайсар мінез қазағым

Мен өз өмірімде соғыс дегенді көргенде, білгенде емеспін. Соғыс - деген сөздің өзі өте ызғарлы, суық деген сезім туғызады. Соғыс деген сөздің өзі артынан зұламат, азатпен қан төгілген адамдар, қираған қалаларды қалдырған тарихи жағдайларды есіме салады. Соғыс туралы тек қана көргендерім ғана бар. Мен үшін соғыстың оты, оның зардабы, өмір бойы бітпейтін қиыншылықтары секілді. Көрген киномен оқыған кітаптарымда, соғысты көрген адамдардың қаншалықты қиналатынымен оның әкелген қасіретінен қаншама ұрпақтар зардап шегетінін ойласам, осыншама қайғы мен қасірет әкелетін сөзді кім ойлап тапты екен деген ойға қаламын.
Ұлы Отан соғысы, бұл соғысты екінші дүние жүзі соғысы депте атайды. Бұл адамзат тарихында зұлымдық пен қаншерлікті паш еткен соғыс дер едім. Қырық бір миллион адамның өмірін жалмап, жүзде он миллион адам жарақат алған үлкен алапат қасірет. Осы соғыста қаншама адам зардап шегіп, мүгедек атанды. Қаншама ана жесір қалып, қаншама бала жетім атанды десеңізші. Оңай келмеген жеңісте ерең еңбегімен көзге түсіп, үлкен сый құрметке ие болған, мыңдаған жауынгердің ішінде өзіміздің қазақ жастары да бар. Солардың бірі Атыраулық жерлесіміз ұшқыш Хиуаз Доспанова. Өрімдей жас қыздың, үлкен алапат соғысты бастан кешіріп, өмірдің ащысы мен тұщысын ерте татады. Жаумен алысып, аспандағы шайқаста үш жүз рет болып қайтқан Хиуаз ұшақтан он төрт рет құлап, төрт мәрте ауыр жарақат алған.......
Шығармалар
Толық

Елімен өмірі өзектес

Қан майданнан, сұм ажалдың отынан
Аман келген, Алғыс алған Отаннан.
Жауынгердің бірі болып аттанып,
Біздер үшін Батыр болып оралған.
Ж.Шахидоллақызы
Ауданымызға белгілі үлкен әулеттің Бәйтерегі, бәздің бәріміз үшін қасиетті де қымбат жан – Сіз болдыңыз және сондай болып қала бересіз, Самалық Көке! Сіз біздің әруақытта есіміздесіз, биылғы Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 71 жылдығында Сізді ерекше мақтаныш сезімімен еске алып отырмыз. Халқыны қалаулы, қажет кезде Отан үшін кеудесін оққа тосқан жауынгер, еңбегңмен еліне елеулі, кезінде үлкенге де кішіге де қамқоршы, өз ортасында абыз қарттардың бірі болған абзал Азамат, бауырларыңыз бен ұрпақтарыңызға ұлағатты «Көке» бола білген Сіздің есіміңіз әулет мүшелерінің мәңгілік жадында болуымен қатар, әр жылдарда бірнеше ұжымшарды табысты басқара білген басшы ретінде де аудан тарихынан да өшпейді. Көке! Біз Сіздің ұл – қыздарыңыз және олардан тараған ұрпақ екенімізді мақтан тұтамыз! Сейтқазиев Самалық, 1908 жылы туды........
Шығармалар
Толық

Өлкеміздің Ұлы Жеңісті жақындатуға қосқан үлесі

Туған жер! Бұл осы өңірде туып-өскен ұрпақтың мәңгі есінде қалар сурет екені даусыз. Туған жердің жұпар ауасы кеудеңді керіп, алыс кетсең сағындырады. Туған жерін сүймейтін тіршілік иесі жоқ. Біздің өлкенің жерін сүймейтін тіршілік иесі жоқ. Біздің өлкенің жері бай, тарихы терең. Сол тарихта Атырау облысы, Исатай ауданы, Хамит Ерғалиев (Новобогат, Қамысқала) ауылының алатын орны ерекше. Оның өткеніне көз жіберіп, арғы шежіреге үңілсек, қалың қыпшақ даласы болған, кейін Ноғай ордасы құрамына кірген қалмақтар жайлап, олар Қытайға көшкенде, отыз жылдай жүгірген аң мен ұшқан құстан өзге жан иесі мекендемеген бос жатқан өңір ойға оралады. Еділ мен Жайық аралығындағы осынау кең далаға қоныстануға 1801 жылы орыс патшасынан рұқсат алған Бөкей сұлтан бес мың шаңырақпен көшіп, Жайық өзенінен өтіп, ат басын осы Қазіргі Хамит Ерғалиев ,бұрынғы Новобогат жеріне тіреген Новобогат ауданы еңбекшілерінің ұйымшылдығы мен тамаша патриоттық бастамалары ел басына қатер төнген Ұлы Отан соғысы жылдарында ерекше көрінді. Фашист басқыншыларының айуандық, жауыздық әрекеттеріне ыза болған новобогаттықтар алғашқы күндері-ақ митингілер-жиналыстар өткізіп, берік топтасып, Отанымыздың күш-қуаты мен қорғаныс қабілетін нығайту үшін жан аямай еңбек ететіндіктерін білдірді.
1941 жылы басталған Ұлы Отан соғысы бүкіл елдегі сияқты Новобогат ауданында да қауырт жағдай туғызды. Ер-азаматтар әскери комисариаттың алдында лек-лек болып майданға аттанып жатты.......
Шығармалар
Толық

Ұрпақтарға бейбіт өмір сыйлаған батыр

Иә, биылғы жылы талай ұл-қызды әкесіз талай ата-ананы баласыз қалдырып, етігімен су кешкен зұлмат соғыстың аяқталғанына 71жыл. Қаншама ержүрек батыр ата-әжелеріміз басын қаперге тігіп, ұрпақтарға бейбіт өмір сыйлайды. Ал, ол ел үшін кеудесін оққа тосып, ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ізгілікті ісінің арқасы. Демек, Ұлы Отан соғысына қатысушы майдангерлер ерлігін бүгінгі және кейінгі ұрпаққа насихаттап, оларды өнеге тұту парыз.Ерлік мәңгі ескірмейтін, ұрпақтар жанында сақталатын қасиетті іс. Осы ерлік көрсеткен батырлардың бірі –жерлесіміз «Даңқ» Орденінің толық иегері Ш.Т.Еркіновте бар.
Ол 1924жылы Ойыл ауылдық кеңесінде Даулетиман елді мекенінде дүниеге келіп,Батыс Қазақстан облысы ,Қаратөбе айданы, Саралжын ауылындағы бастауыш мектептен дәріс аладыда Миялыдағы Орлыкөл мектебінде білімін жалғастырып , үздік бағамен бітіреді.1942жылдың 18 тамызында Ақтөбе облысы, Қобда аудандық әскери дайындық тан өтіп,1943 жылдың шілде айынан бастап,ұрыстың қызған жері Батыс майданының құрамында Сталинград шайқасында шыңдалады......
Шығармалар
Толық

Есімізде сақтаймыз мақтанамыз!

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш, адамзат тарихындағы ең ірі жанжал, ең ірі шиеленіс! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол бір сұрапыл қасіретті кезеңдерге көз жүгіртсек. 1941 жылғы 22 маусым - тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Жетпіс жыл бұрын осы күні Ұлы Отан соғысы басталды.
Бұл сұм соғыс - тарихтың таңбалы тұсындағы ерліктің ерен шежіресі. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Олар көптеген қиындықты бастарынан өткізді.Сол кездері біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен еді. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды. Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан. Кеңес Одағы Батырларының қатарында шығыстың қос шынары – мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі - қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан.
Солардың бірі - Қасым Қайсенов.......
Шығармалар
Толық

Өлiм мен өмiр алысты

Өмірі - ұрпаққа өнеге.
Соғыстың аты соғыс қой,
Жалмады талай арысты.
Мылтықтың оғы босқа ұшпай,
Өлiм мен өмiр алысты.
Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері 71 жылдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ.Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.......
Шығармалар
Толық