Үнемшілдік, үнемсіздік

 Үнемшілдік, үнемсіздік

Соға берсең, еселеп табағыңа,
Уға айналар құдайдың тамағы да.
Қомағай құрсақтың қуысы толмайды.

Тас құмыра тамшыдан толады.

Теңге тиыннан өсер,
Жылқы құлыннан өсер.

Есепсіз дүние жоқ.

Алтын тапсаң, санап ал.

Қолда барда алтынның қадірі жоқ.

Қасықтап жинағанды, шөміштеп төкпе.

Дария басы – бұлақ.

Шашу – оңай, жинау - қиын.

Қолдағының құны жоқ.

Үзіп жеген үнемге жатпайды.

Саумал ішсең қымыз жоқ,
Байтал мінсең құлын жоқ.

Жыраққа қойсаң, жақыннан аларсың.

Түстік өмірің болса, кештік мал жина.

Ақша кетуге тырысады, есеп ұстауға тырысады.

Ескі киімді баптағаның, жаңа киімді сақтағаның.

Тамшыдан тама берсе, дария болар.

Судың да сұрауы бар.

Есептемегенге бәрі түгел.

Сауып ішсең, мың күндік, сойып жесең, бір күндік.

Атыңнан айырылсаң да, ер-тоқымыңнан айырылма.

Базары жақын байымас.

Үй болғанда көсеу де керек.

Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала.

Қазанға түскен қайтып қапқа түспейді.

Жаман қойшы жайлауын бір күн жейді,
Жақсы қойшы жайлауын мың күн жейді.

Жұмыртқаны жегенің - тауықты құрттым дегенің.

Атын алдырған ерін жоқтамайды,
Басын алдырған сақалын жоқтамайды.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру