Тәуелсіздік-бұл жырдың алдаспаны

 Тәуелсіздік-бұл жырдың алдаспаны

Смагулова Аружан
10 сынып, «№8 орта мектеп жанындағы интернатымен» КММ
Ақмола облысы Атбасар қаласы
Жетекшісі: Қазымбек Индира Қуанышбайқызы

Тәуелсізбін! Бар ма мұң?
Тәйелі болсын талғамым!
Өркені өссін қазақтың –
Осы- менің арманым!
Н.Ә.Назарбаев
Қазақ елі, қазақ жері қашанда өз тарихын – өзі жазған көреген халықтардың бірі де, бірегейі. Тасқа қашап жазарлықтай тарих қазақ жерін ешқашан айналып өткен емес. Қазақтың басына бақ біткені, осыдан аттай 25 жыл бұрын еліміз өз алдына дербес ел атанып, өзге елдермен терезесі тең, керегесі кең болған күн еді. Осындай бақ исі қазақтың маңдайына біткен күні еңкейген қарт пен еңбектеген баланың да қуанышында шек болмаған. Бұл күні кеудеде «қазақ» деп соққан жүректердің бұлқынған күн, тамырдағы қан бойға сыймай тулаған күн. Елімізде бұл қуаныштың болғанын шет елдерде қуана құптаған. Еліміз егемендік алғаннан кейін өзінің тұңғыш Елбасын ақ киізге отырғызып хан сайлады. Сөйтіп, қазақ перзенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ елінің президенті болып сайланды. Қазақ елінің болашағын өз қолына алып, барша қазақ жерінің ертеңі үшін жанын құрбан ететін Нұрсұлтандай асыл тұлға бізге керек еді.Үш жүздің басын біріктірген Абылайдай болған Нұр аға күні бүгін ел бірлігінің мызғымас тірегіне айналды.Ол өзінің барлық өмірін осы елмен байланыстырды.Өзінің барлық күш-жігерін осы елді дамытуға сарп етті. Еліміз дербестік алғаннан кейін өзінің рәміздерін дүниеге әкелді. Төл теңгесі де дүниеге келіп, қолданысқа енді. Сол күндерден бастап Тәуелсіз еліміз қарыштап дамып, кеңге құлаш жайды. Осы жылдар ішінде Оңтүстік астанамыз Солтүстікке көшіп Елордамыз Астана қаласы болды. Астана күннен-күнге асқақтап, халқы жағынан да, өркендеу жағынан да көпке үлгі болды-десек артық айтқандық емес! Осы уақыттарда еліміздің мерейін көтеретін талай жайттар болды. Экономика мен саясаты дамыған үлкен елге айналды. Білім беру саласы мен денсаулық сақтау салалары да күннен-күнге даму үстінде. Айтулы даталар мен мерекелер де өз дәрежесінде өтіп жатқаны да көңілге медеу. Талай саңылақтарымыздың мерей тойлары тойланып, қазақ өнері де талай асуларға қанат қақты. Спортшыларымыз да қанжығаларына бірнеше жүлделі орындар байлап, көк туымызды шет елдерде де желбіреткені соның айғағы. Ел Тәуелсіздігін талай ақын жырға қосып, талай жазушылар еркіндікті өз шығармаларына арқау етті. Иә, еліміздің тәулесіздігі-баға жетпес қазына. Осынау баға жетпес мұраны көздің қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа мирас етіп қалдыру бүгінгі аға ұрпақ өкілдерінің парызы.
«Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат,
Ат төбелдей болса да, туып өскен ел қымбат», - деп батыр бабаларымыз осынау жерімізді талай қанқұйлы замандарда, небір зобалаңнан, аласапырандардан құтқарып бізге бүгінгі бейбіт күнді тарту етті.
Сонау хан мен қара заманынан бастап, осындай еркін де бейбіт өмір әрбір адамзат баласына арман болғаны ақиқат. Ата-бабаларымыз «Ақ найзаның ұшымнен, ақ білектің күшімен» елімізді осындай бақытқажеткізді. Және осынау қиын жолда талай боздақтар құрбан болды. Дегенмен, атабабаларымыздың арман еткен Тәуелсіздігіне қол жеткізіп, талай адуынды елдердің алдына шығып, талай алпауыт мемлекеттермен бәсекелесе алатындай мәртебеге жеттік. Қазақстанды әлем таныды, көптеген мемлекеттер қазақ елінің өздерімен бәстесе алатынына кәміл сенді.
Қазақстан мемлекетіне деген оң көзқарастары қалыптасып, талай додаларда қазақтың жұлдызы жанғанына куә болды. Мен де өз елімнің қарыштап дамып жатқанына бала жүрегіммен қуанып, соған марқаямын. Өз елімнің, туған жерімнің алдағы уақытта да еңсесі биіктей беруін қалаймын. Ол үшін мен де үлес қосқым келеді. Сондықтан мен бүгін сабағымды жақсы оқып, елімнің ертеңіне жарайтын азаматша болуға тырысамын. Елімнің осынау жетістігіне менің де бала жүрегім қатты қуанады. Осынау қуанышымды мына бір жүрек жарды жыр жолдарымен жалғастыра кетейін:
Қазағым менің, көрген ғой талай зобалаң,
Ата-бабалар елімді сонда қорғаған.
Талай боздақтар шейіт болса да, мойымай,
Қазақтың бағын жандыруды тек ойлаған.
Атам қазақ имеген жанға басын,
«Көрегендік қанында»-деп таңданасың.
Нұр ағамыз қазақты өрге сүйреп,
Абылайдың ақ жолын жалғағасын.
Жиырма бес жыл еркіндік алғаныма,
Қазақтың бақ жұлдызы жанғанына.
Астана «бақ орда» боп қазағыма,
Дүйім жұрт оған күнде таңдануда.
Жиырма бес жыл еркіндік алғаныма,
Тәубе айтамын, қайғысыз таңдарыма.
Аналар мен балалар тыныш ұйықтап,
Қайғысыз-қамсыз таңдар жалғануда.
Жиырма бес жыл еркіндік алғаныма,
Талай арман-арманға жалғануда.
Мақсат, тілек дегенім қабыл болып,
Бақыт құсы әлемге жар салуда.
Жиырма бес жыл еркіндік алғаныма,
Қазақтың бақ жұлдызы жанғанына.
Ұлдары ұлықты боп, қыз қылықты,
Сенемін, ата жолын жалғарына.
Жиырма бес жыл еркіндік алғаныма,
Қазақты әлем танып, таңдануда.
«Жасаған жар боп»-менің қазағыма,
Тәуелсіздік мәңгілік орнасын да.
Жиырма бес жыл еркіндік алғаныма,
Көк байрағым желбіреп тұрғанына.
Исі қазақ бұл күнді кие тұтып,
Бейбіт таңдар жалғансын таңдарыма.
Тәуелсіздік-бұл жырдың алдаспаны,
Тәуелсіздік-тарихтың жалғасқаны.
Төрткүл дүние танысын, мойындасын,
Қазақтай жаны қайсар марғасқаны, - деп осынау шығарманы қортындылағым келеді. Мен де бүгін елімнің жетістігін жырға қостым. Елбасымыз ойлана жүріп уығын қадаған, халқымен кеңесе жүріп керегесін керген Тәуелсіз қазақ жері жасай берсін! Тәуелсіздіктің жиырма бес жылдығында жеткен жеңісіміз осындай болса, келер жылдарда да қазақ жері «толағай табыстарға жетіп, толайым олжаға кенелсін» - деп тілеймін!!!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру