География | Іле Алатау МҰТП інің Талғар филлиалының табиғи климаттық жағдайының қысқаша сипаттамасы

 География | Іле Алатау МҰТП інің Талғар филлиалының табиғи климаттық жағдайының қысқаша сипаттамасы

1. Іле Алатау МҰТП – інің Талғар филлиалының табиғи – климаттық жағдайының қысқаша сипаттамасы
1.1 Талғар филлиалының орналасқан жері мен көлемі
Талғар филлиалының орман қоры Алматы облысының Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының жерлерінде орналасқан. Оның ресми мекені: Алматы облысы, Талғар қаласы, Юный коммунаров көшесі, 1 үй., тел. 3-14-93.
1994 жылда өткен орманды есепке алу мәліметтері бойынша оның қарамағында не бәрі 17326га жер болған. Кейін оған Алматы облысы әкімінің шншімімен Қаскелен, Еңбеншіқазақ және Талғар аудандарына қарасты жерлер мен мемлекеттік жер қорына қосымша 10612га жер бөлінді. Нәтижесінде қазір Талғар филлиалының қарамағында барлығы 27938га жер бар. Олардың 1341га (4,8%) Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан, ал барлық қалған бөлігі ( 26597га немесе 95,2%) Талғар ауданының жерін қамтиды. Соңғы орман есебін алу кезінде филиялдың қорына едәуір өзгерістер енгізіліп, оның көлемі 623га өсті. Бұл өзгерістерге мыналар себеп болды:
А) бақтар категориясынан 81 га ауысты
Б) сирек орман 53 га азайды :
В) екпе ормандардың ауданы 2219 га өсті:
Г) орманы жоқ жерлер ағаш отырғызу арқылы щрман көлемі 105 га көбеиді
Д) орман ішіндегі алаңдардың аумағының кішіреюіне байланысты 165 га қосылды:
Талғар филиялының орман қорығындағы ең көп , үстем ағаш түрлері Шренк шыршасы мен көктерек болып табылады.Филиялда ағаш тұқымдастарының көбі жас және орта жастағы ағаштардан құралады . Бірақ ағашы жоқ жерлерге (алаңқайларда ) ағаштың өсуі өте жай жүреді. Өйткені оларда шөптері қалың және биік болып өседі .
Филиялда жасыл зона мен ағашты парк орман қорының 4264 га жерін алады. Ағаштары бар орманды жерлер щрман құрамының 58 пайызын алып жатыр.Жабық ланшафтар -22,8% жартылай ашық ланшафтар 34 ,7% ал ашық алаңыдар -42,5%. Филиялда барлық екпе ормандар отырғызу қабылданған ережелерге сәйкес жоғары санитарлы –гигиеналық және эстетикалық бағаға сәйкес дәрежеде жүргізіледі.

1.2. Талғар филиялының құрамы

Іле Алатау МҰТП-інің Талғар Филиялы үш орманшылықа бөлінеді, Қотырбұлақ ,Көкбастау, және Талғар . Ал орманшылық 27 орман айналымына бөлінген. Қотырбұлақ орманшылығында 11 айналым, Көкбастау және Талғар орманшылығында сегіз сегізден 16 айналым бар

1-кестеде Іле Алатау МҮТП- інің Талғар Филиялының жер көлемі мен басқару құрамы.

Лесничество аты Айналым
саны Алғашқы оман
орының
көлемі, га Кейін берілген жерлер Барлығы
Жағайы жемісті белдеу Мемлекеттк жер қоры
1
2
3 Қотырбұлақ
Көкбастау
Талғар 11
8
8 4658
7330
5338 1118
1341
2073 6000 11856
8671
7411

Талғар филлиалы 27 17326 4612 6000 27938


Үш орманшылықтың жер көлемдері бір бірімен шамалас, бірақ Қотырбүлақта жер сәл көбірек (11856га) Жердің көлемі жағынан ең кішісі Талғар орманшылығы онда (7411га) жер бар.
Талғар филиялының жерлерінің ормандылығымен паидалануы бірнеше топқа бөлуге болады (2-кесте). Олардың ішінде
Қылқан жапырақты ормандар өскенжерлер 11150га Жалпақ жапрақты ағаштар алып жатқан жерлер 10616га.Олардан басқа бұталы жерлер көлемі 4440га,жайылымды жерлер 1326га және шабындық -180га.
Филиял ерекше қорғалатын аймаққа қарайтын болғансоң оныңжері бірнеше белдеулерге бөлінеді (3-кесте). Олардың ішінде
Қорықтың белдеу 4452га жерді ал заказдық белдеу 14995га жерді алып жатыр.Осы екі белдеу Талғар филиялының жерлерінің 70%-ына тараған. Оның қалған жерлері туристік рекреацялық және шектеулі шаруашылықжүргізу мақсатында пайдаланыла
2-кесте Талғар Филиялының жерінің ормандылығы, паидалану мақсаты мен бедеріне қараи топқа бөлінуі

Лесничество аты Барлық жерлер
көлемі,га Оның ішінде
Орманды жерлер Бұталы
жерлер Жайылым
шабындық сулар Жер.тастар Егіндік
Басқалары

Қылқын
жапырақты Жалпақ
жапырақты
Қотырбұлақ 11836 3200 3720 1130 56 70 70
Көкбастау 8671 4200 3715 2110 1200 60 40
Талғар 7411 3750 3200 1200 70 50 70
Барлығы 27938 11150 10616 4440 1326 180 180


3-кесте. Талғар Филиялы жерлерін мақсатты белдеулерге бөліну жағдаиы
Лесничество аты Жер көлемі, га Оның ішінде
Қорықтық белдеу Заказдқ белдеу басқалары
Қотырбұлақ 11836 250 5829 5750
Көкбастау 8671 1846 4752 2773
Талғар 7411 2356 4414 641
27938 4452 14995 8491
1.3 Іле Алатау МҰТП-нің Талғар Филиялының табиғи
климатық жағдайы
Ормандардың өсу жағдайын аудандастырудың схемаларына сәйкес Талғар филиялының аумағы жалпақ жапрақты жемісті белдеуге, орталық шыршалы орманға және Орталық Іле ауданына кіреді.Бұл филиялдың аумағы таулы жерде орналасқан, онда таралған өсімдіктер биіктік белдеулеріне байланысты өзгеріп отырады. Өйткені, теңіз деңгейінің биіктігіне байланысты тәуліктің температуралық режимі, жылдық орташа температура, өсімдіктердің өсіп-өну және даму кезеңінің ұзақтығы және басқа да климаттық факторлары өзгеріске түседі.
Сондықтан филиалдың орман қоры жер биіктігіне қарай, мынадай климаттық белдіктерге бөлінеді:
А) Теңіз деңгейінен 1300-1000м биіктіктер аралығында орналасқан шыршалардың қатысуымен біркелкі жылы құрғақтау жемісті жапрақты ормандар.
Б) Теңіз деңгейінен 1600-2000м биіктіктер аралығында орналасқан төменгі шамалы белдеу.
В) Теңіз деңгейінун 2000-2500м биіктіктер аралығын алып жатқан салыстырмалы салқын дымқыл жағдаида өсетін орман шыршалар белдеуі.
Г)теңіз деңгейінің 2500-2800м биіктікте орналасқан салқын ылғалды жағдайда өсетін шыршалардың биіктегі белдеуі.
Аталған белдеулердің төменгісінде жабайы жемісті ағаштары таулы ормандық қара күлгін және қара түсті топыраққа өседі, көбінесе бұндай топырақтарда шыршалар аралас ормандар түрінде өсіп-өнеді.
Ал, жоғарғы белдуде таулы шабындықты субальпі топырағы кеңінен таралған. Олар ұсақ тасты және кесекті болып келеді.
Аралас ормандар теңіз деңгеінен 2000м биіктікке дейін, ал шыршалар 2800м дейінгі биіктікке дейін өседі.
Шыршалардың табиғи жаңаруы қанағаттанғысыз деп айтуға болады, себебі оларды биік болып өсетін қалың шөптер басып кетіп, өсуге мұрша бермейді. Жоғарыда айтылғандай ормандардың биіктікке тікелей байланысты болуы аумақтық климаттың ауыспалы екенін көрсетеді. “Талғар” метеостанциясының климатикалық көрсеткіштері осы мекеменің территориясының климатын толығымен сипаттайды. Шыршалы белдіктің жоғарғы зонасы үшін “жоғарғы горельник” метеостанцияның климатикалық көрсеткіштері сәйкес келеді (2254м), шыршалардың ортаңғы белдігіне “Усть-Горельник” (1926м) метеостанцияның көрсеткіштері сәйкес келеді, ал төменгі белдік үшін “Медеу” метеостанциясының көпжылдық. Сондықтан “Медеу” метеостанциясының климаттық көрсеткіштерін төменде келтіріп отырмыз.


4-кесте. “Медеу” метеостанциясының климаттық көрсеткіштері

Көрсеткіштердің аты Мәні Күні (мерзімі)
1. Ауаның температурасы, С орташа жылдық
Абсолюттік максимумы
Абсолюттік минимумы 6,8
35,0
-25,9
2. Жылдық жауын-шашынның мөлшері, мм 912
3. Өсімдіктердің өсіп-өну және даму кезеңінің ұзақтығы, күн. 170
4. Көктемнің соңғы аяздары Майдың бірінші жартысында
5. Күздің алғашқы аязы Қыркүйек
6. Өзендердің орташа қату күні
7. Тасқының орташа басталу лүні
8.Қар қалыңдығы,тұрақтануы мен см ерумезгілі 55 Сентябрь
Апрель
9.Топрақтың қату тереңдігі см 50
10.Мезгіл боиынша желдің бағыты ,
Румб
Қыс
Көктем

Жаз
Күз

Оң түстік шығыс
Оң түстік
Шығыс
“__”
“__”

11.Мезгіл боиынша желдің орташа жылдамдығы, м/сек
Қыс
Көктем
Жаз
Күз

1.8
2.0
2,3
2,0
12.Ауаның салстырмалы ылғалдылығы % 55

Жылдың айлары боиынша жауын-шашынның түсуі біркелкі емес. Қыс кезінде ол аз, ал жаз кезінде көп мөлшерде түседі. Бұл әр келкілік өсімдіктердің өсуіне және дамына жағдай жасайды. Көктемде температураның өсуімен өсімдіктің даму кезінде жауын-шашынның мөлшері көбееді. Күзде жауын-шашын аздау түседі. Қар октябрьдің басында жауады, бірақ қар тек бір айдан кейін қалыңдайды.
Тауда жел әр түрлі бағытта және күшті болады, ол жердің жағдайына, көбінесе оның бедеріне байланысты.
Шырша, қарағай, қайың сияқты ағаш тұқымдастврды 1600-2000м биіктіктер арасында төменгі шыршалар біркелкі жерге қолдан отырғызуа тиімді. Тауда бақтарды өсіру үшін оларды 1400м дейін солтүстік экспозицияның беткейінем және оңтүстіктің 1500м дейінгі экспозициялық беткейіне орналастыру дұрыс. Одан биіктеген саын бақтардың жеміс беруі азаяды, жемістер ұсақталады. Себеді жылу жетіспейді, жоғарлаған сайын салқын жиі болады.


1.4. Талғар филлиалының сулары
Бұл филлиалдың орман қорының жеріндегі негізгі өзенде – Сол Талғар және Оң Талғар. Бұл екеуі де негізінен Талғар өзеніне құяды, Сол Талғардың ұзындығы 25км, ал екіншісінікі 17км. Қалған өзеншелер мен бұлақтардың ені 0,5-3,0м аралығында, олардың ішіндегі үлкендеулері Қотырбұлақ, ұзындығы 4км, Белбұлақ – ұзындығы 4км, Армақай – 3км, Тасты - 5км, әрі Солдат өзеншесі -4км, Микушин өзеншесі – 6км№ Бұл өзендердің бәрі таулы жерде орналасқандықтан үлкен жылдамдықпен (13м/сек дейін) ағады. Апрельдің ортасында көктемгі тасқындар басталады. Барлық өзендер мен өзеншелер ормандағы өсімдіктердің өсіп дамуына көмектеседі, ауыз судың негізі болып табылады, олар бақтарды суғаруға да пайдаланылады. Басқа су көздері бұл мекеме аумағында жоқ. Тұзды және сор жерлер мұнда кездеспейді.
Гидромилиоративті топырақтар суару үшін арық түрінде жүргізілген. Жалпы ағаш бұталы өсімдіктер мен жеміс ағаштар отырғызуға, бақтар өсіруге Талғар филлиалының жері өте қолайлы.


1.5. Талғар филлиалы жеріндегі жол торабы
Талғар филлиалының орман қорының аумағында асфальтталған жақсы жолдар бар. Ол жол Қотырбұлақ орманшылығында Алма-Тау турбазасына, Белбұлақ бастауына, Солдат орманшылығындағы поселокқа дейін және Маралсай бастауына дейін жетеді. Қалған жолдар кәдімгі қара жолдар және олар 2,6км созылып, орман ішін қамтиды. Қара жолдар көбіне бульдозермен жазық жерлерге өзен бойлап салынады, ал олар жаңбыр жауып кеткен болса олрды жиі-жиі жөндеп отырады. Жолдардың жалпы ұзындығы 70км. 5-ші кестеде осы жолдарға сипаттама берілген.

5-кесте. Талғар филлиалы аумағындағы жолдардың сипаттамасы

Жол категориясы Жол түрі Жол бетінің түрі Орм.шар.
терр.
бойынша ұз-ғы, км Жұмыс жолының мерзімі Жолдың жағдайы
Орман шаруашылығын жүргізу үшін II

III Асфальт
Қара жол 3

67 Құрғақ жыл бойы Қанағатт
қанағатт



1.6 Орман шаруашылығының ауданға маңызы
Талғар ауданын ағашпен қамтамасыз етуде бұл мекеме аз рөл атқарады. Дайындалған ағаштың есебі барлық кесудің түрінен соңғы 2 жылдың ішінде 300 текше метрден асқан жоқ. Өйткені бұл ормандарының мәні мен мағынасы белгілі бір мақсатпен анықталады. Олар алматы және Талғар қалаларының тұрғындары тек табиғи орман паркі ретінде бағалайды, пайдаланады.
Бұл ормандардың өте үлкен эстетикалық және санитарлы-гигиеналық қасиеттері бар. Сондықтан бұл мекеме азаматтардың демалуы үшін қолайлы жағдай жасайды.
Осы орман қоры аумағында “Алма-Тау” турбазасы орналасқан. Оның сыртында тағы үш оқушылар лагері мен басқа да санаториялар бар.
Орманның суды қорғайтын, тазартатын, тасқынды реттейтін, ауданның алыс бөліктерін сумен қамтамасыз ететін маңызы да ерекше. Оның ең үлкен рөлі, ағашты-бұталы өсімдіктер сел тасқындарын болдырмай, елді мекендерді олардан сақтайды.
Филлиал аумағында жеміс беретін ағаштар көп. Олар жабайы өскен жемістер қатарына кіреді, бірақ күтілген алма сорттары секілді шаруашылыққа көп пайда әкеледі. Онымен қатар орманда жабайы жеміс беретін ағаштар дүниежүзілік деңгейдегі генофонд ретінде анықталып, бағаланып отыр.
Талғар филлиалы аудан бойынша жабайы жануарларды да қорғауға кірісті. Бұл мекеме бойынша мал бағуға да едәуір жерлер бөлген. Мысалы: “Алма-ата” бірлестігіне 3122га, “Қызыл-Гайратқа” 483га, Мичурин атындағы ауылға 583га жер бөлінген.
Талғар филлиалының орман қорында Талғар, алматы қалаларының тұрғындары саңырауқұлақ, жеміс-жидек теруге хақылы. Олар жаңа жылдық шыршалар сатып ала алады және келісім бойынша басқа пайдалы істермен шұғылдана алады.


1.6 Талғар филлиалында мекендеген аң түрлері
Талғар филлиалының жері, әсіресе таулы белдеулері тағы аңдардың өсіп-өнуіне өте қолайлы. Бұрынғы ақпараттар бойынша бұл аймақта аю, марал, елік, қабан, теке, қасқыр, шакал қасқыр, түлкі, борсық секілді аң түрлері мекен етеді. Орман құстарының ішінен фазан, .... көп. Соңғы есепке қарағанда (6-кесте) Талғар филлиалы қарасты жерлерде 16 аю, 64 марал, 355 елік, 104 қабан, 8 қасқыр, 73 түлкі және 80 борсық бар.

6-кесте. Талғар филлиалында қоректеніп мекендейтін аң түрлері мен саны

Аң аты Барлығы Оның ішінде
Қотырбұлақ Көкбастау Талғар
1
2
3
4
5
6

7
8
9 Аю
Марал
Елік
Қабан
Қасқыр
Шакал қасқыр
Түлкі
Борсық
Фазан 16
64
355
104
8
3

73
80
1610 2
16
60
28
2


31
34
440 8
37
157
42
4
3

20
25
840 6
14
98
34
2


22
21
330

1.7 Талғар филлиалында өсетін негізгі ағаш түрлері
Талғар филлиалының жері орманда өсетін ағаш түрлеріне де өте қолайлы. Олар көбіне тау белдеулеріне бейімделе өседі. Жергілікті ағаш түрлері сырттан әкеліп жерсіндірілген ағаш түрлерімен араласа да өсе береді. Негізгі орман ағаш түрлеріне шырша, арша, қарағай, емен, үйеңкі, қайың, терек секілді ағаштар жатады. Олардың сыртында жеміс ағаш түрлері де көп. Оларға алманың барлық түрлері мен өрік ағаштары жатады.
Талғар филлиалында барлығы 15 түрлі орман ағаш түрлері және 6 түрлі орман бұталары кездеседі (7-кесте).
7-кесте. Талғар филлиалында өсетін ағаш түрлері мен олардың алқабы

Ағаш түрлері Көлемі,га Бұта түрлері Көлемі,га
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15 Қарағай
Шырша
Лиственница
Емен
Ясень
Үйеңкі
Вяз
Қайың
Көктерек
Мырза терек
Тал ағаш
өрік
грек жаңғағы
жабайы алма
екпе алма 181,2
2928,2
24,5
6,4
2,4
0,2
16,1
398,0
1084,2
6,3
5,3
178,6
2,6
835,2
56,8 16
17
18
19
20
Арша
Тау талы
өзен талы
итмұрын
тобылғы 905,0
15,5
28,9
513,3
537,4


Іле Алатау МҰТП-інің Талғар филлиалының жалпы жағдайын қысқаша сипаттай келіп, мынада қорытындыларға келуге болады:
- Талғар филлиалы таулы және сулы жерде орналасқандықтан оның топырағаның, жер бедерінің, климаттық көрсеткіштерінің, өсімдіктерінің тағы жан-жануарлырының алуан түрлі болуы заңды құбылыс;
- Бұл филлиалдың жалпы көрсеғткіштері орманды есепке алу мен орман шаруашылығын орналастыру жұмыстарыны бұдан 18 жыл бұрын жүргізілген және оның мезгілі өтіп кетсе де әлі қайта жасалмағандығына байланысты көп ескіріп кеткен. Сондықтан бұл жұмысты қайта жүргізу кезек күтпейтін іс;
- Осы көрсеткіштердің ескеруіне байланысты Талғар филлиалының жалпы жер көлемі үш лесничествоға ғана бөлінген. Ал олардың әрқайсысындағы жерлердің функционалдық бағыттарына байланысты қалай бөлінетіні толық түрінде еш жерде көрсетілмеген. Тіпті бұл филлиал ерекше ерекше қорғалатын табиғи аймаққа жататын жер емес, жай қатардағы орман шаруашылығына қарайтын жерлер секілді. Сондықтан Іле Алатау МҰТП-інің ормандарын қайта есепке алу мен орман шаруашылығын қайта құрып, орналастыру кезінде оның әр филлиалы мен әр оған кіретін лесничестволарының жер аумақтарының функционалдық бағыттағы мақсаттары бойынша бөлінуі және олардың көлемдері көрсетілуі қажет.


2. Дипломдық жұмысты орындаудың негізгі бағыттары мен әдістемелері
Дипломдық жұмысты орындау негізгі үш боліктен тұрады. Оның бірінше болігіне жазғы практика өту мезгілінде дипломдық жұмысқа қажетті өндірістік, техникалық және экономикалық көрсеткіштер жинау. Екіншісі – жинақталған көрсеткіштерді орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын аймақтарда жүргізілетін жұмыс бағыттарына қарай жіктеп, олардың көлемдерінің өсіп-өзгеру динамикаларын, жұмыс түрлерінің көбейіп-азаюын, оларды жүргізуге жұмсалатын қаржылардың сомалары мен өзіндік құндарын, қызметкерлердің және жұмыскерлердің санының, олардың жалақыларының деңгейлері мен өзгеру процестерін жан-жақты талдап, жазып шығу.
Үшінші бөлік – талдау қорытындыларынан туындайтын кестелерді, сызбаларды, суреттерді ретке келтіріп, оларды диплом қорғау мақсатында слайдтар мен плакатқа айналдырып, мемлекеттік аттестациялау комиссиясына баяндамаға даярлау. Олардың саны 6-8 плакат не слайдтан кем болмауы керек.
Осы жұмыстардың дұрыс жүргізілуі таңдалып алынған әдістемелерге байланады. Мысалы, дипломға қажет материалдарды жинау мақсатында біз алты жылдық мерзімді қамтыдық. Бұндай мерзім талғар филлиалында атқарылған жұмыстардың жыл сайынғы өзгерістерін, түрлерінің қалыптылығын немесе айнымалылығын, олардың көлемдерінің, құнының өзгерістерін анықтауға мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмыстың талдауға байланысты бөлімдерінде графикалық әдістемелер, жіктеу, талдау, көрсеткіштердің мәндерін салыстыру, олардың өсуін немесе көбеюін негіздеу, және тағы басқа осы секілді әдістемелер пайдаланылады.



Негізгі бөлім
2. Іле Алатау МҰТП-інің Талғар филлиалының 2002-2007жж. Аралығындағы қызмет қорытындылырын талдау

Іле Алатау Мемлекеттік Ұлттық Табиғи паркі әр түрлі мақсаттағы жұмыстар атқарады. Ол орман қоры негізінде құралғандықтан ең алдымен орман шаруашылығына байланысты қызмет жасайды. Мысалы, орман күтіміне байланысты ағаш кесу ісімен айналысады. Оның тазарту, сирету, ішін ара кесу, санитарлық кесу секілді түрлері жүргізіледі. Кейде кесудің басқа түрлерін орындау да болып тұрады. Ондай жағдайлар орманды өрттен қорғау жолақтарын жасаған кезде немесе орманды қайта жаңғырту кездерінде жүргізіледі.
Кесуден басқа екпе ормандар тұрғызуға байланысты қызметтер де жүргізіледі. Оларға тұқым жинау, көме өсіру, ағаш отырғызу, отырғызылған ағаштарды күту, тағы сол сияқты жұмыстар жатады.
Іле Алатау МҰТП-і ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жататындықтан бұл мекемеде орман қорғау және аңдарды қорғаудың көп түрлері жүргізіледі.
Талғар филлиалы Іле Алатау МҰТП-інің ірі бөлімшесі болғандықтан бұл бөлімшеде аталған жұмыстардың көптеген түрлері қатар жүргізіледі. Сондықтан біз осы филлиалдың соңғы жылдарда жүргізген жұмыстарының жылдық есептерінен қажетті деген көрсеткіштерді жинап, оларды өздерінің істелу бағыттарына қарай жіктеп топтастырдық. Қорытындысында жиырмаға жуық әр түрлі кестелер жасалды.
Міне, енді сол кестелерді жұмыс бағытының түріне қарай құра отырып біртіндеп талдау жұмысына кірісеміз.

2.1 Іле Алатау МҰТП-інің Талғар филлиалының орман шаруашылығы жұмыстарын жүргізу нәтижелер

Талғар филлиалында 2002-2007жж. аралығында жыл сайын ағаш кесудің бір түрінен (2004ж.) бес түріне (20052006жж.) дейін жүргізіледі. Оларға санитарлық талдап кесу деп басқа сирету, ішін ара кесу жатады. ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру