Adobe Photoshope бағдарламасының қолданылуы: тиімділігі мен кері әсері

 Adobe Photoshope бағдарламасының қолданылуы: тиімділігі мен кері әсері

Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Adobe Photoshope бағдарламасы
2. 2 Adobe Photoshope бағдарламасының тиімділігі
2. 3 Adobe Photoshope бағдарламасының кері әсері
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.


І. Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңдағы ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін жаңа технологияларды пайдалану қажет. Осы тұрғыда Adobe Photoshope бағдарламасының қолдану аясы да кеңінен таралып келеді. Атап айтқанда, маркетинг, медицина, полиграфия, дизайн және т. б. салалар аталмыш программаның көмегімен жоғары деңгейде дамуына ықпал жасауда. Бұл жобада Adobe Photoshope бағдарламасының дұрыс бағытта қолданылуы қарастырылып, оның тиімділігі мен кері әсеріне тереңінен талдау жасалынады.
Зерттелу деңгейі. Бұл тақырып Отандық зерттеушілер тарапынан аз қарастырылған. Жұмыста негізінен ресейлік және американдық ғалымдардың еңбектері қолданылды: Берт Монро «Применение Adobe Photoshop в рекламе», 2005 жыл, A. H. Назайкин «Иллюстрирование рекламы», 2005 жыл. Бұқаралық ақпараттар құралдары мен интернет сайттары пайдаланылды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Adobe Photoshope бағдарламасының қолданылуына сараптама жасап, тиімділігін көрсетіп, кері әсерін анықтау. Міндеттері:
Adobe Photoshope бағдарламасы туралы жалпылама ақпарат беру;
Adobe Photoshope бағдарламасының тиімділігін мысалдар көрсету арқылы дәлелдеу;
шетелдік тәжірибелерді ескере отырып, Adobe Photoshope бағдарламасының зиянын көрсету.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы.
Зерттеу нысаны. Ғылыми жобаның басты нысаны - Adobe Photoshope бағдарламасының әр салада қолданылуын қарастыру, зерттеу.
Зерттеу әдістері. Ғылыми жобада контент – анализ (кітаптар, СМИ, оқулықтарды қолдану) баяндау, зерттеу, салыстыру, эксперимент, сараптау әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 15 бет.

ІІ. Негізгі бөлім.
2. 1 Adobe Photoshope бағдарламасы
Компьютерлік графика әр түрлі жарнама агенттігінде, әсемдеуші бюрода, редакция және баспаханаларда қолданылады. Графика арқылы өте күрделі суреттерді құрайды, электронды құжаттарда қолданады, объектілердің моделі мен құрылысын зерттейді. Компьютерлік графика өте қарқынды дамып келе жатқан ғылыми индустрия. Сондықтан компьютерлік графикамен жұмыс жасауды кез - келген пайдаланушы білуі керек. Графикалық программалар ішінен Adobe Photoshop программасы – графикалық және мультимедиялық программаларды өңдеуде 17 тілде танылған және 215 халықаралық жетістікке жеткен 70 мемлекетте қолданылатын программа.
Бүгінгі таңда бұл бағдарлама суретшілердің, фотографтардың және дизайнерлердің қолданысына ие. Бағдарламаның алғашқы түпнұсқасын ағайынды Томас және Джон Нолл жасаса, қазіргі уақытта өңдеушілердің саны 41 болып тұр. Томас түстер мен оларды коррекциялау негіздерін үйренсе, Джон компьютермен әуестенген. 1984 жылы Макинтоши маркасындағы компьютердің функционалдық мүмкіндіктері ағайындылардың көңілдерінен шықпады. Бұл болашақта миллиондаған доллар пайда әкелетін программаның шығуына себеп болды.
Осы уақыттан бастап Томас пен Джон графика мен компьютерді байланыстырып, компьютерлік графиканың программасын құра бастады. Программаның дамуына ықпал жасауға инвесторлар іздестірді. Photoshop деп аталудың нақты себебін ешкім білмейді. Сол уақыттарда программалық жабдықтарда экранда «Photoshop» жазуы тұруына байланысты қойылған деген болжам бар.

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру