Тарих | Сартай батырдың өшпес ерліктері

 Тарих | Сартай батырдың өшпес ерліктері

Зерттеу тақырыбына арқау болған Сартай батыр есімі халыққа кеңінен танымал. Қазақ елінің мыңдаған жылдық тарихында басты орын алатын қазақ-жоңғар соғыстарына байланысты кезең туралы сөз қозғалған. Қазақ даласы елін-жерін қорғаған батыр бабалардың ерліктерімен аты шыққан өңір. Тарихымыздың аумалы –төкпелі кезеңінде найзасын қолға алып, Кіші жүз елінен шыққан, нақты айтқанда Арал ауданындағы Ақшатау елді мекенінде дүниеге келген Сартай батыр туралы деректер жинап, қарияларымыздың айтқан аңыз-әңгімелерін жариялап, тереңірек мағлұмат берілген.
Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы –Сартай батырдың өшпес ерлігі
Зерттеу жұмысының мақсаты: 1. Сартай батырдың қалмаққа қарсы соғыста мың баланың жасағын басқарғандығы туралы мәлімет беру 2. Нұрмағанбет Қосжанұлының «Сартай батыр» дастанында негізінен шындықтың барын таныстыру. 3. Сартай батыр ғана емес, Әлім тайпасынан шыққан қара қылды қақ жарған әділ би болғандығын дәлелдеу. 4. Халқымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігімізге қол жеткізуге қол жеткізуге атсалысқан батырларымыздың бірі Сартай батырдың өшпес ерліктерін уағыздау.
Ғылыми-зерттеу жұмысының өзектілігі - Халқымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігімізге қол жеткізуге атсалысқан батырларымыздың бірі Сартай батырдың өшпес ерліктерін жаңғырту.
Ғылыми-зерттеу жұмысының жаңалығы - Сартай батырдың қазақ тарихындағы алатын орнының анықталуы
Қазақ-орыс құжаттарының алғаш рет Сартай батыр әрі би болғандығы зерттеліп ғылыми айналымға енуі.
Зерттеудің барысы үш кезеңнен тұрады. Зерттеу бірінші кезеңінде
Сартай батырдың ұрпақтарымен әңгіме өткізіліп, өмірі зерттелді. Зерттеудің екінші кезеңінде Сартай батырдың өмір жолы мен ерліктерінің қыр-сыры жүйеленді. Зерттеудің үшінші кезеңінде жиналған деректер негізінде баяндама жазылып, қосымша материалдар даярланды.
Зерттеудің әдістері: 1. Жинақтау
2. Топтау
3. Талдау
4.Жүйелеу

I-тарау. XVII ғ Қазақстанның саяси-әлеуметтік жағдайының шиеленісуі
1 Өскен орта
Сартай батырдың өмірдегі жолы сан-салалы, салмақты болып келген. Аңыз әңгімелер және ақын Нұрмағанбет Қосжанұлының (1897-1937) Сартай атты дастаны ел ішіне кезінде кең таралғанымен, 1930 жылдағы көтерілістер , 1932-33 жылдағы ашаршылық, қудалау, оған қосылған, 1937-38 жылдардағы зобалаң бәрін астан-кестен қылып қазақ елінің басына қараңғы ұлт төгілген уақытта адамдар басын қаттап, қолжазбаны сақтауға мұршасы да болмаған. Алайда ел ішінде ағайын-туыстар ортасында айтып отырған. Кейін ұзақ дастанды жаттап алып ел ішінде ағайын-туыс ортасында айтып отырған. Кейін ұзақ дастанды білетіндер қатары азайып, дастан ұмытылған. Сол үзілгенді жалғаған белгілі журналист Өмірзақ Жолымбетов 1998 жылы «Сартай батыр» дастанын өз оқырмандарымен қауыштырды.
Ақын Нұрмағанбет өз дастанында:
.... Сартай өтті би болып,
Қалдырып елге дабысын, - деп жырлайды.
Дастанда сондай-ақ, Сартайдың 15 жасынан мың баланы ізіне ертіп Әбілхайыр қосына барғаны жырланады.
.... Ізіңе ерген мың бала,
Аға болсаң бүгінде,
Пана болсаң түбінде, отырғызбас тақырға,
-дей келе дастан авторы одан әрі Сартайды былайша суреттейді:
Сартай бала ашулы,
Тастай түйіп қабағын.
Тіреді жерге табанын,
Оқ кеткенде кірістен
Ентігіп қақты танауын.
Тепкіден шыққан сұр жебе
Бойлап еніп жартылай,
Жер - астын етті тамамы.
Нұрмағанбет Қосжанұлының аталған дастанын оқиғаның аға батырлардай жоңғар - ойраттарға қарсы қазақ қосындарының ұрысы. Бұл ұрыста мың баланы бастап барған Сартайдың аға батырлардай қомданып, жаудың әскерін жеңудегі ерлік ісі ғана дастанға арқау болған. Мың бала қатысқан ұрыс болған өңір «мың бала» аталған көрінеді. Аңыз ізімен жазылған дастан Сартай туралы осылайша жырлап, біз енді мұрағат құжаттарымен сирек кездесетін кітаптардағы Сартай туралы деректерді сөйлетіп көрелік.
Сартай Байжанұлы хақындағы деректер 1732-1817 жылдарды қамтиды. Бұдан біз С.Байжанұлының ел билігіне араласуының деректерін аңғарамыз. Осы жерде ауызша әңгімелер негізінде жазылған Сартай дастанындағы 15 жасында мың баланы бастап ұрысқа түскен оқиғасымен сәйкес келеді. Екінші бір мәліметтерді нақтыласақ 1785 жылдың 21 шілдесінде 50-ден астам қазақ билерінің Екатерина II-ге Нұралы ханды тақтан түсіру жөнінде өтінішке қол қойғандар басында Сартай бидің есімі тұр. Бұл хатты бекіткендер Кіші жүзге пір атанған Әбджәлел Қосым Қожаұлы мен Сырым батыр. Мұнан кейінгі 1786, 1787 жылғы ант беру қағазына басқа билермен қатар Шекті руының 10 000 үйі үшін Нұбай би Бекарыстанның атасы. Бекарыстан бидің 1765 жылы өмірге келіп, 1858 жылы дүние салған шежірені зерттеу тәсілімен есептесек Нұбай 1714-1715 жылы туған болатын.
1786-1787 жылдары Түркия Ресеймен соғысып жатқан кезі. Олар кіші жүздегі билер мен батырларға арнайы хат жазыпты. Негізгі мазмұны: батыр әскерлерге, билер, ауыл ақсақалдары Сартай биге, Сырым батырға, Садырбек, Барақ, Жанбатырларға Алла қолдасын сіздер де, біздер де мұсылманбыз, сіздер тарапынан көмек керек деген мағынада хат жазған. Осындағы Сартай батыр жайлы отырған өздеріңіздің Сартай билеріңіз. Орыс құжаттарында көбіне-көп қазақ есімдерін дұрыс жаза алмайды.
Үшінші бір құжаттарында барон Игельстром өзінің патшайымы Екатерина II-ге жазған мәлімдемесінде: «...басқаларға қарағанда өздері артықшылық халде боларлықтай қызмет жүктеу қажет» деп өз ойын білдірген. 1787-1789 жылдар аралығында сайланған тексеру, басқару старшиналығына Әлім әулетінен Сартай би, Қаракөбек, Мұратбектер тағайындалған.
Төртінші құжатта Ералы сұлтанның 4 қаңтар 1794 жылғы хатында Сартай батырдың ресейлік Хусейн татар басқарған керуенді тонағаны айтылыпты. Осыдан-ақ Сартай Ресейді шын мәнінде ( іс нәтижесінде) қолдамағаны көрініп –ақ тұр.
1817 жылдың 16 тамызында Кіші және Орта орданың билерінің мәлімдеме хатында Шерғазы Айшуақұлын өздеріне хан етуді ұсынып, ол турасында дәйекті деректерді алған таратқан жүзден астам билер қол қойған. 21 ретте « мен би Сартай Байжанұлы өзімнің мөрімді бастым» деген сөздер бар. Демек, зерттеушілер жазып жүргендей Сартай би Байжанұлы 1785 жылы қайтыс болмаған. Ең қызығы осы құжатта Сартайұлы Жабы деген кісі де қол қойған. Мүмкін біз әңгімелеп отырған Сартай би баласы, болмаса атасы болар.
Сартайдың баласы Малтабардан Бисен Меңдіқара Асан Сәт, Жұма туады. Меңдіқарадан Боранбай, одан Әйтен (1883 жылы) туған.
Сартай батыр Қалмаққырылған деп атау алған Бәлентіғ Біленуті өзені маңындағы ірі соғысқа және шешуші ұрыстарға қатысқан деген деректер де кездеседі.
Ел аузында бірде би, енді бірде батыр атанған өз кезінде айтулы тұлғалардың бірі болған Сартайдың өсиеті бойынша ол Кіші жүзге пір атанған Қосым - Қожа қабірінің маңына жерленген. Қосым - Қожамен сырлас дос болған Дәулет бақсы да осы қорымда, батыстағы үйтам Сартайдікі екен.
Бүгінде ел азаматтары бас болып, Қосымқожаның тікелей ұрпағы Айнақожа Алдабергенұлы, Сартайдан тараған Қарасай, басқа да азаматтардың қолдауымен Қосымқожа қорымы қоршалып, қамқорлыққа алынған. Оларға біз Алла риза болсын демекпіз.
Сыр сүлейлерінің ірі тұлғасы, дарабоз ақын Қарасақал Ерімбет (1844-1916) өзінің Көнек қыпшаққа атты толғауында.
.. Сәлем айт Төрежанға, Ақмоламен, би өткен Сартай, Қылыш, Қарадостай, -деп жырға қосса бізде би өткен Сартай атты деп жырлаған.
Ортақ тарихымызды жалпы қазақ халқы құрметтеп жатқанда бабамыздың туып өскен ел-жұрты әлі күнге үнсіз. Әншейінде ықпалдың ырқына жығылып, атқа мінген азаматты алдиярға балап жатқандығымыз неліктен екен. Дегенмен есті де, сергек азаматтарымыздың да барлығына сене отырып, Сартайдай болатындығына үміт артамыз. Осы орайда Нұртуған атамыздың мына бір өкініші еске түседі. Науқас меңдеп бойынан күші, жүрегінен жалыны мен көңілінің шалқар шабыты тая бастаған сәтте:
«Әттеген-ай, Жанқожа мен Сартайды жырламадым, әруақтың киесіне ұшырадым», -деп налыған екен. Бұл да бір тарихымыздың өн бойында жаманды-жақсылы із қалдырған дәуір тұлғаларының кейінгі ұрпақ есін жаңғыртып тұрар ескертуі де шығар.
Сартай жыры да бұрынғы эпостық дастандар үрдісімен жазылған кейіпкерін ерекше көрсету мақсатында әсерлеу де бар. Мәселен, Кіші және Орта жүздің сарбаздары жиылған шаршы топтың алдында садақ жебесімен атқанда жер тасты қақ айырып тамам жұртты таң қалдыруы. Жырдағы осындай әдеби тәсілдердің өзі де тарихи тұлғаның аңыздық кейіпкерге айналуына да негіз қалаған. Сондықтан да Сартай есімін тарихи тұлға ретінде танып құрметтейтін уақыт жеткен тәрізді.
Нұрмағанбет ақынның суреттеуі бойынша, Сартай батыр ғана емес қара қылды қақ жарған Әлім тайпасының әділ биі де болған екен. Ұлы адамдар арасында да кездесетін пендешілік әрекет бақталастыққа байланысты Қаз дауысты Қазыбек пен Қырғауыл бидің арасында ат тұрманы ер үшін дау шығады. Осы сәтте Алшынның ақиығы Әйтеке би атасынан рұқсат сұрап сөз алған Сартай бала Қазыбек биді жаладан арашалап мерейін үстем етті. Дауға негіз болған ерді шын иесі Қазыбек биге ұсынды. Өзін-өзі дәлелдеуі қиынға түсіп, ар-ожданы таразыға түскен сын сағаттың әділ шешіміне риза болған Қазыбек би ақ желең тұлпарды сыйға тартты. Әлімнің биі ретіндегі қызметін ол кісі өмірінің соңына дейін атқарған ұқсайды. Тұлпар мініп, ту ұстаған бала Сартайдың күллі қазақ еліне есімі тараған батыр. Сартайға айналар тұсы да осы оқиғадан кейін екендігі баршаға мәлім.
Сыр өңірінде жыр керегін лапылдатқан ақын атамыз Нұрмағанбет Қосжанов « Сартай батыр» дастанын батырдың жақын туыстарының айтуымен жазғаны белгілі. Ақын осы дастанын жазып, өзі орындап жүргенінде ұсталып, халық жауы ретінде 1937 жылы атылған.
Нұрмағанбет Қосжанұлының Сартай батыр бастаған «Мың бала» жорығы туралы жазғандағы мақсаты:
- Азаматтықтың, бостандықтың, тәуелсіздіктің құны мен қадірін жете түсіну үшін;
- Ұрпаққа елжандылықты, ұлтжандылықты, отансүйгіштікті үйрету үшін;
- Ұрпақ болашағы қыл үстінде тұрғанда, үш жүздің халқының ауыз біріктіруінің арқасында келген жеңістің құнын білуге, ұлт болып жер бетінде қалғанымызды еске түсіру үшін.

2 Сартай батырдың жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі
Сартай батыр бастаған «Мың бала» жорығы туралы әңгімені Арал қаласының тұрғыны Жақайымның Берденқұлы ұрпағынан тарайды. Қайназар Әлімбет ақсақалдың айтуынша қағаз бетіне түсіріп отырмын.
Қазақ тарихында 1680 жылы Түркістанда Салқам Жәңгірұлы Тәукені ақ киізге салып хан көтергенде, бұл тарихи оқиға Кіші жүздің би-батырлары түгел қатысқан Шектінің сол уақыттағы жасы үлкен бас батыры әрі биі тілеу Аймырзаұлы хан сайлауына қатысып, алқалы топта сөз сөйлеген және Тәукені Софы Әзиздің үш жүзге пір сайлаған. Бұл жөнінде сол уақытты жырлаған белгісіз ақынның мына өлеңі нақтылай түседі:
Тарайды Айтмырзадан Тілеу, Қабақ.
Әлімнің баласына болып салмақ.
Қонысы Мұғалжардың Шалқар көлі,
Көңборсық, Қарашолақ, Қаратанақ.
Үш жүз Күлтөбеде жиналғанда,
Сөз тапқан: Атам Тілеу ойланбай-ақ.
Сайлаған Тәукені-хан,
Софы Әзизді пір.
Үш жүз тарқасады мақұлдап –ақ
Адамның сұңқары деп атақ алған
Бір қазақ Тілеудей боп жаратылмақ.
Бұл өлеңдегі сайлаған Тәукені-хан, Софы Әзизді –пір деп бұл жерде ханмен бірге үш жүзге пірдің сайланғанын паш етіп тұр. Үш жүзге пір болған Софы Әзиз Жәдіқұлы Мүсірәлі болатын. Ол тарихтағы Баба түкті Шашты Әзиздің ұрпағы. Мүсірәлі діни сауатты, көріпкел, сәуегей, аузы дуалы адам болған. Ол келе-келе Мүірәлі аты ұмытылып, Софы Әзиз атанып кеткен.
Үш жүздің жақсы мен жайсаңдары хан мен пір сайлаған келер «1681 тауық жылы қазақ пен қалмақ соғысытың жаңа кезең басталатынын» жазушы-ғалым М.Мағауиннің «Қазақ тарихының әліппесі» атты еңбегінен таныспыз. Қалмақтаадың 1681 жылғы әуелгі жорығының өзі-ақ Ойрат ұлысының айрықша қуатқа жеткенін қазақ ордасының үлкен қатер алдында тұрғанын әйгілейді. Бұл жорықты Қалдан-Бошықты ханның өзі бастаған Қалмақтар жолындағының бәрін жапырып, бүкіл Жетісуды көктей өтіп, Шудан, Таластан асып, Арысқа жетеді, қазақтың қалың ортасындағы Сайрам құламайды. Қалмақтың Қалдан-Бошықты ханы қысқа қарай кейін шегініп, жазды Іленің жағасынан тосады, күш жинап шешуші ұрысқа әзірленеді.
Келесі ит жылы тағы да танымсыз, тепе-тең күрес үстінде өтеді. 1683 жылы доңыз жылғы соғыстарда Сайрамның түбінде өтеді.
Осы Сайрам қаласына қорғау үшін бүкіл қазақ даласы атсалысты. Сайрам (Ойрат) соғысына Батыс аймақтан әдейі Кіші жүз қолын бастап барған Тілеу, Қалдыбай, Жолдыаяқ, Тайлақ, Көкі, Бөкірек, Бәйімбет және тағы басқалары туралы ел ішінде ауыздан ауызға жеткен ақиқат пен аңызға құрылған әңгімелер жетерлік. Кіші жүз қолын басқарған батырлар Түркістанға аттанады. Түркістандағы Тәуке ханның алдынан өтіп, тарихта қанды қырғын атанған Сайрам соғысына кіреді. Осы қидаласқан қанды қырғын соғыста талай батырлар, боздақтар қазақ елінің тәуелсіздігі үшін ұлтының болашағы жолында қан майданда ат үстінде шейіт болады.
Ақыры, 1684 жылы Қалданның інісі Батыр Қонтажының немересі Сыбан Рабтан Сайрамды басып алады. Қаланы қиратып, халқын қырып жойып, қазақ ордасының ұйытқы жұртын ойрандап, мың сан тұтқын, қисапсыз олжаға кенеледі. Төрт жыл бойы тынымсыз жүргізілген Сайрам соғысы қазақ әскерінің күш-қуатын кемітіп, қатты қажытты. Қайта қалыпқа түсіп, тың күш-қуат жинау үшін, қазақ ордасының Түркістанды сақтау мақсатында Тәуке ханның Қалдан-Бошыққа алым-салық төлеп, соғысты уақытша тоқтатуға жіберген елшілігі нәтижесіз аяқталды. Екі қайтара жіберілген елшіліктен нәтиже шығара алмаған Қазақ ордасының ханы Тәуке торығып қазақ елінің жақсы жайсаңдарын Күлтөбеге жинап, мәжіліс құрып ақылдасады. Мәжіліс күштің тең емес екенін, себебі қалмақтар соғыс өнерінде ілгері кетіп, от қару мылтықпен қаруланғанын айтып, қыстың келіп қалғанын ескеріп, қалайда келісімге келуге мақсат етеді. Тәуке хан, Қазыбек би, Төле, Әйтеке бастаған билер, батырлар, тығырыққа тіреліп, жиында үнсіздік басады. Біршама уақыт өткен соң Тәуке хан «сіздің айтарыңыз жоқ па?»-деп Софы Әзизге ел назарын бұрыпты. Қай жиында да көп сөйлемейтін Софы Әзиз « тыңдайтын құлақ болса менің айтарым бар»-деп матасын ортаға жайып, үстіне бір уыс мақта салып, ортада маздап жанып тұрған сексеуілдің шоғын және құмындағы суға сол жер жерде дем салып мұзға айналдырып қол басындай мұзды ақ жібек матаға түйіп, «мынаны Қалдан-Бошықтыға елшіден беріп жіберіп жауабын күтіңіз», - деп хан алдына қойыпты. Бұны көзбен көрген би-батырлар аң-таң болыпты. Тәуке ханның елшілері түйілген орамалды алып бір жеті жол жүріп, Қалдан –Бошықты ордасына жетіпті.
Қалдан-Бошықты ханның қызметшісі Қазақ ордасының елшілері алып келген орамалды шешіп, қызуы қатты сексеуілден мақтаның жанбай , мұздың ерімей немесе шоқтың сөніп күлге айналмай тұрғанын көріп таң болыпты.
Қалдан-Бошықты хан қарауындағыларға Қазақ ордасының әкелген орамалды ордасының шаңырағына іліп қоюды, қазақ елшілерін үш күн жақсылап күтуді бұйырды.
Ондай ойы, бұл қанша жерден әулие болса да, күз айы болғандықтан мұз ерімесе де, үш күнде шоқ сөнеді, не болмаса мақтаны жанады деп күтеді. Арада үш күн өтіп, орамалды шешіп қараса сол күйінде тұрады. Сол кезде Қалдан –Бошықты ханның әйелі орамалды үш күн бақылағанын күндіз-түні мұз жан-жақты аяздай қарып тұрса, шоқтың орданы жылытып, қып –қызыл болып жарық қызуын шашып тұрғанын айтты. Мақта, мұз және шоқ түйілген орамалды қазақ жері, мақтаны ұлы жүз, мұзды орта жүз, шоқты кіші жүз деп қарасақ, бұны басқарып отырған хан мен пір де тегін жандар болмайды. Елді мақтадай бірлікке ұйымдастыратын ұлы жүзін алғанмен, мұздай қарулы орта жүзді, найзасының ұшы алтын шоқтай жанған кіші жүзді бағындыру оңайға соқпас. Бұл үш жүз біріксе Ойрат қолына тегеурінді тойтарыс беріп, орданы ортасына түсірер, -депті......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру