9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы Отан соғысы)

 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы Отан соғысы)

Сембаева Аяулым 8 сынып
Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия
Жетекшісі: Ибраемова М. С.

Ұлы Отан соғысы талай адамның қаны төгілген майдан алаңы. Сол соғыста ұрпақтарын қорғау үшін, жерін аман алып қалу үшін майдан алаңына аттанды. Сол бір сұрапыл 1941- 1945 жылдар біреуді қарындастан, біреуді ағадан, енді бірін ініден, өзгесін әкеден, анадан, туған-туыстардан айырды. Ызғарлы соғыс бәрін жалмады. Жеңістің лебі ескенде, Қазақ елі, даласы бір жасарып қалғандай болды. Сол сұрапыл соғыстың зардабынан қаншама адам жапа шекпеді десеңізші!

Біз, жеңіс дегеннің оңай келмегенін түсінер ме екенбіз? Қаншалықты түсінеді, ұғады, құнын біледі дегенмен де, қазіргі жастардың жанарына қарасаң, бір қуанышты көре алмайтынымыз тағы рас. Сол бір жастарға, өзім қатарластарға қарап, «Расымен де, Қазақстанымыз дамыған ба? Тәуелсіздікті ұғынамыз ба?» деген сұрақтар туындайды менде.

Уақыт көрсете жатар. Барлығы да болашақ еншісінде. Бала жүректен шынайы тілегім біреу ғана. Ол – еліміздің тыныштығы, жеріміздің амандығы, бауырымыздың бүтіндігі! Бақытты ел болғанға не жетсін!?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру