Өмірді таңда

Өмір – адамға бір - ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды бізге сыйлаған кім? Әрине, саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың - ата – анаң. Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа, сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің. Адамдар, негізінен, бұл өмірге қонақ. Соны түсініп, сезіне білген адам өмірдің шын рахатын сезінеді. Өмірдегі түрлі оқиғаларда саған сүйеу болатын, сүрінгенде демейтін досың болғаны дұрыс.

Жақсы досы бар адам түзу жолдан таймайды. Өмір - өзен ағып жатыр, тынбайды, Өмір болмас қасіретсіз, мұң қайғы,- деп қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып, өз жолын таба алмай жатады. Соңғысы, әрине, өкінішті - ақ. Өмір деген менің түсінігім бойынша алланың бізге берген сынағы. Қандай жағдай болмасын ақыл - ойымызбен, сабырлылығымызбен жеңе білуіміз керек. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі - өзіміз. .....
Эсселер
Толық

Тіс- саулықтың, әдеміліктің шынайы көрінісі

Стамотология-тіс құрылысын зерттейтін ғылым.Тістер-қатты жасушалардан тұратын,азықты алғаш механикалық өңдеуден өткізу үшін қажетті құрылым.Жануарларда қорғану және шабуыл үшін қару ретінде қолданылады.Ал адамда сөз дыбыстарының пайда болуы үшін күлудегі маңызды компонент.

Тістің ішінде жүйке жасушалары және қан тамырлары өтіп жатқан дәнекер ұлпа болады.Тістерде сүт тіс және тұрақты тіс деп бөледі.Балаларда сүт тіс 3 айдан бастап 1жас шамасы аралығында шығады.Сүт тістер 6-12 жас аралығында біртіндеп тұрақты тістерге алмастырылады.Тістер пішініне қарай күрек тіс,ит тіс,кіші және үлкен азу тістер болады.Тістің сыртқы көрініп тұратын бөлігі тіс сауыты,оның жіңішкерген жерін мойны және сүйегіне бекитін бөлігін тістің түбірі деп атайды.Түбірлерінің құрылысына қарай тіс бір түбірлі ,және екі түбірлі және үш түбірлі юолып бөлінеді.Бір түбірлі тістерге алдыңғы күрек тісжәне ит тіс жатса,үстіңгі жақ сүйектің азулары үш түбірлі,ал астыңғы жақ сүйектің азулары екі түбірлі болады.Тістің барлық саны-32.Олар адамның аузында үстіңгі және астыңғы жақ сүйектерде екі қатар болып орналасады.Олардың әрқайсысында 16-дан тіс болады.Әрбір тістің үсті ақ түсті зат-эмальмен/кереукемен/қапталады,оның астындақатты затдентин жатады.Адамның тісі- оның негізгі мәшинесі.Өйткені қандай тамақ болмасын тіспен шайнап жейді.Тісі жоқ адамның сөзі дұрыс болмайды.Тіс адамның бет әлпетінің сұлулығын қамтамасыз етеді.Тістің түсіп қалуы ауыз гигиенасын сақтамағандықтан болады.Сол себепті тіс пен ауыз қуысын ерекше күтімге алған жөн.Ауыз қуысының жеке гигиенасын негізгі -тістерді дұрыс және үнемі дұрыс тазалап отыру.Адамның ауыз қуысында үнемі бактерилар жүреді.....
Эсселер
Толық

Кітап оқып жүрміз бе?!

Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
Абай Құнанбаев

«Кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы»,- дегендей кітапта тұнған білім, ал білім сенің өмірің. Сен бұл дүниеде білімсіз жүре алмайсың. «Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні кәріп» дегендей, надан, білімсіз көр соқыр болсаң көрер күнің қараң. Ал,сенде білім болуы үшін,саған кітап көмектеседі. Кітап - дүниенің есігі. Кітап - асыл қазына, баға жетпес көркемсөз өнері. Кітап ішінде мол дүниесі бар, әдеби берер тәрбиесі, өнегесі мол зат. Кітап бізге ауадай қажет. Себебі, бұл дүниеде болып жатқан жағдайдың бәрі кітапта бар. Кітап - білімнің қайнар көзі, ал білім өміріңнің мәні деп тұжырымдағып келіп тұр.

Кітаппен ел жанданар,
Біліммен ой толғанар.
Кітапты сүйіп оқыса,
Білім нәріне оранар! - дегендей, білімді болу үшін кітап керек болғанымен, сен кітапты оқи білуің керек және түсіне білуің ,оның мәнін терең ұғынуың өте маңызды. Кітап дегенде есімізге не елестейді?.......
Шығармалар
Толық

Біздің өміріміз, айналамыз болашақта қандай болады екен?

Адамдар әрдайым болашаққа көз жүгіртіп, қиялға ерік беріп отырған. Жазушылар армандарын қиял-ғажайып әңгімелер жазып, композиторлар ән тудырып, суретшілер суреттер салу арқылы көрсеткен.

Ең қызығы, адам сенгісіз дүниелер болашақта жүзеге асып отырған. Мысалы, бұрынғы замандағы адамдар бір орыннан екінші орынға жылдам жеткізетін ертегідегідей ұшатын кілемді армандаған. Қазір адамдар ұшаққа отырып, көзді ашып-жұмғанша алыс елге тез-ақ жетеді. Грек мифологиясындағы Икар Күнге ұшуға армандаған. Қазір адамдар ғарышқа ұшып, Айға жетіп, Марс т.б планеталарға баруын жоспарлап отыр.

Келешекте өмір қандай болады? -деген сұрақтар әрқашанда туындаған. 1911 жылы Францияда аса танымал емес суретші «2000 жылы өмір қандай болады?» тақырыбында ашықхаттар сериясын әзірлейді. Қарап шықсақ, үлкен ғимараттар, адам өмірін жеңілдету үшін жасалған сансыз сымдармен жалғанған механизмдер. Бір суретінде ауылдың көрінісі. Жайқалып тұрған егінді машина шауып жұр, адам оны сырттай бақылап отыр. Қазір бұл көрініс бізді ешқандай таңқалдырмайды. Ол біздің күнделікті тұрмысымыз. Электр жүйесі, байланыс құрылғылары, соңғы жылдары сымсыз байланыс, машиналар, механизмдер біздің тіршілігіміздің көрсеткіштері......
Шығармалар
Толық

Тіл - ар өлшемі, ұлттың өміршеңдігі

Шіркін, төбе құйқаңды шымырлатып, жылы сөйлеп жыланды інінен еріксіз шығаратын, тас жар алмаса да бас жаратын, сүйексіз болғанмен сүйектен өтетін қасиетіңнен айналдым, тілім! Ұлттың сүйенетін тамыры да, асыл ойдың қайнар бұлағы да өзіңсің, тілім! Сол тамырыңның тереңге жайылуын қалап, қайнар бұлағыңның иненің жасуындай болсын ластануын қаламаған, қайран қазағым-ай! Соншама жыл тар жол тайғақ кешуде де аяғыңды шалыс баспай, туған елінің күйі үшін, тілі үшін, діні, ділі үшін боз інгендей боздаған қайран қазағымның ерен еңбегін тайға таңба басқандай білсем нұр үстіне нұр. Ата-бабадан қалған аманатқа қиянат жасау кешірілмес қылмыс.

Қазағымның сөнбейтін алтын күні – ана тілім. Елдігіміз бен бірлігіміздің туы болып саналатын қасиетіңнен айналдым, құдіреттім! Ұшса құстың қанаты талатын сары даланы сақтап қалуда жан-жігерін аямаған ата-баба рухымен дарыған сендік құдірет алпыс екі тамырымда соғып тұрғаны баға жетпес бақыт. Құндағымнан ананың әлдилеген үнінен сәби денеме сіңгенің өмірлік азық, рухымның ұшар биігі, ұлтымның өміршеңдігі.

Сенің өн бойыңа жан бітіріп, оны ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келуі, қашанда көзінің қарашағындай қастерлеп біздерге аманаттаған ата-баба рухына сан мыңдаған алғысымызды білдіреміз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры болып саналатын тілімнің тілінгенін көру жүрекке үскідей қадалады.

Шіркін, «Етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?», - дейді қариялар. Айдың, күнің аманында, егемендігін алған, ұшса құстың қанаты таларлықтай ұлан-ғайыр жері бар, тәуелсіз ел жұртының өз ана тіліне жаны ашымауы мүмкін емес. Дей тұрғанмен, қызыл тілді қызыққа айналдырған қуыс кеуде жандардың сиқын көріп олай айта алмайсың. .....
Шығармалар
Толық

Менің өмірімдегі үштілділік

Мен қазіргі таңда мектеп қабырғасында, яғни 11 сыныпта оқып жүрмін. 7 сыныптан бастап, ағылшын тіліне деген қызығушылығым арта бастады. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - қарым-қатынас тілі болса, ағылшын тілі –халықаралық тіл екендігі барша аян.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үштілділік туралы ең алғаш рет 2006 –жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында айтқан еді. Ол кезде Мемлекет басшысы кем дегенде үш тілді білу біздің балаларымыздың болашағы үшін өте маңызды деген болатын. Одан кейін, 2007-жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында Мемлекет басшысы «Үштілділік» жобасын кезең-кезеңімен жүзеге асыра бастау керектігін ұсынған болатын. «Әлемде Қазақстан халқы үш тілді білетін, жоғары білімді ел ретінде танылуы керек. Бұл: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұларалық қатынас тілі және ағылшын тілі- жаһандық экономика мен сәтті ықпалдасудың тілі» деген еді Елбасы.

Қазіргі таңда Елбасының басында айтып өткен үштілділікті дамыту барысында көптеген жұмыстар атқарылуда.

Ал менің өмірімдегі үштілділікке тоқталар болсам, үш тілде де еркін сөйлей аламын. Сонымен қатар ағылшын тілінде өтетін түрлі сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүрмін. Осындай нәтижеге қол жеткізуіме ағылшын тілінен сабақ беретін ұстазым- Нурмагамбетова Айгуль Байжанқызының еңбегі де орасан зор. Жалпы он бірінші сыныпты аяқтаған соң таңдап отырған мамандығым- ағылшын тілінің аудармашы мамандығы болып табылады. .....
Шығармалар
Толық

Өмірдің мәні - отбасым!

Әр адам өмірдің мәнін, оның құндылықтарын түрлі мағынада елестетеді. Біреу үшін ол – көп ақша, екіншілер үшін қымбат көлік немесе шетелге саяхаттау, тағы біреулер үшін бағасы адам құнынан да артық әшекей бұйым. Мен жоғарыда аталғандарды өмірдің құндылықтары деп айтпас едім. Себебі олар – материалдық құндылық. Кейде осы екеуінің арасын ажырата алмай, талай адамның қателесіп жүргеніне куә боламыз. Бұл дүние бүгін бар да, ертең жоқ. Менің өмірімнің мәні – отбасым. Олар маған миллиардтаған ақшадан да қымбат, бағасына неше карат гауһар жүзіктер де жетпейді. Осы өмірдегі мен арқа сүйейтін адамдар – әкем, анам және бауырларым. «Бірінші көрнектілік – отбасы, ошақ қасы» дегендей менің бар байлығым, ай, күнім осы жандар. Жаңа туған жас балаға айтылатын әлди сияқты, мен де осы күнге дейін асыл әкем мен ардақты анамныңқамқор әлдиінде тербеліп келемін. ......
Эсселер
Толық

Дұрыс шешім – үлкен өмірге нақты қадам

Әрбір адам қандай да бір іс үшін дүниеге келеді. Олай дейтін себебім, кез-келген пенде армандап, өз мақсаттарын құра алғанда ғана адам болып саналады. Ендеше, қабылданған дұрыс шешімдер – адамның бүкіл өмірінің алғышарты, іргетасы және болашағының нұсқаушысы.

Адам – қоғамның ажырамас бір бөлшегі. Яғни, қоғамның дамуы адамға тікелей байланысты. Ал, әрбір адам өзінің өмір сүріп отырған қоғамына, бір пайдасын тигізіп, оны дамытуға міндетті болып табылады. Сондықтан, адам өз жолын дұрыс таңдай білуі қажет. Себебі, кез-келген адамның өз ұстанымы, таңдауы – өмірлік жемісі әрі еліне қосқан үлесі. Бірақ, адам өзінің икемділігіне, қабілеттілігіне қарай өмір сүруі тиіс. Егер, өмірлік ұстаным адам жанына жақын болмаса, одан еш пайда шықпайды. Өз қалауымен еңбектеніп, өз ортасын таба алған адам ғана, жанына қуаныш сыйлай алады. Оған дәлел, Әл-Фараби атамыз: «Ісім оңсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз, даңқым шықсын десеңіз, көпшіліктің адамы болыңыз», - деп, адамның өз ортасындағы бедел биігі мен қалаған ісіне деген сүйіспеншілігі, ынтасы болса, аз уақыттың ішінде заманның бірден – бір бақуатты әрі бақытты кісісі болатынын айтқысы келді. Сол себепті, дұрыс шешім қабылдап, өзіне не керек екендігін таңдай білген адам ғана саналы ғұмыр иесі әрі нағыз адам болып саналады. Кімде – кім бала кезінен дұрыс таңдау жасап, шешім қабылдау өмірдің сара жолы екенін білсе, сол адам ештеңеден тайсалмай, қаһармандық жасауға қабілетті деп ойлаймын. Олай дейтін себебім, біздің ауылда жұмыссыз екі қолын қоярға жер таппай жүрген кісілер баршылық.......
Эсселер
Толық

Дұрыс таңдау – адами арманның биік шыңы

Өмірде кездескен қиындықтарды көре жүріп, дұрыс қабылдаған шешіміміз- ертеңгі күннің бағдаршамы. Өйткені, сенің таңдауыңа қарай өмірдің кілті ашылады. Сол кілт бізді өз ортамызға жетелейді. Олай болса, дұрыс таңдау жасау – адами арманның биік шыңы.

Шешім дегенде бәрінің ойына түсетін бірінші таңдау мамандыққа келіп тіреледі. Мамандық таңдау – маңызды іс. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе», - деп Жүсіпбек Аймауытов айтып кеткендей ол – сенің алға қойған мақсатың. Мақсатқа жету- тек жақсы маман болу емес, сол мақсатқа жету жолындағы сенің адамдық қасиетің мен қажырлылығың. Ал, менің мақсатым – ұстаз болу. Ұстаз – таусылмайтын кен, тоқтамайтын бұлақ. Менің ұстаз болғым келетін себебі, мұғалім қоршаған ортаға, бүкіл әлемге нұр шашып тұратын жарқыраған күн секілді. «Ұстаз... Жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі», - деп әлемнің екінші ұстазы Әл – Фараби атамыз айтқандай, бар әлемге өз білгенін үйретіп, қаншама жандарды тәрбиелеп, білім көзін ашқан аяулы жан – ұстаз. Мен де осылай өз еліме, соңымнан ілескендерге ұлттық қадір- қасиетіміздің өзге ұлт өкілдерінен артық тұратын ең құнды ерекшеліктерін таныта алатындай үлесімді тигізгім келеді.......
Эсселер
Толық

Өмір жайлы бір үзік сыр

Өмір – адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осы сөздің астарында үлкен мағына, терең сыр жатыр.

Өмірдің мәні жайлы әркім әр қилы ойлайды. Мен үшін өмірдің мәні - осы бізге берілген сыйды бағалай білу, аялай білу, ардақтай білу.Өмірдің мәні адалдық, адамдықта.Бір күндік өмірдің мәні болмайды.Мен әр кеш сайын өзімнің өткен бір күніме талдау жасап, саралаймын.Дұрыс емес жерлерімді түзеп, келесі күні ол қателіктерімді қайталамауға тырысамын.Бастысы, сол қателікті уақытында біліп отыру керек деп ойлаймын.

Кей кездері біреулерді өсектеп, я болмаса кей өсектерге сеніп жатамыз.Оның шын не өтірік екенін саралап бас ауыртпаймыз.Ал өзге емес, өзімізге бір рет болса да сыни көзбен қарасақ, өмір анағұрлым мәнді де мағыналы болар ма еді деп ойлаймын.

Өмір – сырға толы қызық әлем. Жүрекке бірде қуаныш сыйлап, шаттандырса, бірде еріксіз мұңға бөлейді.Өмір – ғажап, өмір – тәтті! Өмір сұлулық пен үйлесімділікті талап етеді, адам мен адамгершілікті қалайды.Бірақ біз осы жалған дүниенің қадірін білеміз бе? Қайталанып келмейтін, Алланың берген сыйын адамгершілік, имандылықпен неге өткізбеске? Ғажайып өмірді адамдардың неге жақсы көрмейтініне таң қаламын.Айналадағы адамдарға қарасақ, бәрінің өз өмірі, тірлігі бар.Біреуі қиналады, біреуі қуанады, біреуі дүниеге келіп жатса, енді біреуі қабірде жатады.Кейбір адамдар осының бәрін біле тұра, Алланың сынағына шыдамай, «Мен шаршадым, өмір сүргім келмейді» дейді.Қандай жағдай болмасын ақыл-ойымызбен, сабырлылығымызбен жеңе білуіміз керек.Адам өмірі жеңіс пен жеңілістен,сәтсіздіктен, қайғы мен қуаныштан құралады.Міне, өмірдің өзі біле білсек, сонысымен қымбат.Өмірде бәрі өткінші.......
Эсселер
Толық