Ұрпағы батыр елдің арманы жоқ
Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады. Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік.
Бауыржан Момышұлы
Адам қазасы. Халық қасіреті. Адамзатқа төнген апат. Зардап көлемі әртүрлі болса да, осылардың қайсысын ойлағанда жүрек дір етпейді?! Қайсысын көз алдыңа елестеткенде әлдебір тілсіз жаудың, зұлым күштің зорлығына душар болып, қиылып бара жатқан қыршын жандардың қиналысы жаныңды түршіктірмейды?! Өмірді тұншықтырған өктем күш қай уақытта, қандай сәтте белең алса да, қайғылы оқиға аталып, жүрекке зар құятыны анық. Солардың ішінде көп апат, індеттерден адам баласын көп қасіретке душар еткен қанды оқиғалардың, күйретуші күштердің аты – соғыс. Адамзат тарихында қанша рет соғыс болды? Сол сүргіндерде қанша ғұмыр қазаға ұшырады? Осы тұстағы дау туғызбайтын бір шындық – Кеңес халқының фашизм шапқыншылығына қарсы жүргізген Ұлы Отан соғысы адамзат тарихындағы барлық соғыстардың ең үлкені, себебі мен мақсаты жағынан да, қасіреті мен қиындық-қыспағының көлемі жағынан да мүлде ерекшесі болды. «Соғыс! Ел шетіне жау тиіп, опасыздық ойранын сала келіпті. Батыстан қаптаған қара бүйідей қалың намыт жолшыбай кездескен тіршілік атаулыны жалмап жұтып, жауыздық өртін қаулатын келеді. Елдігіңді етіктің табанымен таптап, қорлығы мен зорлығын қара тажалдың маңдайындағы қос мүйіздей кезек жайпап, ішін тарта ысқырынып келеді. Елдің намысын, халықтың қаһарын, ер-азаматтың қайратын белге түйіп, қарсы шап, түгел аттан! Көзі қанталаған обыр жауды тұмсықтан ұрып, тұралатып таста! Есін жиғызба, елін тапқызба, енді қайта бас көтере алмастай етіп, біржола есеңгіретіп жібер!» Ел бұйрығы, Отан әмірі осындай еді! Талай жанның елдікті аңсаған арманы орындалды. Елдің бостандығы мен намысы қорғалып, аман қалды. Жауды өз үңгіріне қуып тығып, тас талқан етті. Біраз жылдың ішінде бүкіл Еуропаны аяғынан тік тұрғызған, біріне-бірін жендет қылып қойған фашизм індетінің ініне су құйылды. Күллі адамзаттың талай замандар бойы ойымен және қолымен жасалған небір асылы мен ардағын арамдап, талақ етпек болған тағылық мақсат халықтардың қаһарына ұшырады.
Бірақ, осы екі аралықта біздің елдің басына қара бұлттай ойнаған қалың қасірет пен қайғының табандатқан төрт жылы мен мың жарымға тарта тәуліктің талай өмірді жалмаған ажалды күндері мен азапты түндері бар еді. Бұл екі арада еліміздің қасиетті жерінің талай пұшпағы жау табының астында тапталып, қорлыққа түсті. Талай қала мен ауыл тамтығы қалмай қирап, тыптипыл болды. Осындай ел басына күн туған шақта қолына қару алып, майдан шебін бетке алып, Отанының бостандығы мен азаттығы үшін жанын қиюға дейін барып, жауды жеңіп, Жеңіс туын қолына алғаннан кейін де елінің дамуына үлесін қосып, болашақ үшін еңбек еткен ардагерлерді қалай мақтасақ та, жарасымды.......

Шығармалар