Әмірхан (Қазақ ауыз әдебиеті)

Әмірхан, неғып жүрсің қойың жаймай,
Мен жүрмін қайын атаның көңілін қимай.
Он аяқ, отыз мысқал көжеңді ішіп,
Жатасың кең төсекке кеудең сыймай.

[Қайырмасы]
Айқай, дүние-ай,
Қайран күнім-ай,
Ахау, қор болдым,
Қосыла алмай
Өз теңіме-ай......
Өлеңдер
Толық

Әмірдің әні (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ауылдан шығушы едім ертеңменен,
Жүйіткиді теңізшілер желкенменен.
Кетпейді тұрсам – ойдан, жатсам – түстен,
Жастағы өткізген күн еркемменен.

Су ағар ескі арықтан ылайланып,
Оңаша сырласайық былай барып.
Болғанда сіз – қызыл гүл, мен – көбелек
Маңында ұшып жүрген шыр айналып......
Өлеңдер
Толық

Әдемі қыз (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ақ көйлек, қызыл бешпет, әдемі қыз,
Тиген жоқ әлі ешкімге, әдем-ау, әлегіміз.
Бірге өскен кішкентайдан құрбым едің,
Өзіңнен әлі күнге, әдемі-ау, дәмеліміз.

Сәулелі алтын айымсың,
Бақытым сенсің, барымсың.
Дариға мынау жалғанда,
Таңдап бір сүйген жарымсың......
Өлеңдер
Толық

Ерлер есімі - мәңгі ел есінде

Ежелден ел тілегі – ер тілегі,
Адал ұл ер боп туса –ел тірегі.
Бауыржан Момышұлы
«Жер - елсіз болмайды,ел - ерсіз болмайды» -дейді дана халқымыз. Ерлер халықтан туады.Ер –дегеніміз халықтың қамқоры, тірегі,қорғаны.Ерлік –ердің ісі ,бірақ оның көрінісі тоқсан түрлі Біреулер даналығымен елінің ынтымағын біріктірсе,біреулер табандылықпен елін жаудан қорғайды,біреулер табандылықпен жерін зерттейді .Осы тұрғыдан қарасам, біздің батыр аталарымыздың елін ,жерін қорғау үшін қосқан ерлігі ұшан теңіз.Ер жігіт етігімен су кешіп,от басқан, ат ауыздығымен су ішкен сұр шинельді төсек етіп,қасық қаны қалғанша жаулармен шайқасып, біздерге бейбіт өмірді орнатып берді. Уақыт өткен сайын батыр аталарымыз қажырлылықпен сыйлаған Ұлы Жеңістің маңызы артып келеді. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпақ бізге өшпес үлгі өнеге. Бұл мереке – бейбітшілік қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.Бізге жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс күні – абыройымыз даңқымыздың мерекесі. Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 Қазақ Кеңес Одағының батыры атағын алды. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты есімдері аңызға айналған ағаларымызды,аталарымызды,әпкелерімізді тарих беттерінде «Батыр» деп алтын әріппен жазды....
Шығармалар
Толық

Бейбіт өмір – ата-бабалар арманы, ұрпақ мақсаты

Қажеті жоқ...
Соғыстың қажеті жоқ!
Дұрысы тірлік қылып ізденейік.
Ги де Мопассон
Соғыс. Бұл - құлаққа жағымсыз естілетін сөз, азабы мол нәубат. Бес әріп пен дыбыстан құралған кішкентай сөз болғанымен, астарында салмағы ауыр терең мағына жатыр. «Соғыс» деген сөзді естігенде құлағыма алыстан тарстұрс атылған мылтық оқтарының, пулемет гүрсілінің, жарылған снарядтардың дыбысы келіп, жан мен тәннің өмір үшін арпалысқан сурет елестейді. Иә, жан мен тәннің тізе қосқан ерлігі мен елдігі, ақыл мен жүректің ар алдында жасаған ерлігі. Себебі соғысқа аттанған әрбір жан отбасы, туғандары, отандастарына жауды жеңу туралы серт берді емес пе?! Сүйген жарларын, сәбилерін құшып, қоштасарда жеңіспен оралатындығын айтып кетті емес пе? Сондықтан олар ар алдында жауапты. Ал біз, еліміздің болашағы - жастар, не үшін жауаптымыз? Мені бұл сұрақ ойландырды. Тағзым, алғыс, құрмет деген сөздер бірінен соң бірі келе бастады. Мен тарихқа көз жүгірттім. Бастапқыда адамзат тіршілігі өмір үшін күрес болды, себебі тек мықтылар мен күштілер, бәсекеге қабілеттілер өмір сүру мүмкіндігіне ие болды. Алға жылжып, дамудың келесі сатысында адамдар жер үшін, одан соң билік үшін таласты. Ал ең сұрапылы әрі жиіркеніштісі адамдардың соғысты қорғану үшін емес, бейбіт жатқан елдерді қырып-жою үшін ашуы, соғыс сыртқы жауға төтеп беру құралы емес, соғыстың мансап, билікті нығайту құралына айналуы......
Шығармалар
Толық

Сыйға тартылған бақытты өмір

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
Aдaмзaт тaрихындaғы eң сұмдық сoғыстың бoлып өткeніне 71 жылғa тaяп қaлды. Бірaқ Ұлы Жeңістің ұмытылмaйтыны сияқты, сoғыс тa ұмытылмaстaй ізін қaлдырды. Жeңіс күні-бұл сaн мыңдaғaн ұрпaқ үшін oртaқ мереке. Бұл мeрeке-бeйбітшілік пен қaйырымдылықтың мәңгі жaсaмпaздығын, Oтaнын қoрғaғaн жaуынгeр-сoлдaттaр мен oфицерлeрдің aйбыны, тылдaғы Жeңісті жaқындaғaн жұмысшылaрдың eрлік eңбeктерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін бeлгі болып қaлмақ. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең қатыгез соғыс болып табылады. Майданға 61 мемлекет, жер шары тұрғындарының 80% қатысты, соғыс қимылдары 40 мемлекеттің аймағында, сондай-ақ, теңіздер мен мұхиттар аумағында жүргізілді. Қарулы күштерге барлық елдерді қоса алғанда 110 млн. адам біріктірілді. Әлем халқы фашизмді жеңу үшін құндылықтарын құрбан етті. Барлық елдердегі адам шығыны - 50 млн-ды құраса, оның ішінде 27 млн. адам – кеңес үкіметінің халқы. Соғыс аяқталғаннан бері 71 жыл өтті. Уақыт өте келе бұрынғы окоптардың орны білінбей де қалды, шайқастар өткен далада қазіргі таңда егістік алқаптары жайқалып тұр, фашистер талқандаған қалалар мен ауылдар қайта тұрғызылды. Соғыс іздері Жер бетінен өшіп қалғандай, әйтсе де, жаңғырығы әр адамның жадында сақталуда.....
Шығармалар
Толық

Солдат өмір кеңітті көк жиекті

Ұлы Жеңіске биыл 75 жыл толады. Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлингтегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті арифметикасы. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ.
Біз соғыстан кейін туған ұрпақ кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың – қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерлігі туралы тек оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кинотуындылардан ғана білеміз. Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерлігінің саяси – кейінгі буынның азаматтық парызы. Соғыста біздің әкелеріміз ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың өршіл рухын, батырлығын әлемге паш етті.....
Шығармалар
Толық

Атамды мақтан етемін

Иә, мен өз атамды мақтан етемін. Жеңістің 71 жылдық мерекесі қарсаңында менің атамның құрметіне арналған оқушылар арасында шығармалар жарысы өткізіліп жатыр. Өзім қатарлы өзге балалар атам жайлы өз ойларын жазып жатқанда менің де жазғаным дұрыс болар. Менің атам-Дүйсенбиев Уәли 1924 жылы 1 қаңтарда Қармақшы ауданының Қызылсая колхозында дүниеге келген. Ауылдағы жеті жылдық мектепті бітірген. Жас кезін есіне алғанда, жоқшылықты көп көріп өскендігін айтады.Ұлы Отан соғысы басталған кезде атам небәрі 17 жаста болған екен. Екі жылдан соң , 1943 жылы Қармақшы аудандық әскери комиссариаты арқылы әскерге алынып, 94-атқыштар дивизиясы құрамында Қиыр Шығыста болыпты. Бір отбасынан соғысқа аттанған Жәли, Әли, Уәли атты үш жігіттің екеуі соғыстан оралмаған. Соғыстан аман қайтқаны атам ғана болады. Бауырларын үнемі айтып , көзіне жас алып отырады. Атамның айтуынша, соғысқа аттанарда әжесі кішкене бойтұмарға туған жердің топырағын салып ,мойнына тағып беріпті. Қайда жүрсе де бойынан тастамапты. Алыста жүріп туған жерді, туған елді, туған-туысқанды сағынғанда , киелі туған жердің кішкене топырағы көңіліне демеу болыпты. 1945 жылы жапон самурайларына қарсы соғысқа қатысыпты. Елден соғысқа бірге аттанған жолдасы Ізбасов Жолаушы екеуі бірге жүріп, бірге соғыстан оралыпты.
Соғыстан оралмай қалғандары қаншама.....
Шығармалар
Толық

Есімі батырлардың ел есінде

Ұлы Жеңіске- 75 жыл Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың , аға буын өкілдерінің, бізідң әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын күллі әлемге танытқан қасіретті соғыс болса,Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың сол ұлы ерлігін мәңгілік ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.Осыдан 71 жыл бұрын дүние жүзі тарихындағы ең сұрапыл да қырғынды соғыс аяқталды. 1941 жыл 22 маусым-тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн.Дәл осы күні фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады.Дәл осы күні «Ұлы Отан Соғысы» басталды.Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар елін жаудан қорғау үшн қолына қару алып,қан майданға аттанды.
Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен шекарашылар болды. Брест гарнизонында 1941 жылы үш мыңдай жерлестеріміз қызмет еткен екен.Шілде айында олардың көпшілігі елге қайта оралуы керек еді,бірақ жау шабуылы олардың жоспарларын күл-талқан етті.Соғыс кенет басталды.Соғыс өрті де ішке қарай тез енді.Бірақ соған қарамастан Қазақстан соғыстың алғашқы күнінен бастап жұдырықтай жұмылды.Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да айтарлықтай үлкен үлес қосты.1941-1945 жылдары әскери оқу орындарынан 42 мыңнан астам адам майданға жолданды. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 жеке атқыштар бригадасы 30-дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды....
Шығармалар
Толық

Күтумен өткен өмір

Ұлы Жеңістің 71 жылдығына шығарма жазу туралы ұстазым тапсырма берді . Көп ойландым. Кенет, нағашы атамның үйіндегі сурет есіме түсті... Нағашы атамның үйінде төрде екі сурет тұр. Анасы мен баласы... Олар кездескен - ау...
Күлімсіреп тұр... Атам болса, ағасы әскерге кеткенде 4-5 жастағы кішкене сәби екен.Ағасы кетерінде көтеріп алып, бетінен сүйіп тұрып «Әке - шешемізді сен бағасың» деген екен даусы толқығандай дірілдеп шығып..
Ағасы хатты өлеңдетіп жазады екен.Барлық хатында да ата - анасын кішкентай ғана інісіне тапсырып,үлкен адамға айтқандай ақыл айтумен болыпты.Сірә, оралмайтынын сезген шығар.... Атам хаттарды әлі сақтап жүр. «Анамның аманаты ғой»,- дейді. Анасы барлығын да жаттап алған екен, сонда да ақжемі шығып,қиылып кеткен хаттарды қайта - қайта оқыта береді екен.Тұңғышына деген сағынышын солай басқан шығар... Суретте жап - жас жігіт күлімсіреп тұр.Мен ол кісі туралы бұрын да естуші едім.
Ал енді, ұлы әжемнің сағынышы маған ауысқан сияқты.Ойымнан шықпай қойды. Ауылда есіл ерлерге арналған монумент - ескерткіш бар.Онда Рай көкенің де есімі қашалып жазылған.Бірақ ұлы әжеміз «Үкімет те қателеседі ғой, менің жүрегім сезеді. Балам тірі.. Бір күні келеді....
Шығармалар
Толық