Гүлназ Жоланова (1993 жылы 12 қараша)
Гүлназ Жоланова 1993 жылы 12 қарашада Ақтау қаласында дүниеге келген. Бойы 169 см. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Отбасы мүшесі: 4-бала,үйдің ортаншысы Апасы,Ағасы,өзі және інісі.
Білімі:
Экономикалық лицейде оқыды.Студенттік өмірі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жалғасты.
Мамандығы:"Туризм бойынша менеджер"
Жетістігі:
Ұлттық сән байқауы "Қазақ Аруы-2014" бас жүлдегері,"Махаббатым жүрегімде" телехикаясының басты рөлін сомдаған жас актриса.Отандық "Қыздар" сериалының негізгі рөлін сомдады.Сериал барысында "Жас актриса","Үздік кейіпкер" номинацияларын иеленді.
Қызмет саласы:
"Жаңа күн","Жексенбі" бағдарламаларының тележүргізушісі.
Атағы:
"Қазақ Аруы",Актриса,Әуесқой биші,Жарнама моделі,тележүргізуші.
Мені анам тәрбиеледі. Әкесіз өссем де, анам маған оның жоқтығын білдіртпеуге тырысты. Өз махаббатын маған жеткілікіт дәрежеде берді деп айта аламын. Сол себептен мен сүйгіш адам болып өстім: өзім біреуді сүйгенді ұнатамын, мені де біреудің сүйгенін ұнатамын (күледі). Анам мені әрқашан қолдайтын. «Барға қанағат бол» деген сөзді жиі айтатын. Сол сөздері әлі есімде. Анам маған қалаған нәрсенің бәрін беріп отырса да, қатты еркелетіп жіберген жоқ. Керек кезде тяқты да жейтінмін.
Әкенің жоқтығы қатты білінеді. Бірақ, көп жағдайда ол ұл балаларға қатты әсер етеді деп ойлаймын. Ұл балалардың әке тәрбиесінде өскені дұрыс сияқты. Ал қыздарға әкенің жоқтығы әйел мен еркектің қарым-қатынасын құруда кедергі болуы мүмін. Баланың көз алдында отбасылық модель болғаны жақсы. Әрине, бұл еркектің өзіне де байланысты. Ер адам жауапкершіліктен қорықпайтын, шешім қабылдай алатын, әрі сөзіне берік адам болу керек. Бір сөзбен айтқанда, еркек еркек болу керек. Қазір ондай еркектер азайып кеткен сияқты. Мысалы, мен бала кезден бастап өзім шешім қабылдап үйренген адаммын. Менің орныма анам, достарым, туыстарым шешім қабылдаған емес. Сондықтан, қасымда сондай ер азаматтың болғанын қалайым. Ал егер қасындағы «ақыл беретін» адамдарға жалтақтай берсе, ондай жігіттің абыройы қанша? Одан басқа, ер адам мен әйел адамда белгілі бір үйлесімділік болғаны дұрыс. Оны көзбен көру мүмкін емес, жүрекпен ғана сезуге болады.
17 жасымда мен Алматыға оқуға түсуге келдім. Келгенде, жалпы салмағы 70 кг асатын 3 чемодан арқалап келдім! Соның жартысы ет, сенесің бе (күледі)! Қазір ойласам, азық-түлік жоқ қалаға бара жатқандай жиналған екем. Алматыда құрбымның пәтерінде тұрдым. Одан кейін үш айдай университет жатаханасында тұрдым. Бірақ, ол жерде ешбір адаммен достаса алмадым. Неге екенін білмеймін. Кешкісін бөлме сыртында қыздар мен ұлдар түрлі ойындар, қызықты шаралар ұйымдастырса, мен кітаптарыма үңіліп, интернеттен мақалалар оқып, бөлмеден шықпайтынмын. Үш айдан кейін құрбымның үйіне қайта көштім. Екінші курстан бастап жұмысқа тұрдым. Өмір бойы бимен айналысқандықтан, Алматының бір мектебінде бастауыш сынып оқушыларына арналған би сабақтарын жүргіздім. Балалар кішкентай болған соң, оң мен солды онша жақсы ажырата білмейтін. Сол үшін «терезеге», «есікке» деп үйретуге тура келді (күледі). Бір күні инстаграмнан «Қазақ аруына» кастинг жүріп жатқанын көрдім да, оған мән берген жоқпын. Бірақ туысқандарым, достарым телефон шалып, қатысып көруімді сұрады. Ол кезде шашым қазіргіден әлдеқайда ұзын болған. Барлық параметрлер бойынша келісіп тұрсам да, «өте аламын ба?» деген күмән болды. Ал кастингке келсем, шашы қысқа, бойы аласа, қазақша білмейтін түрлі қыздар толып жүр екен. Сайыстың шартына сай келмесе де, бой бермей өздерін көрсетуге тырысады. Олардың қасында менің мүмкіншілігім көп болған екен (күледі). Сонымен, мен бірінші айналымды өтіп, Ақтау қаласының атынан шығатын болдым. Бір айдан астам уақыт дайындалдық. Финал жақындағанда мен белгілі бір жүлделі орын алатынымды сездім. Бірақ, бас жүлдені ұтып аламын деп ойламадым.
Бас жүлдені алып, Қазақ аруы атанғанна кейін өмірдің өзі қатты өзгерген жоқ, бірақ түрлі мүмкіншіліктер пайда болды. Бастысы, сол мүмкіншіліктерді жіберіп алмау керек еді. Әр нәрсе өз кезегімен дейді ғой. Сол сияқты, болатын нәрсеге өмір өзі жетелеп алып келеді. Менің де Алматыға келіп, керек адамдардың ортасына түскенімде Алланың бұйрығы болған шығар.
Ең үлкен армандарым әйел заты болғандықтан, бірінші кезекте отбасын құруды армандаймын. Бірақ, өзім жақсы көретін адамды кездестірмейінше, тұрмысқа шықпайтыным сөзсіз. «Жасым келіп қалды ғой» деп, көрінген біреуге шыға сала алмайтын адаммын. Одан басқа, кино түсіруді армандаймын.
Ол киноның сюжетін де ойластырып қойғанмын.
Ия. Сюжетін де ойластырдым. Бірақ, кино түсіру үшін адам көп дайындалып, пісіп, белгілі бір дәрежеге жету керек. Шамамен он жылдан кейін мен де дайын болатын шығармын. Мен кино түсірсем, болашақта ол классика болып қалатындай кино болғанын қалаймын. Менің ойымша, киноның тәрбиелі мәні болу керек. Бірақ, ондай киноларды адамдардың көпшілігі көре бермейтін сияқты. Барлығы оңай, таяз мағыналы киноларды ұнататыны көрінеді. Қоғам ұсақталып бара жатыр ма, білмеймін. Мысалы, интернетте өте мықты, ақылды адамдар жазған мақалалар бар. Бірақ оларды оқитындар, тарататындар, коментари жазатындар аз. Инстаграмда да сол. Ақылды нәрселерді жазып, парақшаларына жүктейтін адамдардың оқырмандары аз. Ешкімді ренжіткім келмейді, бұл менің жеке ойым. Туғанда барлық адамдарға бірдей мүмкіндік береледі. Бірақ, біреулері сол мүмкіндікті пайдалана біледі, ал басқалары пайдаланбайды. Сондықтан, кино түсіретін адамның алдында өзі қалаған кино түсіру немесе халықтың қалаған киносын түсіру керек деген дилемма тұрады.
Менің сүйікті киноларым Вуди Алленның киноларын ұнатамын. Оның киноларының арқасында адамның жан-дүниесін ақтарып, барлық өзгерістерінің куәсі боласың. Сол процессті екі сағат бойы бақылап, күнәсіз адамдардың қалайша күнәлі болатынына көзің жетеді. «Бәріміз де пендеміз ғой» деген сөзді сол кезде түсінесің. Адам өзін-өзі ұстамаса, қызықтыратын дүниелерге тез беріліп кетеді.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Гүлназ Жоланова, тұлға Гүлназ Жоланова өмірі мен шығармашылығы, Гүлназ Жоланова биография, гульназ жоланова, мәлімет, омирбаян, биография, ақпарат