Педагогика | Бастауыш сыныпта дүниетанымды оқыту

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі: Қазақстан Республикасының басты міндеттерінің бірі жас ұрпаққа білім беру, ХХІ ғасырда – халықаралық даму кезеңіне сай, бәсекеге лайықты, барынша білімді, білікті жас маманды даярлау межеміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясын ел келешегі жас ұрпақтың тәрбиесіне, олардың білім негіздерін игеруіне, біліктілігіне елдің болашағы байланысты екендігі айтылып, оған мән берілуі маңызды іс екендігін байқатады. Сондықтан, сапалы білім беріп, саналы етіп жас ұрпақты тәрбиелеу – басты мақсаттардың бірі, соның ішінде халық «білім негізі - бастауышта» деген тағылымды ойды орынды айтады.
Бастауыштан бастап күнделікті оқу, жүйелі дайындалу, сапалы болудың бірден бір жолы дүниетанымын арттыру. Оқушылардың ғылыми көзқарастарын бастауыштан бастап қалыптастыру бірден бір міндеттердің бастысы. Мектеп, ата-ана шәкірттердің – балаларымыздың, болашағымыздың саналы, мейірімді болуын ойластырып, келесі түйінді тұжырымдарды ұсынады:
- бала мектеп үшін емес, мектеп бала үшін жұмыс істейді; ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясын оқу сабағында қолдану

Зерттеу өзектілігі: Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлесі қалыптасуда. Бұл процес білім программасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол балаға өзін-өзі өзектендіруге, өзін толытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Дене Декарттың трактатында: «Өзін-өзі тану жолындағы еңбек - ең құнды еңбек», деп көрсетілген. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қамтып отыр. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығарып, оқу үрдісіне еңгізу. АҚШ-та, Ұлыбританияда, Ресейде т.б мемлекеттерде жүргізілген зерттеулерде оқытудың технологиялық тәсілінің тиімділігі дәлденген.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 3 тарауының 11 бабында осылай айтылған:
1 ) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудың ерекшеліктері

Кіріспе
Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған «Білім туралы заңында»: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,» - деп атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында: «Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылыққа құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъектісі ретінде көрінуімен бедерленеді» делінген.
Бастауыш саты – мектепте білім берудің алғашқы сатысы, яғни бастауыш білім беру арқылы жалпы орта білім берудің келесі сатысына дайындау мақсаты жүзеге асырылады.
Халқымыздың мақтанышы, тұңғыш ағартушы педагогы, қазақ даласында бірінші рет мектеп ашқан Ы.Алтынсарин мектеп туралы: «мектеп-қазақтарға білім берудің негізгі кілті. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілігінің алдын алу

Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілігінің алдын алу және жеңудің жолдары
Отандық білім беру жүйесін реформалаудың заңнамалық тұжырымдамалық негіздері болатын Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасында; Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасында; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында оқу-тәрбие процесінің сапасына, оның соңғы нәтижелеріне жаңа, күрделі талаптар қойылған. Өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатысатының байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру». Қазақстан қоғамының өзекті мәселелерінің бірі ретінде қарастырылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы қатарға шығады: креативтілік, белсенділік, төзімділік, әлеуметтілік, жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдылығы. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгермеушілігін болдырмаудың жолдары

КІРІСПЕ.
Көкейкестілігі: Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бетбұрыс жасауда. Өйткені, ҚР Білім туралы Заңында « …ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп көрсетілген. Бұл білім жүйесін жетілдіру және оны сапалы деңгейге көтеруді алға тартады. Осыған орай, ғылыми зерттеу барысында әлемдік озық тәжірибелер мен отандық білім жүйесіндегі ерекшеліктер зерделенуде. Халықаралық практикада білім стандарты күтілетін нәтижелер (білім нәтижелері) түрінде берілген білім мақсаттарының жүйесі деп қарастырылып, «Нәтижеге бағдарланған білім моделіне» көшуге басым бағыт беріледі. Онда білім компоненттілігі оқушының жеке пәндер бойынша бір-бірінен алшақтықта емес, кешенді түрде жеке тұлғаға бағдарланған (білім, білік, дағдыны) іс-әрекет білім компоненттілігін қабылдауды қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда білім компетентілігі көп жақты қызмет атқарып, білім «объекті» болудан «тірі» білімге айналатынын байқадық. Оқытудағы оқушының сапалық сипаттамасының құрамдас бөлігі ретіндегі базалық компетенцияларының кең ауқымды сипаты түрінде нақтылынған мақсат оқытудың күтілетін нәтижелерін береді. Осыған орай жеке тұлғаның сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, нәтижеге бағдарланған білім жүйесін қалыптастыру қолға алынуда. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларының оқу процесінде өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру

КІРІСПЕ
Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігін терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді. Бұл мақсаттың шешімін табуда оқушылардың оқу іс-әрекетінің негізгі түрі - өзіндік жұмыстардың алатын орны ерекше. Сондықтан олардың мазмұнын, формаларын жетілдіру өзекті мәселелер қатарынан орын алады.
Оқушылардың өзіндік жұмысы- мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысыныз жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әртүрлі танымдық есептерді шешу талап етіледі.Осының нәтежиесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінде кездесетін қиындық түрлері және оны шешу жолдары

КІРІСПЕ
Еліміздің болашағы болып саналатын ұрпақ тәрбиесінде, оқу процесінде өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің, нарықтық экономика кезеңінің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілетін, шығармашылық, кәсіби біліктілігі мен білімділігінің керек ететіні белгілі.
Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. «Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесін дамытудың негізгі факторларына білім беру парадигмасын өзгерту; оқыту, тәрбиелеу және білім беру сапасын арттыру; білім беру ұйымдарының материалдық базасын нығайту жұмыстарымен қатар, оқушылардың әлеументтенуі және олардың денсаулығын сақтау міндеттері де кіреді [26]. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларының мінез құлқы

Педагогика тарихында «қиын» бала ұғымы ХХ ғасырда кеңінен тарала бастады.
Қиын бала мәселесі Г.А. Умананов, Ә.Ж. Жұмабаев, В. В Трифанов, Л.К. Керімов сынды бірқатар қазақстандық ғалымдардың да ғылыми зерттеулерінің тақырыбына айналды. Аталған ғалымдар осы топтағы балалардың мінез – құлық ерекшеліктерін, жүріс – тұрысындағы жат қылықтарды зерттеп, оларды қайта тәрбиелеу жолдарын көрсетті. Мәселен, Ә. Жұмабаев мектептің «қиын» оқушылар мен жұмыс жүргізу жүйесін жасады, В. Трифанов болашақ мұғалімдерді «қиын» оқушылармен жұмыс жасай білуге дайындау мәселесін көтерді. Ал Л.К. Керімов «қиын» балаларды жеке және топтап қайта тәрбиелеу бағдарламасын ұсынды. Бұл ғалымдардың зерттеулері қиын оқушылардың пайда болуының бірнеше себептерін ашып көрсетті.
Біріншіден отбасында тәрбие ісіне жеткілікті көңіл бөлінбеуден, яғни тұрмыстағы дау – жанжал, ата – аналарының маскүнемдікке салынуы немесе олардың біреуінің болмауы кері ықпал жасайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің маңызы

К І Р І С П Е
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан елінің ел болуы ана тілінен , салт дәстүрінен мәдениетінен, тарихынан өз жастарына тәлім тәрбие беруінен бастау алады
Мұндай көзқарасты өткенге оралу емес, қайта олардың рухани дүниесін, ұлттық сана сезімін , тіл мен ділін, бауырмалдық қадір қасиетін жаңғырту, қалыптастыру идеясын басшылыққа алу деп түсіну қажет.
Біздің ұлттық намысты басқа бір ұлт оятпайды, оған өзімізді -өзіміз тәрбиелеу арқылы жүзеге асыруымыз қажет. өткен ғасырдың танымал жазушысы Глеб Успенскийдің «Интеллигент –это человек который несет свет»-деген пікірі зиялы адам рухының қоғамдағы маңыздылығына айрықша мән бергендігінде. Сондықтанда адам факторын жандандыру міндетін белсенді шешу мәселесі тікелей зиялылықты қалыптастырудан процесімен байланысты. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларына геометриалық фигураларды оқыту

Кіріспе
Диплом жұмысының көкейкестігі : Еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуын жақсарту қоғамдық өмірдің барлық саласында түбегейлі терең өзгерістер жасауды, ең алдымен, адам санасын шыңдауды, жаңаша ойлар қалыптастыруды, халқының өткен тарихи - мәдени мұраларын игере отырып шығармашылықпен еңбек етуді талап етеді.Қазақстанның ХХІ ғасырда өркениетті әлемнен орын алып, дамыған елдер деңгейіне жетуіне ықпал етер бірден-бір құдірет-білім және білімді ұрпақ. Білім беру жүйесінің барлық буындарына, соның ішінде білім мен тәлім – тәрбиенің негізі бастауыш мектепте қаланады.
Қазақстанның тәуелсіздік және егемендік алуына байланысты, өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесін қоғам дамуына қазіргі кезеңнің талаптарынан туындап отырған міндет және мақсаттарға орай жан – жақты желілдіру қажет болып отыр. ....
Курстық жұмыстар
Толық