Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінде кездесетін қиындық түрлері және оны шешу жолдары

 Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінде кездесетін қиындық түрлері және оны шешу жолдары

КІРІСПЕ
Еліміздің болашағы болып саналатын ұрпақ тәрбиесінде, оқу процесінде өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің, нарықтық экономика кезеңінің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілетін, шығармашылық, кәсіби біліктілігі мен білімділігінің керек ететіні белгілі.
Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. «Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесін дамытудың негізгі факторларына білім беру парадигмасын өзгерту; оқыту, тәрбиелеу және білім беру сапасын арттыру; білім беру ұйымдарының материалдық базасын нығайту жұмыстарымен қатар, оқушылардың әлеументтенуі және олардың денсаулығын сақтау міндеттері де кіреді [26].
Бала мектепке келгеннен кейін оқу оның негізгі іс-әрекеттікіне айналады. Мектепте бала белгілі бір мерзім ішінде қабелеттілік пен икемділіктің белгілі мөлшерін меңгеріп және оларды талдауды үйренеді. Қазіргі сәтте бала өзіне қызық емес, бірақ болашаққа маңызды материалдармен оқып танысады. Жалпы білім беретін мектептердің 1 – сыныбына қабылданған балалар оқу жүйесінде айтарлықтай қиындықтарды басынан өткереді. Қиындықтардың ең алғашқы себебі – мектептік оқуға деген қызығушылығының төмендігі немесе психологиялық дайын еместігі.
Осыған қоса мектепте оқудың бастауы тек өмірдің жаңа шарттары ғана емес, сонымен қатар жаңа байланыстар, қарым-қатынас және жаңа міндеттер. Осыған орай бала өмірі өзгереді: бәрі оқуға, мектеп іс-шараларына бағынышты болады. Бұл өте маңызды кезең. Мектеп алғашқы күннен бастап оларға интеллектуалдық және физикалық күшті қажет ететін тапсырмалар береді.
Балаларды мектепке дейінгі дайындыққа кеткен уақыт пен күшке қарамастан, бастапқы оқу кезеңінде барлық балалар белгілі бірнеше қиындықтарды басынан кешіреді. Бұл балалардың мектепке бейімделу кезеңі. Балалардың мектепке бейімделу кезеңі мектепке дейінгі және мектептегі өтпелі кезеңді айтуға болады.
Бала «Мектеп» деп аталатын жаңа әлеуметтік ортада үлкендер тарапынан айтылатын көптеген талап – тілектерді орындау және мектептің ішкі ережесіне бағынуы, 45 минуттық сынып – сабақ жүйесіне бейімделуі қажет [6].
Л.И.Божович көрсеткендей, мектепке дейінгі балалық шақтан мектептік кезеңге өту оның өмір сүру салтының түбірімен өзгеруімен сипатталады. Оқушы жағдайы жеке басының ерекше бағыттылығын тудыратынын атап өту керек. Ол үшін, оқу – білімді меңгеретін жай әрекет немесе өзін болашаққа дайындау тәсілі ғана емес, ол баланың саналы түрде сезінетін өзіндік еңбек міндеті және айналасындағылардың күнделікті өміріне қатысуы болып табылады.
Мектепке оқуға қабылданар баланы мектептік болмысқа ендіру, толққанды оқу әрекетін қалыптастыру - өтпелі кезеңге тән психикалық дамудың барлық жиынтықтарымен тығыз байланысты. Олар оқу – тәрбие үрдісін осы жастың психологиялық ерекшеліктерімен қатаң сәйкестікте жүргізуді қажет етеді. Сондай – ақ мектепке дейінгі шақтан оқушылық өмірге өту кезеңін зерттеу мәселесі мектептегі оқу – тәрбие міндеттерін нақтылауға мүмкіндік береді. Бұл істің түпкі мақсаты баланың мектептегі оқуына берік тұрғыда қамтамасыз ету. Ол мұғалім талаптары мен мектеп ережесін орындауға баланың ерік күшін бағындыра алу іскерлігінен көрінеді.
Бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделу ерекшеліктеріне арналған зерттеулері Коломинский Я.Л., Панько Е.А., Чуткина Г.М., Венгер Л.А., Мухина В.С. және баланың мектепке психологиялық даярлығы мен мектепке баруы туралы отандық ғалымдар Баймұратова Б., Қойбағаров., Қ.Сейсенбаевтың еңбектері маңызды орын алады.
Алты жасар баланың мектепке баруы оның өмірінде ерекше оқиға болып табылады. Мектепке дейінгі кезеңнен мектеп жасына өтуі баланың іс-әрекеттікінде, басқ адамдармен қарым-қатынасында ерекше өзгерістермен байланысты. Кіші мектеп жасындағы баланың ең негізгі іс-әрекеттікі оқу болғадықтан, баланың өмір тіршілігі өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады, баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасы жаңаша қалыптасады.
Баланың мектепке бейімделуі бірден болмайды. Мектепте толығымен меңгеруіне бір күн немесе бір апта жеткіліксіз. Бейімделу ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Бала өміріндегі бұл мерзімнің бала өіріндегі өзгерістерінің психологиясы мен мінездемесін Р.С.Немов дамудың әлеуметтік жағдайы мен ішкі позициясының түсініктерімен байланыстыру қажеттігін ұсынды [28].
Зерттеудің мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының мектепте кездесетін қиындық ерекшеліктерін теориялық негізде қарастырып, тәжірибе арқылы психологиялық қолдау көрсетуді жетілдіру.
Зерттеудін нысаны – бастауыш сынып оқушыларыныың оқудағы қиындық түрлері
Зерттеу пәні - оқу әрекетіндегі қиындықты жою ерекшеліктері.
Зерттеудің ғылыми болжамы – бастауыш сынып оқушысының мектепке бейімделуіне жағымды әсер етеді, егер де, әлеуметтік және психологиялық факторлар ескерілсе, сол ортада білім алып келе жатқан баланың дамуына үйлесімді қарым-қатынас орнатылса. Баланың мектептегі қиындығына ата-аналар, мұғалімдер тарпынан психологиялық қолдау көрсетіп, жағымды әсер ету арқылы мазмұнды нәтижеге қол жеткізуге болады.
Зерттеу міндеттері:
1. Зерттеу мәселе бойынша психологиялық әдебиеттерге талдау жасау
2. Психологиялық мәселе ретінде бастауыш сынып оқушыларының мектептегі қиындық деңгейін саралау және психологиялық қолдау көрсету жолдарын қарастыру.
3. Мектепте оқудағы қиындықты жою мен оқуына психологиялық қолдау көрсетуді жетілдірудің тиімді жолдарын тәжірибеде қолдану.
Зерттеудің әдіснамалық негізі - бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделу ерекшеліктері туралы Коломинский Я.Л., Панько Е.А., Чуткина Г.М., Венгер Л.А., Мухина В.С. зерттеулеріндегі теориялық тұжырымдамалары мен тәжірибелік еңбектері зерттеу жұмыстарды жүргізуге негіз болды.
Зерттеу әдістеріне – зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерге теориялық талдау, эксперимент, бақылау, психокоррекциялық жаттығулар, тестілеу.
Зерттеудің теориялық мәнділігіне - зерттеудің ғылыми мәселесі туралы ғалымдардың тұжырымдамаларын мақсатты қолдану және теориялық тұрғыда негіздеу жүзеге асырылды.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығына – зерттеуде қолданылған әдіс – тәсілдер бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделуінің психологиялық маңыздылығын жетілдіру. Тәжірибе жүргізу барысында алынған деректер сандық және сапалық жағынан талдау, өңдеу, ұсыныстар енгізу.
Дипломдық жұмыскөлемі және құрылымдары кіріспе, екі тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі , қорытынды және қосымшадан тұрады.
Зерттеу кезеңдері бойынша:
Зерттеудің бірінші кезеңінде мәселенің зерттеу заты мен нысаны анықталынып, болжам жасалды, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері құрастырылды. Сонымен қатар жұмыстың мазмұны мен негізгі бағыттары анықталынды. Әдебиеттер жинақталынды.
Зерттеудің екінші кезеңінде бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделу деңгейі анықталынып, түзету – дамыту жұмыстары ұйымдастырылды.
Зерттеудің үшінші кезеңінде зерттеу жұмысымызға теориялық және тәжірибелік тұрғыда жалпылама қорытынды берілді. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделуіне психологиялық қолдауды арттыру мақсатында ұсыныстар енгізілді.
Мектеп – баланың дамуының жақсы жақтарын жүйелі қалыптастыратын отыратын негізгі орын. Мектептік өмір балалардың мінез-құлқының қалыптасуында шешуші роль атқарады. Оқушылардың мінезін тәрбиелеуде басты міндет – олардың жан-жақты болып өсуін қадағалау, дамыту. Міне осы орайда балалардың бойындағы жағымды қасиеттерді оятып, жағымсыз әдеттерді жою талабы психологиялық, педагогикалық іс - әрекеттердің тиімділігіне байланысты.
М.М.Безруких, С.П.Ефимова баланың мектепке бейімделуін ұзақ мерзімде процесс ретінде қарастырып, оны әлеуметтік-психологиялық және физиологиялық жақтарын сипаттаған. Олардың көзқарасынша, баланың өмірінің өзгеруі: барлығы мектепке бағынады, мектеп жұмысыныа, сабаққа көп уақыты кетеді. Бұл өте қысымды кезеңдер. Себебеі мектеп алғашқы күннен бастап өзінің талаптарын қояды.
Баланың мектепке бейімделу мәселесімен бірқатар психологтар Я.К.Коломинский, Е.А..Панько бейімделуді баланың әлеуметтік-психологиялық жағдайға белсенді икемделуі деп қарастырған. Адам кез келген жаңа ортаға физиологиялық тұрғыда тез бейімделеді. Ал психологиялық тұрғыда бейімделу ерекшені қажет ететіндігін Я.К.Коломинский, Е.А..Панько қарастырған [17].
Г.М.Чуткина «бейімделу» ұғымын баланың жаңа жағдайдағы тіршілікке араласуы дейді. Ол баланың мектепке психологиялық бейімделуіне баланың отбасындағы тәрбиесі де маңызды орын алатынын қарастырған. Оның ойынша баланың мектепке бйімделуі қиы жән ұзақ мерзімді талап ететін процесс.
Л.С.Выготский және Ж.Пиаже, баланың мектепке барған шақтағы ойлау қабілетінің дамуына тұжырым жасаған. Олар, ойлаудың ең маңызды дамуы – жаңа мінез-құлық мүмкіндігіне итермелейтін және интеллектуалды іс-әрекеттіктің жоғарғы формасына әкелетін жасөспірімнің жинақталған түсінікті меңгеруінің негізін түсіндірген. Л.С.Выготский түсінікті жинақтау қызметі осы жастағы интеллектуалды өзгерістерге байланыстылығын: «... түсініп ойлану - іс-әрекеттікті түсіну, басқаларды түсіну және өзін түсіну »- деген [5].
Мұғалім мен оқушы арасындағы өзара түсіністікті орнату кезеңдерінің бірі – баланы зерттеу, оның ішкі дүниесіне ену болып табылады. С.Л.Рубинштейн: «Оқушының мінез-құлқындағы ішкі мазмұнды ашпай, сыртқы формальды сипатын есепке алып жұмыс жасайтын педагог, өз жұмысының нәтижесін көре алмайды» - деген . Оқушыларды тану арқылы мұғалім, олардың мінез-құлқындағы мотивтері мен мақсаттарын, көңіл-күйлерін, сезімдерін түсініп, қорқыныштарын анықтау қажет. Бірақ, ол тек бір жақты әрекет емес. Мұғалім шәкірттерді ұйымдастыра отырып, оқу – тәрбие процесінде әр уақытта да олармен өзара қарым-қатынаста болады [39].
Педагогикалық қарым-қатынастағы білім беру процесінде субьектілерінің өзара әрекеттесуі туралы профессор С.М.Жақыпов былай деген: «Оқыту процесіндегі субьектілердің қарым-қатынасындағы мағыналардың өзгеруі біріккен іс-әрекеттіктің мотивтері мен мақсатының заңды құрылуына мүмкіндік береді және оларды оқыту процесінде ескеру, біріккен танымдық іс-әрекеттікті қалыптастыру үшін қажетті шартты жасайды». Сондықтан қарым-қатынастың нақтылы бірізділігі болашақ тұлғаның дамуына орасан зор ықпал етеді [10].
Баланың мектепке беімделуіне негізгі үш жақты қиындық әсер етеді:
Бірінішісі; мектептің жаңа күн тәртібі – ерте ұйқыдан тұру, тыныш отыру, сабақтан қалуға болмайды, дер кезінде сабақта орындау жзәне тб. Мұндай дағдылар балада бұрын қалыптаспағандықтан олар шамадан тыс шаршайды, сабақтан қалығысы келіп тұрады , мазасызданады және тб. Көбіне алты-жеті жастағы балаларда өзіндік әдеттрдің қалыптасуының алғышарттары қалыптаса бастағандықтан кейбір жаңа құбылыстарға бейімделу қиынға соғады. Ең бастысы мұғалім мен ата-ана осы жадайларды дұрыс ескергендері маңызды.
Қиыншылықтың екіншісі, баланың мектеп мұғалімімен, құрбыларыме және отбасымен өзара қатынасына байланысты туындаған мінез-құлықтар. Жай ғана мейірімділіктен мұғалім өзінің ааторитарлық стилі талап етушілік, қаталдық, мінез құлықта қажетті әрекеттердің орындаулуын талап етуші болып көрінеді. Ол үнемі баланың жұмысын бағалап отырады. Кей жағдайда бала өзін құл ретінде сезуге дейін барады. Нәтижесінде кейбір балалар жасқаншақ, ал біреулері үйде бас ал мектепте мүлдем басқаша қылық көрсетеді. Ейбір оқушылар жаңа ортада өздерін дұрыс меңгере алмай, басқа балалармен танысуы бірден болмағадықтан, өзін жалғыз сезінеді.
Тәжірибелі мұғалім барлық балаларға бірдей талап қояды, бірақ әр баланы жеке-жеке қадағалайды. Бала мектепке келгеннен соң оның үйдегі орны да өзгереді. Оның міндеттері де және құқықтары да жаңаша құрылады. Мысалы оның сабақ орындауына ерекше, бөлек уақыт қажет болғадықтан үлкендер оның ңүн тәртібімен санасады.
Үшінші түріне бірінші сынып оқушылары оқу жылының ортасына қарай сезінеді. Олар басында мектепке бірден жүгіріп, уақытынан ерте баратын болса, кейіннен ересектердің ықпалымен ғана барады. Өздерінің әрбір алған бағасына қуанып, сабақты қызығушылықпен орындаса осы кезеңде ол төмендейді және бәрібірлікке ауысады. Мұғалімдер бұл кезеңде оқушымен сыртқы жағдайларына да әсер ететін тапсырмалар береді [30].
Сонымен балада мектеп қабырғасына аттаған күннен бастап психологиялық қайта өрлеу басталады. Баланың қарапайым міндеттер өрісі пайда болады. Баланың үлкендермен байланысы жаңа формаға ие болады, бірлескен іс-әрекеттік ересек адамның нұсқауларын дербес орындаумен алмасады. Тұңғыш рет баланы белгілі бағдарлама бойынша біршама жүйелі оқыту мүмкін болады. Бірақ Л.С.Выготскийдің айтып көрсеткеніндей, бұл программаның жүзеге асуы қаншалықты дәрежеде баланың өзіндік программасына айналуына тығыз байланысты болып келеді. Кез келген іс - әрекеттің өзіндік ерекшелігі, оның әрекеттерін құрайтын нәтижелерінің кейбір жағдайларда мотивтерінен гөрі анағұрлым маңызды. Әрбір жекелеген жағдайда іс - әрекеттің динамикасы толық анықталған мотивтердің өзгеруімен байланысты [5].
Іс - әрекеттің жетекші типін ұйымдастыру – баланың жеке басын қалыптастыруға мақсатты түрде ықпал жасайтын құрал. Мектеп баланың басқа адамдарға қатысты өзіндік ішкі позициясы өз «менін» және өз қылықтарының маңызын аңғарудың арта түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне, олардың іс-әрекеттіктерімен өз ара қарым-қатынасына ерекше қызығуымен сипатталуы атақты психологтар Мухина В.С., Петровский А.В., Эльконин Д.Б., Венгер Л.А., Якобсон С.Г. еңбектерінде көрсетілген
М.Н.Костикова «балаларды мектепке оқуға психологиялық даярлығы» ұғымының мазмұнын ашып, мектепке психологиялық дайындықтың типтерін ұсынған. Ол тұңғыш рет баланың мектепке психологиялық даярлығын анықтау мақсатында оқу әрекетінің жетістігі туралы, оны қамтамасыз ететін ғылыми – тәжірибелік шаралардың жасалуы мен психологиялық даярлықтың сапалық ерекшеліктерін талдайтын жіктемелерді бөліп көрсетті.
Сонымен қатар өз елімізде баланың мектепке даярлығы мәселесімен айналысқан ғалымдар да аз емес. Мысалы Б.Баймұратованың «Балаларды мектепке даярлау жөнінде», К.Қойбағаровтың «Баланы мектепке даярлау», Қ.Сейсенбаевтың «Отбасы тәрбиесіндегі баланы мектепке даярлауда қазақ халық педагогикасының прогресшіл идеялары мен тәжірибелерін пайдалану проблемасы» еңбектері бала бақшадағы оқу – тәрбие үрдісі арқылы баланы мектепке жан – жақты дайындау мәселесін қарастырған.
Балаларды мектепке психологиялық даярлауда балабақшаның ересек және даярлық тобында жүргізілетін арнайы тәрбие жұмысының ролі аз емес. Бірақ ол жеңіл жәрдем жасауға тырысу түрінде болмай,психикалық дамудың бұған дейінгі бүкіл жетістіктеріне сүйенуі тиіс. Балалардың есін өте көп шашыранды мағлұматтармен толықтырып немесе оқу, есеп шығару дағдыларын бағытсыз қолдана беруден зиянды нәрсе жоқ. Балалар жалпылама және жүйелі білім алып , олар болмыстың жаңа салаларында бағдар алуға үйретіліп, осындай кең негізде дағдыларды игерту ұйымдастырылса, жағдай мүлдем басқаша болады. Осындай оқыту процесінде балаларға болашақта кез келген білімді саналы игеруге мүмкіндік беретін болмысқа теориялық көзқарастың бастамасы жасалады.
Оқу қызметінің сипаты туралы мәселені шешкенде ең алдымен баланың ақыл – ойының даму деңгейін есекру қажет. Оның жаңа материалды меңгеру қандай білім мен іскерліктерді талап ететініне талдау жасау қажет. Белгілі бір зат , оқиғалар, жағдайлар немес іс -әрекет адамның белгілі бір ақыл –ой белсенділігінің түп негіздерімен байланысты болса, іс -әрекеттің себептеріне айналады.
Белгілі бір заттар, оқиғалар немесе қасиеттер сананың белсенділігін туғыза алады, мұның өзі адамның көңіл бөлуінен көрінеді, өйткені ол адамның іс - әрекетінің ішкі негіздерімен – ақпаратты қажетсінуімен байланысты.
Әрекеттерді жаңа обьектілерге, шарттар мен міндеттерді дұрыс әрі ойдағыдай тасымалдау көбіне білімге байланысты, ол айналадағы дүниенің адамның практикалық және танымдық қызметі үшін маңызды қасиеттерін бейнелейді. Тиісті білімді қадлыптастыру мен меңгеру оның ақыл – ой қабілетінің дамуы арқылы жаңа обьектілермен, ахуалдармен, міндеттерімен мақсатқа сай қызметінің алғы шарты.
Білімді қалыптастырудағы іс - әрекеттің әр қилы түрлерінің ролі түрліше. Мысалы, заттық іс - әрекет (күрделі қозғалыс және орын ауыстыру) заттар мен құбылыстардың өз қасиеттерін «көрсетуі» үшін қажет, перцептивтік іс - әрекет (қабылдау мен бақылау) бұл қасиеттердің адамның қабылдаулары мен елестетулерінде бейнеленуі үшін, ойлау іс - әрекеті (анализ бен синтез) бұл қасиеттерді салыстырып, олардың ішінен ортақ қасиеттерді бөлу үшін сөйлеу іс - әрекеті (белгілеу және атау) бұл қасеиттерді абстракциялап белгілері ретінде қорытып, бекіту үшін қажет. Осыдан оқушылардың ақыл – ой қабілетінің дамуы арқылы білімді оқытудың өзі бірнеше элементті қамтиды:
1. Оқушыларға белгілі бір кластағы заттарды не құбылыстарды көрсету (немесе олардың өздерінің аңғаруы). Бұл орайда обьектілер мәнді белгілерінен басқа белгілерінің бәрі ажыратылатындай немесе керісінше, мәнді белгілерінен басқа белгілердің бәрі ұқсас болатындай етіп іріктелініп алынады.
2. Оқушылардың заттарды не құбылыстарды бақылауы әр түрлі жақтары мен қасиеттерін, байланыстарын, іс -әрекеттерін анықтау.
3. табылған қасиеттерді салыстыру, салғастыру және қарама –қарсы қою (анализ). Қарастырылған обьектілердің бәріне ортақ немесе, керісінше бір топтың барлық обьектілерін өзге топтың барлық обьектілерінен ажырататын қасиеттерді анықтау және біріктіру (синтез).
4. Табылған қасиеттерді терминде бекітіп алып абстракциялау.
5. терминді анықталған белгілері бар әр түрлі обьектілерге қолдану арқылы ұғымдарды қорытындылау.
Оқу материалының ерекшеліктері тиісті білімдерді құру үшін қажетті заттың, перцептивалық және ақыл – ой әрекетіне байланысты. Ғалымдар оқушылардың ақыл – ой дамуына математикалық, грамматикалық, географилық және басқа ұғымдардың қалыптасу процестерін егжей тегжейлі зерттеді. Тиісті білімді қалыптастыру үшін қажетті ақыл – ой қызметінің әдістері және осы әдістерді үйретудіңғ тәсілдері анықталды. Арифметикалық әдісте тапсырмадағы сұрақтың жауабын сандарға арифметикалық әрекеттерді орындау нәтижесінде табуға болады. Тапсырмаларды шешуде арифметикалық әдістер бір – бірінен немесе бірнеше әрекеттермен немесе сандық әрекеттермен, сонымен берілгендер арасындағы қатынастар, берілгендер мен белгісіздермен ажыратылады. Ұғымдар заттардың құрылымдық және функйиялық қасиеттері мен олардың қатынастарын бейнелейді.
Бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық өзгеріс болады. Ол жаңа тәртіптің бір қатар маңызды әдеттерін бойына....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру