Жылдың негізгі ерекшеліктерін тіпті балалар да біледі. Қыста суық және қар бар, ағаштар көктемде гүлдейді және алғашқы жапырақтары пайда болады, жазда жылы және табиғаты жасыл, күзде жапырақтары сарғайып, құлап кетеді. Жыл мезгілдері туралы әдемі суреттерді ұсынамыз.
Қорқыт ата – қазіргі уақытта барлық түркі әлемінің ортақ мұрасы. Қорқыт ата ежелгі қағандар секілді Түркі өркениетінің бастауында тұрған ойшылдардың бірі. Алты алаштың анасына айналған Сыр елінен шыққан, тарихта аты, артында бай мұрасы қалған ұлы тұлға. Бүгінгі күнде бүкіл әлемде Қорқыт ата магиялық аспап саналатын қасиетті қобыз атасы. Ол өмірді мәңгілік сүру жолын іздеген жан. Сол өмірі оның қобызының екі ішегі тәрізді. Бірі өмір....
Ислам ғұламалары: «Қадір түні – тағдыр түні. Оның бұлай аталуының себебі, Алла Тағала бұл түні келесі жылғы Қадір түніне дейін кімнің өмірге келетінін, кімнің ажалы жететінін, кімге қанша ризық-несібе бөлінетінін белгілейді. Содан соң барлығын төрт періштеге: Жәбірәйіл, Исрафил, Микәйіл және Өлім періштесіне тапсырады», ‒ деген.
Ал, атақты сахаба Абдулла Ибн Аббас (Алла әкесі екеуінен разы болсын): «Сол түні кітаптың анасынан, яғни Ләухул Махфуздан (тағдыр жазылған кітап) бір жылдың ішінде кімге қанша ризық (байлық, табыс) бөлінетіні, жер бетіне қашан, қанша жаңбыр жауатыны, кімнің дүниеге келетіні, кімнің дүние салатыны, кімнің қажылыққа баратыны да жазылады», ‒ деген.
Яғни, бұл – тілектер қабыл болатын түн. Әрине, әр адамның жүрек төрінде орындалмай жүрген арманы, қажеттіліктері бар. Алла Тағала тілектерді әр адамның өз тілінде де естиді. Дегенмен, Құран мен Сүннетте келетін дұғалардың қабыл болу мүмкіндігі жоғары болғандықтан ең таңдаулы дұғаларды топтастырдық. Қағазға шығарып, Рамазанның аспаннан періштелер жауатын соңғы түндерін дұға жасаумен өткізіңіз.