Жоқшылық, кедейлік
Кедейді тер қысса,
Керегесін арқалап тауға шығады.
Керегесін арқалап тауға шығады.
Жеті кедей жиналғанмен,
Ортасынан бір бай шықпас.
Ортасынан бір бай шықпас.
Лашығы жоқ орданы аңсайды,
Желері жоқ жорғаны аңсайды.
Желері жоқ жорғаны аңсайды.
Байдың қорасынан,
Жарлының жалғызы жоғалады.
Жарлының жалғызы жоғалады.
Кедейдің ауы жүрмес,
Ауы жүрсе, дауы жүрмес.
Ауы жүрсе, дауы жүрмес.
Жұт жеті ағайынды,
Содырымен сегіз,
Содырымен сегіз,
Салақпен тоғыз, олақпен он.
Иман тұрар тоқтықта,
Иман кетер жоқтықта.
Иман кетер жоқтықта.
Кедейдің бақыты үкіде, үкінің кілті көкте.
Жадағайсыз жан қалмас,
Жаға берсе, тал қалмас.
Жаға берсе, тал қалмас.
Қазы мен қарта жедім, аузымда жоқ,
Мақпал мен парша кидім, иінімде жоқ.
Мақпал мен парша кидім, иінімде жоқ.
Кісідегінің кілті аспанда.
Не атамда, не ботамда жоқ.
Барын ортаға салса, жоқшылыққа саналмас.
Жей берсе, түйе түгіл, тау да таусылады.
Жаяудың аты - ширақ, күші - азық.
Қайыр сұрап, зекет береді.
Қайыршыға қайыршы ермейді.
Күні біткен жалшы,
Көнекті сырттан салады.
Көнекті сырттан салады.
Алтын табылса,
Түйерге түйіншек табылмайды.
Түйерге түйіншек табылмайды.
Азға - қанағат, көпке - шүкір.
Барға - мәзір, жоққа - сабыр.
Кедейлік кемдік емес.
Кедейге ақ қалта да бір,
Көк қалта да бір.
Көк қалта да бір.
Кедей нан тапса, ыдысын таппас.
Кедейліктен кісі өлмейді,
Қиналады жан шіркін.
Қиналады жан шіркін.
Кедейдің кеңесі бітпейді.
Кедейге өлең айтқан да шығын.
Кедейдің етегіндегі бидайды тізесі қағып төгеді.
Кедейлігіңді білейін десең, көшіп көр.
Кедейдің күні кіжінумен өтеді.
Жоқтық ұят емес,
Тоқтық мұрат емес.
Тоқтық мұрат емес.
Жоққа жүйрік жетпейді.
Жоқтық жомарттың қолын байлайды.
Барлардікі жорға-жорға,
Жоқтардікі зорға-зорға.
Жоқтардікі зорға-зорға.
Жоқты жонады.
Жарлылығын жасырған байымас.
Жарлы байғұс жамалар,
Жамалар да қуанар.
Жамалар да қуанар.
Жетпес жарлылың - басқа қорлық.
Жарлының бір тойғаны — шала байығаны.
Жарлының жалғыз тоқтысын қасқыр жейді
Аса жаман болмасаң,
Аса жарлы болмассың.
Аса жарлы болмассың.
Қолы қысқаның жолы қысқа.
Тарыққан талғамайды.
Жарлының аузы аққа тисе, мұрны қанайды
Үрерге иті, сығарға биті жоқ.
Ұштығы түгіл, пұштығы жоқ.
Жыртық келіге жамаулы келсап.
Келсап құрыса,
Келі керектен өзі-ақ қалады.
Келі керектен өзі-ақ қалады.
Табылмаса, таға да қат.
Бірі кемнің бәрі кем.
Көпке келген себеле,
Себелені елеме.
Себелені елеме.
Асабасы жоқ асқа жарымайды,
Қасабасы жоқ басқа жарымайды.
Қасабасы жоқ басқа жарымайды.
Жалғыз болсаң, түйе сақта,
Жарлы болсаң, бие сақта.
Жарлы болсаң, бие сақта.
Жүйрік шабан болады,
Мойнынан жалы кетсе.
Мойнынан жалы кетсе.
Жігіт кедей болады,
Қолынан малы кетсе.
Қолынан малы кетсе.
Әттең, ұн жоқ,
Май болғанда бауырсақ пісіретін.
Май болғанда бауырсақ пісіретін.
Шортанды деген көлге бар,
Шортан түгіл шабақ жоқ.
Шортан түгіл шабақ жоқ.
Баталы құл арымас,
Батасыз құл жарымас.
Батасыз құл жарымас.
Ескіні жамағанның есі шығады.
Тар киім тозғақ.
Қолында жоқ жомарт.
Сауыны аздық жазы қысқа.
Қысқа жіп күрмеуге келмейді,
Күрмеуге келсе де, байлауға келмейді.
Күрмеуге келсе де, байлауға келмейді.
Кедейге көтере алмастай бас береді.
Кедей іштегі бұзауды сауда қылады.
Кедейдің аты қара жарыста озады.
Кедейдің жеті қаңтары бар.
Кедейдің қоржыны толса да, көзі тоймайды.
Кедейдікі көзеде.
Кедейде лебіз болмас.
Кедейдің аузы асқа тисе, тісі тасқа тиеді.
Тақыр кедейдің ұйқысы тыныш.
Кедейді «бәрекелді» жұтатады.
Кедейдің бір есігі ашық, бір есігі жабық.
Кедейдің сүйген тамағын кім береді?
Кедейшілік шоқтығы — ертеңгі астың жоқтығы.
Жамау тапқан жарлы болмас.
Жұтаған шүкіршілікке тоймас.
Жұтаған шүкіршілікке тоймас.
Жуан жіңішкергенше, жіңішке үзілер.
Жаяу қойшы күніне үш тасады.
Аспаннан киіз жауғанда,
Сорлыға ұлтарақ та тимейді.
Сорлыға ұлтарақ та тимейді.
Ыштаны жоқтық түсіне,
Екі қарыс бөз кіреді.
Екі қарыс бөз кіреді.
Барды балама,
Жоқты санама.
Жоқты санама.
Астық жоқ жылы тіленші қыстайды.
Тіленшіге жел қарсы.
Еліктің мойнын оқ кеседі,
Ердің мойнын жоқ кеседі.
Ердің мойнын жоқ кеседі.
Ер қолында мал тұрмайды,
Елек ішінде су тұрмайды.
Елек ішінде су тұрмайды.
Кісі бергені кісіге ырыс болмас.
Біреу тойып секіреді,
Біреу тоқып секіреді.
Біреу тоқып секіреді.
Құр алғыс азық болмайды.
Етік жамағанды көрдік,
Тақия жамағанды көрмедік.
Тақия жамағанды көрмедік.
Етігің тар болса,
Бұл дүниенің кеңдігінен не пайда?
Бұл дүниенің кеңдігінен не пайда?
Қалпақ абзалы - мұрақ,
Көрпе абзалы - құрақ.
Көрпе абзалы - құрақ.
«Болдым» дегеннің,
Қара жер түбіріне жетеді.
«Жетістім» дегеннің,
Кедейлік сіңіріне жетеді.
Қара жер түбіріне жетеді.
«Жетістім» дегеннің,
Кедейлік сіңіріне жетеді.
Су жетпейін демейді,
Жар жеткізбейді.
Ер жетпейін демейді,
Мал жеткізбейді.
Жар жеткізбейді.
Ер жетпейін демейді,
Мал жеткізбейді.
Көтере алмасақ, қоса арқала.
Олай тартса, өгіз өледі,
Бұра тартса, арба сынады.
Бұра тартса, арба сынады.
Үйіне ұры түскендей.
Үйіне ит иіскеп кірмейді.
Бір құшақ қу ағаштан бір оқтық шығады.
Бай атқа мінсе,
«Құтты болсын!» - дейді.
Жарлы атқа мінсе,
«Қайдан алдың?» - дейді.
«Құтты болсын!» - дейді.
Жарлы атқа мінсе,
«Қайдан алдың?» - дейді.
Жоқты жоқ табады.
Жоқты жара деме,
Көлеңкені қара деме.
Көлеңкені қара деме.
Таста тамыр жоқ,
Тасбақада бауыр жоқ,
Суда қаймақ жоқ.
Тасбақада бауыр жоқ,
Суда қаймақ жоқ.
Байға жағынамын деп,
Жарлының зыңы шығады.
Жарлының зыңы шығады.
Барға - мәзір, жоққа - қанағат.
Қасқалдақтың қанындай қат.
Қыс киімін жаз киіп,
Жарлы қайдан байысын.
Жарлы қайдан байысын.
Аттылыға еріп,
Жаяудың таңы айырылады.
Жаяудың таңы айырылады.
Жұрт жұтаса - жұтық.
Кедей елдің көшбасшысы көп.
Не жоқ болса, сол қат.
Жарлы кісі бай болса,
Көтін қоюға жер таппайды.
Бай кісі жарлы болса,
Бетін қоюға жер таппайды.
Көтін қоюға жер таппайды.
Бай кісі жарлы болса,
Бетін қоюға жер таппайды.
Жылан жалағандай.
Аш атасын танымас.
Аш адам Құдайын ұмытады.
Аш адам ұрысқақ,
Ақсақ қой тырысқақ.
Ақсақ қой тырысқақ.
Аштың ақылы астан әрі аспайды.
Аш ақылымен тоқ болмайды.
Асы жоқ үйге ит те кірмейді.
Аштың ас таңдатпайды.
Аштың ақылы тамағында,
Жаяудың ақылы табанында.
Жаяудың ақылы табанында.
Ашаршылықта бай баласы бұрын өледі.
Аш ауыл айранды бұрын ішеді.
Аш көп жер, ашулы көп сөйлер.
Қарны ашқан кәрі дауын даулайды.
Қарны ашқан қараша үйге шабады.
Қарны ашқан қазанға қарайды.
Қарны ашқанға қара талқан майдай көрінеді.
Қарны ашқанға қара нан май татыр,
Шөлдегенге қара су бал татыр.
Шөлдегенге қара су бал татыр.
Бір ауылда бір үй аш болса,
Бір ауыл аш болады.
Бір ауыл аш болады.
Бір күн қарны ашқаннан,
Қырық күн ақыл сұрама.
Қырық күн ақыл сұрама.
Адасқанға жұлдыз Айдай,
Қарны ашқанға көже майдай.
Қарны ашқанға көже майдай.
Аш отырып, ас таңдайды,
Жаяу отырып, ат таңдайды.
Жаяу отырып, ат таңдайды.
Тоқтықта жараспаған
Аштықта қараспайды.
Аштықта қараспайды.
Ашқа қазан астырма,
Тоңғанға от жақтырма.
Тоңғанға от жақтырма.
Тоқ адамды ұйқы басады,
Аш адамнан ұйқы қашады.
Аш адамнан ұйқы қашады.
Аттттан өлген кісінің моласы жоқ.
Аттт бала тоқ баламен ойнамайды,
Тоқ бала аш болам деп ойламайды.
Тоқ бала аш болам деп ойламайды.
Ат қадірін білмесең,
Жаяушылың берсін жазаңды.
Ас қадірін білмесең,
Ашаршылық берсін жазаңды.
Жаяушылың берсін жазаңды.
Ас қадірін білмесең,
Ашаршылық берсін жазаңды.
Ашаршылықта түйенің сіңірі де тәтті,
Тоқшылықта қозының құйрығы да қатты.
Тоқшылықта қозының құйрығы да қатты.
Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпес.
Тоқшылықта жеген тоқпан жілік,
Ашаршылықта көзіңнен бұл-бұл ұшар.
Ашаршылықта көзіңнен бұл-бұл ұшар.
Тауда туған баланың екі көзі таста.
Ашаршылықта туған баланың екі көзі аста.
Атттты қусаң да, құмалақ шықпас.
Ас қадірін білмесең,
Ашаршылыңта білерсің.
Ат қадірін білмесең,
Жаяуқалғанда білерсің.
Ашаршылыңта білерсің.
Ат қадірін білмесең,
Жаяуқалғанда білерсің.
Үлкен жау - өңеш.
Аш адам алты көрпе жамылса да ұйықтай алмайды.
Аз көпке, аш тоққа теңгерілді.
Татқан да бір, тойған да бір.
Тіске кірген етке қарын тоймайды.
Мойны ырғайдай, биті торғайдай.
Аш алғырт, тоқ бейғам.
Аш не жемес, тоқ не демес?
Аш қадірін тоқ білмес.
Аш адамға бір атан жүк те аз көрінер.
Шуда жіптен бау таққан жейдең құрысын,
Сары майдан дәметкен кеудең құрысын.
Сары майдан дәметкен кеудең құрысын.
Жазы-қысы жұмыс қып,
Мая қайдан қайысын?
Мая қайдан қайысын?
Қанша білгіш десе де,
Адам сүймес малсызды.
Адам сүймес малсызды.
Жігіттің күйін сұрама,
Жұрттан сауын сауған соң.
Малдың күйін сұрама,
Қонысынан ауған соң.
Жұрттан сауын сауған соң.
Малдың күйін сұрама,
Қонысынан ауған соң.
Бақының баяғы күйі жоқ.
Ит байласа түрғысыз.
Қажы бардағы күн қайда?
Қаңтарда қалпақ киім болмайды.
Тоқ адам тойшыл,
Аш адам арманшыл.
Аш адам арманшыл.
Байлар ашты тоқ санар,
Аш жаманын жоқ санар.
Аш жаманын жоқ санар.
Тіс шүқыр қылтанағы жоқ.
Тісінің суын сорған.
Құлағынан күн көрінген.
Барлық әр нәрсе дегізер,
Жоқтық арам жегізер.
Жоқтық арам жегізер.
Кісіден сұрағанның екі көзі шығады.
Иесі жардай, аты арық,
Тұз жұтынан сақтасын.
Иесі жардай, аты арық,
Тұз жұтынан сақтасын.
Өйелі жардай, ері арық,
Үй жұтынан сақтасын.
Үй жұтынан сақтасын.
Тоқал өр келеді,
Кедей кер келеді.
Кедей кер келеді.
Бір кем дүние.
Жарлыға берген садақа
Құдайға қарыз бергенмен бірдей.
Құдайға қарыз бергенмен бірдей.
Жарлының өз малы өзіне олжа.
Жарлының байға тоқтылы қой ақысы кетіпті.
Кедейлігіне қарама, кісілігіне қара.
Жетпесті қуып алқынба.
Іші ассыз, сырты тонсыз.
Суыртпақтап жинаған,
Сорлыға көйлек шығады.
Сорлыға көйлек шығады.
Ине шаншар жері жоқ.
Күң - күншіл.
Күңге қамқа тон жапсаң да ханым болмас.
Қүл құтылар құрықтан,
Күң құтылар сырықтан.
Күң құтылар сырықтан.
Күңнің өз күңкілін,
Өзіне қимайсың ба?!
Өзіне қимайсың ба?!
Құлшар өссе, қожаның құлы.
Құр табаққа бата жүрмейді.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Кедейдің, Жарлының, шығады, Қарны, қадірін, болса, Жарлы, Ашаршылықта, аңсайды, Кедей, білмесең, болмас, Жоқты, Жоқтық, сұрама, береді, Кедейге, болады, Аштың, ақылы, Жоқшылық кедейлік кедей туралы мақалдар, кедей Жоқшылық туралы мақал-мәтелдер, жокшылык кедей туралы макал мател, пословицы на казахском языке, кедейлік туралы мақал-мәтелдер, пословицы на казахском о нищете