Ауыл табиғаты

 Ауыл табиғаты

Таспенова Айгерим

Бергі тас, Көк ала айғыр, Желтау тауларының арасында орналасқан кішкене ауыл.Ерекше табиғат аясында орналасқан осынау Қойсалған жерінің де өзіндік тарихы бар. Ел-ел болғалы, адам-адам болғалы атам қазақтың кәсібі мен азығы төрт түлік мал болған. Бір жылдары ауыл халқы үшін ауыр күн болған. Қуаңшылық, жұт жылы ел адамдарының аштықтан аман қалуына осы төрт түлік малдың бірі қой себеп болған деседі. Азығы бітіп, шарасы таусылған ауыл адамдарына көмек ретінде жақын маңдағы ауылдардан қой әкелген. Сөйтіп өзекті өртеген аштықтан құтылуға қой себеп болып, ауылды Қойсалған деп атаған. Ауыл табиғатын Еркеш Ибраһим жырға қосқан.
Қойсалған жері көк орма,
Тебіренді көк арман.
Найзағай бұлтқа қамшы іліп,
Теңселеді тал-шілік.
Қайранда шіркін, Қойсалған!
Өмір күнделікті тіршілік қамымен өтіп жатты. Қашанда өмір біреуге қуаныш, біреуге қайғы, енді біреуге молшылық пен жоқшылық әкелетін әдеті ғой. Елемесовтар отбасының да өмірде көріп жатқан қиындығы аз емес еді. Елемесовтар отбасына келген балалардың бірінен соң бірі шетінеп кете берді. Бұл отбасы үшін жоқшылықтан да қиын, ауыр қайғы еді. Сүйтіп жүріп шүкіршілікпен өздерін жұбатып, құдайға сыйынған отбасына қуаныш сәулесі үңілді. Отбасына тағы бір жаңа сәби келді. Мәлік деп азан шақырып атын қойды. Мәлік арабша патша, билеуші деген мағына береді екен. Отбасының кішкене «патшасы» өте зерек болып өседі,бірақ әлжуаз,нәзік болады. Бірде ол өзінің оқығысы келетінін айтады. Әкесі сен үшін жұмысты кім істейді, әрі ауылда мектеп те жоқ екенін айтады. Әжесі Мадиян немересінің сөзін сөйлейді. Сүйтіп Мәлік көрші ауылда екі жылдық училищені бітіреді.М.Ғабдуллин: «Адамды алға жетелейтін ой-санасын тазартатын жан дүниесін дүр сілкіндіретін, қанаттандыратын бір күш бар. Ол - арман. Мәлік арманы халыққа пайдалы іс атқарсам дегенге саяды. Ол бір арманым орындалса, сап етіп екіншісі туады. Ол іске асысымен «мен мұндалап» үшіншісі келеді» деген екен. Өзі айтпақшы бала Мәліктің сол кездегі арманы әрі қарай оқу еді. Бірде «Бостандық туы» газетінен Петропавл педагогикалық техникумы дайындық курсына студенттер қабылдайтынын жазған. Оны оқыған бала тағы да әке-шешесіне өтініш айтады. Бұл жолы оны әжесі де құптамайды. Күтпеген жерден бұл жолы немересіне атасы қолдау көрсетеді. Өкінішке орай Мәлік аталған оқудан қалып қояды. Келесі жылы кел деген сөзге тоқтамай Көкшетау қаласындағы мектепке төртінші класқа қабылданады. Міне осылайша оған білім есігі ашылады.
Қазақстан еліңе,
Туып өскен жеріңе,
Сүйікті болдың Мәлігім! -деп Кенен Әзірбаев айтқандай халқының қалаулысы бола білген М.Ғабдуллиннің өмір жолына тоқталайық.
Көрнекті қоғам қайраткері,ғалым-педагог,жазушы-публицист М.Ғабдуллиннің бүкіл ғылыми шығармашылық қызыметі негізінен қазақтың дәстүрлі ауыз әдебиетін зерттеуге арналған. 1935 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітірген. «Пионер»газетінің жауапты редакторының қызыметкері.1938-1941 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының аспирантурасында оқыған.
Генерал И.В.Панфилов бастаған даңқты 28-гвардия құрамында Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ қатысты. Бірінші автоматшылар ротасының саяси жетекшісі,екінші атқыштар батальонының комиссары, полк үгітшісі болған. Мәскеу іргесіндегі қанды шайқаста қаһармандықтың асқан үлгісін көрсеткен.
1944-1946 жылдары КСРО Қорғаныс Министірлігі Жоғарғы Саяси Басқармасы үгіт-насихат бөлімінің бастығы, ал1946-1951 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтында директордың орынбасары, директоры, 1951-1963 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының ректоры, 1963 жылдан өмірінің соңғы күніне дейін Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында фольклор бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарған. Екі рет Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды.
М.Ғабдуллиннің «Менің майдандас достарым», «Алтын жұлдыз», «Майдан очерктері», «Проблема народности казахского героического эпоса», «Ел намысы-ер намысы», «Сұрапыл жылдар» атты шығармалары да бар. М.Ғабдуллиннің қызыметі мен еңбек жолын тізбектеп айта беруге болады. Алайда ағамыздың соғыс жылдарына тоқталмай кетуге болмас деп ойлаймын. 1941 жылдың қырқүйегінен бастап соғыстың соңына дейін фашистік соққыдан Отанын қорғау борышын абыроймен атқарады. 1942 жылы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік солдаттардың біразына қолбасшылық етеді. Ол басқарған сарбаздар тісіне дейін қаруланған фашистердің әскерлеріне тойтара соққы береді. Кескілескен ұрыстың нәтижесінде жаудың екі танкісін гранатамен жарып, жаудың 12 солдатын тұтынға алады. Ұрыс кезінде Мәлік ағамыз жарақат алады. Алайда алған жарақатына қарамастан жауға қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі ПрезидиумыныңЖарлығымен (№1035) Мәлік Ғабдуллинге 1943 жылдың 30-қаңтарынан бастап Кеңес Одағының Батыры атағын береді. Бұл атақпен қоса Ленин ордені және «Золотая Звезда» медалі де беріледі.
М.Ғабдуллин соғыса жүріп майдандас достарының ерлігін,қиындықта көңілге түйген ізгі ойларын, ақыл-кеңестерін хатқа түсіріп отырған. Мысалы: соғыс шығынсыз болмайды ғой. Өліп кетсек те, тірі болсақ та, халық қосқан аманатты адал ақтай алсақ, жақсы болар еді. Оны ақтаймыз деген сенім күшті-ақ. /1941жыл қазан/.
Мен майданда әділдік,шындық,ақиқат үшін соғысып,қ ан төгіп жүрмін. Әділдік үшін бәйгеге басымды тігемін. /5-мамыр 1943жыл/ т.с.с.
Мен Мәлік ағамызды мақтан тұтамын.Қазақстан жерінде Мәлік сияқты Отаны үшін отқа түскен қаһарман ұл,қыздар баршылық. Олардың бәрінің де аруағына бас июге, құрмет көрсетуге, есімін құрметтеп еске алуға тұрарлық перзенттер. Ерлікті дәстүр еткен, елдікті аңсаған Қазақстандықтардың бүгінгі ұрпағы да ата дәстүрін берік ұстап келеді.Қазақстан жерінде қазір әр ұлттың өкілі тату-тәтті тұрып, тұрмыс құрып жатыр.Олар бірлесе, тізе қоса сап түзеген.Бәрі бір ауыл,бір бауыр. Өйткені олар-қазағы да, орысы да, немісі де татары да бірлік арқылы ғана бақытқа жететінін терең сезінеді.Сондықтан да бірге, бірлесе түседі.
Шығармамды Жамбыл Жабаевтің ағамызға арнаған өлең жолдарымен аяқтағым келеді.
Батырым – Мәлік беренім,
Жүйрігім – озған өренім.
Халқы сүйген қалаулым,
Жырымды саған төгемін.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру