Жол-көлік полициясы тоқтатқанда нені білу керек?

Жол-патрульдік полициясы қызметкері сізді қандай жағдайларда тоқтатуы мүмкін? Жүргізуші құқықтарын білесіз бе? ЖПП тоқтатқан жағдайда сіз нені білу керексіз? Осы және өзге де сауалдардың жауабын ұсынамыз.

Заңдық кеңестер
Толық

Ақша шақыратын ырымдарды білесіз бе?

Қай ұлттың ырым-жоралғылырын алсаң да ақшаға деген ерекше қатынасты байқайсыз. Барлығында да бір мақсат - ақша тапшылығын көрмеу, оны керісінше - көбейту. Ақшаның сиқырлы күші немесе энергетикалық қасиеті бар екендігі жайында соңғы кездері көп айтылып жүр. Қолыңызда миллион теңге тұрып.......
Кеңестер
Толық

Ақжол Мейірбеков Нұсқабекұлы (1950 жылы 7 шілде)

Ақжол Нұсқабекұлы Мейірбеков (1950 жылы 7 шілдеде Түркістан облысы Арыс қаласында туған) — Дос-Мұқасан ансамбльінің әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1994). Құрмет орденінің иегері (2011). Ерен еңбегі үшін медалінің иегері (2005).
Ақжол Нұсқабекұлы 1950 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген.
Әкесі - Нұсқабек.
Анасы - Айша.
Шымкент қаласындағы Қ.Сыпатаев атындағы орта мектептің түлегі.
Мектептен соң Өзбекстанның Наманған қаласында Музыка училищесін бітірген.
Ташкент ауыл шаруашылығы институтын бітірген (мамандығы аграном).
Еңбек жолы....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Жоламан Әміров (1971 жылы 1 мамыр)

Жоламан Әміров (1971 жылы 1 мамырда Алматы облысы Райымбек ауданында туған) — актер, әнші. Құрмет орденінің иегері. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері (1986 жылдан).
Жоламан Әміров 1971 жылы 1 мамырда Алматы облысы Райымбек ауданы Көлсайында дүниеге келген.
1978 - 1980 жылдары Ж.Елібеков атындағы Республикалық эстрда-цирк колледжі (бұрынғы Республикалық цирк және өнер студиясы)ның "домбыра" классын Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Құбыш Мұхитовтың сыныбын бітірген.
1984 - 1986 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының актерлік бөлімін бітірген.
1986 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
Шығармашылығы....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Кәмшат Жолдыбаева (1988 жылы 28 қаңтар)

Әнші, биші, актриса, тележүргізуші Кәмшат Жолдыбаева 1988 жылы қаңтар айының 28-ші жұлдызында Маңғыстау өңірінің «Форт-Шевченко» қаласында дүниеге келген. Кәмшаттың өзінен кіші сіңлісі бар, есімі Алтынай. Айта кететін жәйт – Алтынай да өнерден алыс емес, 2015-ші жылдың мамыр айында құрылған «JayRun» тобының әншісі.
Мектеп қабырғасында 9 жыл оқып, ағылшын тілі мамандығы бойынша колледжде білім алып шығады. Мұнымен тоқталмай Алматы қаласы Қыздар Мемлекеттік Педагогикалық Университетінде 3 жыл бойы «Ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алып жүргенде, сәті түсіп «Shine production» продюсерлік орталығына еліміздің үздік girls-band-ді КешYou тобының мүшесі ретінде кіреді. Осыған орай Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясына «Эстрадалық вокал» кафедрасына ауысып сол жерде білімін шыңдай түседі. Бақытына орай қос продюссерінің бірі Бағым Мухитденовадан сабақ алады.
Топтағы қарқынды жұмысымен қоса оқуды қатарынан алып жүрген Кәмшат өзін актриса ретінде сынап көруді үлгерді. Ал ән айтудан бұрын Кәмшат көп жылдар бойы кәсіби бимен айналысып, топтың хореографиясына көңіл бөлген. Негізінде КешYou тобының құрамында жұмыс жасау ұсынысының тарихы Баян Есентаеваның «Ғашық жүрек или Коктейль для звезды» фильміне ұйымдастырылған кастингінен бастау алды....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Досқан Жолжақсынов Қалиұлы (1951 жылы 7 қазан)

Досқан Қалиұлы Жолжақсынов (1951 жылы 7 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Балықшы ауылында туған) — кино және театр актері, кинорежиссер.
Қазақстанның халық әртісі (1995), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте иегері (1996,2016). Қырғыз Республикасының Еңбек сіңірген артисі (1996).
1973 жылы Алматы мемлекеттік өнер институтын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген.
1971 жылдан Қазақ жастар мен балалар театрының актері.
1995 – 2001 жылдары осы театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі болды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ерік Жолжақсынов Қалиұлы (15 мамыр 1959 жылы)

Ерік Қалиұлы Жолжақсынов (15 мамыр 1959 жылы, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қарақас ауылы) — танымал кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1998). Астана Циркінің директоры.
Өмірбаяны
1959 жылы 15 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Қарақас ауылында дүниеге келген. Әкесі — Жолжақсынов Қали, марқұм, ұжымшардың төрағасы болған. Анасы — Жолжақсынова Жазира, марқұм, мұғалім болған.
1977 жылы Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтын тәмәмдаған. 1982 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында еңбек етті. 1989 жылдан бері Шә Айманов атындағы «Қазақфильм» республикалық шығармашылық-өндірістік бірлестігінің актері (қазіргі — Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ).
ҚазКСР Кинематографистер одағының мүшесі (1985 жылдан). ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1998). 2005 жылдан «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
Әскери атағы — капитан ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Гүлназ Жоланова (1993 жылы 12 қараша)

Гүлназ Жоланова 1993 жылы 12 қарашада Ақтау қаласында дүниеге келген. Бойы 169 см. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Отбасы мүшесі: 4-бала,үйдің ортаншысы Апасы,Ағасы,өзі және інісі.

Білімі:Экономикалық лицейде оқыды.Студенттік өмірі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жалғасты.
Мамандығы:"Туризм бойынша менеджер"

Жетістігі: Ұлттық сән байқауы "Қазақ Аруы-2014" бас жүлдегері,"Махаббатым жүрегімде" телехикаясының басты рөлін сомдаған жас актриса.Отандық "Қыздар" сериалының негізгі рөлін сомдады.Сериал барысында "Жас актриса","Үздік кейіпкер" номинацияларын иеленді.

Қызмет саласы: "Жаңа күн","Жексенбі" бағдарламаларының тележүргізушісі.

Атағы:"Қазақ Аруы",Актриса,Әуесқой биші,Жарнама моделі,тележүргізуші.

Мені анам тәрбиеледі. Әкесіз өссем де, анам маған оның жоқтығын білдіртпеуге тырысты. Өз махаббатын маған жеткілікіт дәрежеде берді деп айта аламын. Сол себептен мен сүйгіш адам болып өстім: өзім біреуді сүйгенді ұнатамын, мені де біреудің сүйгенін ұнатамын (күледі). Анам мені әрқашан қолдайтын. «Барға қанағат бол» деген сөзді жиі айтатын. Сол сөздері әлі есімде. Анам маған қалаған нәрсенің бәрін беріп отырса да, қатты еркелетіп жіберген жоқ. Керек кезде тяқты да жейтінмін ....

Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ұлықпан Жолдасов Мырзабайұлы (1966 жылы 14 ақпан)

Ұлықпан Мырзабайұлы Жолдасов (1966 жылы 14 ақпанда Маңғыстау облысы Қарақия ауданында туған) — әнші, композитор, музыкалық продюсер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). Қарақия ауданының Құрметті азаматы (2016). Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының Үздігі (2015).

Ұлықпан Мырзабайұлы 1966 жылы 14 ақпанда Маңғыстау облысы Қарақия ауданында дүниеге келген.
Шығармашылық жолын 1983 жылы Маңғыстау облыстық филармониясынан бастаған. Бүгінгі таңда қазақ эстрдасында 300ге жуық авторлық әндері мен композициялары бар. Мақпал Жүнісова, МузАРТ, Мәдина Сәдуақасова, "Нұр-мұқасан" және басқа да көптеген эстрада жұлдыздарының орындауындағы бұл әндердің көбісі дерлік тыңдармандардың көңілінен шыққан туындылар. Халықаралық, Республикалық байқауларда топ жарған әндері де жетерлік. Соның ішінде композитордың ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаеваның орындауындағы "Махаббат маусымы" әні Голливудта өткен халықаралық байқайда гран-при жүлдесін жеңді....
Өмірбаяндар (биография)
Толық