Ерлікке тағзым
Сайпенова Айдана
11- сынып оқушысы Қобда гимназиясы
Ақтөбе облысы
Жетекшісі: Амиргалиева Роза Изтургановна

Ей, ұрпағым! Батыс жақтан сол бір жыл, Қасірет алып соғыс деген үн келді. Әлемімнің болса да ортақ ай, күні, Ұмытылар ма қаралы жыл әйгілі. Жамылды елім сонау бір жыл бір сәтте Қасірет пен қайғыны. Аш қасқырдай жанарлары қанталап, Жау төнгенде Отаныма анталап, Кеттім мен де жау шебіне ең алғаш, Ел тілегі,ел үмітін арқалап.
«Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Бүгін таңғы сағат төртте неміс басқыншылығы тұтқиылдан шабуыл жасап, Отанымызға соғыс ашты.Барша азаматтарды Отанымызды қорғауға шақырамыз» -деп Левитанның радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін бақандай төрт жылға созылған, тарихта болмаған ірі-ірі, жойқын шайқастарымен белгілі Ұлы Отан соғысы басталды. Кеңестер елімен «соғыспау» туралы жасалған шартын опасыздықпен бұзған фашист әскерлері соғыстың алғашқы сағаттарынан бастап-ақ кеңес әскерлерінің маңызды орындарын жаппай бомбалады. 1941 жылы 22 маусымда басталған Ұлы Отан соғысына ел басына күн туғанда, біздің ата-әжелеріміз, аға-апаларымыз да қолына қару алып, елін,жерін қорғау үшін майдан алаңына аттанды. Иә, соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ сан миллиондаған адамдар Отанын жаудан қорғауда кеудесін оққа төседі, жанын қиды. Осындай қиын қыстау кезеңдерде «Біздің ісіміз-әділ, жау талқандалады, біз жеңіп шығамыз!» деген үндеу майдан шебінде жүрген әрбір сарбазға күш бергендей жігерлендіре, рухтандыра түседі. Ақыры, біз Жеңіске жеттік! Қанішер неміс басқыншыларымен шайқасқан Кеңес әскерлерінің үміттері мен сенімдері ақталып, армандары орындалды.
Бірақ, бұл Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. 1418 күнге созылған сұрапыл соғыста Жеңіс күнін жақындатқан, қара түнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен миллиондаған ата-әжелеріміз мерт болды, мүгедек болып қалды. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Келешек ұрпағы үшін, Отаны үшін, елі мен жері үшін аянбай соғысқан батырларымыздың қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды!
Осы сұрапыл соғыстағы жеңістің басты себебі, әрине, халқымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі, қайтпас қайсар ерлігі, отаншылдық қасиеті. Сын сағатта Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, Отанын қорғады.
Осыдан 71 жыл бұрын, Кеңес армиясының қатарында ел қорғауға аттанып, зұлым жаумен шайқасқандардың ішінде қазақстандықтарда болды.
Адамзат баласына үлкен қасірет, қайғы әкелген бұл соғысқа Қазақстан жерінен бір миллион үш жүз алпыс алты мың жауынгер аттаныпты, ал алты жүз мыңы майдан даласынан қайта оралмады. Хабар- ошарсыз кеткен адамдардың сүйегінің қай жерде шашылып қалғанын немесе қайда жерленгенін туыстары да білмейді.
Соғыс жалмап аға-іні, бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.
Иә, соғыста қираған қалалар мен ауылдар әлдеқашан қалпына келтірілді. Бірақ, соғыс салған жара әлі жазылған жоқ. Соғыс кезінде жақын адамынан айырылмаған жанұя жоқ шығар, сірә! Сұм соғыс салған зардаптар бүтіндей бір әулеттердің түбіне жетіп,ошағын өшіріп, ананы жесір, баланы жетім қалдырды. Адамзат баласын табанына таптағалы аласұра ұмтылған фашизмді талқандауда Қазақстан азаматтарының жасаған ердіктерін елемей кету мүмкін емес. Болашақты қара түнектен арылту, азаттық алу үшін бостандық сүйгіш жұрт Отан үшін қан төгіп, жер жастандырылды. Қазақ елі басына күн туғанда шыбын жанын қу шүберекке түйген батыл, қаһарман халық болған. Ұлан- байтақ даласының біртұтам жері үшін қорқыныш сезімін жүрегінен суырып тастаған қазақ халқының айқас алаңдарында қаймықпай соғысқанына, өшпес ерлік көрсеткеніне жүз қазақтың Кеңестер Одағының батыры атағын алғаны дәлел болып отыр. «Азияда қазақ деген малшы халық бар. Олар малын бағып жүре берсін.Кейін олар біздің ұлы Германияны етпен қамтамасыз етеді»,деп бір империялық идеяның қасіретін бүкіл халыққа тартқызған – Адольф Гитлер өзінің «Майн Кампф» («Менің күресім») кітабында қазақтар жайлы жазған. Бірақ, жауыз Гитлердің бұл ойы іске асқан жоқ. Өйткені, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып отырған Кеңес Одағының әскерлері орыс, қазақ, украин деп бөлінбей ортақ жауға бәрі бірдей қарсы тұрды.
Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырған соғыс басталған
Қанқұйлы соғыс өрті ел еңсесін тіктей бастаған шақта лап етті. Елді дүр сілкіндеріп, тәтті ұйқысынан оятқан суық хабар тірлігі сүттей ұйыған Қобда жеріне де келіп жетті. Туған жерін қорғау үшін қарша бораған ажал оғы мен тозақ отына мойынсұнып, мыңдаған жас арманшыл жерлестеріміз майдан алаңына аттанды. Осылардың жартысынан көбі ұрыс даласында ерлікпен көз жұмды.
Облысымыздың орталығында құрылған 312-атқыштар дивизиясының және 101-ші ұлттық бригада жауынгерлерінің қатарында Мәскеу түбіндегі фашист басқыншыларына қарсы күресте Қобдалықтар асқан ерлікпен көз жұмды.
Қобда жері - батырлардың мекені! Осындай атаудың астарында сонау Қобыланды, Абат, Исатайлардың батырлық рухы жатса керек. Осы әйгілі батыр бабалардың даңқты жолын Қобдалықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында да лайықты жалғастырды. Батырлар мекені аталған Қобда жерінен сегіз бірдей Кеңес Одағының батыры шығуы басқа еш жердің майдайына жазылмаған айрықша абырой. Ал Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағының Батыры атағын алған екі қазақ қызының бірі – жерлесіміз Әлия Молдағұлованың соғыс тарихында өшпес із қалдырған теңдесі жоқ ерлігі киелі өңіріміздің шоқтығын биіктетті. Батырлық жолдан тап болмайды. Тегінде бардан тектілік шығады. Әлия туған топырақ қазақ тарихында белгілі мекен еді. Қарақобда мен Сарықобда қосылып, үлкен Қобда арнаға түсер жердің жанындағы Абат – Байтақ мазарының құпиясын әлі ешкім ашқан жоқ. Ұлы Қобда сонау Қиылмен қосылып, Елекпен жанасқан жерінде киелі Қобыланды жатыр. Әлия туған жер - батырлар мекені. Кешегі өткен Махамббет пен Исатайдың жорығы да осы маңайда болғаны рас. Осы өлкеде Әлияның дүниеге келуі де сол бір ерлік дәстүрінің сақталуы сияқты болып көрінеді. Қобыланды батырдың қылышы, Бекет атаның аса таяғы, Исатай батырдың денесі жатқан бұл өңірде батыр тууының өзі-заңдылық.........

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Ерлікке тағзым туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Ерликке тагзым на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Ерлікке тағзым