Ақша шақыратын ырымдарды білесіз бе?

Ақша шақыратын ырымдарды білесіз бе?

Қай ұлттың ырым-жоралғылырын алсаң да ақшаға деген ерекше қатынасты байқайсыз. Барлығында да бір мақсат - ақша тапшылығын көрмеу, оны керісінше - көбейту. Ақшаның сиқырлы күші немесе энергетикалық қасиеті бар екендігі жайында соңғы кездері көп айтылып жүр. Қолыңызда миллион теңге тұрып, одан ешқандай пайда көре алмауыңыз да мүмкін, керісінше он мың теңге бүкіл байлықтың негізі болып жататын әсерлері де аз емес. Ақшаға байланысты ырымдарды сіз де жасап көріңіз, бәлкім сіздің де қалтаңыз қалыңдар... Ақшаны ешқашанда үстел үстіне қоюға болмайды. Сонымен қатар, кілтті, машинаның кілтін үстелдің үстіне қоюға болмайды. Бұл ырымның жоралғысы - машинаның кілтін қойсаңыз, айдап кетеді, үйдің кілтін қойсаңыз ұрлап кетеді. Дастарханның үстін қолмен сыпыруға болмайды, міндетті түрде шүберекпен, әрі қиқымды қолға емес, ыдысқа салу қажет. Ұдайы жасап көріңіз, әрі қаржылық жағдайыңыздағы өзгерісті де бақылауды ұмытпаңыз. Күн батқаннан кейін ақша санамауға тырысыңыз.

Егер санауға тура келсе біреуге жасатқаныңыз жөн. Егер сіз сатушы болсаңыз, ақшаны қолма-қол алып, ал қайтарарда үстел үстіне қойғаныңыз жөн. Бай, қалталы адамдардан қолма-қол ақша алуға тырысыңыз. Көп жағдайда үйде бос шыны ыдыстары - банка, жәшіктер тұрып қалады. Бұлар - “қара үңгірлер” үйге келген кірістің бәрін тартып кетеді. Егер сіз бос ыдыстарды тастауға шамаңыз келмесе ішіне міндетті түрде бірнеше дән немесе тиындар тастаңыз. Үстел үстіне бос шыны қоймау да осыдан шыққан. Жаңа ай туғанда басыңызды иіп сәлем беріп, сосын ақша немесе алтын, күміс көрсетіп: “Жаңа ай қалай өсіп келе жатса, маған сондай ақша келсін” деп айту керек. Сейсенбі күні қарыз сураудан аулақ болыңыз, кем дегенде бір ай бойы қарызда жүресіз деген ұғым бар. Әруақытта ақшаңызды әмиянда ұстаңыз. Ақша қалтаңызда қалай болса, солай шашылып жатса кіріс кірмейді. Яғни, бұл ақшаның да өзін баптамайтын жерге барғысы келмейтіндігімен түсіндіріледі. Әмияныңыз жыртылмаған, әрі таза терілерден тігілген болуы керек.

Сонымен қатар әмиянға ақшаларды рет-ретімен және де мыжымай салғаныңыз абзал. Әмияныңызда доллар болмаса тұмар ретінде ескі тиын салып жүріңіз. Келесі ақшаны шақыратын болады. Қалай да болса қолдан келерлік ережелер... Ұстансақ мүмкін біздің де қалтамыз қалыңдар. Не дегенмен қазір көп нәрсе ақшаға келіп тірелуі - ақиқат.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру