Қорқыт ата туралы шығарма


Ұлы даланың ұлы данасы – Қорқыт

Қорқыт ата – қазіргі уақытта барлық түркі әлемінің ортақ мұрасы.  Қорқыт ата ежелгі  қағандар секілді Түркі өркениетінің бастауында тұрған ойшылдардың бірі. Алты алаштың анасына айналған  Сыр елінен шыққан,  тарихта аты, артында бай мұрасы қалған ұлы тұлға. Бүгінгі күнде бүкіл әлемде  Қорқыт ата магиялық аспап саналатын қасиетті қобыз атасы. Ол өмірді мәңгілік сүру жолын іздеген жан. Сол өмірі оның қобызының екі ішегі тәрізді. Бірі өмір болса, бірі өлім. Осы екі ішектің үзілгенінде, Қорқыт ата да бұл өмірдің мәңгілік еместігін, әрбір жанның дүниеден өтер күні барын ұқты. Қобыз бүгінгі заманды о заманмен, ұрпақтарды - бабалармен байланыстырып тұратын көпір. Ұлы күйшіге өзі іздеген мәңгілік өмір оның өнерінде секілді көрінеді.

Қорқыт ата - әлемді бір жерге біріктіретін ұлы мұра. Жүздеген жырауды,  мыңдаған жыршы - термешіні қанаттырған ұлы өлкеміз Сыр елінде жыл сайын бауырлас Иран, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғыз-стан,Ресей  елдерімен,  «Қорқыт және ұлы дала сазы » фестивалі өтіп тұрады.

Ал, ерекше сәулетімен алыстан мұнарлап тұратын кесенесі рухани дүниенің есігі іспетті. Қобыз үні секілді сарнаған Қорқыт ата кесенесі адамзатқа әрбір сәттің құнды екенін бағалай білуді еске салып тұрғандай.

Әлемге аты мәшһүр Қорқыт атамыз - мәңгілік мақтанышымыз.Ел боламыз десек, тарихымызды тайға таңба басқандай білетін жастар болуға тиіспіз.

 

 

                                     Зейнеп Алданышқызы


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу