Бабалардың өз ерлігі ұрпақ санасынан еш уақытта өшпек емес

 Бабалардың өз ерлігі ұрпақ санасынан еш уақытта өшпек емес

Құрақ Гүлбарам
11 сынып, Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы, Атырау қаласы
Жетекшісі: Темірғалиева Ақтоты Болатқызы

Тайынба, жолдас жауынгер,
Ел тағдыры қолыңда!
Тайынбасаң оқ пен от
Бөгет болмас жолыңда! – Жұбан Молдағалиевтың рухты өлең жолдарын тілге иек ете отырып, жарқын болашақ көзімен майдангер-баба ерлігіне алғыс! Егемендік пен еркіндіктің, тәуелсіздік пен бейбітшіліктің тәтті дәмін тату Алланың берген ең асқақ сыйы. Осынша құдіретті атауды абыроймен көтеру үшін бабам не көрмеді десеңші?! Сонау ХV ғасырдағы тарих беттеріне сапар шегер болсақ, қуғын-сүргін де, аштық пен тоқырау да, сұм соғыс та қазақ бастан кешірген қасірет.
Осындай сұрапыл боран секілді, барша адамзат баласын шарпыған «Ұлы Отан соғысы» да қазақ халқының азалы тағдырына жазылды. Алапат соғыстың ащы дәмін татқан баба қасіретін сөзбен айтып жеткізу емес. Жанқиярлықпен күрескен жаужүрек батырлар ерлігі азаттық туын тіктірді. Ерлік пен батырлық – бұл ата-баба қаны мен тердің арқасында азаттық пен егемендіктің таңын атырған асыл адами қасиет. Бұл ұғым әрбір Отан қорғаған ұлы баба есіміне теңеу секілді. Осынау сұм оғыс 1,5 миллионнан аса қазақ жауынгерінің өмірін қиып түсірді. Қаншама ана жарсыз, қаншама бала әкесіз, қаншама боздақтарымыз қыршыннан кетті. Осынша қасіретті күрең күздің соңынан, көктем шуағын шашатыны айқын еді. Қуаныш жасы мен қайғы жасы қатар ағатын айтулы мерекені, міне тағы да тойламақпыз. Өкініш пен қасіретке толы сол сәттерді енді есімізге алғымыз келмесе де, ағаапаларымыздың жанқияр ерлігі еріксіз еске алдырады. Биыл 2016-шы жыл. Қасіреті мол қилы заман шеруінің артта қалғанына 71 жыл толып отыр. Қаһарлы соғыс жылдары ұлт еңсесін есеңгіретсе де, бүгінгі күні жаңа жеңістерге, жаңа толағай табыстарға жетуге жігерлендіреді.
Ұлы Отан соғысы миллиондаған баба қанын, тылдағы аға-әпкелердің терін төктірген күн. Біз бұл күннің қаншалықты ауыр жолмен келгенін ұғынып қана қоймай, аманат қып мойнымызға байлаған егемендікті осындай жолмен сақтау абыройлы борышымыз. Жер бауырына жастанған атабабаларымыздың көзі тірі болмаса да, өр рухы әрдайым биік белестерден асуға жетелейді, қайсар да қайрат шабыт алуға итермелейді. Осынша арайлы таңның қаншалықты жарық екенін болашақ ұрпақ мақтанышпен айтады.
Азалы жылдар мен ғасырға созылғандай уақыттардың әрбір қиыншылығы, әрбір қатігездігі, әрбір қасіреті соғыс жылдарындағы жауынгер баба жүрегіне жазылмас жара қалдырғаны анық. «Ұлы Отан соғысы» деп ақтық демдері қалғанша жауға ержүректікпен қарсы шапқан ер есімдері, ел есінде әлі күнге дейін сақталып келеді.
Бауыржандай батыр тұлға жаужүрек жауынгерлерін рухтандырып, жеңіске деген сенімдерін арттырып, ұлан-байтақ даланы сақтап қалды. Қазақтың қос қарлығашы Әлия мен Мәншүк те жаңа жайұалған қызғалдақтай өрбіген сәтінде қолға қару алып, Отан қорғауға аттанды. Өр мінезді қайсар аруларымыздың арқасында жаудың еңсесін еңсіретті. Және де ұшқыш аруымыз Хиуаз Доспанованың да абыройлы еңбегін еске түсірмесек болмас. Осы тұста, Атырау өңірінің қасиетті топырағынан табан тоздырған – Боран Нысанбаев, Қайырғали Смағұлов, Хиуаз Доспановалар бүкіл Қазақстан халқы игі тұтар өр батырларымыздың бірі. Соғыс – естіген жанның денесін түршіктірер қырғын атау. Осынша атауды жеңіп, жау тізесін бүктіре білген бабалар еңбегі балалар жадында сақталары анық.
Осы еңбектің еселі күндері де Тәуелсіз Қазақстанның тарих беттеріне жазылуда. Осы уақыт аралығында, төрт жыл бойы көрген азапың ұзақ жылдық бақытын таттырарын кім білген?! Осындай өжет халықтың ұрпағы ретінде қазалы жылдардағы әділетсіз сәттер мен сол сәттердегі төзімділіктеріңіз үшін, жанқияр әрекеттіңіз бен болашақ бақыты үшін атқарған қайсар ерліктеріңізге сансыз алғыс. Майдан алаңындағы асқақ жігер мен берік рухтың арқасында ел күнтізбесіне тағы бір мереке қосылды. Сол жылдардағы әрбір төгілген қан мен тердің өтеуін өтеу мүмкін болмас. Алайда, егемен еліміздің даңқын асқақтатар кейінгі жас толқындар да жетіп артылады. Қасиеті де, қасіреті мол – Ұлы Отан соғысының қилы көрінісі тарих беттерінде алтын әріптермен жазылары хақ. Ал, бабалардың өр ерлігі ұрпақ санасынан еш уақытта өшпек емес.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру