Мақал-мәтелтер, жаңылтпаш, жұмбақ және ойындар
Мақал – мәтелдер
Отан,туған жер, ел – халық
- Ел мен жер егіз.
- Ел іші алтын бесік
- Өнер көзі халықта.
- Ақ бөкенді жатыр деме,
Көшпелі елді отыр деме.
- Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас.
- Көптен қоян қашып құтылмас.
- Отансыз адам,
Ормансыз бұлбұл.
- Ауылым – алтын бесігім.
- Отан – оттан да ыстық.
- Қазақтың осы жер дегені, көш жер.
- Ел жаусыз болмас,
Жер таусыз болмас.
- Елің панаң,
Жерің анаң.
- Шықпаған егіннен жер бүлінеді,
Олақ бастықтан ел бүлінеді.
- Данышпан айтса, ел айтқаны,
Елдің қамын жеп айтқаны.
- Орта жүзді қамшы беріп дауға қой,
Ұлы жүзді қауға беріп малға қой,
Кіші жүзді найза беріп жауға қой.
- Кімнің жерін жерлесең,
Соның жырын жырларсың.
- Сарала қаз көлін сағынар.
- Туған жерің түсіңе кіреді.
- Халық көзі қаһарлы.
- Халық айтса, қалып айтпайды.
- Адалдық үшін арыдым деме.
- Ел дегенде езіліп,
Жұрт дегенде жұмылып істе.
- Көп біріксе – ел болар.
- Еліңе қарап, ертеңіңе қамдан.
- Елдің іші елу батпан.
- Өз елің алтын бесігің.
- Ел жасымен көрікті,
Тау тасымен көрікті,
Аяқ асымен көрікті.
- Егемен елдің еңсесі биік.
- Көп ел – сарқылмас көл.
- Есің барда елің тап.
- Отан – қуат,
Отбасы шуақ.
- Жері байдың елі бай.
Ер, ерлік, батырлық.
- Ер егіз, еңбекте жалғыз.
- Қатты жерде қақ тұрар,
Қайратты ерде мал тұрар
Талапты ерге нұр жауар.
- Жомарт жоқтығын білмейді,
Жүйрік ат тоқтығын білмейді.
- Арғымақ ат бірде жалды,бірде жалсыз,
Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз.
- Өз қадірін білинген ер,
Қадірлінің қадірін білмес.
- Ер қадірін ел білер,
Зер қадірін зер білер.
- Жақсылыққа жақсылық — әр кісінің ісі,
Жамандыққа жамандық – ер кісінің ісі.
- Жүк ауырын нар көтереді,
Қазан ауырын ер көтереді.
- Қоянды қамыс өлтіреді,
Ерді намыс өлтіреді.
- Ер мойнында қыл арқан шірімейді.
- Нар тәуекел – ер ісі.
- Ел үмітін ер қатар,
Ел атағын ел сақтар.
- Ерлік бірлікте емес,
Ерлік жүректе.
- Айлалы батыр алдырмас.
- Болат қайнауда шынығады,
Батыр майданда шынығады.
- Шешен сөз бастар,
Батыр қол бастар.
- Ерлік – ел есінде.
- Еліне сенген еңкеймейді.
- Ұланы бар елдің ұраны бар.
- Айласыз батыр алдырар.
- Ерді көрсең қыдыр тұт,
Асты көрсең қадыр тұт.
- Күш атасыне танымас.
- Ерді ел теңгерер.
- Ер талабы өр мегзр.
- Еменнің иілгені – сынғаны,
Ер жігіттің ұялғаны — өлгені.
- Қашпақ, қумақ – ерге сын,
Көшпек, қонбақ – жерге сын.
- Ер арыса – аруақ,
Ат арыса – тулақ.
- Бір оқты бұлан көтереді,
Екі оқты ұлан көтереді.
- Ерлік – елдің сыны.
- Үркер жиылып – ай болмас,
Кедей жиылып – бай болмас.
- Істің ағы білінбейді,
Жігіттің бағы білінбейді.
- Ауырлықты жер көтерер,
Ауыр жазаны ер көтерер.
Еңбек – байлық, кәсіп – нәсіп
- Еңбек ер атандырар.
2.Біткен іске сыншы көп.
- Істің басы байлы болса,
Аяғы сайлы болады.
- Әлің барда еңбек ет,
Еңкейгенде емерсің.
- Тауды, тасты жел бұзар,
Адамзатты сөз бұзар.
- Сен салар да мен салар,
Атқа жемді кім салар.
- Еңбек бәрінде жеңбек.
- Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
- Тігіншіні инесі асырайды.
- Еңбек етсең ернің асқа тиеді.
- Еңбектүбі – қуаныш.
- Ерінбеген етікші болады,
Ұялмаған өлеңші болады.
- Алма піс, аузыма түс.
- Жақаудың жаны ұйқыда.
- Еріншектің ертеңі таусылмайды.
- Жердің жарлысына
Ердің сорлысы қонар.
- Екпей егін бітпес,
Үйренбей білім бітпес.
- Мал жисаң – қонысын тап,
Ас жисаң – ыдысын тап.
- Кәсіп,кәсіп түбі – нәсіп.
- Не ексең соны орасың.
- Көрнекті іс көмілмейді.
- Қолынан келген қонышынан басады.
- Еңбек еткен емеді,
Еңбексіз не өнеді.
- Жұмысы бардың,
Жүйкесі тыныш.
- Жақсы жұмыс – жанға тыныш.
- Еңбегі аздың өнбегі аз.
- Жатқанға жан жуымас,
Жалқауға мал құралмас.
- Ерді еңбек жеткізер.
- Еңбегіңнен ел таныр.
- Еңбегің қатты болса,
Татқаның тәтті болар.
- Жаңбырменен жер көгерер,
Еңбекпенен ел көгерер.
- Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер.
- Ісі кенеулінің – есімі елеулі.
- Қайратың бар да малың тап.
- Жан қиналмай жұмыс бітпес,
Талап қылмай мұратқа жетпес.
Ұрлық, ұят, ынсап, пейіл.
- Сен құдайға жеткенше,
Мен үйге жетемін.
- Жаман төре жан алар.
- Бар болса аспа,
Жоқ болса саспа.
- Үйіңе келгенге, үйдей өкпеңді айтпа.
- Жарлылық ұят емес,
Байлық мұрат емес.
- Жарлының аузы аққа тисе,
Мұрны қанайды.
- Қарғыстан кісі өлмейді.
- Жын соққаннан мың соққан жаман.
- Сауда досқа қарамас.
- Өзі тоймағаннан сарқып дәметпе.
- Жуас түйе жүндеуге жақсы.
- Мешекйдің өзі тойса да,
Көзі тоймайды.
- Жуастан жуан шығады.
- Ашыққаннан, құныққан жаман.
- Ұрлық, ұрлықтың түбі – қорлық.
- Атақты ұры аштан өледі.
- Ұры түн асқанша,
Қасқыр дөң асқанша.
- Ұры – қарының серігі.
- Ұрыға мал құтаймас.
- Жаманға жалынғанша,
Жат та жаныңды қарман.
- 21. Ұялған сыбағасыана құр қалар.
- 22. Інгенімді қараймын деп,
Мінгенімнен айырылдым.
- Өтіріктің құйрығы бір – ақ тұтам.
- Бұзауды ұрлаған, өгізді де ұрлайды.
- Сезікті секіреді.
- Ұрымен жақын болсаң,
Ұятқа қаласың.
- Елін сатып асаған,
Екі күн ғана жасаған.
- Ұры өле — өлгенше ақпын дейді.
- Қолашағы күшті болса,
Киіз қазық жерге кірер.
- Бай байға құяды,
Сай сайға құяды.
- Өнерліге өлім жоқ,
Жалқауға жарық жоқ.
Адалдық, адамгершілік,
Достық, ізгілік.
- Адал ниет аздырмайды,
Арамдық бойды жаздырмайды.
- Адал еңбек аздырмас,
Сұлулық бойын жаздырмас.
- Аталы сөзге арсыз таласады.
- Әзіл айтсаң да, әділ айт.
- Өз ақылын шамалаған қор болмас.
- Жығылған күреске тоймас.
- Сыпайы сырын жасырмайды.
- Арлы арына қараса,
Арсыз жеңдім дейді.
- Сыпайыны үйде көрме, түзде көр.
- Аурудан әдет жаман.
- Күлме досыңа келер басыңа.
- Бет көрсе, жүз ұялады.
- Адалдық – ардың ісі.
- Ұялмаған бұйырмағаннан татар.
- Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді.
- Ақымақтың үлкен – кішісі болмайды.
- Құлан өз қағынан өзі жерімес.
- Ала жіпті аттамағанның абыройы биік.
- Ақылы аздың азабы көп.
- Жыртық тесікке күледі.
- Кең пейілді кем болмас.
- Асылдың бірі – адалдық.
- Жаман туғаныңболғанша,
Жақсы жолдасың болсын.
- Ауыз ашса, сыр көрінеді,
Есік ашса, төр көрінеді.
- Жартыны жарып жеген,
Татулықтың белгісі.
- Мал көтерер өлімді,
Дос көтерер көңілді.
- Дос басқа қарар,
Дұшпан аяққа қарар.
- Досқа келсең босқа келме.
- Дос бергенінің түсіне қарама.
- Жолдастың мыңын алма, бірін ал.
- Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
- Жүз сомың болғанша,
Жүз досың болсын.
Адамның өмірі.
- Ұлы бардың – ұрпағы бар.
- Жастық – желік.
- Кәрі білгенді,
Пері білмес.
- Көңіл қартаймас,
Көз қартайар.
- Әкесі құрдастың,
Баласы құрдас.
- Сексен дегенше,
Жермен жексен де.
- Адам өзінен кейінгілерді көріп қартаяды
- Кәрілік сені қайтейін,
Сөйлер сөзге мерт еттің.
- Соқырдың тілегені екі көз.
- Туа мүкіс жазылмас.
- Тісі шыққан балаға
Шайнап берген ас болмайды.
- Соқырға күн де қараңғы,
Түн де қараңғы.
- Соқыр ұстағаннан айырылмайды.
- Жастыққа да кәрілік бар,
Байлыққа да жарлылық бар.
- Өлімнен басқаның ертесі жақсы.
- Кәрілік – дауасыз дерт.
- Ұйқы жастық сұрамайды.
- Бүркіт қартайса тышқаншыл болады.
- Біреуге өлім тілегенше,
Өзіңе өмір тіле.
- Көшемін деп отыныңды тауыспа,
Өлемін деп азығыңды тауыспа.
- Көп жасаған көмбенің үстінен шығар.
- Кәрісі кімнің бар болса,
Хаты соның қолында.
- Ауылыңда қартың болса,
Жазып қоцған хатпен тең.
- Есік алды төбе болса,
Ерттеп қойған атпен тең.
- Балалық шағы – патшаның тағы.
- Жас – кәрінің көзі,
Кәрі – жастың көзі.
- Бала соққан кездіктің басы жарық.
- Көп қарттың ішінде бір бала дана болар,
Көп баланың ішінде бір қарт бала болар.
- Қарты бар үйдің құты бар.
- Кәрінің басы игі.
Салт – дәстүр, әдет – ғұрып.
- Қонақ құдайдың еркесі.
- Тойдың болғанынан, боладысы қызық.
- Ет жемесе де, сорпа ішкендей болды.
- Берместің асы піспес,
Қазаны оттан түспес.
- Тойға барсаң, тойып бар.
- Заманы бірдің амалы бір.
- Ет бегенде бет жоқ.
- Амандық ағадан.
- Ас иесімен тәтті.
- Сұрап бергенше,
Соғып бер.
- Сыпайының сыры мол.
- Берген қолым алған.
- Қолыңмен істегенді,
Мойныңмен көтер.
- Сақтағанын жесе, сағынғаны келер.
- Жығылғын үстіне жұдырық.
- Жек көргеннің жұмысын, кетерінде сұра,
Жақсы көргеннің жұмысын, келгенінде сұра.
- Алған бір жазықты,
Алдырған екі жазықты.
- Үлкен үйдегі күлсе,
Кіші үйдегі езу тартады.
- Аққа қара жұқпайды.
- Қостың кішісі болғанша,
Үйдің кішісі бол.
- Естіген құлаққа жазық жоқ.
- Жігіттің бір жұрты нағашысы.
- Жаңылмас жақ болмас,
Сүрінбес тұяқ болмас.
- Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш.
- Ас көп болса, кәде көп.
- Орамал тонға жарамаса да,
Жолға жарайды.
- Асыңа тойғызбасаң да,
Ақниетіңе тойғыз.
- Тойған үйге тоғыз бар.
- Тас түскен жеріне ауыр.
- Қонақ қойдан да жуас,
Май берсе де жей береді.
Жұмбақтар
- Аспанда бір ана бар,
Маңы толған балалар. ( ай мен жұлдыздар )
- Ұшып жүрген гүл көрдім,
Қонғанда ұстап үлгердім. ( көбелек )
- Дөп – дөңгелек доптай,
Іші қызыл шоқтай.
Дәмін татып көрсең,
Одан дәмді жоқтай. ( қарбыз )
- Дәмі де жоқ, түсі де жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ. ( су )
- Бірін – бірі қоршаған,
Бір үйден көрдім
Қырық екі дос – жаран. ( 42 әріп )
- Білім менен тәлім,
Тарақты ашқанда
Беттерінен мәлім. ( күнделік )
- Тілі – юетінде тұр,
Сөзі – шетінде тұр. ( сағат )
- Үйлер кетіп барады айдалада,
Барар екен, біомедім қай қалаға. (пойыз )
- Жеті ағам жерге түспеді. ( жетіқарақшы )
- Аңғарды мекендейтін отыз бөрі,
Он жігіт ол бөрінің қызметкері.
Салынған еттен көпір ортасында
Алдағы қызмет етеді әрлі – берлі.
( отыз тіт, он саусақ )
- Ағаштардыңкөркемі,
Мәңгі жасыл бұтағы.
Мекен ғып тау — өлкені,
Кәусар ауа жұтады. ( шырша )
- Жасыл болып жыпырлап өнеді,
Сары болып үзіліп семеді. ( жапырақтар )
- Күн нұрымен піседі,
Уылжып қолға түседі. ( жеміс )
- Ұзын өзен,
Суы жоқ. ( жол )
- Гүрілдеп жүреді,
Жердің бетін сүреді. ( трактор )
- Қанаты бар қақпайды,
Аспанда тыныш таппайды. ( ұшақ )
- Суда – көлік,
Құмда — өлік. ( қайық )
- Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. ( автобус )
- Күміс қанат сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі,
Кеткен жанды кім дейді? ( ұшқыш )
- Әкемнің тор тайы,
Май жалап, су ішсе,
Тоқтамай жортады. ( машина )
- Жалт – жұлт етер,
Жер бетіне жетер. ( найзағай )
- Бірі құяды,
Бірі жұтады. ( жаңбыр мен жер )
- Талдың басында
Жемі бар қасында.
Тал тұр саялы,
Достарға аялы. ( құстың ұясы )
- Көп бытыра қорғасын,
Көбейткен жердің олжасын. ( жаңбыр )
- Бір үйге көзсіз болып бас сұғасың,
Бұл үйден көрген болып шығасың. ( мектеп )
- Өркешіне мұз татқан,
Шудасынан су аққан.
Мынау неткен қара нар,
Күншіліктен мұнартқан. ( тау )
- Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.
Төрт жаптырмасы бар,
Бір шыбыртқысы бар. ( сиыр )
- Біреуі сөйлейді, екеуі қарайды,
Екеуі тыңдайды. ( тіл, құлақ, көз )
- Қазанда қайнап піспеген,
Дастарқанға түспеген,
Адам жоқ оны ішпеген. (ана сүті )
- Ұшында бір тамшы,
Уы бар бір қамшы. ( жылан )
- Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді. ( ұстаз )
- Қыста әйнекке біреу,
өрнек салып жүрер. ( аяз )
- Жазу жазып жалықпаған,
Жаза – жаза арықтаған. ( бор )
- Көкшіл айна үйдегі
Көрсетеді киноны. ( теледидар )
- Асқар тауда қара орман. ( шаш )
- бойлаған сайын тереңге,
Шағасың биік белеңге. ( білім )
- Тиіп кетсе жырлаған,
Даусы көпке ұнаған. ( домбыра )
- Бұдан кір қорқады,
Судан бұл қорқады. (сабын )
- Екі атым бар тынбайтын,
өзімді ғана тыңдайтын. ( екі аяқ )
- Мөлдіреген жүзімді,
Қозғап едім үзілді. (моншақ )
- Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жүрмейтұғын жолы жоқ. ( хат )
- Күндіз шайқасады,
Түнде айқасады. ( кірпік )
- Құлақтан кіріп, бойды алар,
Көңілге түрлі ой салар. (ән – күй)
- Тарғыл – тарғыл тас па,
Тастан бірақ басқа ( жолбарыс )
- Құрғақ жерде сақтайсың,
Менсіз тамақ татпайсың. ( тұз )
- Жау көрсе, қатты сасады,
Құйрығы тастан қашады. ( кесіртке )
- Қате жазып жаңылсаң,
Тазалайды ол барып сап. ( кесітрке )
- Өзім сөзден тұрамын,
Аяқталған ойды құрамын. ( сөйлем )
- Бір ағашта бес тармақ,
Тастан бірақ басқа. (жолбарыс )
- Өрнектеп сәндеп,
Тігістерін бүгетін.
Солпысын жөндеп,
Кім көйлекті тігетін? ( тігінші )
Нақыл сөздер
- Тасты жарып гүл шықса,
Күнге қарай ұмтылар.
Топты жарып ұл шықса,
Шыңға қарай ұмтылар.
- Алға дайым, арлы едің,
Ат сөзін сыйлаған.
Перзентімнің алды едің,
Көңілімді қимаған.
- Атаңа тоқтамасаң да,
Ақылға тоқта.
- Ата – баба мұрасы
Көздің қара – ағындай.
- Пішуі қисық бұйымның
Тігуі түзу болмайды.
- Күреске шақырмаса, ақын ба, ақын,
Ақын болса халыққа болсын жақын.
- Сыйлай білген, сый көрер.
- Өсиетім: шындықты, адалды сүй,
Ардақтаған халықты адамды сүй.
Елдің тіккен іргесін игілікке,
Тап бүгінгі бақытты заманды сүй.
- Зор борлу – қиын,
Қор – болу демде.
- Жігіттіктің кезеңінде,
Жігерлі болса, ер болар.
- Әрекетсіз құр ақыл –
Лайланған су тектес.
Не түсе алмайсың,
Не іше алмайсың.
- Шоққыш жылан уытты.
- Надандық – жұт,
Адалдық – құт.
- Жақсының өзі кішік, оты биік.
- Күрмек көбейсе – күріштің соры,
Дүрмек көбейсе – жұмыстың соры.
- Жаманның көңілі көкте, жерде басы.
- Жақсы сөзді қалт жібермей жаттап өт,
Көп ғибрат аларсың.
Құмырсқаны таптап өтпе, аттап өт,
Сауабына аларсың.
- Жауыздың орны – жаханнәм.
- Жақсы жетектесе – тартына көрме,
Жаман жетектесе – артынан ерме.
- Жетілдім деп, жеттім деп,
Қар суындай тасыма.
Жақсылық қылсаң, жақсылық,
Жетеді деген басыңа.
- Ақылыңа сенсең де,
Ақылдаса жүргейсің.
Жақсыларды жатсынбай,
Жақындаса жүргейсің.
- Есіткен сөзді електен өткіз,
Ақылға салып, жүрекке жеткіз.
- Ас сұйылса дәмі кетеді,
Сөз сұйылса мәні кетеді.
- Алыптан күшті болсаңда,
Халықтан күшті болмассың.
- Түн болса көрінбес деп ойлама,
Мін болса білінбес деп ойлама.
- Жақсының өнегесінайтасын
Жаманның неменесін айтасың ?
- Аяғыңнан сүрінсен,
Тұрып кетерсің.
Тіліңнен сүрінсең,
Құрып кетерсің.
- Жұт жеті ағайынды.
- Есті ханның қайғысы ашу болып шашылар.
- Битке өкпелеп, тоныңды отқа салма.
- Ашу – дұшпан,
Ақыл – дос.
- Жасық ақаусыз болмас,
Асыл атаусыз болмас.
- Табағы да сәнді,
Тамағы да дәмді.
- Адамның білімі артқан сайын оның
көрер көкжиегі кеңейе береді.
- Жатқанды ұрған –
Жауыздық.
Жаңылтпаштар
- Бұл мұғалім –
Елге мәлім мұғалім
Әрі ғалым мұғалім.
- Байғыз қай құс ?
Байғыз байғұс,
Ұшады жалғыз.
- Ықсан ұста – ұстаз ұста,
Үш ұстаға ұстаз ұста
Жасы тұстас ұста.
- Асқа қосуға қай бұрыш дұрыс,
Қара бұрыш дұрыс па ?
Қызыл бұрыш дұрыс па ?
Қарасының иісі дұрыс бұрыш,
Қызылының түсі дұрыс бұрыш.
- Алғыр аттар –
Арғымақтар,
Арғымақтарды
Әркім мақтар.
- Таңдап тарлан
Атты алдым
Таңнан аңға
Аттандым.
- Тарпаң тасты
Тартып келеді,
Тарантасты
Тартып келеді.
- Көкпектіде көкпек
Көктемеде көктеп,
Көкпектіде көптеп,
Көктеген кез көкпек.
- Төрт төртім бар,
Төрт тортым бар,
Төртім – маған
Тортым – саған.
- Сортаңнан Шортан кездеспес,
Шортанды сортаң кездеспес.
- Саба ұстаған ыстай біледі,
Саба ұстаған ұстай біледі.
- Шанышқының шаң үсті,
Шашылғанда шаңы ұшты.
- Ақ доп,
Сақ дөп.
- Шұңғыл шұңқыр,
Шұңқыр шұңғыл.
- Тау дәу,
Дәу тау.
- Бозда боз ат мінген атам,
Бозда боздап жүрген атам.
- Үш ұшқыш алды,
Үш кір қысқыш
Үш тіс ысқыш.
- Ара барда бал бар,
Қайда кетер бар бал ?
- Баптап бақ бар, баттап баптар.
- Қақтан қатқан шақта өттік,
Қатқан қақтан сапта өттік.
- Дәу істі,
Дауысты.
Дақпыр шешпейді,
Тапқыр шешеді.
- Анау аша –
Аласа аша.
Аса аласа –
Анау аша.
- Құс қайтты, қыс келді,
Қыс қайтты, құс келді.
- Арпа ауыр ма ?
Арба ауыр ма ?
Апара ала ма ?
Ат ауылға ?
- Шыңға шықтым
Сынға түстім.
Шыңнан түстім,
Сыннан шықтым.
- Тұз – мұздай,
Мұз – тұздай.
- Шұнық құлақ лақ,
Бұлаққа барды.
Бұлақ жағасындағы
Құраққа барды.
- Қызым жүзім же,
Жүзім үзіп же.
Ойындар
- Жер. Су. Ауа.
Мақсаты: Баланың тапқырлығын, ақыл – ойын дамыту.
Ойын шарты: Балалар шеңбер құрып тұрады да, шеңбердің ортасынан 2 командаға бөлінеді. Бастаушы жануарлардың, балықтардың, құстардың аттарын естеріне түсіріп, балаларға бірнеше сұрақтар береді. Содан кейін бастаушы шеңбердің ортасынан допты бір балаға лақтырып тұрып « ауа » дейді. Допты қағып алған бала оны қайта лақтырып
« шымшық » дейді. Екінші балаға лақтырған кезде « су » десе ол бала « алабұға » дейді. Ал
« жер » дегенде, « түлкі » деп жауап берілуі керек. Ойын соңында жауаптан кідірмеген, жаңылмаған бала саны көп команда жеңімпаз атанады.
- Қасқыр және жеті лақ.
Мақсаты: Мәнерлеп айтуға, байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру.
Көрнекі құралдар: қасқыр, ешкі, лақ маскалары.
Ойын шарты: Балалар ертегінің мазмұнын игеріп, қасқыр, ешкі, лақтардың жауаптарын жақсы білулері керек. Тәрбиеші рольдерді бөліп, маскаларды үлестіреді. Сонымен оцын – инсценировка басталады. Тәрбиеші балалардың назарын әр кейіпкерлердің дауыс ырғағы мен екпініне аударады. Ешкі мен лақтар жіңішке дауыспен, қасқыр басында жуан, сонан соң жіңішке дауыспен, өте жіңішке дауыспен сөйлейді.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мақал-мәтелдер, жаңылтпаш, жұмбақ, ойындар