Физика | Ғарыш әлеміне саяхат

 Физика | Ғарыш әлеміне саяхат

Зерттеудің мақсаты:
 Ғарыштың таңғажайып сырларымен танысу, ғарышқа алғашқы қадам, ғылымның адам өміріне қосқан үлесін зерттеу, білу;
 Қазіргі заман талабына сай ғылыми - техникалық процестерді игеріп, өз мүмкіндігімді ашу;
 Ғарыш дәуірінің басталуы, оны игерудегі жетістіктер жөнінде танысып, жеке шығармашылығымды кеңейту.
Зерттеудің бөлімдері:
 Кіріспе
 Ғарыш ұғымы оның пайда болуы, ғарыштық техника.
Негізгі
 Ғарыштық корабльдің ішкі құрылысына жалпы сипаттама
 Ғарышты зерттеуге өз үлесін қосқан ғарышкерлер
 Ғарышқа алғашында нелерді ұшырады
 Ай жердің табиғи серігі
 Жалпы космос, негізгі жетістіктер
 Адам - ғарыштық тіршілік иесі.
 Ғарышты игерудің ғылыми практикалық маңызы
Қорытынды.
 «Мен және менің кеңістік әлемім»

Зерттеудің ғылыми болжамы:

Адам баласы ғарыш көгіне көтеріліп, ашық космосқа жол ашты. Жерді және оның байлығын ғарыш кеңістігінен зерттеудің пайдалы жақтары ойластырылуда. Дүние жүзінің көптеген ғалымдары адамзаттың әрі қарай өмір сүруіне қажетті жетістіктерді ғарыштан табамыз деп болжам жасауда. Сондықтан Қазақстан жастарын ғарыш ғажайыптарын игеруге үйретсе, әлемдік дамуымызға қосар үлесімізде тарихи қадам болар еді.

Өзектілігі:
Ғарыш дегеніміз не?
«космонавтика» - грек тілінен аударғанда «кеме басқару» деген мағынаны білдіреді екен. Ал осы космос корабльін орбитаға шығару үшін қуатты ракета двигателі және отын қажет, ал ракета жоғары температураға төзімді, жеңіл де берік материалдан болуы тиіс. Негізі осы космос және космосқа ұшу туралы ғылымның негізін қалаған К. Э. Циолковский болатын, ал оның арманын, ойын жүзеге асырған бас конструктор Сергей Павлович Королев басқарған совет ғалымдары мен инженерлер болды. Сондықтан да ғарыш кеңістігін игеру С. П. Королевтың есімімен тығыз байланысты. Жердің тартылыс күшін жеңе отырып, жердің тұңғыш жасанды спутнигі орбитаға 1957 жылы 4 қазанда көтерілді, бұл күн балалар космос дәуірінің басталуы болып есептеледі.

Бұлтсыз ашық түнде аспаннан жыпырлаған сансыз көп жұлдыздарды бар. Олардың кейбірі солғын жарық нүктеге ұқсайды. Енді біреулері бірде күшейіп, бірде әлсіреген алыстағы отқа ұқсайды. Жұлдыздар жерден өте алыс қашықтықта орналасқан. Сондықтан олар біздің көзімізге кішкене жылтыраған ноқат сияқты болып көрінеді. Шынында да олардың әрқайсысы Күнге ұқсас жанып тұрған, орасан зор газ шарлар. Ең ірілері күннен ондаған, тіпті жүздеген есе үлкен. Мөлшері жермен қарайлас шағындары да бар. Жай көзбен қарағанда аспан әлемінен үш мыңға тарта жұлдыз көрінеді. Ал қазіргі замандағы ең жаңа құралдармен есепке алынғандардың саны бірнеше миллион. Ғалымдардың болжауынша, жұлдыздардың жалпы саны әлденеше миллиардтан асып кетеді.
Жерге ең жақын жұлдыз Күн. Оның төңірегінде Жерді қоса есептегенде 9 ірі аспан денесі айналып жүреді. Олар планета деп аталады. (планета грекше адасушы жұлдыз деп аталады).
Планеталар өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Дегенмен түнгі аспанда олар да жұлдыз сияқты жылтырап көрінеді. Планетаның олай көрінуі бетіне түскен күн сәулесінің шағылысуынан болады. Өз кезегінде планеталардың төңірегінде олардың серіктері айналып жүреді. Жердің серігі - Ай.

Күн және оны айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері күн жүйесін құрайды.
Күн жүйесі Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Әлемде ондай галактикалар тым көп миллиондап саналады.

Ғарыш кеңістігінде шек жоқ. Оның кеңдігі соншалық, аспан денелерінің бір - бірінен қашықтығын Жердегі өлшеммен, айталық километрмен өлшеу мүмкін емес. Бұлай өлшеу Жер шарындағы қалалардың ара қашықтығын миллиметрмен есептеумен бірдей болар еді. Сондықтан ғарыштағы қашықтық өлшемі үшін көп жағдайда жарықтың таралу жылдамдығы бірлік ретінде алынады. Жарық секундына 300 000 км жылдамдықпен таралады. Ол жерге айдан 1, 3 секундта, Күннен 8 минуттан сәл астам уақытта жетеді. Бізге ең жақын жұлдызға дейінгі аралықты жарық 4 жылда жүріп өтеді. Ол да ештеңе емес. Әлем кеңістігімен салыстырғанда қас қағымдай дерлік. Құрамына Күн жүйесі кіретін Әлемнің шағын ғана бөлігі Галактиканың бір шетінен екінші шетіне жарық 100 мың жылда әрең жетеді. Ал алыстағы галактикалар бізден бірнеше миллиард жарық жылындай қашықтықта тұрады......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру