Менің сүйікті ұстазым
Кіріспе:
Ұстаз-ұлы есім. Атауының өзі ерекше. Әр үйдің баласын өз баласындай көретін асыл тұлға жайлы қазақ батыры Бауыржан Момышұлының өзі бас иіп:
«Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да ардақтауға міндеттіміз» деген-ді.
Шыныменде, бізге ата-анадан кейінгі тәрбие беруші ұстаз.Ұстаздардың қадірлі екені «Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт» деген ата-бабаларымыздың мақалының өзінен айқын көруге болады.
Менің де мектеп табалдырығын аттаған сәттен сүйікті ұстазым пайда болған-ды. Оның әр балаға тараған жылы сезімі мені де баурап алған ғой.
Менің бойымдағы ерекше дарынды байқап, мені шыңдаған алғашқы бастауыш мұғалімім Ергенқызы Гүлбану.Ол кісінің арқасында қазір мен дарындылар ортасы "Дарын" мектеп-лицейінің оқушысы атандым.
Негізгі бөлім:
Әр бала Күзгі серпінмен Қыркүйектің алғашқы жұлдызынан бастап мектеп әлеміне аттанады. Осы уақыттан бастап олардың алғашқы және сүйікті ұстаздары пайда болады. Ұстаздар балалардың жүрегін жылы лебіздерімен бірден нұр секілді жаулап алып, бір баланың сүйікті ұстаздарына айналады... Әлі оң солын тани алмайтын жас сәбилер сондағы ұстаз дегеннің кім екенін біліп, менің жақсы көретін ұстазым осы деп көрсеткенде, ұстаздардың жылы күлкісінің өзі жас сәбидің жүрегіне жылу болғанын қарашы деп ойлайсың.

Мен жаңа мектебіме келген сәттен мені өз қамқорлықтарына алып,жаңа белестерге дайындаған ерекше жас мұғалімдер бар.Олар менің сүйікті ұстаздарым. Олардың алар орны ерекше.Менің жаңа мектебіме тез қалыптасып кетуіме ықпалы тиген Жүзбаева Арайлым ұстазым мен Төлеуқызы Сырғаш ұстазым.Жүзбаева Арайлым ұстазым сынып жетекшім әрі жамандығымызды жасырып,жақсылығымызды асырған білім беруші екінші анамыз.Ал Төлеуқызы Сырғаш ұстазым менің ең алғашқы дарынымды байқаған мейіріміді жан.Себебі,кеше келген оқушыны аз уақытта танып,сайысқа дайындау кез келгеннің қолынан келетін жай іс емес.Осы оқушы сөздің майын ағызып тұрып бір өлең шығарады-ау деген сеніммен алғаш рет қалалық сайысқа бардым.Үмітін ақтап 2-ші орынымды иелендім.Әрине, ол осы ұстазымның сенімінің арқасында.
Бірақ, мен үшін әр ұстаздың орны бөлек.Себебі, әр бірі әр білімді жетілдіреді.Олардың негізгі мақсаты бізді жан-жақты дамыту.
Мен кейде үнсіз ойға шомылып, ұстаз деген ардақты тұлға екен ғой деп ойлаймын.Себебі, өзі танымайтын бөтен біреудің баласын өз баласындай тәрбиелеп, болашаққа жол ашып береді.Ал кез келген адам бұндай ерлікке барады деп ойлайсыз ба?! Тіпті мекеменің ішінді отырған бастық та, ел қамын ойлап жүрген елбасы да сол ұстаздың арқасында сол жерде жұмыс жасап жүр. Сонда ұстаз деген кім дегенде ойланбастан ел болашақтарының жол, бағыттарын түзеп, жастарымыздың жарқын болуын тілеуші ең алғашқы мейірімді періштелеріміз деуші едім!
Қорытынды:
Сонымен қорытындылай келе мен тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін мына өлең-шумақтарымен қорытындылаймын:
Жылулықпен баурай білген әрбір жанды,
Жылы сөзі біз үшін әр кез балды.
Білім беріп,біз үшін барын салды,
Білімді болуымызды қалаған-ды.
Жүректегі терең ойды тоқитындай,
Ойымдағы терең сырды оқитындай,
Айтыңдаршы, мейірімді ұстаздарым
Қалайша алдыңыздар бұндай қасиетті?!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Менің сүйікті ұстазым туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение про Менин суйикти устазым на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Менің сүйікті ұстазым