Мал шаруашылығы адамдардың байырғы заманнан бері айналысып келе жатқан Кәсіптің түрі. Мал шаруашылығы адамның азық киімін тағы басқа қажетіліктерін қамтамасыз ететін шаруашылық түрі. Жеңіл өнеркәсәптің дамуындағы ең басты сала өзін-өзі жетілдіретін ең басты сала. Адамзатың байырғы уақыттан бері шұғылданып кележатқан шаруашылық мал шаруашылығының салалары өте көп. Мысалға алатын болсақ мал шаруашылығының басты салалары ірі қарамал шаруашлығы, қой шаруашылығы, жылқы шрашылығы түйе шаруашылығы құс шаруашылығы, шошқа шаруашылығы. Бұл шаруашылықтарының барлығы дерлік адаммен байланысты дамып қалыптасқан. Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының басты саласы, бұл шаруашылықпен дүнйе жүзінің түгелдей халықтары айналсады. Әр елде әр түрлі аймақтарда әр шаруңакшылықпен айналсатын өзіндік ерекшеліктері бар. Оның географиялық орналасуы мен табиғи жағдайларына байланысты қалыптасқан. Мал шаруашылығымен айналысқан елдерде көп несе жеңіл өнер кәсіп соның ішінде текстиль өнеркәсібі яғни мата өңдеу тоқыма, талшық өндіру өнер кәсіптері дамыды. Сонымен қатар ірі мал шаруашылығы барлық мал шаруашылығынан оның етін азық ретінде сүт жүнін тағы басқа заттарын алады. Бұл халықтың әл ауқатына әсер етеді. Ол тікелей ауыл шаруашылығының дамуына әкеледі. Сонымен қатар олардың эканомикасының дамуына ілгері ықпал жасайды. Адамзаттың көптеген қасиеттерін осы мал шаруашылығының өнімдері қамтамассыз етеді. Мал шаруашылығы ауыр күшті қажет етпейді, ашық аспан астында бағуға болады. Мал шаруашылығымен дүнйе жүзінің барлық елдері, барлық аймақтары түгелдей айналсады. ....
Дүние жүзіндегі көліктің даму сипаты. Көлік қандай да болмасын елдің экономикасындағы ең манызды саласы. Ол географиялық еңбек бөлінісінің негізі болып саналады. Көлік саласына 100 млн-ға жуық адам тартылған. Жеке елдердегі көлік дамуының деңгейі мен сипаты көптеген факторларға тәуелді. Ол әкономиканың даму деңгейіне, дүниежүзілік шаруашылыққа және халықаралық еңбек бөлінісіне, т.б. жағдайларға қатысты. Елдің аумағы үлкен болған сайын көліктің маңызы күшейе түседі. Дүние жүзі елдерінің қазіргі көлік жүйесі. Дүние жүзі елдері мен аймақтарында көлік жүйесінің арақатынасы әр түрлі. Өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің көлік жүйесі құрылымы өте күрделі және онда көліктің барлық түрлері кездеседі. Көлік жүйесінің жоғары деңгейде дамуы, әсіресе АҚШ, Франция, Жапония, Ұлыбритания елдерінде байқалады. Дүниежүзілік жүк айналымының 85%-ы осы елдердің үлесіне тиеді. Батыс Еуропа елдеріне теміржолдағы жүк тасымалының 25%-ы, теңіз көлігімен құбыр көлігі тасымалының 35%-ы тиесілі. Дамушы елдердің көлік жүйесі шаруашылықтың аумақтық кұрылымын көрсетеді. Мұндай жолдар көбіне елдің минералды шикізат ендіретін аймақтарымен байланыстырады. Сонымен бірге плантациялық шаруашылықтар және портты қалалармен байланыстыру рөлін де атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерге қарағанда мұнда көлік жүйесінің техникалық деңгейі төмен. Дүниежүзілік көлік түрлері дамуының жарқын көрінісі ретінде контейнерлік көлік жүйесінің қалыптасуын айтуға болады. Қазірдің өзінде маңызды жүктердің 40%-дан астамы контейнерлік әдіспен тасымалданады. ....
Дүние жүзi халықтары тiлiнiң жалпы санын лингвистер 4-5 мың деп анықтады. Дүние жүзi кең байтақ региондарының кейбiреулерiнiң (оңтүстiк Америка, Австралия, Жаңа Гвинея т.б.) аз зерттелуiне және әр түрлi тiлдер аралығындағы айырмашылықтар мен бiр тiлдiң диалектiлiгiнiң әртүрлiлiгiне байланысты толық зерттелмеген .Әр халық бiр тiлде сөйлейдi, кейде тiл iшiндегi диалектi-айырмашылығы үлкен болып, халықтың әр топтарының аралығындағы сөйлесу әдеби тiлдi бiлмегендер үшiн мүмкiн емес. Бiрақ мұндай кезде екi тiл-билингвизм-кең таралады. Мысалы, францияның шығысында тұратын-эльзастар екi тiлдi (немiс және француз тiлi), Бельгия мен Швейцария сияқты көп ұлтты мемлекеттер халқының көп бөлiгi-екi тiлдi және үш тiлдi. Екi тiлдiң қосарланып жүруi – көп ұлтты мемлекеттердегi жиi жағдай, мұнда – ұлттық аздықтардағы халықтар - өздерiнiң ана тiлiнен басқа саны жағынан көп және басшылық ететiн ұлттық тiлiн пайдаланады. Екi тiлдi тұрғындар – жас мемлекеттерде –Азия және Африка елдерiнде қалыптасады. Мұнда жергiлiктi тiлмен қоса ресми-мемлекеттiк тiлдер кең өрiс алады. Мысалы, Үндiстанда-хинди, Пакистанда-урду, Индонезияда-бахаса инденисиа немеесе индонезиялық, Филиппинде пилипино немесе тагалог, ал Африканың кей елдерiнде –ағылшын және француз тiлдерi. Кей жағдайда – бiрнеше халық бiр тiлде сөйлейдi. Мысалы, ағылшын тiлiнде және оның жергiлiктi нұсқауларында ағылшындықтар, ағылшын австралиялықтар, ағылшын жаңа зеландықтар, ағылшын канадалықтар, АқШ американдықтарды, Кариб бассейнi елдерiнiң көп халықтары және тағы басқа этностар. Испан тiлi – испандықтар үшiн ғана ана тiл емес, сонымен қатар Латын Америка халықтарының көп бөлiгi үшiн ана тiлi болып табылады. Бiр әдеби тiлдi немiстер, австралиялықтар, герман-швейцариялықтар және тағы басқа халықтар пайдаланады. Жеке тiлде сөйлейтiндер саны мен ана тiлiнде сөйлейтiндер саны бiрдей емес. Әсiресе бұл жағдайдың –ұлтаралық және халықаралық қарым-қатынас үшiн пайдаланатын тiлдерге қатысы бар. Дүние жүзiнiң ең көп таралған тiлдерiне (1087 ж ортасында млн. адам )-қытай тiлi(1085), ағылшын (425), хинди және оған жақын урду (320), испан(290), орыс (220), бенгаль индонезиялық және араб (170 әрқайсысы), португал(150), жапон(120), немiс және француз(95 әрқайсысы). Бұл аталған 13 тiлде-бүкiл адамзаттың 243 бөләгә сөйлейдi. Олардың 6(ағылшын, француз, орыс, испан, араб, қытай)-ООН ресми және жұмысшы тiлдерi болып саналады. Ресми немесе мемлекеттiк тiлдердiң өсiп келе жатқан маңызын айта кету керек. Өткенде отарланған елдер статусындағы елдер бұрынғы метрополиялардың ресми тiлдi қабылдады. Мысалы, Африканың 55 елiнiң 21 елiнде ресми тiл –француз (сонымен қатар ағылшын және бiр жергiлiктi тiл), 19 елде – ағылшын (9-басқа тiлмен қоса), 5 елде – португал тiлi. Осындай жағдайда – креольдi тiлдердiң таралуы сипат алады. Олар африкандықтардың, үндiстердiң, Азия және океания мемлекеттерiнiң тұрғындарының – Европалық отаршылдарымен қарым-қатынаста европалық тiлдердiң толық меңгермеуi негiзiнде таралған. Ең көп таралған мынадай креольдық тiлдер –португалдық тiлдер негiздегi –Африканың атлантикалық жағалауындағы абовердиялық және сантомийлiк тiл; испан және португал негiздегi – Кюросао мен Венесуэлламаңындағы аруба аралындағы папьяменто тiлi; француз тiлi негiдегi – Ганти халқының, мартиники Гваделуга, Доминика Республикасы халқының бiр бөлiгi, Тринидада Маврикия, Француздық Гвиана тұрғындары ағылшын тiлi негiздегi – Гайана, Ямайка, Барбадос, Багам аралдары, Суринама, тринидао тұрғындарының бөлiгi крио тiлi – Сьерра-Леонда және тағы басқа елдердегi тiлдер. Меланезия мен ағылшын тiлi негiзiнде пайда болған –токи-писин тiлiн (меланезиялық пиджин, неомеланизия тiлi), креольдық тiл деп санауға болады. Олар Папуа-Жаңа Гвинея кң таралған (1,5 млн ада....
Орман ресурстары - бұл биологиялық ресурстардың бір түрі. Олар көптеген спецификалық жақтарымен ерекшеленеді. Олар бір жағынан табиғи жағдай болып келсе, екінші жағынан оны қолдану сипатының ерекше болуымен түсіндіріледі. Сонымен қатар орман ресурстары, оның бастысы орман шикізаты өте үлкен экономикалық маңызға ие болды. Оларды қолдануда өндірістің өте үлкен салалары мен жәнеде халықтың бір шама бөлігінің жұмыс істеуімен байланысты болып келеді. Ағаш өңдеудегі өнім, орман ресурстарын эксплуация процесінде алынған ағаш өнімдері өндірістің басты шығару өнімі және тұттыну заты болып табылады. Минералды шикізаттарға қарағанда орман, ресурстары қайта қалпына келтіруге болатындардың түріне жатады. Осыған байланысты оны шаруашылықта және де өндіруде сонымен қатар оны үлкен көлемде қолдануда орман ресурстарын қалпына келтіріп жоспарлы түрде жүзеге асыруға болады. Орман ресурстарын ауыл шаруашылық ресурстарды қолдануда адамға керекті табиғи өнімді алуда оны қайта қалыпына келтірудің цикілді жүйесі қалыптасқан.бұл табиғи процесте өнімдердің арасында араласуме ....
Жұмыстың өзектілігі: Курстық жұмыстың өзектілігі өзгермелі әлемдегі маңызды әрекет етуші актор ретіндегі Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси интеграциялық үрдістермен түсіндіріледі, өйткені бұл үрдіс Еуропалық экономикалық интеграцияның жетістікті аяқталуымен саяси интеграциялық үрдіс Еуропа Федерациясын құрудағы маңызды баспалдақ болып отыр. Бүгінгі таңдағы Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси интеграциялық үрдістердің жетістіктері мен келеңсіздіктері, яғни саяси интеграциялық үрдістердің баяулылығы болып отыр. Еуропалық Одақ әлемдегі ең дамыған және жемісті интеграциялық бірлестік болып табылады. Тарихи өлшемдегі елу жыл - Одақ экономикалық сипаттағы шағын субаймақтық топтан өзінің жеке басқару аппараты бар және қоғамдық өмірдің әртүрлі сфераларында өз қызметін жүзеге асырып отырған әмбебап біліктіліктегі шынайы Еуропалық интеграциялық бірлестікке айналды. Курстық жұмыстың өзектілігін мынандай себептермен түсіндіруге болады: Біріншіден, ғаламдану үрдісіне байланысты интеграциялық үрдістер қазіргі қоғамның барлық салаларын қамтып отыр, оның анық көрінісі ретінде еуропалық мемлекеттердің бірігу үрдісінің дамуы және оның мүмкін болатын нәтижелерін айтсақ болады. Екіншіден, Еуропалық Одақ өзімен шектесетін елдердің және онымен қатынасатын елдердің саяси экономикалық жағдайларына тікелей әрер етуде, сонымен қатар Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдық берілетін Еуропалық Одақпен қатынастың саяси және экономикалық маңызы анағұрлым зор болып отыр. Менің курстық зерттеу жұмысымның мақсаты: Интеграция ұғымын толық сипаттап, XXI және ХХ ғасырдағы саяси интеграциялық моделі ретіндегі Еуропалық Одақтың дамуын зерттеу. Зерттеу міндеттері: - Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси интеграциялық үрдістерді зерттеу; - Еуропалық Одақтың құрылу тарихын және даму баспалдақтарын қарастыру; ....
Берілген Курстық жұмыста қарастырылып отпырған Іле өзені Қапшағай шатқалы бекетінің жалпы физико-географиялық жағдайына, климаттық факторларға, гидрологиялық зерттелгендігі және су режимінің жалпы жүру кезеңдері жайында сипаттама берілген. Жұмыстың басты мақсаты-өзенің су режиммінің сипаттамаларын есептеу. Су өтімінің қамтамасыздық қйсығын тұрғызыу, ең жоғарғы, орташа, ең кіші су өтімдері бойынша су өтімінің қамтамасыздық қисығы, біріккен гидрограф тұрғызу арқылы типтік гидрограф тұрғызылды. Жұмысты орындау барысында көптеген мәлметтер ....
Іле ойысы – Жетісу Алатауы, Іле Алатауы,Ұзынқара және Шу-Іле тауларының аралығында ендік бағытта созылып жатқан кең көлемді тау аралық тектоникалық ойыс. Ойыс батысында биік емес Қапшағай горстына (776 м) келіп тіреледі. Бұл горст ойысты Балқаш ойысынан бөліп тұрады және Жоңғар Алатауын Шу - Іле тауларымен қосады. Ал, шығысында Қытай террриториясына кіріп Талкин және Чапчаль жоталарына дейін созылған. Барлық жоталар, сонымен қатар Қапшағай горсты беткейлерімен Іле ойысына қарайды, олар жер бедерінде тік беткейлермен кемерлер түрінде көрінетін жарылу сызықтармен шектелген. Ойыстың таумен көмкерілген жағалаулары полеозойдың күрдслі дислокацияланған массивті кристаллды жыныстарынан тұрады. Іле өзенінің оң жағалауындағы Қалқан және Ақтау тауларында көрінеді. Іле ойысының басқа аумақтары ұзақ тектоникалық майысуды дәлелдейтін мезозой - кайнозойдың шөгінді жыныстарымен борпылдақ шөгінділерінен тұрады. Курстық жұмысымның өзектілігі: Курстық жұмыс Іле ойысының географиялық орыныныуң, жер бедерінің геотектоникалық құрылысының климаты мен органикалық дүниесінің негізгі ерекшеліктерін анықтауымен өзекті. Курстық жұмысымның мақсаты: - Іле ойысының геогфиялық орынының ерекшелігінің климаты мен органикалық дүниесінің таралуына ;түзетін әсерін; ....
Іле Алатауында өсетін өсімдіктердіңарасында біраз түрлері улы өсімдіктерге жатады. Олардың ішінде өзінің улылық қасиеттерімен зияндылығы адамдарға, үй жануарларына, құстарға әсер етіп уландыратыны бұрыннан белгілі. Улы өсімдіктердің улылығы оның құрамындағы алколойдты заттардың мөлшеріне байланысты. Соңғы жылдары улы өсімдіктердіңуы медицинада емдік дәрі-дәрмек жасауға, ауруды емдеуге көп пайдалануда, сондықтан улы өсімдіктерге көп көңіл бөліне бастады. Шығыста бұрыннан-ақ улы өсімдіктерді халық медицинасында көп пайдаланған, олардан дәрі-дәрмек жасалынған. Бұл милиондаған жылдар бойы бірінен-біріне беріліп отырған, улы өсімдіктерді біреуінің сабағын, екіншісінің жеміс, үшіншісінің тұқымын, кейбіреулерінің тамырын пайдаланған. Олар тамаққа қоспа ретінде, кейде уланған кезде, жүйке жұқарғанда пайдаланған. Кейбір жағдайларда шығында болған. Ондай өсімдіктер улы-деп аталып есте сақталған. Улы өсімдіктерді емдік жолға пайдаланумен қатар қастандық іс-әрекеттерде де пайдалану іске асырылған.Улы өсімдіктердіңпайдалы жақтары күннен-күнге анықталып көбеюде. Бірақ әліде улы өсімдіктердік көптеген түрлері әлі толық анықталған жоқ. Олардың пайдалы түрлері зерттеуде өсімдіктердің инсектицитті қасиеттері бар түрлері қазіргі кезде 1000 асады. (35) Көптеген басқада мемлекеттерде улы өсімдіктердің түрлерін зерттеу әліде жалғастырылуда. 1960 жылдардан бастап Құрама штаттағы ұлттық рақ институтында 29 мың өсімдік түрлеріне 103 мың экстракттар алынған. Соның 3 мыңы ісік ауруларына және басқада ауруларға қарсы пайдаланған. ТМД елдерінде де осындай жұмыстар дәрігерлік институттарда жүргізілуде. ....
Іле Алатауы жотасы – Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігіндегі биік таулар тізбегі. Батыстан шығысқа қарай 350 км-ге созылып жатыр, ені 35-40 км-ге жетеді. Жотаның көтеріңкі жері орта бөлігіндегі Қаскелең мен Түрген өзендері аралығы. Орташа биіктігі 400м. Ең биік жері - Талғар шыңы (4973м). Орталық бөлігінен Іле Алатауы аласарып шығыста – Сөгеті, Бұғыты, батыста Қастек, Кіндіктас, аласа тауларына ұласады. Таулы жота күшті дислокацияланған протерозойдың, төменгі палеозойдың шөгінді жыныстарының (құмтас, тақтатас, әктас) және гранит, гранодиориттерден, конгломераттардан түзілген. Ол таулардың көптеген жүйелерінен және тау аралық ойпаттардан, сонымен қатар өзінің пайда болуында таулы жер бедерінің дамуымен байланысты тау алды жазығы белдеуінен тұрады. Ең алғашқы зерттеушілер бұл кең аймақты Іле өлкесі деп атаған. Оның шекараларын әр автор әр түрлі келтіреді. П.П.Семенов Тянь-Шаньский жотаны шығысында Шарын өзені мен, ал батысында Шу өзені мен шектелген. Н.Г.Кассин (1930ж.) оның батыс шекарасын Қастек асуы меридианы бойынша, ал шығыс шекарасын Шарын өзені арқылы жүргізген. Солтүстігінде жота тау алды жазығымен, ал оңтүстігіндегі нақты бейнеленген шекаралары – Шілік және Шоңкемен өзендерінің аңғарлары болып табылады. Батысында жотаны Қастек өзенімен және сол атаудағы асу мен шектеуге болады, одан кейін ол орографиялық жағынан да, геологиялық құрылымдық қатынаста да жеке массив болып есептегенде 90 км-ге жетеді. Шығысында жота Шарын өзенімен шектеледі. Аталған шекаралардағы жотаның ара қашықтығы 260км., Алматы қаласы меридианы бойынша ені-45км., ал тау етегі жазығымен қоса есептеген де 90 км-ге жетеді. Қарастырылып отырған аумақтың жалпы ауданы 18000км шаршы шамасында. Іле Алатауының жер бедері өте күрделі болып келеді. Жотаның ең биік шыңдары оның орталық бөлігінде орналасқан, 130км ара қашықтықтағы теңіз деңгейінен 4000 м-ден асатын белгілерге ие. Орта сілеміне жалпы ұзындығы 90км-ге жететін Сарытау және Торайғыр таулары, ал оңтүстігіне ара қашықтығы 50км-ге жететін Далашық таулы үстірті жатады. Бұл сілемдер Сөгеті, Жалаңаш, Асы және Жіңішке тауаралық ойыстарын шектейді. Көріп отырғанымыздай, Іле Алатауы алты жотадан және кең тау аралық ойпаттардан тұратын, таулардың толық жүйесін құрайды. Сонымен қатар, оның солтүстік беткейінде тау алды, яғни екі аласа таулы – қырқалы саты бөлінеді, ал төменде еңкіш тау етегі ....
Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстанда алғашқы құрылған парктер қатарына жатады.Бұдан екі жыл бұрын оның құрылғанына 15 жыл толғанына байланысты үлкен конференця болды. Қазақстан орман шаруашылғы қызметкерлері елеулі шара өткізді. Парктің үлкен қала іргесіндегі экологияны сақтаудағы, халықтың демалысын ұйымдастырудағы және биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы жетістіктеріне көңіл бөлініп оның келешегі жөнінде келесі мәселелер қозғалды. Талғар филиялы Іле Алатау мемлекеттік ұлтық табиғи паркінің үлкен бір бөлімшесі болып табылады.Ол парк құрылған күннен бастап құрамына кіргізілді және осы парктің негізгі мақсатарын нәтежелі орындауға ат салысып отыр. Сондықтан біз Талғар филиялының қызметінің техникалық және экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасауды дипломдық жүмысымыздың негізгі тақырыбы етіп алдық . Дипломдық тақырыбымыз Талғар филиалы қызметінің соңғы 5-6 жылдық қорытындыларын қамтиды. Онда алдымен осы филлиалдың жалпы мәліметтері анықталып (орналасуы, табиғи климаттық және экономикалық жағдайы), одан соң нақы қызметтері (түрлері, аумағы, көлемі, өзгеруі мен көбею қарқыны) мен оларға жұмсалған шығындар талданады. Қызметкерлер саны, олардың әлеуметтік жағдайы (жалақы мөлшері), филлиал бойынша жұмсалған қаржы сомалары, олардың өсу қарқыны мен тиімділігі де есептеледі. Талдаулар қорытындыға ұласып, филлиал қызметінің жақсы жақтары мен кемшіліктеріне көңіл бөлінеді және шама-шарақымызға қарай бар кемшіліктерді жою жолдарын көрсетіп, оның жұмысын жақсарту туралы ұсыныстар бердік ....