Қайсар мінез қазағым
Сатенова Аружан
8 сынып, Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы, Атырау қаласы
Жетекшісі: Темірғалиева Ақтоты Болатқызы

Мен өз өмірімде соғыс дегенді көргенде, білгенде емеспін. Соғыс - деген сөздің өзі өте ызғарлы, суық деген сезім туғызады. Соғыс деген сөздің өзі артынан зұламат, азатпен қан төгілген адамдар, қираған қалаларды қалдырған тарихи жағдайларды есіме салады. Соғыс туралы тек қана көргендерім ғана бар. Мен үшін соғыстың оты, оның зардабы, өмір бойы бітпейтін қиыншылықтары секілді. Көрген киномен оқыған кітаптарымда, соғысты көрген адамдардың қаншалықты қиналатынымен оның әкелген қасіретінен қаншама ұрпақтар зардап шегетінін ойласам, осыншама қайғы мен қасірет әкелетін сөзді кім ойлап тапты екен деген ойға қаламын.
Ұлы Отан соғысы, бұл соғысты екінші дүние жүзі соғысы депте атайды. Бұл адамзат тарихында зұлымдық пен қаншерлікті паш еткен соғыс дер едім. Қырық бір миллион адамның өмірін жалмап, жүзде он миллион адам жарақат алған үлкен алапат қасірет. Осы соғыста қаншама адам зардап шегіп, мүгедек атанды. Қаншама ана жесір қалып, қаншама бала жетім атанды десеңізші. Оңай келмеген жеңісте ерең еңбегімен көзге түсіп, үлкен сый құрметке ие болған, мыңдаған жауынгердің ішінде өзіміздің қазақ жастары да бар. Солардың бірі Атыраулық жерлесіміз ұшқыш Хиуаз Доспанова. Өрімдей жас қыздың, үлкен алапат соғысты бастан кешіріп, өмірдің ащысы мен тұщысын ерте татады. Жаумен алысып, аспандағы шайқаста үш жүз рет болып қайтқан Хиуаз ұшақтан он төрт рет құлап, төрт мәрте ауыр жарақат алған. Есін жиысымен ұрыс даласына қайта оралып отырған. Қазақтың жас қызы Ұлы Отан соғысында ерен еңбегімен ерекше көзге түскені үшін «Қызыл жұлдыз», II дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Ал «Еңбек Қызыл Ту» ордені соғыс аяқталған жылдардағы еңбегінің жемісі.
Ұлы Отан соғысының батыр атағын алған Әлия Молдағолова, Мәншүк Маметова, Хиуаз Доспанова, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбайев туралы осыншама қазақтың ер жүрек батырлары, кеңестер одағының он бес одақтас республиканың атынан ел қорғап, батыр атағын алды. Бұл қазақ халқының қайсарлығы, ер жүректілігі, ештеңеден қорықпайтындығын қазақ жастары осы соғыста тағы бір мәрте дәлелдеді.
Миллиондаған адамдар соғысып жүген соғыста қазақ азаматы Рақымжан Қошқарбайев рейстаққа барып, немістердің бас қаласына жеңіс туын тікті. Қазіргі қазақ жастары үшін бұл үлкен мақтаныш.
Міне биылғы жылы сол қайғы мен қасірет әкелген Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына жетпіс бір жыл толып отыр. Бұл ұлы мереке сол кезде одақтас болған, он бес республиканың бәрінде де құрметпен аталып өтуде. Бұл күнде біздің Қазақстанымызда сол бір заманда одақтас болған КСРО-ның құрамынан бөлініп өз алдымызға, егеменді ел болдық. Өз тіліміз сақталып, өзіміздің ұлттық валютамыз кең байтақ Қазақстан даласының, қазақ даласының өз шекарасы анықталып, ешкімге тәуелсіз, егеменді бейбіт ел болдық. Дегенмен де сол бір қиын кездерді бірге көрген, азап пен зұлымдықты, бірге тартқан халықтардың достығын мәңгі бірге сақтап келеміз. Біздің елде қаншама ұлт өкілдері, сол соғыс кезіндегі азаптың салдарынан маңдай тіреген болса, солардың ұрпақтары біздің елді, өз елім деп сіңісіп кетті. Өз елім деп өсіп келеді.Соғыс отының өшкеніне биыл жетпіс бір жыл толып отырған біз үшін үлкен мереке болмақ. Қайсар мінез қазағымның арқасында, осындай бейбіт, тыныш елде өмір сүріп жатырмыз.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Қайсар мінез қазағым туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Кайсар минез казагым на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Қайсар мінез қазағым