Менің анам
«Ана, мама» сөзінің кереметтілігін ешкім түсіне бермейді. Ол сөзге ие болуға кез –келген әйел адамның қолынан келмейді. Неге дейсізбе?
Мен ес білгеннен балалар үйінде болдым. Қазір мен үйдемін. Менің анам, әкем бар. Мен отбасындамын. Ағам екеуміз балалар үйінде болғанда ата-анамыздың болғанын қатты қалайтынбыз. Міне, сол тілегімздің орындалғанына 4 жыл болды.
АНА. Ол керемет жан. Анам бізді құшақтап иіскегенді жақсы көреді. Барлығы анамды жас дейді. Ол кісінің жасы бізді алғанда жиырма алтыда ғана болған. «Біз өскен сайын бізбен өскендей боламын», - дейді анашым. Ол кісінің қолы бізге мамықтай көрінеді. Анашымның даусы таңғы құстардың әніндей, ал оның шашының иісі таудан аққан судың иісіндей ерекше.
Анашым ертегідегі ханшайымдар секілді. Ертегі әлемінде жүрген періште секілді. Таң атқанымен тырпылдап біз үшін ас даярлап, бізді нәзік даусымен оятып, жұмысына асығады. Анашым- біздің өмірлік ұстазымыз. Ол - бізге ғана емес барлық мектептегі оқушыларға да ұстаз. Ол – мұғалім. Барлық балалар менің анашымды жақсы көреді. Анашымды барлығы құшақтауға асығады, кейде менің іштегі қызғанышым оянып кетеді.
Әкеміз анашымды «Алланың берген мақтауы» дейді. Сол мақтауды ешқашан жоғалтпай құрметтей білуіміз керек дейді. Ол құрметтің белгісі әкеміздің де анамызды қатты құрметтеуі. Жақында тағыда отбасымыз толықты. Өзіміз сияқты тағы бір баланы отбасымызға алдық. Маған осы кезде ұнағаны анамыз бен әкеміздің бізбен ақылдаса отырып шешім қабылдағаны. Анам әр кез бізге ақылдасуды, ақыл сұрауды үйретеді. Ол сұрағанның ұяты жоқ дейді. Анашымның осы сөздерін ойлай отыра мен анамды ұлы қазақ ақыны Абай атамыздай елестетіп санаймын. Анашымыз - біздің ғұламамыз.
Әрине біздің де анамызды көп ренжетін кездеріміз болады. Анашым ренжеген кезде «менің жүрегім торлы дәптер сияқты, сіздер мені ренжеткен сайын ол боялып, жақсы көруге орын қалмай қалады. Ал сіздер мені қуантқан сайын әр боялған тордың орны өшіріледі»,-дейді. Сондықтан анамыздың жүрегіне дақ түспеуі үшін мен және менің ағатайларым анамызды әр қашан қуантамыз деп уәделестік. Сол уәдемізге жылдар өткен сайында тұратын боламыз. Себебі анамызды қуанту арқылы біз тек өзімізге ғана емес, басқада бұрынғы біз сияқты мөлдіреген көздері бар балаларға жүрегі кең ашылып, барлығыда аналы болуын қалаймыз.
Осыны оқып отырсаңыз анашым, біз сізді жақсы көреміз. Сіз біздің әлемімімздің жарығысыз. Ал осы жүрекжарды эссемді оқып отырған оқырмандарыма аналарыңызды сыйлаңыздар. Ол - алланың сізге берген сыйының, мақтауының ең негізі.
Жарқыраған күніміз сен –ана,
Жұлдызы мол түніміз сен –ана,
Өмірдің мәніменен қызығы сен –ана.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: эссе сочинение про Менин анам на казахском языке скачать бесплатно, шығарма Менің анам туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Менің анам