Ата-анаға көмек болатын 8 ереже
Төсегіне жата салысымен ешкімді мазаламай жылдам ұйықтап қалатын бөбек – әр ананың арманы. Өз сәбиіңізді сондай ақылды балалардың қатарына қосқыңыз келсе, төмендегі амалдарды қолданып көріңіз.
Сәбиді өздігінен ұйықтауға ерте жастан үйретіңіз. 2-3 айынан бастап-ақ күні бойы белсенділік танытып шаршап қалған бөбекті әлдилеп, тербетпестен төсекке жатқызыңыз.
Күндіз белгілі бір уақытта баланы төсегіне жатқызып қойыңыз. Ал өзіңіз жанында тұрып онымен сөйлесіңіз. Осы арқылы сәбиді ақырындап өз төсегіне үйретуге болады. Сонда ол бұл орынның қауіпсіз әрі ыңғайлы екеніне көз жеткізеді.
Тек баланы төсекте тым ұзақ уақытқа қалдырудың қажеті жоқ. Ол анасының әркез қасында екенін сезінуі тиіс.
Егер бөбек бөлек төсекке жатудан түбегейлі бас тартса, әзірше оны өз төсегіне жатқызу туралы ойыңызды кейінге шегере тұрыңыз.
Сәбиге өз «ұясын» жасап беріңіз. Ұйқыға жатқан нәресте өзін анасының құрсағында жатқандай сезінгенді жақсы көреді. Сондықтан, маңайына оралған жұмсақ көрпе төсеп, сондай-ақ сүттің иісі сіңген киімдеріңіздің бірін қойсаңыз да болады. Мұндай таныс иіс оны тыныштандырады.
Қолға алып әлдилегенге де көнбейтін бөбектерді жөргектеп қоюға болады. Сонда ол өз қолынан өзі шошып оянбай, тынышталып қалады.
Уақыт өте келе сәбиді бөлмеде өзін жалғыз қалдырып үйретіңіз. Мұндайда оның көңіл күйін сырттай бақылаған дұрыс. Жағдайдың ушығып бара жатқанын байқасаңыз, яғни ол мазасызданып жыласа, бірден қасына барып қолыңызға алыңыз.
Өзіңіз сабырлы болыңыз. Нәресте анасының көңіл күйін өте жақсы сезінеді. Сондықтан, сіз өзіңізге сенімді әрі байсалды болсаңыз, бала да тез тынышталады.

Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ата-анаға кеңес беру, ата аналарға кеңес, ата аналарға психологиялық кеңес, ата аналарга кенес казакша, жас ата анага кеңес, бөбек, анасының, сондай, болады, үйретіңіз, төсегіне, өздігінен, Сәбиді, жақсы, айынан, жастан, көңіл, төсекке, Сондықтан, Төсегіне, сәбиді, баланы, көріңіз, Сонда, күйін, керек, ойыншық, сенімді, болғаны, болып, айтып, деген, шешім, үйренеді, дұрыс, жағдайда, өзіне, өзінің, анасы, бәрін, кезде, десеңіз, келіп, бала тәрбиесі туралы, бала тәрбиесі туралы баяндама, бала тәрбиесі туралы кеңес, бала тәрбие туралы ата ана, Халық, баланың, тәрбиелеу, мінез, балаға, халық, тәрбие, олардың, қайта, үлкен, туралы, рухани, педагогикасында, ананың, құлық, Тәрбие, тәрбиесі, тәрбие әдістері