Мекенім менің – Қазақстан

 Мекенім менің – Қазақстан

Қуанышова Сымбат
9 сынып, Ә.Махутов атындағы мектеп
Төлеп селосы, Бейнеу ауданы

Отан ... Бұл бір сөз ойыма оралғанда ерекше әсерленемін. Білмеймін, бәлкім бұл менің махаббатым болар...
Иә, кезінде осы қазақты қазақ қылу үшін ата-бабаларымыз не істемеген. Талай тар жол тайғақ кешуді бастан өткерді. Отан үшін қанында, жанында құрбан етті. Сонау Жәнібек пен Керей бастаған қазақ бұқарасы не көрмеді. Ақтабан щұбырынды, Алқакөл сұлама заманынан да сүрінбеді, тек алға деді. Одан кейін Аңырақай шайқасында қазақ жасағы жеңіс тойын тойлады. Осылайша үш жүздің басын қосып Абылай хан сайланды. 1456 жылдан басталған қазақ елінің тарихы небір сындардан сүрінбей өтті. Бүгінге жетті. Қазіргі еліміздің болашағы зор. Мен еліме деген махаббатымды жеткізер болсам, ақ қағаз бен көк сия жетпес еді. Кіндік қаны қазақ топырағына тамып, осында өскен әр қазақтың өз еліне деген махаббаты шексіз болады, әрине. Еуразия құрлығының орта нүктесі біздің елде. Біздер Еуразияның жүрегіміз. Ал қазақ жастары тәуелсіздіктің төл перзенттері. Тек, АЛЛАМ, осы бір қуаныштан, азаттықтан айыра көрмесін. Мұқағали айтпақшы:
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды,
Отансыз жан өмірінде оңбайды,
Өзін өзі қорлайды сорлайды,
Тірі адамға сол қайғы, – дегендей қазағымның көк туы әрқашан биікте желбіреп, қыранымыз көкке самғай берсін деп тілеймін. Ел ертеңі-жастар. Жастар-мемлекетіміздің тірегі, күш-қуаты, биікке самғар қанаты. Азамат-абыройлы атақ. Парыз-қастерлі
ұғым. Өмір-парыз бен қарыздан тұрады. Осы қарыз бен парызды терең сезінген әрбір жас-елінің үлкен үміті. Ондай жас өз отбасының қамын ойлаудан әрі асып, Отан қамын ойлау биігіне көтеріледі. Абай атамыз айтқандай “Атаңның баласы болма, адамның баласы бол”. Осындай ұл қыздары көп елдің еңсесі биік, іргесі берік, мәртебесі жоғары болады. Әрбір адам өз елінің болашағы жарқын болатындығына сенеді және соған қызмет етеді.
Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан болды қазақ елі ұмытпақ емес . Осынау дархан дала , ашық аспан, масатыдай құлпырған жасыл жайлау, шегі жоқ шөлді жерлер, әсем әсем таулар, арқырап аққан өзен, бәрі бәрі қазаққа берілген сый көрінеді, маған. Мұндағы әрбір тал, әрбір гүл ыстық сезіледі. Жүрегімде елге деген ұлы сезім лаулап, алаулы өрттей тулап барады. Жүректің осынау кіршіксіз сезіміне кір түсірмеспін деп ойлаймын. Қасиетті жерімізде қымбат та бағалы қазынамыз да бар. Мұнайымен, табиғи газымен әлемге әйгілі болды. Бәрінен бұрын қазақ елінің батырлық жасап Семейдегі полигонды жабу туралы мәлімдемесі еді. Қазақ жерінде 40 жылдан астам уақыт бойы сынақ жүргізілген ядролық қаруға нүкте қою әлем назарын өзіне аудартты . Алаштың бұл қайсарлығынан кейін, бұл халықты ардақтап , сенуге лайықты мемлекеттік екендігін мойындады. Сенді. Ең бастысы, біз сенімді ақтадық. Тәуелсіздікке небәрі жиырма үш жыл болған қазақты танымайтын ел жоқ шығар. Себебі алда үлкен сынақ тұр . Ол EXPO-2017 көрмесі. Осы бір сыннан сүрінбей өтеміз деген сенімдемін. Тек жүрегі қазақ деп соққан әрбір алаштың азаматы өзіндік үлесін қосса болғаны. Қазағыма, шын жүрегімнен мына өлең шумақтарын арнаймын.
Дархан дала иесі қазақ деген,
Сонау бастан азапты көптеп көрген.
Сенімменен алға жүрді ылғида тек
Азаттықты бір күні көрем деген.
Биіктей бер таудай болып, Қазақстан!
Қарқыныңнан осы бір сен таймасаң
Бір күні жетерміз деген атқа ҒАЖАПСТАН!
Мен елімнің еңселі азаматтарына сенемін. Елімді жаныммен сүйемін, ардақтап жүремін. Осындай әсем елде, қарапайым қазақтың топырағынан жаралғаныма бақыттымын әрі тағдырыма ризамын!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру