Менің өмірім
Астындағы хикаяны оқып, мүмкін сіздер мені қатыгез, жүрегі жоқ екен деп ойлайтын шығарсыздар.Өз ойым бойынша онша да жаман адам емеспін, алдыма қойған мақсатқа қандай да болмасын тәсілдермен жетуге күшімді саламын, және де жетемін. Иа, тәкаппарлығым да бар шығар, онсыз қайда?!
Бұл хикая мен жоғары оқу орнына түскенде, бірінші курста басталды.
2010 жыл, 1 қыркүйек. Университетке келсем, студенттер жиналып қойыпты. Содан соң группамды іздеуге кірістім, таппадым. Деканатқа барсам, сабақ кестесін іліп қойыпты. Келесі күннің кестесін жазып алдым. Үшінші парада Этнопедагогика деген пән болатын болды.
Ертесіне барсам, сабақ бірінші парадан басталып кеткен екен. Универге барған кезімде сағат онның шамасы етін. Кеше қателесіп басқа күннің кестесін жазып алыппын. Сабақ кестесін қайтадан дұрыстап жазып алайын дедім. Қарасам бір топ студенттер кестенің алдында тұр екен. Өз тобымның кестесін жазып жатқан кезімде, тобымның екі үш оқушысымен таныстым.
- Қайда жүрсің, бірінші парадан басталды ғой?! деді. Сөйтіп сабақ болатын аудиторияға бардық. Аудитория бірінші қабатта, корридордың соңында екен. Студенттер толып тұр, менің группам екенін түсіндім. Ұлдармен амандастым күніге көріп жүрген адамдар сияқты. Түпкірде қараңғыда төрт қыз тұрды. Түрлерін дұрыстап қарай алмадым. Ішіндегі бір қыз маған қайта қайта қарай берді. - Бұл кім екен? деген шығар мүмкін. Оннан қырық кеткенде аудиторияға кірдік. Алдында айтқандай этнопедагогика пәні еді. Сол парада группаластарымның көбісімен таныстым. Қазақстанның жан жағынан жиналған екенбіз. Төрт ақ қыз... Менің ойыма бірден сұрақтар түсе бастады. Неге төрт ақ қыз? Неге аз? Мүмкін энергетика мамандығы болғансоң аз шығар, әлде қалыпты жағдай ма? Иа, сұрақтар көп етін....
Сол күннен бастап сабақтар басталып кетті. Мектептегі лафаға үйреніп қалғандықтан ба, әйтеуір сабақтар қиындай түсті. Ең бірінші апта бір жылға созылғандай көрінді, шынымды айтсам мұндайды күтпеген едім. Сол бірінші аптаның ішінде барлық группаластарыммен танысып шықтым. Бірақ, кейде кім кім екенін ұмытып қалып, есімдерін шатастыратынмын. Қыздармен жақсы сөйлесетінмін, ылғи әзілдесіп, суретке түсіп.... Қыздардың арасынан бірінші Марал деген қызға симпатиям болатын... Ақ көңіл, бір орында тұрмайтын, бойы ұзын, сары қыз. Міне осы қызбен көп сөйлесетінмін, бір күні сабақтан соң орталық базарға бардым, қайтып келе жатып аялдамада соны көріп қалдым. Сұрасам киім алуға келген екен, уйге бірге қайтайық дедім, ол жарайды деді. Марал общагада, мен жер уйде тұрамын. Ол кездері мен сол жағалауда ірі компанияда сантехник-вентиляционщик болып жұмыс істейтінмін, әрине, жоғары білім болмағансоң көмекші ретінде еді. Сонда барып киімдерімді алып қайтайықшы дедім. Жұмыстан заттарымды алып шыққансоң сол жағалауда қыдырдық. Керуенге бардық, ішінде жүрдік. Керуеннен шыққансоң аллеяда қыдырып жүріп, ойым кетті. Мүмкін осы қызбен жүрсем қайтеді деп.
Бірақ, ол менің группадағы жолдас балама ғашық болатын. Сөйтіп қыдырып қыдырып, шаршап, бір скамейкаға отыра кеттік. Кеш болып қалған екен. Достарша құшақтасып отырғанбыз, бір кезде маған не тапқанын білмеймін, Марал маған қараған кезінде ернінен сүйіп алайын деп, көзім қарауытып кетті, өз өзіме ие бола алмай қалдым. Бірақ, ол тырмысып, менің құшағымнан шығып кетті. Ұялғаннан үндей алмай қалдым, қимылдамай отырып қалдық. Біраз минут өткенннен кейін не істегенімді түсіндім, жаңа ғана сәті түсіп сүйіп алсам не болар еді? Досымнын бетіне қалай қараймын? Группаға не деймін? Менің істегенімді немесе істей алмай қалғанымды басқа қыздарға айтып қойса ше? Осындай ойлар маза бермеді, ойыма келе берді. Маралдан қатты ұялдым... Біраздан соң уйге қайттық.
Ертесінен бастап сабақты қолыма алайын дедім, өйткені сабақтарға үлгерімім онша емес болатын. Әсіресе жоғары математикадан. Мектепте оқыған кезімде бұл пәнге мән бермейтінмін. Енді қиналып жүрдім, түк түсінбеймін, бақылаудан екі алатын болдым. Сессияға кіре алмай қаламын ба деп қорқатынмын. Әке шешемнің маған артқан үмітін ақтағым келді, онымен қоймай грантта емес, ақшамен оқимын. Жұмыс та істеп жүрдім, бір күнтүн толығымен жұмыс, екі күн демалыс. Түнгі сменадан шыққасын парада отырып ұйқым келеді. Бірақ, екі жаққа да үлгеріп жүрдім. Айтқанымдай жұмысым сол жағалауда болатын, ал группадағы Әлия есімді қыз да сол жағалауда тұрады екен. Әлия Ол жақсы мінезді, бойы орташа, әдемі келген қыз. Орталық Қазақстаннан келген, мен сияқты мектепті ата әжесінің қолында бітірген. Ең таңқаларлығы менің анамның есімі де Әлия еді.
Менің жұмысым болатын күндері Әлиямен университеттен бірге қайтып жүрдік. Түнгі сменадан таңертен шыққанда универге де бірге барамыз. Осылай күндер өтіп жүрді. Топтағы кейбіреулері біздің арамызда бірнәрсе бар деп ойлайтын. Иа ол қызға да симпатиям болатын. Оның үй телефонын сұрап алдым. Күніге кеш батысымен оған телефон шалам, сағаттап сөйлесеміз. Не айтатынымызды білмеймін, әйтеуір сөз табыла беретін. Оған мені тартып тұратын.
Қазан айының тоғызы болатын. Сол күні қай пәннен екенін есімде емес, реферат берді. Университеттің кітапханасында ол жайлы материал таппай, сол жағалаудағы Ұлттық кітапханаға Әлия екеуміз бардық. Сол кітапханада жүрген кезімізде Әлияға деген сезімім симпатиядан да биік сезім екенін түсіндім. Бұл сөзбен айтып жеткізбес шынайы сезім еді. Өзімді оның жанында жүргенім бір бақыт еді. Уақыт тоқтап қалса екен деп армандадым. Бірақ қайтсін, уақыт зым ете шығып, уйге қайтуға тура келді. Кітапханадан шыққансоң, мені аяладамаға шығарып салды. Оның уйі кітапхананың жанында болатын. Аялдамада тұрып өз сезімімді жеткізбекші болдым, бірақ егер де мен оған ұнамайтын болсам ше? Жоқ десе не істейм? деген ойлар келді. Мен туралы не ойлайтынын білмей әлек болдым. Бірақ оған терең ойға батып тұрғанымды көрсетпедім. Осылай тұрғанда автобус та келді, мен ертенге дейін деп автобусқа міндім, ол үйіне кетті. Автобуста, уйде оны ойлаумен болдым. Оның жанында өткізген әрбір сәт есімде. Бұл махаббат па, әлде өткінші сезім бе... бірақ ең басты сұрақ енді не әрекет жасаймын?болды.
Ертесіне универге барып, қыздардан оның маған деген сезімі қандай екенін білдіртпей сұрастырайын дедім. Ол кезде Маралмен жақсы дос болып алғанмын, одан сұрасам, менің өзімді сұрақты астына жаудырды, оны жақсы көресіңбе? деп. Амалым қалмай иа дедім, сөйтсем ол айтты Әлия бірнәрсе сезіп жүр, сенің оған көзқарасыңды біліп қойған сияқты деп. Мен Әлияның жанынан қалмауға тырыстым, партада отырса бірге отырып. Сол күні универден группаластарыммен шығып бара жатқанда мен Әлияны мойнынан құшақтап алдым. Группадағы балалар маған БІЗ туралы қ алжындап бірнәрсе деп еді, мен Әлияның көзінше оларға Она моя дедім. Өзім құрттым бәрін.... Осы сөзден бастап ол менен қашқақтайтын болды. Бір жағынан ойлап қарасам, группаның ішінде ЖҮРУ деген масқара ғой. Өсектен қорықтым, кейін ренжісіп қалсақ не болады? Бәрінің дұрыс және бұрыс жақтарын өлшеп, менің арманым жүзеге аспайтынына көз жеткіздім. Бұл шешімді қабылдау қиынға түсті. Амал қанша, өмір алда деп бұйырдым.Осылай оған ғашық екенімді білдіртпейін деп мен да одан алысырақ жүретінді шығардым. Кунде телефон соғуды қойдым. Агентте де онша араласпайтын болдым...
Күндер зымырап өте берді, бірінші рубежный контроль де бітті. Сабақтарды кішкене жақсарта түстім, математика оңалып қалды. Енді екі алмайтын болдым. Ал жеке өмірім қалыпты өтуде. Туралап айтқанда өз өзіммен, ешкімім жоқ. Айналада қыздар көп, басында ұнайды, бірақ кейінірек ұнамай қалады. Ойыншық секілді, дүкен сөресінде тұрған кезінде ұнайды, сатып аласың, ойнап болған соң бір аптадан кейін ұнамай қалып, басқа ойыншық іздейсің. Алдында мен өзімді бабник деп есептемейтінмін, бірақ әр қызды ұната бергеніме қарағанда солай сияқты болып кө рінетін. Ұлдар мені солай ойлайды, енді қыздар да солай ойлайтын болды. Бірақ, мен бабник емеспін, мен ғашықшыл адаммын өкінішке орай.
Уақыт өтсе де, күніге көріп жүрген адамға деген сезімің өшпейді екен. Әлияны ойлаумен боламын. Неге бірге бола алмаймыз? Неге? Эх....жауапсыз махаббат... Міне осылай жүріп, группадағы үшінші қызға, Жансаяға көзім түсті. Оған да симпатия болды, бірақ одан артық емес. Оны пайдаланып, Әлияны қызғандырайын дедім. Группаның көзінше Жансаяны ұнатып қалғанымды көрсетіп жүрдім. Ол да мені ұнатып қалған сияқты болды. Соның жанынан шықпайтынмын. Ол Марал екеуі общага тұрады, соны пайдаланып күніге Жансаяға барамын. Шақырып алып, әңгіме айтамыз, киноға шақырамын, әйтеуір қолдан келгеннің барлығын жасадым. Мен оған ғашық болып жүр деп ойлайды. Қайдан білсін мен оны Әлия қызғана ма деп тексеріп пайдаланып жүргенімді. Иа, мен ойлағандай Әлия қызғанатын болды. Бірақ оны білдіртпейтін, менімен суық араласатын. Өз дегеніме жеттім, мені ұнататынын білдім. Кейінірек өзімнің ақымақтығымды түсіндім, бұлай жасауға болмайды, жазықсыз адамдарды алдау. Қаншалықты ол адамды сүйіп тұрсам да сонша артық кеткенім дұрыс емес... мұндай махаббаты құрсын...
Ал енді Жансаяны не істейм? оны, барлығын алдап жүрдім ғой... ешкім білмеуі керек менін ойымды...қара ойымды. Содан кейін Жансаяға агенттен сөз салдым, ол ойланып, қыздармен кеңесіп, «ЖОҚ» деп айтатынын білдім. Ол солай жасады. Ертесіне параға көңіл күйім жоқ сияқты бардым, ешкіммен сөйлеспеймін, бәрі сұрайды не болды?деп, Жансаяда да көңіл күйі жоқ. Ал Әлия менің Жансаяға сөз салғанымды және ол жоқ дегенін біледі, іштей қуанып жүр. «Қап бәлем, кек алдымба» деп тұр ішінен, түріне қарасам, бірақ әрине оны білдірткісі келмейді, түк білмейтіндей... Күні бойы тұнжырғам түсіп жүре алмадым, түстен кейін қайта қалпыма келдім. Сол күннен бастап Жансаямен бір аптадай сөйлеспей қойдым. Мұның бәрі қысқы сессия кезінде еді. Алғашқы сессия жақсы өтті, мемлекеттік білім грантына өтініш бердім. Жаңа Жылды қарсы алып, көбіміз ауылдарымызға кеттік. Мен қалада қалдым. Осы бастан өткен оқиғалар каникулда ұмытылар деп ойладым.

Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: махаббат хикаясы Менің өмірім туралы казакша история любви на казахском, история любви Менин омирим на казахском языке махаббат хикая скачать бесплатно, қызықты махаббат хикаялары жинағы оқу, интересные история любви на казахском языке, Менің өмірім