Үш жүздің пірі- Мүсірәлі
Ғылыми жұмыстың Жоспары.
1. Кіріспе.
2 Зерттеу бөлімі. Үш жүздің пірі-Мүсірәлі.
2. 1 Өмірдерегі.
2. 2 Пірдің кереметтері. Аңыздар. Қолжазбалар.
2. 3 Мүсірәлі әулиенің баласы Қосым қожаның кереметтері.
2. 4 Мүсірәлі бабаның ұрпақтарының естеліктері.
3. Қорытынды.
Ұсыныс.
Сілтеме.
Пайдаланылған әдебиеттер
Ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан ұлы адамдардың игі істері мен даналық сөздері келер ұрпаққа қажет рухани қазына екені белгілі. Жұмысымның құндылығы осында.
Ғылыми жұмыстың Мақсаты:
Елі үшін еңбек еткен тарихи тұлғаны бүгінгі ұрпақ санасын қалыптастыруға, адамгершілікті, имандылықты уағыз ете отырып таныстыру.
Зерттеу барысының кезеңдері:
1. Даярлық кезеңі.
а) Үш жүздің пірі терінде танылып отырған Мүсірәлі Жәдібекұлының ұрпақтарымен сұқбаттасы.
2. Тақырыпта зерттеу кезеңі
а) Мүсірәлі қожаның өмірі туралы мәлімет жинау.
ә) Халық аузынан аңыз, әңгімелер жинау.
б) Шырақшысымен сұқбаттасу.
3. Жұмысты қорғауға әзірлік.
а) Жұмыс негізінде баяндама даярлау.
ә) Қосымша материалдар, фотосуреттер, көрме даярлау.
4. Ұсынысты өмірге енгізу.
5. Жұмысты орындауға әдістер жинақтау, саралау, баяндау.
6. Жұмыстың жаңалығы.
Мүсірәлі қожаның ұмытыла бастаған аңыздары.
7. Жұмыстың құрылымы.
Кіріспе. Негізгі бөлім. Қорытынды. Пайдаланған әдебиеттер. Қосымшалар.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі мен мақсат міндеттері сөз болады.
Ғылыми жұмыстың Негізгі зерттеу бөлімі 4 тараудан тұрады.
1. Өмірдерегі.
2. Аңыздары
3. Баласы Қосым әулие туралы деректер.
4. Ұрпақтарымен сұхбат.
8. Қорытынды. Әулиенің елі үшін атқарған істерінің бағасы және әлі де атқарылатын істерге ұсыныс беріледі.
«Халық Алласына сеніп, ертеңгі күнін, ар жақтағы ана дүниеге баратын күнін ойлап, дүниедегі мынау бүгінгі күннің күйбеңімен жүре бермей, Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистеріне сәйкес өмір сүрсе…» Н. Ә. Назарбаев.
1. Кіріспе
Әлемдегі қай қазақты алсаңыз да, олардың шыққан тегі, өткендегі тарих жолын білуге ұмтылып, қатпары мол тарих қойнауынан оңайлықпен сырын аша бермейтін рухани қазына көздерін түрткілей іздене түсуі озық халықтардың бәріне тән кәнігі құбылыс.
Өзінің өмір кешкен тарихи жолын білуге деген құштарлық, ескі заманнан бері қарай адам баласы жеті атасын білу дәстүрінің тұрақты құбылысқа айналуы жәй нәрсе болмаса керек. Жеті атадан арғы тегін қуалай, үлкен тайпалы одақтарға дейінгі аралықтағы неше түрлі тарихи сапырылыстарда орын алған әңгіме-аңыздарды әр ауыл көне көз ақсақалдары, яғни тарихтың тірі архивтері, өз әлінше танытып, таратып отыру салты бізде мықтап орныққан тағылымды дәстүріміз.
Жан берген жеті өлікке Мүсірәлі,
Көрсетіп көп ішінде кереметті.
Үш жүздің кеңесінде Күлтөбеде,
Шешімін бір ауыздан ел ұнатты.
Керейттен қожа шықты Қосым атты,
Кісі екен аруағы мол, кәрі қатты.
Есіткен елдің бәрі таңырқапты, - деп Сыр бойының елге танымал ақыны Шоңбай ақынның жырлауы да Мүсірәлінің әулиелігін мадақтайтыны тегін болмаса керек. Оның баласы Қосым қожа, оның қарадан шығуына күмән келтіретіні де байқалады.
1
Менің тоқталайын деп тұрғаным халық арасында аңыз болып тарап кеткен Сопы Әзиз Мүсірәлі қожа туралы болмақ. [1]
2. Негізгі бөлім
2. 1 Өмірдерегі
Мүсірәлі Жәдікұлы 1639 жылы дүниеге келіп, 1721 жылы 82 жасында дүниеден өткен. Мүсірәлінің шығу тегі кіші жүздің «Жеті ру» тайпасының «Керейт» руынан шығады. Ертеде Керейт елінде Қабылбек деген батыр екінші әйелі Рабиғадан бір балалы болыпты. Қабылбек батыр бір соғыста баласымен екеуі бірдей қайтыс болып, әйелі Рабиға 23 жасында жесір қалыпты. Бір күні Рабиға түсінде әулиелерді көреді. Олар Мекке-Мәдинеге баруға жол сілтейді. Барған соң Қағбаға кіріп, зиярат жасауға жесір болуына байланысты ұлықсат берілмеген соң, сондағы имамның көмекшісі болып қызмет жасайтын Озған әулетінің Абубаязит Бастами (1525-1583ж. ж. ) деген араб кісіге неке салдырған екен. Рабиға мұсылманшылық сапарынан оралған соң Керейт елінің бегі Арғымақ бахадүр бас қосады. Үйленген соң Рабиғадан Күрзіхан туады. Хан болған Күрзіханның лақап аты Ақсақал деген болжам бар. Күрзіханның Бозаншар. Бозаншардан Еспенбет (Ойық), Доспенбет (Тілік). Доспенбеттен Қолдаулы, Сандаулы, Шаужайлы. Сандаулыдан Көн, Көне би, Қосбармақ батыр туған. Көне биден Дулат. Дулаттан Асан, Үсен, Тағаберді, Таз. Таздан Бидас, Жандос. Жандостан Жанғабыл, Жәдік. Жәдіктен Мүсірәлі.
1650-1660 жылдары аралығында Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи медресесінде оқып, алғырлығымен ұстаздардың көзіне түсіп, сонда шәкіртерге дәріс беруге қалдырылыпты. Осы медреседе «ахун» дәрежесін иеленген. Бұдан кейін білімін жетілдіру мақсатында Бағдат, Басыра шаһарларынан сопылық ілімнің тереңіне бойлаған десе, енді бір зертеушілер алты жасынан Үргеніш қаласында мұсылманша хат танып, 12 жылдай Ауғанстандағы Мазари Шариф, Ғазия кенттеріндегі сопылық ағымдағы оқымыстылардан дәріс алған, - депті.
Сопы Әзиз Мүсірәлі қожа бақсайыс атаның 14 – ұрпағы Аллаберді шайықтың алты баласының бірі Тікаш шайықтан туған. Керейт Мүсірәлі қожа (Сопы Әзиз) 1639 жылы Бұхара хандығына қарасты Тамдыбұлақ аймағындағы Керіз деген жерде дүниеге келген. Өзінің әкесінің мешітінде білім алған Мүсірәлі қожа 1656 жылы Түркістандағы Қожа Ахмет әулиенің медресесіне оқуға түсіп,
оны 1663 жылы ақиқатты (Алланы) тану тағлиматының (ғылымының) ахуны деген атақ алып бітіреді. Жас ғұлама осы медреседе Қазақ, қарақалпақ, қырғыз, өзбек елінен оқуға келген шәкірттерге ана тілінде ақиқатты (Алланы) тану жолындағы Қожа Ахмет әулеиенің тағлиматынан (ғылыми танымынан) дәріс береді. Мүсірәлі қожа – Тұран жұртына ең бірінші шәкірттерге өзінің ана тілінде оқып, Аллаға құлшылық етуге жол ашып, бес уақыт намаз оқудың Қазақ тіліндегі үлгісін (жолын) елге таратқан ағартушы ұстаз.
3. Қазақ халқына бас әзірет болған Мүсірәлі қожа халықтан түскен садақаны, байлардың Алланың жолына арнаған арнаулы қаражатын, малын жұмсап, ел ішінде балаларды оқытатын көшпелі жәй мектеп, мешіт аштырып, жас ұрпақтың сауатын, дүниетанымын көтеруге көп еңбек сіңірді. Тіпті ол ер балалармен тең дәрежеде қыз балалардың да мектеп-мешітте оқуына рұқсат беріп, құран сауатын ашуға да мүмкіндік жасайды.
Мүсірәлінің кіші әйелі Мариямнан Қосым атты ұл болады, ол кейін кіші жүзге аты белгілі пір, аруақ иесі, әулие болған. Қосым қожа (1700-1780) бүкіл кіші жүзге пір сайланып, елдің бірлігін сақтауға қатысқан. 1748 жылы Әбілқайыр ханның қазасына орай, шапқыншылықты болдырмау жолындағы билер қасында болып, Бопай ханшаға көңіл айтады. Ал одан туған Әбужәлел (1729-1805) де пір болды деген жазбалар тарихи құжаттарда кездесіп қалады. Озбырлығы асып, шектен шыққан Нұралы хан турасында патшайым Екатерина II-ге хат жазған Кіші жүздің 50-ден астам биінің арызын бекітіп қол қойып, растап мөрін басқан Сырым Датов пен Әбужәлел Қосымов еді. Мүсірәлінің шөбересі Дәрменқұл ишан аты Қоқандықтармен қатынас кездеріндегі Жанқожа батырға қатысты құжаттарда кездеседі. Қосымқожа, оның баласы Әбужәлел кіші жүзге пір болса, оның баласы Нұрмұхаммед Орынбор шекаралық комиссия жиналысына депутат (1817) болып, қазылық жасаған. Ал Хасанқожа Қосымов Сырымбет пен Ешімді татуластыру жөнінде елшілік қызметін атқарды.
2. 2. Пірдің кереметтері. Аңыздар. Қолжазбалар
Мүсірәлі қожа (Сопы Әзиз) Тәуке хан түздірген «Жеті жарғы» Ата заңға қосымша тең дәрежеде орындап отыратын мұсылманшылық қағидаларын жазып, халыққа таратқан. Мүсірәлі қожа жазған сол мұсылмандық жолы төмендегілерден тұрады:
1. Бүкіл дүниені таратушы барлық пенделер (адамдар) тең құқықты. Ісләм дінін таныған, мойын ұсынған, өз ықтиярымен мұсылмандылық жолды ұстанған әрбір адам Алланың дін қағидаларын, бұйрықтарын орындайды. Орындап оытруы парыз.
2. Тіл - әрбір адамның тіршілікте түсінісіп, бір-бірімен жақсы қарым-қатынас жасау құралы. Әрбір халықтың өзімен бірге дүниеге келген ана тілі бар. Ана тілін білу, қадірлеу – адам жанының сұлулығы, Алла алдындағы борышы. Тіл алдындағы борышы. Тіл иманның кілті. Әрбір адам от басында, ел алдында, көпшілікке үсінікті Алланың берген ана тілімен, хақтағалаға сыйынып, тәубеге келіп, сөздер айтса, ол адамның тәубесі қабыл болып, күнәсі жеңілдейді. Туған анасынан үйренген ана тілін, халқының тілін терең біліп, қастерлеп өсу жас ұрпақтың борышы.
3. Бүкіл әлемді Аллаға Құлшылық істеу Алла парыз етіп міндеттеген қағидаларды орындап оытру - әрбір мұсылманның борышы.
4. Өмір – Алланың адамға берген сыйы мен бақыты. Өсімдік жан-жауар, тау, теңіз, су оларды көтеріп тұрған - құдайдың адам өмірі үшін жасаған қажеттілігі. Әрбір адам жер бедерін, табиғатпен байланысын бұзбай. Алланың жаратқан тіршілік теңдігін қастерлеп, сақтап оытруға міндетті.
5. Туысқандық арасы атадан өтпей құда-жекжат болып, қыз алып, қыз беруге тыйым салынсын.
6. Әрбір адамның қаны таза, жүрегі мейірімді, ұлтжанды, парасатты, туған халқының лайықты азаматы болып өсуін, кемелге келуін сақтап отыруы үшін аралас некеге тыйым салынсын.
7. Әрбір отбасындағы келіспеушілік, ел ішіндегі, ру, қауым арасындағы жесір, жер дауы, тағы басқа да тұрмыстағы үйлеспеушіліктер
5 «Жеті жарғының қағидаларын, низамын басшылыққа алған билер, әзіреттер алдында қаралып, шешімін тапсын. Бұндай мәселелерді жеке адамдардың, батырлардың өзімшілдікке барып өш алу, қан төгу жолымен қарымта қайырып шешуіне тыйым салынсын. Отбасының руының, қауымының, бүкіл елдің бірлігін сақтап, ұлтына адал болып өсу, жасау - әрбір адамға Алланың берген зердесі. Алланың берген ана тілін аялап, парасатты, діні берік, қайратты, ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеп өсіруден ауытқымау - әрбір адамның келешек алдындағы парызы
Мүсірәлі қожа ұсынған осы мұсылманшылық қағидалары «Жеті жарғымен» бірдей халық тұрмысында орындалып, кеңінен қолданылған.
Мүсірәлінің жеті өлікке жан бергені жайлы халық аузындағы әңгімелерді айта кеткен орынды болар. Түркістандағы медреседе оқып жатырған шәкірт Мүсірәліні әкесі Жәдік еліне алып қайтып келе жатырғанда түс қайта бір қорымның басында жиынды көріп тоқтаса, олар бір өлікті жерлейін деп жатыр екен. Бұлар сұрастырса, жерленетін адам ертеңгісін қайтыс болған екен. Ол кезде Қазақ халқының арасында өліктің денесі суымай, молдалардың тәртібімен шариғаттың тәртібі солай деген тәртіппен жерлейді екен. Мүсірәлі шәкірт сол маңайда тұрғандардың «мына бала қайтеді, әй! » дегеніне қарамай, кеудесіне қолын салып көрсе ыстық екен. Мүсірәлі «Бисмиллаһир рахманир- рахим» деп қолымен денесін сипап өткенде, өлікке жан бітіп, тіріліпті. Жиналғандар баланың кереметіне таң қалып, ризашылығын білдіріп, жерлеуге әкелген өлікті тірілтіп алып қайтыпты. Жеті өлікке жан берген Мүсірәлінің кереметі осылай басталады. Елге келген соң, біраз уақыттан кейін, Мүсірәлінің 11 жасқа келген кезі, ауыл сыртында балалармен ойнап жүргенде, ауылдан шулап жылаған дауыс естіледі. Оның мәнісін сұрағанда естиярлау бір бала: - Осы ауылда бір жесір кемпір тұратын. Соның бойжеткен қызы көптен науқас еді, бүгін қайты болыпты. Соған жылап жатқаны ғой, дейді. Мүсірәлі ойынды қойып, ауылға келіп, өлік жатқан үйге кіреді. Ши тұтып орап, мәйітті үйдің оң жағына шығарып қойған екен. Мүсірәлі жиналған үлкендерден мәйітті көруге рұқсат сұрайды. Бірі: «Көрсін!»- деп, бірі: «Бала шошынады, көрмесін!» деп біраз шуласып, ақыры көруге рұқсат етіледі. Шиді ашып, мәйіт жанына келген Мүсірәлі Бисмилласын айтып, медреседе имам берген аса таяғымен өліктің басынан аяғына дейін сипап өткенде қыз жан бітіп, көптен кейін ауруынан айығып қатарға қосылады.
Тағы бірде Мүсірәлі ел аралап жүріп, кездейсоқ бір қаралы үйге тап болады. Сол үйдің бес бірдей баласы жұқпалы індеттен қайтыс болып, ата-анасы, туысқандары аза тұтып оытр екен. Мүсірәлі дұға оқып, өліктердің кеуделерінен олай бір сипаи, былай бір сипағанда, бес боздақ бірінен соң біріне жан еніп тірілген екен де, кейін қатарға қосылған екен.
Содан бастап бір үлкен кісі, бір қыз, бес баланы тірілткен Мүсірәлі «Жеті өлікке жан берген» әулие атаныпты.
Мүсірәлінің кереметі мұнымен ғана шектелмей, оның көріпкелділігі, пірадарлығы да баршылық екен. Хан кеңесінде өткен пір сайлау сынағына қатысқан ғұлама қожалардың көрегендіктері мен кереметтері туралы бір әңгіме. Осы білімділік, көрегендік жасап, мақтаны үрлеп жандырып, жалындаған оттан жанбай шығыпты. Оның керметтілігіне билер, жиналған көпшілік қайран қалыпты. Енді тағы сынау үшін сиырдың ішіндегі бұзаудың түрін, түсін, жынысын, қандай күйде жатқанын осы жиналған көпшілікке бұлжытпай айтып берсеңіздер екен. Осыған орай бірінші болып сөз алған ұлы жүздің ғұламасы Айқожа сиырға қарап тұрып: «бұл сиырдың ішінде түсі қара, жынысы ұрғашы ақ төбелді бұзау жатыр», - дейді. Орта жүздің ғұламасы Шортанбай қожа: «бұл сиырдың ішінде ұрғашы қара бұзау, құйрығы ақ», - дейді. Кезек кіші жүздің ғұламасы Мүсірәліге келеді. Ол: »Бұл сиырдың ішінде шындығында ұрғашы қара бұзау, құйрығы ақ, құйрығының ағы бұзудың басынан маңдайына оралып келіп жатыр» - деп, өзінен бұрынғы айтқан ғұламалардың сөздерін растаумен қатар, нақтылап айқындай түседі. Үш ғұламаның үш түрлі жорамал болжам айтқандарына жиналған халық куәгер болады. Осыдан кейін сиырды бауыздап, қарнын жарып қараса, бұзау қара түсті, ұрғашы, ақ құйрықты, құйрығының басында оралып келіп жатыр екен. Бұл кіші жүздің ғұламасы Мүсірәлінің айтқаны еді.
[3]
Мүсірәлі пір туралы
Бұл Дәуітқожаның өз аузынан естіген бір әңгімесі еді.
«Мүсірәлі атамыздың бәйбішесінен 4 ұл болған екен. Кейін ол кісі қалмақ қызына үйленіп одан Қосым атты ұл туады. Шешесі толғақ үстінде дүниеден өтіп, атамыз бұл баласын етегіне салып жүріп асыраған екен және басқа балаларынан ерекше көрінеді. Бұған қызғаныш жасап бәйбішесі: «Пірім, қалмақтың қызынан туған бір Қосымды бізден туған төрт ұлдан артық көруің не себеп?» деп өкпе айтса керек. Атамыз ертеңіне үйдің алдына өзі бәйбішелерімен бірге шығып төрт ұл мен Қосымды шақырыпты. Әуелі 4 ұлға «Кәне балаларым, түстікке көз салып қарап, не көргендеріңді айтыңдаршы » депті. 4 ұл қарап-қарап, «түстікте шаң көрінеді, шамасы жаугершілік болып жаса керек» депті. Ал Қосым болса: «Әке бір күншілік жерде Сізге бір адам келе жатыр, атының түсі мынадай » депті.
Шындығында да ертеңіне сәскеде бір атты келіпті. Бәйбіше бұған да қайтпай, өкпесі тарқамапты. Ертеңіне сәскеде атамыз үй алдында ақ киіз төсеп, оның үстіне әуелі 4 ұлды шақырыпты «Секіріңдер» деп бұйырыпты. 4 ұлдың әрқайсысынан секірген кезде бір-бірден қорғасын түсіпті. Ал Қосымды секірткен кезде оның бойынан ақ киіздің үстіне тоғыз тамшы қорғасын түскен екен.
Соларды көрсете отырып, Мүсірәлі атамыз бәйбішесіне: «Кемпір менен туған төрт балаң да тек емес. Бірақ олардың құдіреті тек өз бастарындық болады. Ал, мына Қосымның құдіреті мен әруағы тоғыз ұрпағына кетеді. Артықша көруім содан ғой» деп түсіндірген екен.
Дәуіт атамыз бата бергенде «Мүсірәлі пірлерден, Қосым сопы ерлерден медет болсын» - деп бастаушы еді. Соның себебін сұрағанымызда, оның айтқанынан есте қалғаны осы еді. [4]
8
Мүсірәлі әулиеге кесене салдыру жұмысы 1998 жылы басталып 2000 жылы аяқталды. Бұл кесене Алтай бекетінде орналасқан, архитектуралық ескерткіш. Сопы Әзі Мүсірәлінің ескерткіш –кесенесін салу жөнінде 1997жылдың тамыз айында халықтан ұсыныс жасалды. Ол 1998 жылдың тамыз айына дейін халық арасында талқыланды. Сөйтіп, Төле, Қазыбек, Әйтеке билер қолдаған, Тәуке хан мойындаған үш жүзге пір болған Мүсірәлі бабамызға ескерткіш-кесене салу жөніндегі ұсыныс бір жылдан кейін мақұлданды. 1998 жылғы 20 мамырда аудан әкімінің №62 өкімі шығарылып, онда қор құру, жер бөлу мәселесі шешілді. Игілікті істің алғашқы ұйымдастырушысы, Мүсірәлі атындағы қордың төрағасы Өтешқожа Қосымұлы болды. Одан әрі бұл істі інісі Нағыметәлі Қадірқұлов жалғастырды.
Қаржы жинауға тұрғындар жаппай жұмылдырылды. Соның нәтижесінде 1998-2000 жылдар аралығында қорға 1миллион 200мың теңге жиналды. Ескерткіш –кесененің қабырғасын қалауға қажетті сапалы кірпіш Қарақалпақстаннан және аудандық кірпіш зауытынан алынды. "Жер-су" акционерлік қоғамы, №60 жол дистанциясы, аудандық су пайдалану басқармасы, "Нұр " жек кәсіпорны, жол жөндеу мекемесі, №8 кәсіптік-техникалық мектеп, және басқа да көптеген еңбек ұжымдары материалдардан, техника және адам көмек күшін көрсетті. Кесене қабырғасын қалауда Қарақалпақстаннан келген бабаның ұрпағы Пірәлі Қалмамбетов бастаған алты маман, күмбезін тұрғызуда Жүсіпбай Дайрабаев сапалы ісімен, шеберлігімен көзге түсті. Бүкіл халықтың қолдауымен салынған Мүсірәлі бабаның ескерткіш- кесенесінің құрылысына 5миллион теңгедей қаржы жұмсалды.
Мүсірәлі Сопы Әзіз кесенесі - Әйтеке би кенті мен Алтай бекетінің трассасы бойында (Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының 2000ж. 17 қазандағы №249 хаты). Мүсірәлі әулие Мүсірәлі Жәдікұлы, Әжіқожа Мүсірәлі сопы әзиз (ХҮІІ ғ-дың ІІ жартысы –ХҮІІІ ғ-дың басы) – үш жүздің пірі, діни қайраткер, әулие. Керейт руынан шыққан діндар, сопылығы мен тақуалығына орай Әжіқожа, ал оның ұрпақтары Керейт қожа аталып кеткен. 1980 жылы Күлтөбеде Тәукені хан сайлағаннан кейін Қазақ билері Мүсірәлінің үш жүзге ортақ пір етіп жариялайды. Есіміне сопы әзиз аты қосылады. Мүсірәлі Қазақ халқының әдет-жосындарының жиынтығы «Жеті жарғыны » әзірлеуге қатысты деген деректер кездеседі. Мүсірәлі
6 баласының бірі Қосымқожа да, оның ұлы Әбужәлел де пір болған. Мүсірәлі әулиеге кесене салдыру жұмысы 1998 жылы басталып, 2000 жылы аяқталды. Бұл кесене Алтай бекетінде орналасқан, архитектуралық жергілікті маңызды ескерткіш болумен қатар жастарға рухани тәрбие беру тірегі саналады. [5]
Қолжазбалар
Ең алдымен Алла, содан кейін Сопы Мүсірәлі Әзіз әруағы қолдасын! 2004 жылдың қыркүйек-қазан айларында келіп, зиярат еттім. Содан бері денсаулығым өте жақсы. Енді бүгін 2. 09. 2005ж. келіп отырмын. Денсаулығым түзеліп кетті. Мүсірәлі Сопы әзіз атаға ризашылығымды білдіремін. Мен Қашақбай ауылынан келдім.
Шүленбай Рита Қуанышқызы.
Бисмиллаһир иррахманир рахим.
Жаратқан Алла тағалам!
Біздер Ақтөбеден келіп осы Мүсірәлі атамызға зиярат етпек ниетімізді қабыл етіңіз. Алдағы уақытта Атамыздың әруағы желеп-жебеп, деніміз сау, отбасымыз аман болып өзімді де, ұрпағымызды да осы ата-бабамыздың ақ жолынан тайдырмай, екі дүниенің абыройымен, қайда жүрсек те бір өзің желеп жебей гөр.
Зиярат етушілер: Науша, Ибрагим, Иманғали, Қалампыр.
2. 3 Мүсірәлі әулиенің баласы Қосым Қожаның кереметтері
Әз Тәуке ханның жанында болып, «Жетi жарғы» Заңын жазуға қатысқан қайраткер (үш жүздiң пiрi болған) Мүсiрәлi сопы. Әзиздiң Мәрия атты әйелiнен туған Қосымқожа есiмi Қазақстан ғана емес, көршiлес Өзбекстан, Қарақалпақстан елдерiне белгiлi. Оның керемет қасиеттерi туралы аңыз-әңгiмелер кеңiнен тараған. Әрине, олардағы айтылып жүрген аңыздардың негiзгi желiсi бiр-бiрiне ұқсас болғанмен, оқиғалары, адам аттары, мән-мазмұны өзгешелеу болып келедi. Ауызша таралып жеткендiктен бiрде асырып, бiрде кем айтылып жататын оқиғалардың орын алуы – ауыз әдебиетiнiң заңдылықтарының бiрi. Қайта ол аңыз-әңгiмелер бiрiнде жоғын, екiншiсi толықтырып тұрады.
Бiрде Кiшi жүздiң бас биi дана Әйтеке Мүсiрәлiге жолығып: "...Бiздiң елiмiз төменде, ел жаққа жүрмейсiз бе?" дегенiне әулие Мүсiрәлi: "Жас болса келiп қалды, пiрлiкке мына Қосым жас та болса, жарайды" – деп, кенже баласын Әйтекенiң қарамағына жiбередi. Мiне сол уақыттан берi Қосым Әлiм руының арасында болып, Әйтеке басқа да ел тұтқасын ұстаған азаматтармен бiрге ел басқару iсiне араласады.
Кiшi жүз, оның iшiнде Әлiм руының пiрi болған Қосымның керемет киелi қасиеттерi мен әулиелiк iстерi ел арасына кеңiнен тарайды. Оның әулиелiгiн бiлгiсi келген нағашы-жиендерi (сынағысы да келген болу керек) шын әулие болсаң, кереметiңдi көрсетшi деген соң, Алланың күшiмен дұғасын оқығанында өздерi отырған киiз үйдiң iшi суға толып, үйрек жүздiрiптi, тағы бiр аңызда ұрылар Қосымқожа ауылының жылқыларын айдап алып әкетедi. Бiрақ алдары қалың тұман болып, адасып, қай бағытта келе жатқанын бiлмептi. Таң ата қараса, кеше кешкiлiк жылқыларды айдап шыққан жерiне қайтып келiптi. Күндiз жасырынып жатып, кешке тағы жылқыларды айдамақ болып барса, жылқылары түгел шошқа болып, қорсылдап жөнге жүрмейдi. Мұндайды көрмеген ұрылар "әулиенiң жылқысын ұрлаймыз", – деп бастарына бейнет сатып алғанын түсiнiптi. "Әулие баба, жолыңа боз қасқа", – деп кешiрiм сұрап жалбарынады. Мұны бiлiп отырған Қосым әулие де ұрыларға кешiрiммен қарапты, деген сөздер бар. Қосымқожа Мүсiрәлiұлы хақында ел аузында бұлардан басқа аңыз-әңгiмелер көп-ақ. Бұл келтiрiлiп отырылған оқиғалар солардың бiр ғана мысалы.
Қосымқожа тарихын, оның қадiр-қасиетiн, болмысын көп зерттеген қармақшылық ұстаз, дiн зерттеушiсi, марқұм Сәден Нұртаев: "...Қосымқожа – мүһаддис адам. Оның қол дұғасы – қабыл. Ұлсызға – ұл, қызсызға – қыз берген әулие баба", – деп отыратын.
Бiрде экспедиция мүшелерi (iшiнде бiр шешен жiгiтi бар) Қосымқожа мешiтiнiң төбесiндегi бөрене ағаштарды алып пайдаланғылары келедi. Орыс жiгiттерiне шешен жiгiт: "Тимеңдер, мешiттен алуға болмайды", – деп ол жерден кетiп қалыпты. Ал қалғандары болса, мешiттiң төбесiн бұзып, бөренелердi тиеп, Қазалыға қарай жол тартады. Жолай iштерi тырысып, екi бүктелiп жүре алмайды, сол жолда бәрi де қайтыс болыпты. Бертiндегi осы әңгiмелердiң өзiнен-ақ Қосым бабаның кереметтей қасиеттi кiсi болғаны нақтылана түседi.
Қосымқожа Мүсiрәлiұлы хақындағы аңыз-әңгiмелер осылай өрбiсе, Қазақ-Ресей қатынастары құжаттарында Қосымқожа және баласы Абдужәлел, ағасы Сауранбай туралы сирек те болса деректер кездеседi. 1748 жылдың 21 қыркүйегiнде Әбiлхайыр ханның өлiмiне байланысты Нұралы сұлтан мен Бопай ханшаға көңiл айтуға барған он шақты билердiң iшiнде Қосымқожаның аты аталып, оның Керейiт руынан екенiн де анық жазылған. Демек Қосымқожа бабамыздың өз кезеңiндегi iрi дiни қайраткер болуымен қатар, ел iсiне араласқан қоғам қайраткерi болғанын көрсетедi. Екiншiден, орыс офицерi П. Н. Демезонның 1834 жылы Бұхара хандығына сапары кезiндегi жолжазбаларында: "...Бiздер 5-желтоқсанда Сырдария өзенiне жақындап келдiк. Келесi күнi әулие Қосымқожа маңынан мұздың үстiмен өттiк", – деп жазған. Сондай-ақ Әбiлхайыр ханды өлтiрген Барақ сұлтанды тергеу, тексеру iсiне құрылған билер тобына кiрген.
Қазалы уезiне қарасты құжаттардың бiрiнде (1899 ж. ) жоғары жаққа жазған қатынас қағаздарында: "...Уезде қазақтардың аса құрметпен қарап, әулилелiгiне тәнтi адамдардың арасында есiмдерi ерекше аталатын Қосымқожа, Сейiтпенбет, Қалқай ишандардың ұрпақтары тұратынын жазады". Орыс шенеунiктерiнiң өздерi мойындап отырғандай өзгеден ерекше қасиеттерi бар адамдардың бiрi бiз әңгiмелеп отырған Қосымқожа.
12
Қосымқожа шамамен 1700-1780 жылдарда өмiр сүрген. Пiрлiгiмен қатар, елдiң бiрлiгiн сақтау күш салған қайраткер. Мүсiрәлi, Қосымқожалар хақында көптеген көрнектi ақындар өз жырларын арнаған. Шораяқтың Омары (1873-1924):
...Сол кезде Сопы, Марал өткен дәруiш,
Таратып, қайыр таппас халыққа бата, – десе, Қосымқожаның тiкелей ұрпағы Жарылқасынқожа (Аяған 1857-1905) Айымторымен айтысқанда:
"...Арғы атамды сұрасаң Сүгiрәлi,
Бергi атам онан туған Ыбырайым.
Өз атам Сырман серi, қарадан хан,
Пiр тұтып, қол тапсырған талай адам..." – деген. Осындағы Сүгiрәлi Қосымқожамен бiр туған кiсi.
Ерен қасиеттерiмен ерекшеленген оларды Керейiт руына қоса Қожа атауын қосып Жәдiк-Мүсiрәлi ұрпақтарын "Керейтқожа" деп атайды. Қосымқожадан Әбдужәлел (Әбжал), Ышқыш, Арыстан, Сәдiр, Арзықұл, Қожағұл туады. Бұлардың бәрi де дiн жолын берiк ұстаған, елге сөзiн өткiзген тұлғалар. Солардың арасында халық ауызында, тарихи құжаттарда Әбдужәлел (Әбжәлел) пiрдiң есiмi ерекше аталған. Ол шамамен 1725-1730 жылдарда туып, 1805-1806 жылдар шамасында қайтыс болған деген болжам бар.
1785 жылдың 21 шiлдесiнде Кiшi жүз билерi патшайым Екатерина II-ге хат жазып, Кiшi жүз ханы Нұралыны хандықтан босатуды үзiлдi-кесiлдi талап етiп, араларынан бес бидi өкiл етiп, Орынбор генерал-губернаторына жiбередi. Сол хатқа 50-ден астам билер қолын қойған, олардың қолдарын растап мөрлерiн басқан батыр Сырым Датұлы және Кiшi жүз пiрi Әбдужәлел.
Бiз әңгiмелеп отырған Қосымқожа оның арғы-бергi ұрпақтарының Қазақ елiне рух сеуiп, мұсылмандықтың игi iстерiн бүгiнге жеткiзген бабалардың бiрi.
Кейiнгi жылдарда Қосымқожа баба бейiтi жөндеуден өткiзiлiп, айналасы қоршалып, қамқорлыққа алынған. Қосымқожа қорымы аталып, сол қорымда замандасы Дәулет бақсы, Сартай батыр жерленген.

Шырақшының айтқаны
Баба кесенесіне барғанымда бабаның ұрпақтарының бірі шырақшы Әлсеу ағамен зайыбы Тұрған апа жоқ екен. Орнында баласы Нұрлан аға отыр екен. Бабаның қай жерде жерленгені туралы сұрағанымда «ағаларымның зерттеуінше оның қабірі Шаян ауданында жатыр», - дегенді - айтты. Бабаға арнап құран оқыттық.
Әулиенің ұрпағы Ақай ауылының тұрғыны Қалмырза атаның айтқаны
Жәдік атамыздың бәйбішесі Ақшолпан анамыз құрсақ көтермепті. Бірде Жәдік атамыз жолаушылап кеткенде Жаңғабыл атамыздың балалары (Жәдік атамыздың бауыры) Ақшолпан жеңгеміздің еншісі ақ нарды бауыздап өлтіріп тастайды. Келген соң Жәдік атамыз бауырларына бізді қу бас дедің бе деп ашуланып, бүйткенше қаңғырып өлейін деп, Ақшолпан анамыз екеуі Қожа Ахмет Яссауиге барады. Ақназар деген кісі бала оқытады екен. Сол жерге тұрақтап, бірі отын тасиды, бірі от жағады. Түнде Ақшолпан анамыз Ақназар бабамызды дәрет алатын құманын құшақтап жатады екен. Содан бір күні Ақшолпан шешеміз бала көтереді. Іші білінгеннен кейін Ақназар бабамыз «Шырағым, бала тілеп келіп едіңдер, құдай тілеулеріңді қабыл алды. Ер балалы боласыңдар. Балаларыңа мына менің сәлдемді кигізіңдер, елдеріңе қайтыңдар», - деп сәлдесін, батасын беріп қайтарады. Елге келген соң Жәдік атамыз ер балалы болады. Есімін есіркеп, мүсіркеп берді деп Мүсірәлі қояды.
3. Қорытынды
Сөзімді қорытындылай, келе Үш жүздің пірі болған Сопы Мүсірәлі әулие алты алаштың рухани көсемі және де «Періште тауыс» діни сопылық мектебін құрған дана, ұста, көріпкел, ел қамын ойлаушы данышпанның бүгінгі ұрпақ үшін орны ерекше деп айта аламын. Аузымызға «алланы» алып, имандылыққа адамгершілікке бет бұруымызға негіз боларлық ұлы тұлға дегім келеді.
Қазіргі жаһандану дәуірінде батыстық өркениетке бет бұра отырып ел ағалары мен зиялы қауым өкілдері халықтың сана-сезімін, дүниетанымын, діні мен ділін және мәдени мұраларын тың зерделеу арқылы ғана ұлттың табиғи тарихи жадын қалыптастыруға ұйытқы бола алады. Елдікке шақыратын игі дәстүрлерді жасампаздықпен жаңғырту немесе жаңаша саралау арқылы ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз етеді. Іргелі ел екені санасына сыналай кірген келер ұрпақ бойында туыстық сезім нығайып бір-біріне сүйеніш қамқор болар деп үміттенемін. Тарихи ескерткіштерді, рухани құндылықтарды кешенді зерттеу жұмыстары болашақта да өзінің дәйекті жалғасын табатынына мол сенімдімін.
Ұсыныс.
1. Басықара су каналынан баба кесенесіне баратын арықтар қазылып, аяқ сумен қамтамасыз етілсе.
2. Аудан орталығынан Мүсірәлі баба атындағы діни медресе ашылса.
Сілтемелер.
[1] Ж. Ж. Бекмембетов « Келешегім мен бүгінім. Ұстаздық өмірім» 2005ж 15-бет
[2] С. Төреқұлов М. Омартаев «Бақсайыс» Алматы «Тамыр» 2006 жыл 117-118 бет
[3] Ж. Ж. Бекмамбетов «Келешегім мен бүгінім. Ұстаздық өмірім» 2005ж 34-37 бет
[4] М. Түйімбетов «Сопылар әлемі» Қызылорда «Тұмар» 2004ж 66 бет
[5] Сыр елінің тарихи-мәдени мұралары. 3том Қызылорда 2010ж 61-63 бет
Ғылыми жұмысқа Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ж. Ж. Бекмамбетов «Кешегім мен бүгінім. Ұстаздық өмірім» «Санат Полиграфия» баспасы, 2005 жыл
2. С. Төреқожаев М. Омартаев «Бақсайыс» Алматы «Тамыр» 2006 жыл
3. М. Түйімбетов «Сопылар әлемі»Қызылорда «Тұмар» 2004 жыл
4. «Сыр елінің тарихи-мәдени мұралары» 3 том Қызылорда 2010 жыл
5. М. Түйімбетов «Жетіру Керейт шежіресі» Қызылорда «Тұмар» 2006 жыл
6. «Тамыры терең, тарихы кенен - Қазалы» «Телеарна» 2008 жыл
7. Ғаламтор мәліметтері.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру