Отан үшін от кешкен ойылдықтар
Сисенғалиева Сағыныш
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы
Ойыл қазақ орта мектебінің 8-класс оқушысы
Жетекшісі: Абдуллина Баршагүл Семғалиевна

Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран
Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын ерекше атап өткен болатын.
Ұлы Жеңіске биыл 71 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлиндегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарман жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді.Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз.
Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірін толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті арифметикасы. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды.
Ұлы Жеңіске Ойыл ауданының халқы да өз үлестерін қосты. Олар еліміздің басқа халықтары сияқты асқан ұйымшылдық, ерлік пен патриотизм үлгісін көрсетіп, ел басына қаралы күн туғанда өз еріктерімен 2600-ден астам адам Отанын қорғау үшін қолдарына қару алып, жан аямай күресті. Сол кездегі ерлік еңбектері бағаланып, Н.Н.Оноприенко Совет Одағының Батыры атағына ие болса, Е.Т.Шүкіров «Даңқ» орденінің толық иегері болды. Екі «Қызыл жұлдыз», І, ІІ дәрежелі даңқ ордені бірнеше медальдармен марапатталған. №6305 Белгород дивизиясының құрамында болған Н.Сүндетбаев, ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденіне, бірнеше медальға ие болған Қ.Ақпанов, Қ.Мұхтаров, Ж.Мерғалиев, С.Ұзақбаев, Ж.Дауов және т.б. көптеген ардагерлеріміздің ерлік істерін ұрпақ мақтан етеді, құрметпен еске алып, олардың ерлігін естен шығармайды. Соғыс халқымызға орны толмас қасірет алып келді. Жоғалтқан шығынымыз ауыр болды. Бірақ әр майдангер ұрпағының жүрегінде ағалардың ерлікке толы істері көңілге мақтанышпен қуаныш сезімінде ұялтады. Ойылдық жауынгерлер неміс фашистеріне қарсы күресте майданның барлық жерінде шайқасты. Махат Құбаев, Құлымжан Мамедов, Қанатбай Сарсенғалиев, Хамит Сисенғалиев, Тоқтар Мұсабаев, Найзабай Жолдасбаев, Қарақұл Елеусізов фашизмнің ордасы Берлинді алуға қатысса, Орынбасар Асанов, Рахым Жұмағалиев Заполярьені ,Бақыт Наурызов, Бернияз Аманғосов, Жоныс Бақтыгереев революция бесігі болған Ленинградты, Андрей Александрович Ларин, Шам Пангереев, Әдиет Нұрқасов, Аққыстау Тілепов, Тихон Иванович Петрашов, Мұса Құрманов, Сағын Шідербаев Сталинградты қорғауға қатынасты. Елін шексіз сүйген халқымыз өз Отанын қорғап қалды. Оның көбі майданда ерлікпен қаза тапты. Тірі қалғандары елімен қауышты. Ойыл жерінен 2600-ден астам адам Отан қорғау үшін, қолдарына қару алап, жан аямай күресті. Олардың 974-і елге оралмай, майдан даласында ерлікпен қаза тапқан. Оның 432 адамы із- түссіз жоғалып кеткен. Қазірде олардың қай жерде жерленгені де белгісіз.
Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерлігіне тағзым ету - азаматтық парыз. Соғыста біздің әкелеріміз ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың өршіл рухын, батырлығын әлемге паш етті. Қазақ ұлты ұландарының антқа адалдығын көрсетті. Соғысты жеңіспен аяқтаған майдангерлер елге аман оралған соң кейбірі еңбек майданына араласып елге еңбек еткен. Еңбектегі үздік табыстары үшін соғыс ардагерлері үкіметтің ордендерімен ,медальдарымен марапатталып, еңбеқтері еленіп құрметқе бөленді. Бірақ сұм соғыстың тәнге де, жанға да жарасын салып әрбір отбасын қайғыға салғанын ұмыту мүмкін емес. Баладан, бауырдан, жардан айырылды. Сондай отбасылардың бірі ардагер Сисенғалиев Хамиттың отбасы еді.
« ...Соғыс туралы айту ауыр тиеді маған. Соғыс деген біздің жоғалтқан жастығымыз, арманда кеткен боздактардың «тағдыры» деп қинала әңгімесін бастады. «Біз әкеден екеу едік, 1926 жылы туған ағам Қаби, соңынан ілескен мен.Тағдыр бізді маңдайымыздан сипамады. 1932 жылы шешем дүниеден озса, 1939 жылы әкем қайтыс болды. Жетімдіктің ауыр жүгін көтеріп өстім. Сондай қиын күндердің бірінде ағам майданға аттанды. 1942 жылы қолынан жараланып келіп, 1943 жылы майданға қайтадан аттанды, сол кеткеннен оралмады. Хабарсыз кеткендер қатарына қосушы едім. 1990 жылы іздеу хатыма «Сіздің ағаңыз Қаби Сисенғалиев 1943 жылың желтоксан айында Суходелъск селосында бұрынғы Батуман селосы, Долинск ауданында жерленген» - деген хат алдым. Соғыста жалғыз бауырын жоғалткан мен емес, менің ағам сияқты каншама боздактар орындалмаған армандарын арқалап құрбан болды. Тек қуанатынымыз құрбандықтың өтелгені. Қуанатыным – бауырымның есімі Ойылдың орталығындағы соғыстан оралмағандардың тізімі көрсетілген ескерткіш тақтаға жазылды. Балаларым, Отан үшін от кешкен, кеудесін отқа төсеген жауынгерлердің өшпес ерлігі мен жасын ғұмыры мына жарқын да, бейбіт өмірдің өтеуіне келген қымбат нәрсе» деп әңгімесін айтқан еді. Ал өзім 1943 жылы майданға аттандым. 1945 жылы 2 мамырда Берлин түбінде жараланып, Жеңісті Берлинде қарсы алып, елге оралдым. Сол кезден бастап, еңбек майданында қызмет еттім. Тәңірдің бұйырған несібесіне шүкіршілік етіп өмір сүріп келеміз. Бірақ та күн өткен сайын соғыстың салған сол бір жарасы - бауырым ойыма орала береді. Егер тірі болса 80-ге толады екен» - деп үнсіз отырып қалды. Әркімде де бар бір арман» демекші деп соғыс зардабы кімдерге оңай тиді дерсің, кай майданда жүріп қан-от кешкен еңбегіміз еленді. Көптеген орден медальдар омырауға ілінді. Осы күнде солардың әрбір сыңғырынан сұрапыл күндердің жанғырығын сезінгендей боламын. Ол күндердің бейнесін ұмыту мүмкін емес. Тыныш заман болғай» (Хамит атаның көзі тірі кезінде алынған сұхбат, 2008жыл). Ұлы отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін, Германияны жеңуде қосқан үлесі үшін Хамит Сисенғалиев «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен, «Қызыл жұлдыз» ордендерімен марапатталады. 1981 жылдың қарашасынан бастап зейнеткерлік демалысқа шығып немерелері мен шеберелерінің қызығын көрді. Өмірлік Серігі Қанзия екеуі 7 ұл-қыз тәрбиелеп өсірді.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Отан үшін от кешкен ойылдықтар туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Отан ушин от кешкен ойылдыктар на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Отан үшін от кешкен ойылдықтар