Балық

Балықтың жаны суда.

Балық жоқта бақа да балық.

Балықтың тілін бақа біледі.

Балық аулай алмаған суды лайлар.

Балықтың да сегіз қанаты бар.
Мақал-мәтелдер
Толық

Хан, патша

Патшаның қолтығы кең, құйрығы ұзын.

Бақа - көлінде патша,
Балық - суында патша,
Жігіт - елінде патша.

Патшаң соқыр болса, көзіңді қысып сөйле.
Мақал-мәтелдер
Толық

Жоқшылық, кедейлік

Кедейді тер қысса,
Керегесін арқалап тауға шығады.

Жеті кедей жиналғанмен,
Ортасынан бір бай шықпас.

Лашығы жоқ орданы аңсайды,
Желері жоқ жорғаны аңсайды.

Байдың қорасынан,
Жарлының жалғызы жоғалады.
Мақал-мәтелдер
Толық

Жетімдік

Жетім көрсең, жебей жүр,
Жесір көрсең, демей жүр.

Жетім баланың еншісі - қотыр тай.
Жетім баланың еншісі - жоғалған тай.

Жерде жетім жыласа, әуеде періште тітіркенеді.

Жетім бала өз кіндігінен өседі.

Жетімді желе, жесірді еле.
Мақал-мәтелдер
Толық

Үнемшілдік, үнемсіздік

Соға берсең, еселеп табағыңа,
Уға айналар құдайдың тамағы да.
Қомағай құрсақтың қуысы толмайды.

Тас құмыра тамшыдан толады.

Теңге тиыннан өсер,
Жылқы құлыннан өсер.

Есепсіз дүние жоқ.

Алтын тапсаң, санап ал.

Қолда барда алтынның қадірі жоқ.

Қасықтап жинағанды, шөміштеп төкпе.

Дария басы – бұлақ.

Шашу – оңай, жинау - қиын.

Қолдағының құны жоқ.

Үзіп жеген үнемге жатпайды.
Мақал-мәтелдер
Толық

Оқ, аңшы

Бір оқты бұлан көтереді,
Екі оқты ұлан көтереді.

Оқ-дәріңді отқа жақ.

Атқан жерде оқ қалар.

Аспанға қарай оқ атпа,
Өзіңнің түсер басыңа.

Батырға оқ дарымайды,
Батылға жау жоламайды.

Жалғыздың жағы жоғалса да табылмас,
Көптің оғы жоғалса да табылар.

Бір оқпен екеуді сұлатты.

Жайдың оғы – жоғары ұшпас.

Оғы шалыс ұшпайтын аңшы болмас,
Жаңылыспайтын емші болмас.
Мақал-мәтелдер
Толық

Сақтық, қырағылық

Сол көзіңе, оң көзің қарауыл босын.

Алысқан жауға арқанды көрсетпе.

Сақтықта қорлық жоқ.

Оң көзіңе
Сол көзің қарауыл болсын.

Үй менікі демеңіз,
Үй артында кісі бар.

Кезенген жаудың көзінен сақтан,
Сойқанды сұмның сөзінен сақтан.
Мақал-мәтелдер
Толық

Аспан, көк, әуе, шарық

Алпыс күн аспанға қарағанша,
Алты көште айдынға құла.

Аспаннан киіз жауса да,
Құлға ұлтарақ тимейді.

Аспанға қарай оқ атпа,
Өзіңнің түсер басыңа.

Жер – төсек,
Аспан – көрпе.

Бірі аспан десе,
Екіншісі арқан дейді.
Мақал-мәтелдер
Толық

Әкім, бастық, басшы, хан

Надан «ғалыммен» жақын болсаң басың қатады,
Ақымақ әкіммен жақын болсаң басың кетеді,
Ұстамен жақын болсаң ісің бітеді.

Әкімменен араз болсаң күнің жаман,
Молдаменен араз болсаң дінің жаман.

Әкім адал болмаса жұрт бұзылар,
Сауда адал болмаса нарық бұзалар.

Құтырған әкім
Құдыққа түкіреді.

Әркім өз қаласына әкім.
Мақал-мәтелдер
Толық