Информатика | Adobe Photoshope бағдарламасының қолданылуы тиімділігі мен кері әсері
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрліг
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Adobe Photoshope бағдарламасы
2.2 Adobe Photoshope бағдарламасының тиімділігі
2.3 Adobe Photoshope бағдарламасының кері әсері
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
І. Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңдағы ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін жаңа технологияларды пайдалану қажет. Осы тұрғыда Adobe Photoshope бағдарламасының қолдану аясы да кеңінен таралып келеді. Атап айтқанда, маркетинг, медицина, полиграфия, дизайн және т.б. салалар аталмыш программаның көмегімен жоғары деңгейде дамуына ықпал жасауда. Бұл жобада Adobe Photoshope бағдарламасының дұрыс бағытта қолданылуы қарастырылып, оның тиімділігі мен кері әсеріне тереңінен талдау жасалынады.
Зерттелу деңгейі. Бұл тақырып Отандық зерттеушілер тарапынан аз қарастырылған. Жұмыста негізінен ресейлік және американдық ғалымдардың еңбектері қолданылды: Берт Монро «Применение Adobe Photoshop в рекламе», 2005 жыл, A.H. Назайкин «Иллюстрирование рекламы», 2005 жыл. Бұқаралық ақпараттар құралдары мен интернет сайттары пайдаланылды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Adobe Photoshope бағдарламасының қолданылуына сараптама жасап, тиімділігін көрсетіп, кері әсерін анықтау. Міндеттері:
- Adobe Photoshope бағдарламасы туралы жалпылама ақпарат беру;
- Adobe Photoshope бағдарламасының тиімділігін мысалдар көрсету арқылы дәлелдеу;
- шетелдік тәжірибелерді ескере отырып, Adobe Photoshope бағдарламасының зиянын көрсету.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы.
Зерттеу нысаны. Ғылыми жобаның басты нысаны - Adobe Photoshope бағдарламасының әр салада қолданылуын қарастыру, зерттеу.
Зерттеу әдістері. Ғылыми жобада контент – анализ (кітаптар, СМИ, оқулықтарды қолдану) баяндау, зерттеу, салыстыру, эксперимент, сараптау әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 15 бет.
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1 Adobe Photoshope бағдарламасы
Компьютерлік графика әр түрлі жарнама агенттігінде, әсемдеуші бюрода, редакция және баспаханаларда қолданылады. Графика арқылы өте күрделі суреттерді құрайды, электронды құжаттарда қолданады, объектілердің моделі мен құрылысын зерттейді. Компьютерлік графика өте қарқынды дамып келе жатқан ғылыми индустрия. Сондықтан компьютерлік графикамен жұмыс жасауды кез-келген пайдаланушы білуі керек. Графикалық программалар ішінен Adobe Photoshop программасы – графикалық және мультимедиялық программаларды өңдеуде 17 тілде танылған және 215 халықаралық жетістікке жеткен 70 мемлекетте қолданылатын программа.
Бүгінгі таңда бұл бағдарлама суретшілердің, фотографтардың және дизайнерлердің қолданысына ие. Бағдарламаның алғашқы түпнұсқасын ағайынды Томас және Джон Нолл жасаса, қазіргі уақытта өңдеушілердің саны 41 болып тұр. Томас түстер мен оларды коррекциялау негіздерін үйренсе, Джон компьютермен әуестенген. 1984 жылы Макинтоши маркасындағы компьютердің функционалдық мүмкіндіктері ағайындылардың көңілдерінен шықпады. Бұл болашақта миллиондаған доллар пайда әкелетін программаның шығуына себеп болды.
Осы уақыттан бастап Томас пен Джон графика мен компьютерді байланыстырып, компьютерлік графиканың программасын құра бастады. Программаның дамуына ықпал жасауға инвесторлар іздестірді. Photoshop деп аталудың нақты себебін ешкім білмейді. Сол уақыттарда программалық жабдықтарда экранда «Photoshop» жазуы тұруына байланысты қойылған деген болжам бар.
Бұл бағдаламаның қарқынды дамуы бірнеше компаниялардың компьютерлік графикаға бет алуына себеп болды, бірақ Adobe компаниясы ғана Photoshop –пен жұмыс жасауға мүмкіндік алды. Adobe Photoshop бағдарламасының ресми болжамы 1990 жылдың ақпанында шыға бастады. Қазіргі таңда Adobe Photoshop бағдарламасының қолданыста жүргеніне 22 жыл толды. Бұл программа графика көмегімен коммерциялық құралдардың, нарықтың жетекшісіне айналған Adobe фирмасының белгілі өнімі. Жоғарыда айтылып кеткендей, бұл бағдарламаның қолдану аясы кеңінен таралуда.

Adobe Photoshope бағдарламасының қолданыста болғанына 22 жыл ғана болса да, қазіргі қоғамның дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан арнайы графикалық программа.
Маркетингтік ақпарат – нарық билеген елде экономиканы ілгері жылжытудың басты тетігі, көзі. Яғни, маркетинг – ағылшын тілінен аударғанда нарықты жасау деген мағынаны білдіреді. Маркетинг бүгін өзінің даму барысында ғылымға, бизнестің өзегіне айналды. Жарнамалық шараларды жүргізу де – осы маркетингтік қызмет болып табылады. «Жарнама – сауда двигателі», деп бекер айтпайды.
Бүгінгі қоғамды жарнамасыз елестету мүмкін емес. Әсіресе, тауар өндірісінің тамырына қан жүгіртіп, оның дамуына жарнаманың қосар үлесі зор. Жарнама индустриясының қызметі барлық салада кеңінен пайдаланылып жатыр. Жарнаманың күші мен ролі әлемдік бизнес тәжірибесінен белгілі. Алдымен жарнама өңделген, көркем суреттелген түрде, эмоционалды безендірілген және түсінуге жол ашардай, әлеуетті тұтынушылардың назарын аударардай тауарлар, қызметтер туралы дәйектер мен мәліметтерді келтірердей ақпараттарды қамту керек.
Бір жағынан өз ақпараттылық, сендірерлік пен иланушылықты үйлестіре отырып, жарнама адамға эмоционалды-психологиялық әсер қалдырады. Сондықтан көпшілік жарнаманы бизнес әрі өнер деп таниды. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған плакаттар, стенділер, жарық беруші табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар және сыртқы (көрнекі) жарнамалар түрінде жүзеге асырылады.
Компьютерлік технологияның пайда болуымен бірге жарнамаға жаңа дәуір туды. Тіпті кішкентай клиенттердің өзін өзін Ұлы сезінердей қайталанбас мүмкіндік пайда болды. Суретшілердің, фотографтардың, әрлендірушілердің үлкен өлшемді паннодағы таптырмас қиялдарын іске асыру және оларды қажет жағдайда тираждау аталмыш бағдарламаның көмегімен айтарлықтай проблема емес. Жарнамалар жасауда Adobe Photoshope бағдарламасының орны ерекше.
(мысалдар келтіру, банер, билборд, винил)
Эстетикалық талғамға сай жасалған үлкен винил паннолар да адамдарды көп қызықтырады. Әдемі жасалған паннолар оларды сүйсiндiредi. Мысалы: АҚШ-тың бір районында орналасқан панно тұрғындардың 90 пайызының көңілінен шығып, панно сол районның визит карточкасына да айналған екен.
Adobe Photoshop бағдарламасы эстетикалық медицинада үлкен сұранысқа ие. Бүгінгі таңда эстетикалық медициналық клиникалар өз жұмыстарында әр түрлi графикалық редакторлар мүмкiндiктеріне жүгінуде. Мәскеу клиникаларындағы мәліметтерге сүйенсек, Adobe Photoshop бағдарламасы адамның бастапқы морфингісін жасау үшін қолданылатын өте әйгiлi программалық орта.
Пластикалық операция жасатуға тәуекел еткен адамды алдымен фотоға түсіріп, суретті компьютерде сақтап алады. Adobe Photoshop бағдарламасы арқылы операция жасалатын жерлерге өңдеу жұмыстарын жасайды да «дейін» және «кейінгі» нәтижені экраннан көрсетеді. Өңделген сурет емделушінің операциядан кейінгі нәтижесін көрсетеді.
Осылайша, Adobe Photoshop бағдарламасы дәрiгерлер үшiн - операцияның сәтті шығуына мүмкіндік береді.
Эстетикалық операцияға Photoshop бағдарламасы арқылы қолданылатын бірнеше нұсқаларды көрсетсек. (фотолар СЛАЙД)
Пластикалық хирургияға: бет пішінін өзгерту, денедегі артық бөліктерді алу, тіс жөндеу т.б. жатады. Photoshop бағдарламасы – адамның сыртқы келбетін әдемі етіп өзгертуге мүмкіндік беретін программа. (салыстыру фотолары СЛАЙД)
Компьютерлік технологияны қолданып жүрген ғалымдардың айтуынша операция алдындағы компьютерлік модельдеу емделуші мен медицина қызметкерінің арасындағы сенімділікті нығайтып, жоғары нәтижеге жетуіне себеп болады екен.
Алдағы уақытта отандық медицина қызметкерлері де Adobe Photoshop бағдарламасының ерекше мүмкіндіктерін қолданып, тереңірек пайдаланса деймін.
Мамандардың айтуынша, Photoshop күннен күнге дамып келе жатыр. Photoshop –тың жаңа мүмкіндіктерінде шектеу жоқ. Бағдарламаны толық көлемде жетік меңгермесе де, әр адам минимум дегенде өз фотосын қалауы бойынша өңдеуіне мүмкіндігі бар. (Мысалы: суреттің өңделуі СЛАЙД)
Adobe Photoshop – суреттермен жұмыс жасайтын фотографтарға, архитекторларға, дизайнерлерге, полиграфия мамандарына өте қажетті программа. Полиграфиялық өнім кез келген кәсіпорын жұмысының ажыратылмас бөлігі болып табылады. Ол бөліктерге визиттік карточкалар, фирмалық бланкілер, тауардың этикеткасы, билеттер, күнтізбелер, открыткалар, шақыру билеттері, дипломдар, грамоталар, блокноттар, қойын дәптерлер, пакеттің сырттары, кітаптар мен журналдар жатады.
Семей қаласы ғана бойынша полиграфиялық өнімді шығаратын 42 орын жұмыс жасайды. Атап айтсақ, жоғары сұранысқа ие: «СЕМЕЙ-ПОЛИГРАФИЯ», «PRINT», «Регион Сем Пресс», «МАСКА» дизайн студиясы, «ПОЛИГРАФ ПОЛИГРАФЫЧ», «ПОЛИГРАФСЕРВИС» типографиясы, «Семей Коркем», «Konica», «Фотомир» т.б. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлердің де полиграфиялық қызметтеріне жүгінуге болады: "Арбат", ЖК Евдокимов , Амиргазина А.О., «Аскар и К» т.б.
Ақпараттық технологияның дамуынан, оның ішінде графикалық программалардың сұранысынан бірнеше жаңа маман иелері ашылып, табыстың жаңа көзі пайда бола бастады. Мысалы: Adobe Photoshop бағдарламасымен жылтырақ (глянцевый) журналдардағы қыздардың бет әлпетін өзгертіп, макияж бен киім үлгілерін жасау журналдардың жүздеген тираждармен таратылуына себеп болып отыр.
Adobe Photoshop бағдарламасының сиқырлы аспаптары арқылы тамаша, таңқаларлықтай, адам сенгісіз суреттерді дайындау, оларды редакторлеу мен өңдеу қоғам игілігіне қызмет етеді. Бұл бағдарламаның кең ауғымда дамып келе жатқанын өзіміздің жердің өркендеуінен де көруге болады. (Суреттер Абайдың )

Adobe Photoshope бағдарламасының тиімділігі мен қоса оның кері әсері де бар. Бірнеше мемлекеттің саясаткерлері «Азаматтардың психикасына жарнамалар мен бұқаралы ақпараттар құралдарындағы фотошопталған суреттер кері әсер етеді» деген пікірге келіп отыр. Ұлтты жан күйзелісінен арылту үшін заңды түрде фотошоппен күресуді ұйғарып отыр.
Көрік пен әсемдіктің дүниежүзілік қалыбы ақылға сыймастай ұлғайып отыр. Осы тұрғыда қарасақ, Photoshope бағдарламасының заманына «нүкте» қойылды деп айтуға болады.
Жарнама агенттіктері мен баспаханалардың, атап айтқанда компьютерлік технологияны, иллюстрацияны пайдалану арқылы адамдардың денесіндегі сәйкессіздікті жарнамалайтын кәсіпорындардың жұмыстарына шектеу қоюда. Бұл тек адамның денесіне ғана емес, азық –түлікке, киім үлгілеріне, интерьерге, демалыс орындарын жараманалауға да қатысты айтылған.
Саясаткерлердің пікірінше, өңделген суреттің дауылы тұтынушыларды ақша шығынына және жан күйзелісіне ұшыратып, олардың жүйке жүйесінің жұқаруына, физикалық әлсіреуіне әкеледі.
Халықты алдап –арбауды тоқтату мақсатында бірінші болып бастама алған француз парламенті болды.
Компьютерлік ретушьтің бұқаралық ақпараттар құралдары мен жарнамаларда қолданудың алғашқы наразылық толқынын депутат Валери Бойе (Valerie Boyer) көтерді. Жүздеген француз парламенттерін жұмылдырып, 2009 жылдың қыркүйек айында заң шығарда. Заң бойынша адамның сырт келбетін компьютерлік өңдеуге ұшыратып, оның шынайы сипатын өзгертіп көрсететін кез-келген жарнамалық суреттерде «сурет өңделген, адамның сырт келбеті өзгертілген» деген жазудың жазылғанын атап айтқан.
Валери Бойенің айтуы бойынша «Компьютерлік ретушьті қолдану адамдардың сенгіштігіне әкеледі. Тұтынушылар шынайы өмірде жоқ нәрсеге ұмтылып, өз бойларындағы кемістікті жоюға тырысады. Нәтиже шықпағандықтан, өз кемшіліктерін жою мақсатында психикасын, денсаулығын, тіпті өмірін де қауіп қатерге тігеді. Ең бірінші кезекте шоу – бизнес жұлдыздарының жақсартылған суреттеріне қарап жасөспірімдердің өзін - өзі бағалауы күрт төмендейді» деген.
Бойенің заң жобасы бойынша Photoshope бағдарламасы арқылы өңделген суреттерді ескертусіз пайдалану 37 500 евромен ғана шектелмейді, кей жағдайларда азаматтарды 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруына дейін апарады.
Ал Италия мемлекетінде модельдерді жарнамалауда яғни 175 см бойы мен 55 кг салмақтағы суреттерді қолдануға тыйым салу туралы заң шыққан. Сол сияқты Испания мемлекеті де бұл заңды қолдап отыр.
Атақты дизайнер Джорджо Арманида өзінің арық модельдер туралы пікірін білдірді. Dove косметикалық өнімін шығаратын компания модельдер емес қарапайым қыздардың сабынды жарнамалап, ол жарнаманы компьютерлік өңдеуден өткізіп, жаңа технологиялар арқылы жоғары нәтижеге жету туралы арнайы көрсетілімдік жарнама жасап шығарды. Француздардың соңынан ағылшындықтар, израильдықтар, германдықтар да осы заңның орындалуына өз үлестерін қосуда. Осы заңдардың орындалуы алдағы жылдарда барлық Евроодақтың қолдауына ие болады. Тек бұл тізімге ең соңғылар болып біздер мен американдықтар ғана енетін шығар. Біз – инерциямен, ал американдықтар мода индустриясы, жылтырақ журналдар, пластикалық косметологиямен хигургиядан түсетін қыруар ақшаны жоғалтпас үшін Photoshope бағдарламасымен жұмыс жасай береді.
Photoshope бағдарламасын 70 елде қолданады. Бірақ қолдану барысында арнайы мамандардың болмағандығынан үлкен қателіктер де кетіп жатады. Мысалы, жұмысына салғырттықтан немесе немқұрайлы қарағандығынан жалтырақ журналдар мен үлкен көлемді билбордтар, банерлер мен панноларда біршама қателіктер байқалады. (слайд қателіктер.)
Осындай қателіктерді жою үшін Photoshope бағдарламасын жетік меңгерген, жоғары білімі бар дизайнерлер мен полиграф мамандарынан тұратын комиссияның құрылып, барлық елдегі жарнама беттеріндегі ақпаратты сараптап, талқылап, қолдануға берілсе деген ойым бар.
Қазіргі компьютерлік графикалық бағдарламаларды қолданып жоғарыда айтылғандай пластикалық операциялар кеңінен жасалуда. Бірақ, технология мен адамның мүмкіншіліктері сәйкес келмей жатқанда пластикалық операцияның ойдағыдай болмайтынына көзіміз жетеді. .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: гылыми Adobe Photoshope бағдарламасының қолданылуы тиімділігі мен кері әсері жумыс гылыми жұмыс дайын жоба научная работа, сборник готовых научных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском, дайын гылыми жумыстар жобалар Информатика ғылыми жұмыстар пән, Adobe Photoshope бағдарламасының қолданылуы тиімділігі мен кері әсері