Мақал-мәтелдер

Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).

Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).

Мағынасы бар мақал-мәтелдер мында

Адам

Ат аяғынан семірер,
Адам құлағынан семірер.

Мақал-мәтелдер
Толық

Ақыл, ес, ой

Ақыл — арман, ой — өріс.

Ақыл ауыздан, мерей көзден.

Ақыл — ауыс, ырыс — жұғыс.

Ақыл базарда сатылмайды.
Мақал-мәтелдер
Толық

Әке, папа

Алты аға бірігіп әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп ана болмас.

Әке балаға қарыз,
Бала далаға қарыз.

Әке балаға сыншы.

Мақал-мәтелдер
Толық

Білім

Білетінің бір тоғыз,
Білмейтінің тоқсан тоғыз.

Білмесең үндеме,
Білгенді күндеме.
Мақал-мәтелдер
Толық

Қыз бала, қыздар

Қыз назы қырық кісіні мас қылады.

Қыздың қабағында құт бар.

Қыздың қабағы күлімдесе – құт келеді.

Қыздың жолы қырық кісінің жолын бөгейді.

Мақал-мәтелдер
Толық

Су, өзен, көл, бұлақ

Көл көлге құяды,
Сел селге құяды — шұқанаққа дым да жоқ.

"Көлмін" деп көпіресің ішінде бір балығың жоқ.

Көл тартылса кұс қашар.

Казғанмен су шықпайды қыр басынан(Біржан сал)

Қара суға жапалақтап қар жауса қара балық ұрық салады.

Мақал-мәтелдер
Толық

Үй, баспана

Туған үйдің түтіні жылы,
Туған ананың күтімі жылы.

Түздегі май ішеді,
Үйдегі зәр ішеді.

Түтін шыққан үй жылы,
Төскейлей шыққан күн жылы.
Мақал-мәтелдер
Толық