Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларының мінез құлқы

 Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларының мінез құлқы

Мазмұны
Кіріспе:
II Негізгі бөлім.
1. Бастауыш сынып оқушыларының мінез құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептері.
2. Қиын бала тәрбиесі және оны қайта тәрбиелеудегі кед/ң тәсілдері.
3. Қиын балаларға көмек берудегі педагог психологтің ролі.
III Қорытынды.
IV Әдебиеттер тізімі.
V Қосымша.

Педагогика тарихында «қиын» бала ұғымы ХХ ғасырда кеңінен тарала бастады.
Қиын бала мәселесі Г.А. Умананов, Ә.Ж. Жұмабаев, В. В Трифанов, Л.К. Керімов сынды бірқатар қазақстандық ғалымдардың да ғылыми зерттеулерінің тақырыбына айналды. Аталған ғалымдар осы топтағы балалардың мінез – құлық ерекшеліктерін, жүріс – тұрысындағы жат қылықтарды зерттеп, оларды қайта тәрбиелеу жолдарын көрсетті. Мәселен, Ә. Жұмабаев мектептің «қиын» оқушылар мен жұмыс жүргізу жүйесін жасады, В. Трифанов болашақ мұғалімдерді «қиын» оқушылармен жұмыс жасай білуге дайындау мәселесін көтерді. Ал Л.К. Керімов «қиын» балаларды жеке және топтап қайта тәрбиелеу бағдарламасын ұсынды. Бұл ғалымдардың зерттеулері қиын оқушылардың пайда болуының бірнеше себептерін ашып көрсетті.
Біріншіден отбасында тәрбие ісіне жеткілікті көңіл бөлінбеуден, яғни тұрмыстағы дау – жанжал, ата – аналарының маскүнемдікке салынуы немесе олардың біреуінің болмауы кері ықпал жасайды. Осы орайда ғалым – педагог В. В. Трифанов тәрбиесі нашар балалардың пайда болуына қоршаған шағын ортасы (микросреда), отбасындағы тәрбиесі ықпал ететіндігін атап көрсете отырып, өзі жүргізген зерттеу жұмыстарының барысында қиын балалардың 44% - да толық отбасы болмағанын, 30% - да жақын туыстарының біреуі (әкесі, шешесі немесе ағасы) заң алдында жауапқа тартылғандар, ал 15% - да әке – шешесінің біреуі ішімдікке салынғанын анықтаған. Бұдан шығатын қортынды, қиын балалардың пайда болуының негізгі себебі – отбасы тәрбиесінің дұрыс жолға қойылмауы. Сонымен бірге, В. Трифонов қиын оқушының пайда болуының физиологиялық, психосоматиялық негіздері бар екендігін де ескертеді.

«Қиын» балалардың шығу себептеріне ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақ зиялылары да бей – жай қарамаған. Ж.Аймауытов: «Адам баласының ұрлық істеу, өтірік айту, кісі тонау, өлтіру сияқты бұзақылықтарды жасауы тәрбиенің жетіспегендігінен... баланы бұзуға, яки түзеуге себеп болатын бір шарт – жас күнінде көрген өнеге. Ол өнеге әке – шешесінің тәрбиесі арқылы қалыптасады» деген орынды пікір арқылы бала тәрбиесіндегі отбасының роліне ерекше мән берген.
Екіншіден. Мектептегі оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастыруда мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің, мектеп әкімшілігінің тарапынан жекелеген оқушылардың мінез – құлық ерекшеліктерін, талап – тілектерін, қызығушылықтарын ескермеуден туындайды. Сондай – ақ, мектеп пен отбасының арасындағы байланыстың дұрыс жолға қойылмауы да әсер етеді. Үшіншіден, бұқара халықтың, қоғамдық ұйымдардың тәрбие ісіне немқұрайлы қарауы, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға көңіл бөлінбеуден туындайды.
«Қиын» балалардыңпайда болуының әлеуметтік себептерімен бірге, экономикалық жақтарын да ескеру керектігі туралы белгілі педагог А. С. Макаренко былай дейді. «ерекше заң бұзушылар жоқ, тек қиын жағдайға тап болған адамдар барн, яғни белгілі бір ортасыз, достарынсыз қалған, жанашыры жоқ, тұрмыстың бар ауыртпалығы бір өзінің мойнына түскен, өмірлік тәжірибесі жоқ кез – келген бала заң бұзушылыққа барады». Сонымен, педагогикалық, психологиялық, физиологиялық, әлеуметтік зерттеулерге негіз болған және көпшілікті алаңдатқан «қиын» бала дегеніміз кім?
Ғалымдардың анықтамасына сүйенсек, «қиын» балалар қатарына психикалық дамуы уақытша баяуланған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінез – құлқында психопатиялық формалар кездесетін, қозу күйін дәрі – дәрмек беру арқылы тежейтін, кәмелетке жасы толмаған құқықтық тәртіп бұзушы жасөспірімдер жатады екен. Басқаша айтсақ, жағымсыз жағдайда дау – жанжал шығаратындар, арақ – шарап ішіп жеке меншікті және қоғамдық мүліктерге қол сұғатындар. Бұған соңғы жылдары жасөспірімдер арасында нашақорлық көптеген қылмысқа итермелейтіні белгілі.
Соңғы жылдары қоғамда жүріп жатқан түрлі өзгерістер әсіресе ел экономикасының нарықты қатынастарға көшуі ұрпақ тәрбиесіне өз салқынын тигізуде. Бұлай дейтініміз, күн көрістің қамын ойлаған көптеген отбасылары сауда – саттықпен айналысып жүріп бала тәрбиесін уысынан шығарып алды. Балаларының бос уақытының көпшілігі компьютерлік клубтарда өтетіндігіне тіпті мән бермеді, ондағы атыс – шабыс ойындардың бала психикасына зиянын тигізетіндігі ойландырмады. Мектеп пен ата – ананың арасындағы байланыс төмендеді, әлеуметтік жіктелу орын алды, отбасының ажырасулары көбейді. Сөйтіп, аталған факторларға орай қиын бала мәселесі де жаңа сипат алып отыр.
Осыған орай қоғамның алдында әлеуметтік – саяси мәні бар үлкен міндет тұр, ол өскелең ұрпаққа қажетті білім беру және дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, денсаулығын сақтау үшін қамқорлық жасау, бүгінгі нарықтық қатынас жағдайында өздерінің ата – бабаларының дәстүрін сақтай отырып, еңбек етуге әзір болуын қамтамасыз ету болмақ.
Жалпы қазақ халқының ұлттық тәлім тәрбиесі мен мәдениет талай халықтардың өкілдерін тәнті еткені тарихи жазбалардан белгілі. Марко Поло, П. Паллас, Г.Ю.Клапорт, А.И. Левшин, В.Радлов, Г.Потанин мынды көптеген зеттеушілер.
Күнделікті тәжірибеде тәрбиешіге тәрбиеленушінң мінез-құлқын, жүріс-тұрысын үнемі түзетіп, қажетті қасиет сапасын дамытып, кемшіліктерін жою жолындағы күресте жеңіп шығуына көмектесіп отыруына тура келеді. Осындай жағдайларда төрбиеші, әрине, әртүрлі педагогикалық тәсілдер қолданады. Ал педагогикалық тәсілдердін әрқайсысы жаңа педагогикалык, жағдаяттың тууымен сипатталады.
Әрбір педагогикалық тәсіл, тек соған ғана тән жаңа педагогикалык, жағдаяттың ұйымдастырылуымен сипатталды дедік. Жағдаятқа байланысты қажетті тәсілді таңдап алу үшін алдын ала тәрбиеленушінің ішкі жан дүниесінің жағдайын, оның мінезін, мінез-құлқын билеп алған себептерді анықтап алу - өте маңызды мәселе. Бұл үшін тәрбиеленуші іс-өрекетіне психологиялық талдау жасап, оны жеке тұлғамен байланыстыра қарастыру қажет.
Тәрбиеші өз іс-әрекетін терең ойлап, тәрбиеленушіге және оның қылығына байланысты ойластырған ойына сәйкес көзқарасын білдіреді. Тәрбиешінің іс-әрекеті жене өзін-өзі ұстауы, сөйлеген сөзі тәрбиеленушімен қарым-қатынасын, тәрбиеленушінің ұжыммен қарым-қатынасын анықтайды.
Тәрбиешінің әрекеті, қолданған педагогикалық тәсілі, жүріс-тұрысы тәрбиеленушінің өз іс-әрекетіне жаңаша көзқараспен қарауына, жасаған ісіне айта баға беру сезімін оятарлықтай, алдағы уақытта жақсы жаққа қарай түзелуіне себебін тигізерліктей болуын мақсат етуі қажет.
Педагогикалық жағдаяттың өр бірінде тәрбиеленушіге айтылған сөздердің мағынасынын. терең болуымен қатар, ол сездердің қалай айтылғандығы мен тәрбиешінің дауыс екпіні мен мимикасында да үлкен мән жатыр. Тәрбиеленушінің назарынан мүньщ бірі де тыс қалмайды. Осы жайт тәрбиеші қанша дұрыс деп тапқан тәсілін қолданғанымен үміт қалса, күтілген нәтижеге қол жеткізу қиын.
Бір ғана сөздің құдіреті туралы айтылған ұлы педагог В.А. Сухомлинскийдің сөзін еске тусірейікші.
«Сөз - ол жүрекке нәзік жанасу. Ол нәзік, хош иісті гүл бола алады. Ол-сенім мен мейірімді кайта алып келетін тірі су және ол темірді ұсатқан өткір пышақ бола алады. Ақылмен, мейіріммен айтылған сөз қуантады, ақымақтықпен, қастықпен айтылған сөз және ойланбастан, орынсыз айтылған сөз кайғы -қасірет, бәле әкеледі. Сөзбен өлтіруге де, қайта жан бітіруге де болады, жан дүниені оңдырмай жаралауға да, қайта емдеуге де болады. Сөзбен түсініспеушілік пен сенімсіздік орнатуға, көңілді жадыратып, тұманды
сейілтуге, күлдіруге және жылатуға, сенім ұялатуға, еңбекке құлшынысын оятуға, өзіне сенім күшін арттыруға, жан күштерін буып тастауға да болады».
Тәрбиеленуші ол қандай «қиын» бала болмасын, өзі себепкер болған жаңа педагогикалық жағдаятқа немқұрайлылық таныта алмайдьі, Ол іштей болып жатқан жағдай туралы ойланып, терең күйзеледі. Оның осы ішкі тербенісін көре білген тәрбиеші тәрбиеленушінің-бойында жақсы қасиеттердің" қалыптасуьна, достарына, мұғаліміне, ұжымға деген, өз іс-әрекетіне деген өзгеше көзқарастың қалыптасуына пайдалануы қажет. Өкінішке орай, тәрбиешілер осы жайтты не көре алмай қалады, не немқүрайлылық танытады, не жазылған кеңеске мүлдем кереғар әрекет етіп, моселені ушықтырьп алып жатады.
Енді тәрбиеленушіге әсер ететін, оның іс-әрекетінің, мінез-қүлқының жақсы жаққа бағытталуына ықпал ететін педагогикалық тәсілдердің бірнешеуіне тоқталып өтейік.
Бала бойындағы жақсы қасиеттердің оянуына себебін тигізетін, оны қанаттандырып, қуаныш сезіміне бөлейтін, риза болу, (мүғалімге, ата-анаға, достарына) құрмет сезімдерін оятатын, өзіне деген сенімін күшейтуге мүмкіндік беретін тәсілдер бар.
Мұндай тәсілдер жақсы қасиетгердің бала бойьнда қалыптасьп, орнығуьна және нашар қасиеттер мен әдеттердің біртіндеп ығысып, жойылуына мүмкіндік береді. Тәсілдердің енді бірі баланың ұялу, көңілі қалу, өкпелеу, өкіну, опыну сияқты сезімдеріне түрткі болып, түзелуіне көмектеседі. Осы тәсілдерді тәрбиеші дұрыс таңдай біліп, орынымен қолдана білсе, олар сөзсіз тәрбиеленушінің түзелуі жолындағы күресте нашар қасиеттер мен теріс қылықтарды жеңуіне, жақсы қасиеттерін дамытып жетілдіруіне мүмкіндік береді. Педагогикада бұл тәсілдер - тежеуші тәсілдер деп аталады.
Тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы түсінуішлікті, тіл табысушылықты жақсартуға қызмет ететін және олардьң ішкі жан дүниелерін тереңірек ұғыныстыруға мүмкіндік беретін тәсілдер бар.
Енді мұғалім, тәрбиеші тәжірибесінде тәрбиеленушіге сезілмейтін, оның жақсы, жаман сезімдерінің оянуына немесе жойылуьна ашық әсер етпейтін тәсілдер бар. Олар -көмекшілер деп аталады.
Тәрбиеші тәрбиеленушінің келеңсіз іс-әрекеттерімен күрес жүргізуде бірін-бірі толықтырып отыратын, бірімен-бірі байланыстағы аталған осы тәсілдерді орнымен, жүйелі қолдана алғанда ғана «қиын» бала тәрбиесі өз нәтижесін береді....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру