Балам мықты, сенімді, ойлы болып өссін десең…

Кейбір жағдайда ата-ананың сабырға келіп, сабасына түсіп, өзінен: «маған баламның өзіне сенімді, мықты болып өскені, тығырықтан жол тауып кетер шешімтал болғаны, ұрыс-керісте өзін лайықты ұстай білуі, жасаған ісі туралы ойлана алуы, өз ақылымен өмір сүргені, өз өмірін өзі дұрыс жолға салғаны, ізгілікті тани алғаны керек пе, әлде, тек мені тыңдап, тілалғыш бала болғаны, оған өз билігімді жүргізгеніме мәз болғаным керек пе?» деп сұрауы тиіс.
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

«Құдағи сырғаның» сырын білесіз бе?

Өзімнің ай десе аузы, күн десе көзі бар жалғыз қайынсіңлім бар. Қазақтың салт-дәстүріне сай есімін атамай, оған «Еркем» деп ат қойып алғанмын. Бойжетіп отырған сол қайынсіңлім бір күні тұрмысқа шықты. Келін етіп түсіріп алған жеріне қуғыншылардың бірі болып қайттым. Сонда құдалар жағы арада ай өтпей жатып, той жасайтындарын айтты. Мұны ата-енем естіген соң, бар бала-шағасын жинады.
Сөзді бастаған қайынатам: «Өздерің білесіңдер, бүгінгі уақытта жетісіп отырған ешкім жоқ. Ағайынның бірінде бар, бірінде жоқ. Кейбірі жай сыртқы жүнін қомпайтып жүргеннің....
Кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Жігіт пен қыз қанша уақыт кездескені дұрыс?

Бұл өмірде түрлі тағдыр бар. Бір жұп 4-5 жыл кездесіп, тәуекелге барып, некелесу күнін белгілеп қойғаннан кейін де ажырап жатса, енді бір жұп бір айға жетер-жетпес уақытта танысып үлгерместен үйлене салады. Жастар тілінде жігіт пен қыздың жүруі деген сөзді кездесуі деп алайық. Қос ғашық танысып-білісіп, таңдауына өкінбес үшін қанша уақыт қажет?
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Ата-анаға көмек болатын 8 ереже

Төсегіне жата салысымен ешкімді мазаламай жылдам ұйықтап қалатын бөбек – әр ананың арманы. Өз сәбиіңізді сондай ақылды балалардың қатарына қосқыңыз келсе, төмендегі амалдарды қолданып көріңіз.
Сәбиді өздігінен ұйықтауға ерте жастан үйретіңіз. 2-3 айынан.......
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық