file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Жетімдік

 Жетімдік

Жетім көрсең, жебей жүр,
Жесір көрсең, демей жүр.

Жетім баланың еншісі - қотыр тай.
Жетім баланың еншісі - жоғалған тай.

Жерде жетім жыласа, әуеде періште тітіркенеді.

Жетім бала өз кіндігінен өседі.

Жетімді желе, жесірді еле.

Оты жоқ жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Елінен ауған ер жетім,
Тыңдаусыз сөз жетім,
Жоқтаусыз қыз жетім.

Жетім, жетім демеңіз,
Жетімнің ақысын жемеңіз.

Жетім өз кіндігін өз кеседі.

Жетім бала кекшіл.

Жетімнің көңілі жарты.

Жетім қыздың жеңгесі көп.

Жетім қыздың алпыс анасы бар.

Жетімді жылатпа.

Жетімнің қарны жетеу.

Жетім балаға жеті бидай да тамақ.

Жетім бала жеті күлшеге тоймас.

Жетімнің жегені — желім, ішкені — ірің.

Жерге түскен жетімдікі.

Жетімнің тапқанын ит жер.

Жетім жетіге дейін таяқ жейді.

Жетімге жүгінбе, жесірге кіжінбе.

Ескі киімнің биті ащы,
Жетімнің тілі ащы.

Ашаршылықты көп көрген
Өзі тоймай «Мә!» демес.

Жетімдікті көп көрген
Үш шақырмай «Ә!» демес.

Қаз бен үйректің панасы - көл,
Жетім мен жесірдің панасы - ел.

Аталы жетім - арсыз жетім,
Аналы жетім - ерке жетім.

Әкесіз жетім - жарты жетім,
Анасыз жетім - нағыз жетім.

Желікке ерген жезөкше
Ер жақсысын талғамас.

Жетім өскен тас бауыр
Ел жақсысын талғамас.

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Ата қонысынан ауса, ел жетім,
Жарынан айырылса, ер жетім.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру