Мен және менің денсаулығым (Балабақша)

БҚО,Ақжайық ауданы,
Тайпақ ауылы, «Айгөлек» МДҰ МКҚК
Дене шынықтыру нұсқаушысы: Султанова Сания Жаксылыковна
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Ақерке» ортаңғы тобы
Білім беру саласы: «Денсаулық», «Қатынас»,«Шығармашылық»
Бөлімі: Дене шынықтыру,Тіл дамыту,Музыка.
Тақырыбы: «Мен және менің денсаулығым»
Мақсаты: 1. Балаларға денсаулық туралы түсінік бере отырып,өз еркілерімен жаттығуларды жасауға дағдыландыру.

kz
Толық

Менің өмірім

Астындағы хикаяны оқып, мүмкін сіздер мені қатыгез, жүрегі жоқ екен деп ойлайтын шығарсыздар.Өз ойым бойынша онша да жаман адам емеспін, алдыма қойған мақсатқа қандай да болмасын тәсілдермен жетуге күшімді саламын, және де жетемін. Иа, тәкаппарлығым да бар шығар, онсыз қайда?!
Бұл хикая мен жоғары оқу орнына түскенде, бірінші курста басталды.
2010 жыл, 1 қыркүйек. Университетке келсем, студенттер жиналып қойыпты. Содан соң группамды іздеуге кірістім, таппадым. Деканатқа барсам, сабақ кестесін іліп қойыпты. Келесі күннің кестесін жазып алдым. Үшінші парада Этнопедагогика деген пән болатын болды.
Ертесіне барсам, сабақ бірінші парадан басталып кеткен екен. Универге барған кезімде сағат онның шамасы етін. Кеше қателесіп басқа күннің кестесін жазып алыппын. Сабақ кестесін қайтадан дұрыстап жазып алайын дедім. Қарасам бір топ студенттер кестенің алдында тұр екен. Өз тобымның кестесін жазып жатқан кезімде, тобымның екі үш оқушысымен таныстым.
- Қайда жүрсің, бірінші парадан басталды ғой?! деді. Сөйтіп сабақ болатын аудиторияға бардық. Аудитория бірінші қабатта, корридордың соңында екен. Студенттер толып тұр, менің группам екенін т үсіндім. Ұлдармен амандастым күніге көріп жүрген адамдар сияқты. Түпкірде қараңғыда төрт қыз тұрды. Түрлерін дұрыстап қарай алмадым. Ішіндегі бір қыз маған қайта қайта қарай берді. - Бұл кім екен? деген шығар мүмкін. Оннан қырық кеткенде аудиторияға кірдік. Алдында айтқандай этнопедагогика пәні еді. Сол парада группаластарымның көбісімен таныстым. Қазақстанның жан жағынан жиналған екенбіз. Төрт ақ қыз... Менің ойыма бірден сұрақтар түсе бастады. Неге төрт ақ қыз? Неге аз? Мүмкін энергетика мамандығы болғансоң аз шығар, әлде қалыпты жағдай ма? Иа, сұрақтар көп етін......
Махаббат хикаялары
Толық

Әлі де менің жүрегімнің түбінде

Тіпті,неден бастарымды да білмей тұрмын...Кей кездері өмірден түңіліп кететінім соншалықты,тіпті өз-өзіме қол жұмсағымда келеді...Бірақ қолдан келмейдіғой...Амал жоқ...Кейде ойлаймын,осы мен тарам-тарам өмір жолдарынан шалыс басып,адасып кеттімбе деп...Мүмкін басқа бағытқа қарай жүріп баратырған шығармын...Ал менің алдымда не күтіп тұр екен?? Шіркін,көріпкелдік қасиетім болғандағой...Бәрінде бір сәтте болжап ақ алар едім...Мен әлсізбін,жан дүниемде әлсіз...Сондықтан болар тағдырдың қатал сынағынан сүріне беремін...сүріне беремін..Ал мені демеп,күш беретін жан әлі де табылмады...Мен шаршадым...Оны іздеуден...күтуден...

Бәрінеен шаршадым мен...Алыс жаққа,ешкім танымайтын,ешкім көрмейтін бір кішкентай ғана аралға кетіп қалсам ғой деп те ойлаймын...Сонда ғана барлық ойларымнан арылып,жүрегімнің жарасын да өзім жазып аларма едім...Мен сүйдім...ал ол жоқ...Тағы да мен сүйдім...ал ооол........Мен кінәлімін..Не үшін??? Ұнатқаным,сүйгенім үшін шығар...Бұл сезім әлі де ұмытылмады..Әлі де менің жүрегімнің түбінде...Оны шығарып тастай алмадым...Қолымнан келмеді...Оның кеткеніне де көөп болып қалыптығой....Ал соңғыларын ,,білмеймін пайдаланып жүргендеймін...Мен олардыма,әлде олар меніме...білмедім......
Махаббат хикаялары
Толық

Зулайды менің өмірім

Өмір... Сірә, өмір жайлы толғанбаған, сырлы қаламымен жырламаған ақын-жазушы дүниеде жоқ шығар. Талай ғасырдан бері «дүние қалай пайда болды, адам қалай жаратылды, өмірдің мәні неде?» деген сұрақтар адамзатты мазалағаны даусыз. Ол туралы философтар, ғалымдар, саясаткерлер бір-бірінен ерекшеленетін тұжырымдар келтірген. Менде өзімнің өмірге көзқарасымды, өмірдің мәні неде екенін айта кетейін.

Ештеңені ойламай, алаңсыз, уайымсыз күн кешіп жүрген балалық шағым. Әжемнің ертегісін тыңдап, атамның ақылын есте сақтап, әкеме еліктеп, анама еркелеп, бауырларыма қамқор болып жүрген бақытты кезім. Ауылдың таза ауасын жұтып, достарыммен ойнап, өрістен қайтқан малдарды тамашалап, күннің ыстығына қарамай қызық қуып кететін шаттыққа толы балалық шағым. Қолыма гүл алып мектептің табалдырығын аттаған қорқыныш пен қызыққа толы сәт, сыныптастарыммен жарысып, мұғалімнің тәлімін алып, білім қуған кез. Бәрі өткеннің еншісінде. Қайта айналып келмейді. Өйткені, бұл өмір. Ал, «өмір» деген не? Біріншіден, тоқтаусыз зымырап жатқан алтын уақыт. Екіншіден, күнделікті күйбең тіршілік. Үшіншіден, отбасы, мектеп, жұмысты ойлап өтіп жатқан күнің... Сіздің өміріңіз қалай өтуде? Осы жасыңызға дейін істеген істеріңіз, уақытыңызды қалай жұмсап жатқаныңыз жайлы ойланасыз ба?

Адам адам болып жаратылғаннан бері біраз уақыт өтті. Сол уақыт аралығында адамзат соғыс, жұт, табиғи апат және басқа да қиыншылықтарды басынан өткізді. Өз қолдарымен жасалған әрекет қаншама. Осыдан кім қандай пайда көрді? Олар үшін өмірдің мәні неде?

Адамдардың армандары, мақсаттары, қалаулары әр түрлі болады. Біреуі – бай болсам, менің атымды дүниежүзі білсе екен, екіншісі – адамдарға қалай көмек көрсетсем, оларды таза жолға түсірсем екен десе, үшіншісі – тек бір сәттік ләзатты іздеп, ойын-сауықтан қуаныш табады. Олар үшін өмірдің мәні осылар. Және өздерінің арман-мақсаттарына жеткеннен кейін риза болып, қанағаттанбайды. Не себепті? Сіз сол жайында ойланып көрдіңіз бе?.....
Эсселер
Толық

Менің анам

«Ана, мама» сөзінің кереметтілігін ешкім түсіне бермейді. Ол сөзге ие болуға кез –келген әйел адамның қолынан келмейді. Неге дейсізбе?

Мен ес білгеннен балалар үйінде болдым. Қазір мен үйдемін. Менің анам, әкем бар. Мен отбасындамын. Ағам екеуміз балалар үйінде болғанда ата-анамыздың болғанын қатты қалайтынбыз. Міне, сол тілегімздің орындалғанына 4 жыл болды.

АНА. Ол керемет жан. Анам бізді құшақтап иіскегенді жақсы көреді. Барлығы анамды жас дейді. Ол кісінің жасы бізді алғанда жиырма алтыда ғана болған. «Біз өскен сайын бізбен өскендей боламын», - дейді анашым. Ол кісінің қолы бізге мамықтай көрінеді. Анашымның даусы таңғы құстардың әніндей, ал оның шашының иісі таудан аққан судың иісіндей ерекше.

Анашым ертегідегі ханшайымдар секілді. Ертегі әлемінде жүрген періште секілді. Таң атқанымен тырпылдап біз үшін ас даярлап, бізді нәзік даусымен оятып, жұмысына асығады. Анашым- біздің өмірлік ұстазымыз. Ол - бізге ғана емес барлық мектептегі оқушыларға да ұстаз. Ол – мұғалім. Барлық балалар менің анашымды жақсы көреді. Анашымды барлығы құшақтауға асығады, кейде менің іштегі қызғанышым оянып кетеді.

Әкеміз анашымды «Алланың берген мақтауы» дейді. Сол мақтауды ешқашан жоғалтпай құрметтей білуіміз керек дейді. Ол құрметтің белгісі әкеміздің де анамызды қатты құрметтеуі. Жақында тағыда отбасымыз толықты. Өзіміз сияқты тағы бір баланы отбасымызға алдық. Маған осы кезде ұнағаны анамыз бен әкеміздің бізбен ақылдаса отырып шешім қабылдағаны. Анам әр кез бізге ақылдасуды, ақыл сұрауды үйретеді. Ол сұрағанның ұяты жоқ дейді. Анашымның осы сөздерін ойлай отыра мен анамды ұлы қазақ ақыны Абай атамыздай елестетіп санаймын. Анашымыз - біздің ғұламамыз......
Эсселер
Толық

Менің таңдауым

Сары ала күздің келбеті, сары даланы сыйқырлағанына бүгін төртінші күнге таяп келеді. Қоғамға тұлға ретінде, сара жолымның алғашқы баспалдағына ақырын ғана қадам басып келемін. Адамның арманы шексіздікпен тоғысатын, санада жарқ ететін саф идеялар жиынтығы іспеттес. "Күз келбетін салқын санап, көпшілігіміздің жатсынатынымыз жасырын емес. Бірақ білесіз бе, кеше ғана кіріп келген табиғаттың бұл мезгілін алғаш рет сұлу келбетте күтіп алдым". Қабағы- қатулы, жаңбырын төгіп жіберетін- жылауық, жасыл даланы күн көзіндей келбетке орандыратын сары күзді- мен жаны нәзіктік пен сұлулыққа құштар қыз баласындай көрдім.

Қатулылығы- еркек жаратылысына оңайлықпен ере қоймайтын қайсар қызды еске түсірсе, толассыз жаңбыры- сылаң қағып, сыбдыр күлкісімен жаныңды баурайтын нәзік жандылардың мамықтай көңілдерінің сүйкімді келбетте бұртия қалатыны, айналаны алтынға орауы- әйел табиғатының қолынан келетін қауқардың қаншалықты мықты екенін көрсетуге ұмтылғысы келетіндей. Бұл ойлардың тууына Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінде оқысам, тұнып тұрған білім мен тәрбиенің ордасына еніп, 75 жылдық тарихы бар "Ұстаздардың шеберханасына" айналған, қазақ қыздарының киелі мекені болған, қара шаңырақта білім алсам деген асқақ Арманымның орындалып отырғанында.

Елімізде жоғары оқу орындары көп. Бірақ, менің таңдауым не үшін ҚазҰҚПУ?

- Ол жаны мен тәні таза қазақ қыздарының келбетін тереңінен танып, апаларымның ізін басып, даналығы мен өсиеттерін бойға сіңіріп, құндылықтарына қанық болып, келешекке нағыз батыр, өр мінезді, тазалық пен сұлулыққа жаны құштар, қазақилық тәрбиеге сусындап, бәсекеге қабілетті, кез-келген ортада көшбасшылыққа лайықты ретінде, өз ісінің нағыз маманы атанып, Еліме, Халқыма қызмет етіп, үлкен кісілердің батасын алып, ел азаматтарын тәрбиелеп, тәлім беріп, егде тартқанда өмірімнің бос өтпегенін сезінгім келген осындай болашаққа құрылған сүйкімді арманым мен қиялымның жетегінде, ақыл мен жүрек қалауы түйіскен ортасында таңдау жасап келіп отырған оқу ордам- осы ҚазҰҚПУ! Қас пен көздің арасында зымырайтын алтын уақыт несімен ерекше деген сауалға, жақсы жандардың тәлім мен тәрбиесі тоғысқан алтын ордада бас қосып, игі жақсылардың ықпалынан болашақ маман ретінде өткізген кезеңім дер едім!.....
Эсселер
Толық

Менің сүйікті кітабым!

Заман ағымы алға жылжыған сайын бәсекелестік пен сапа арта түседі. Таңдау көп болғандықтан бірі қымбат дүниелерге үйір болса,бірі арзанға үйір. Арзанның сорпасы татымас. Десек те халық арасында тараған бұл сөз кітапқа ешқандай қатысты емес. Әлемдегі адамдар сияқты кітап та тым көп. Жаның нені қаласа соны оқы. Арзан не қымбат,әдебиет немесе бизнес,бестселлер болады ма маңызды емес. Кітап оқудағы басты мақсат-рухани баю. Қай жағынан ақсап тұрсың?Сол жөнінде кітап оқы. Кітап оқуым керек екен деп тақырыбы ұнағанның барлығын көз майыңды құртып оқи берме. Нағыз саған арналған кітапты табу қиын,оны қанша жасыңда табарың да белгісіз.

Мен оқығаным үшін мүлде өкінбеген кітап-(Көшпенділер)Жас патриот болуға талпынған 13 жасар қыз Ілияс Есенберлиннің 800 беттік романын оқуға кірісті. Әр бетін терең ұғына оқыған соң ,мен тарихтың қаншалықты құнды екендігін ұқтым. Әр ханның қажырлы қайраты,халықтың еңбекқорлығы мені тәнті етті. Қаншама қысымды оқи отыра жәй ғана отыра алмадым. Тарих пәнін бар ынта шынтаммен оқи бастадым. Көркем шығарма оқысам да тарихи кітапты таңдадым. Барша жылдарды,соғыс,жорық,бекіністі жатқа білмесем де тарихшы деп атап кетті. Өйткені мен расымен де тарихты түсінуші едім. Бір оқпен екі қоян атқандай болдым. Тіл байлық,ой өрісімді ересекше жетілдірдім және тарихтан хабардар болдым. Фантастикалық бағыттағы кітаптарды оқи бермей,тарихқа басым күш салу арқылы өзімнің патриоттық сезімдерімді оята алдым. Тарихтан жетістікке жетсем Ілияс атамды еске аламын. Алғысымды білдіремін. 16 бірдей тарихи кітап жазу мен деген жазушының қолынан келе бермейтін іс. Бұрмаланған қазақ тарихын зерттеп,көзі тірісінде оқырман ризалығына бөлене қоймаса да,қазір қазақ халқы атаммен мақтанады......
Эсселер
Толық

Менің сүйікті ұстазым

Кіріспе:
Ұстаз-ұлы есім. Атауының өзі ерекше. Әр үйдің баласын өз баласындай көретін асыл тұлға жайлы қазақ батыры Бауыржан Момышұлының өзі бас иіп:

«Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да ардақтауға міндеттіміз» деген-ді.
Шыныменде, бізге ата-анадан кейінгі тәрбие беруші ұстаз.Ұстаздардың қадірлі екені «Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт» деген ата-бабаларымыздың мақалының өзінен айқын көруге болады.

Менің де мектеп табалдырығын аттаған сәттен сүйікті ұстазым пайда болған-ды. Оның әр балаға тараған жылы сезімі мені де баурап алған ғой.
Менің бойымдағы ерекше дарынды байқап, мені шыңдаған алғашқы бастауыш мұғалімім Ергенқызы Гүлбану.Ол кісінің арқасында қазір мен дарындылар ортасы "Дарын" мектеп-лицейінің оқушысы атандым.

Негізгі бөлім:

Әр бала Күзгі серпінмен Қыркүйектің алғашқы жұлдызынан бастап мектеп әлеміне аттанады. Осы уақыттан бастап олардың алғашқы және сүйікті ұстаздары пайда болады. Ұстаздар балалардың жүрегін жылы лебіздерімен бірден нұр секілді жаулап алып, бір баланың сүйікті ұстаздарына айналады... Әлі оң солын тани алмайтын жас сәбилер сондағы ұстаз дегеннің кім екенін біліп, менің жақсы көретін ұстазым осы деп көрсеткенде, ұстаздардың жылы күлкісінің өзі жас сәбидің жүрегіне жылу болғанын қарашы деп ойлайсың. .....
Шығармалар
Толық

Менің отаным - Қазақстан!

Ықылым заманнан келе жатқан бостандық пен азаттыққа деген қазақ жұртының ұмтылысы және соған қатысты көзқарасы ,міне бүгін бейбіт өмірде де өзінің мәнін жойған жоқ,керісінше,халқымыздың бодан болған жылдарды ара-тұра еске алып,өткенге өкініп емес,мақтаныш,құрмет сезімдерімен қарап,ұлы Тәуелсіздігімізді тағы да бір қастерлеп жүруіне бастап келе жатқандай. Тәуелсіздік,шынында киелі ұғым. Сан ғасырдың сағымды жылдарында аты қалған батыр бабаларымыз,одан беріде кеңестік заманның қылышынан қан тамған алапат тұсында құрбан болған арыс азаматтарымыздан кейін аштыққа қарсы үн көтерген қазақтың Рысқұловы,86-жылғы қанды қырғынның қарлығаштары, теңдік аңсаған еліміздің еркін ойлы жастары осынау қызыққа толы қуанышты күндерді көруге тиісті емес пе еді?!

Иә,осындай қияметпен келген асыл арманның құнын сөзбен айтып жеткізу мүмкін бе? Өмірімізді шаттық пен жақсылыққа толтырып,болашақтың жарқын болатынына сендірген қайран Тәуелсіздік көзді ашып-жұмғанша жиырма беске де келіп қалыпты.Менің Отаным Қазақстан дейтін әрбір азаматтың көкейінде бұл шарапатқа қалай жеткеніміз турасында толғаныстар жүретіні-осы мамыражай заманның нұрына шомылған санамыздың уақытпен бірге өсіп-өркендегеніндей жаңарудың басы,жабығудың аяғы екнін дәлелдейтін дүние. Жақсы күндерге қалай жетсек,оны сақтап аялауға да соншалық махаббат пен ықылас,сенім мен қолдау керектігі бізді ойландыруы керек және әрдайым жасампаз еліміздің жарқын болашағын үлкен күш-қуат,зор ерік-жігермен қарсы алуға міндетті екенімізді ұмытпауымыз керек.

Кешегі Ахмет ағаларымыз армандаған сауатты қазақ бұл күнде өркениетке ұмтылған жаңа мәдениет пен серпінді білімге қол жеткізіп, осы күнге дейін жеткен табыстарымызды безбендей отырып,алдағы уақыттарда қандай игіліктермен баюға болатынына көз жібереміз. Тәуелсіздік туы желбіреген 25 жыл қазақ елі үшін көптеген жақсылықтың нышаны, жемісті жетістіктердің тұғыры, өркениетке талпыну арқылы ғажайыптардың жүзеге асатынына сендірген молшылық,шексіз мүмкіндіктер кезеңі болды дегім келеді. Расында Қазақстан әлемдік биікке ұмтылған танымал мемлекет болып,төрткүл дүниені өзіне қаратып отырған дамушы мемлекет ретінде жан-жағымыздағы елдерді қызықтырып,барынша жаңа заман сахнасына көтерілген елге айналып үлгерді......
Шығармалар
Толық

Менің сүйікті жазушым

Бердібек Соқпақбаев-белгілі балалар əдебиетінің көрнекті жазушысы.Оның шығармалары бүкіл елге əйгілі,көп тілдерге аударылған.Ол біздің жақсы көретін "Балдырған" журналында қызмет атқарған.Оның балалар өміріне арналған қызықты шығармаларын оқи отырып, əр кезде өзімнің таңданысымды жасыра алмаймын. Жазушының балалық шағы өте қиын жағдайда өткен. Ата-анасынан ерте айырылып, кісілердің қолында жүрген. Сондықтан болар,ол шығармаларында өзі сезіне алмаған балалықтың бал дəмін өте шебер бейнелейді.

Ол Отан соғысы жылдарында Ф30 мектебінде оқыған, Кеңес армиясы қатарында еңбек еткен,содан кейін ауылда мұғалім болған, Қазақ педагогика институтының филология факультетін бітірген.Жазушының "Балалық шаққа саяхат" деген повесі - өмірбаяндық туынды.Ол балалық шақта басынан кешкендерін Бектас бейнесі арқылы елестетеді.

Шығарманың кейіпкерлері жетімдік пен жоқшылық қасіретін көп көрсе де, онысына мойымайтын, қажырлы да өжет. .....
Эсселер
Толық