Философия ғылым
Орта ғасырлар және қайта өрлеу философиясы
Орта ғасырлар деп аталатын кезең Европа тарихында Рим империясының күйреуінен бастап Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі мың жылдан астам уақытты қамтиды. Бұл кезеңде егемендік алған көптеген Европа елдерінде (Италия, Франция, Англия, Германия, т.б.) феодалдық қарым-қатынастар қалыптасып, христиан діні қоғамдық өмірдің барлық салаларында өктемдік көрсетіп, шіркеудің сауаттылықтың, қолжазбалар сақтау ісінің ошағына айналған мезгілі болатын. Осындай мемлекеттік билік қолдаған қатал діни үстемдік жағдайында философия өзінің бар ақыл-ой күшін христиан догматтарын негіздеуге жұмсап, дін ілімінің күңіне айналған-ды. Осы кезеңдегі фолософиялық ілім “схоластика” (мемлекеттік ғылым) деген атаққа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті:
1. Балауса схоластика(9-12 ғ.). Ғылым, философия, теология (дін ілімі) әлі бір-бірімен біте қайнасып ажырамаған, бірақ ақыл-ой әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді және универсалилерге (жалпылық) байланысты пікір-талас негізінде ақыл-ойға діни сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің “заңдылығын” дәлелдеуді (Аристотельдің формалық логикасы тұрғысынан) өзіне мақсат қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: Ансельм Кентерберийский, Пьер Абеляр, Августин Аврелий, т.б.
2. Кемеліне жеткен схоластика (13 ғ.) Аристотельдің еңбектері латын тілінде болса да көпшілік арасында тарап ,философиялық теологиялық ілімнің қалыптасып кең етек алған кезең болды. Негізгі өкілдері Ұлы Альберт, Фома Аквинский, Дунс Скотт, т.б.
3. Құлдырау кезеңі (14-15 ғ.) Шынайы-ғылыми және философиялық ойлардың тез қарқында дамуының арқасында (әл-Фараби мен ибн-Рушдтың “екіұдай ақиқат” концепциялары негізінде),теологияның тек бедел мен атаққа табынған , тәжітибеден, өмірден алшақ, керенаулық сарыны басым мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика мүлде нәтижесіз тіл безеген ғылымсымақ ретінде қалыптасты. Негізгі өкілдері:Ульям Оккам, Жан Буридан, т.б.
Схоластикалық пікірталас үстінде христиандық догмаға сәйкес келе бермейтін көптеген философиялық мәселелер көтеріліп, кейінгі кезеңдерде өз шешімдерін тапты. Августин Аврелий – (354-430 ж.ж.) философ, белгілі католик шіркеуінің уағыздаушысы және саясаткері. Ол – августинизм деп аталған христиан философиясындағы неоплатонизм бағытының негізін қалаушы. Негізгі еңбектері: “Тәубеге келу”, “Құдай қаласы туралы”, т.б.
Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып оның іс-әрекеттері, қылықтары құдайдың ерік-жігерімен белгіленіп қойған. Ол белгі игілікке (адам оған лайықты болмаса да) немесе азаптарға (жазықсыз
болса да) бағытталған болуы мүмкін. Құдай әлемді жаратқанда, барлық заттардың түрлерінің бастамасын олардың бойына енгізіп, әрі қарай өздері дамитындай мүмкіндік берген. Адамзат тарихы да осы заңдылыққы бағынады. Тарихтың даму негізінде адам санасының өзіне деген сенімділігі (бұл сенімнің негізі – құдай) мен құдайға деген сүйіспеншілігінің деген танымдық күші жатыр. Осы түсінікті басшылыққа ала отырып, Августин адамзат тарихы бір-біріне қарсы екі патшалықтың күресінің нәтижесі деп тұжырымдайды. Ол құдайға қарсы, күнделікті өмірдің қызығын күйттейтіндер мен құдайдың патшалығы арасындағы күрес. Августин құдай патшалығы арасындағы күрес. Августин құдай патшалығы дегенде жердегі оның өкілі – Рим шіркеуін айтады. Шіркеу құдай патшалығы атынан сөйлейтін болғандықтан, оған жердегі пенделердің бәрі де бағынулары керек.
Августинизм теологиялық-философиялық бағыт ретінде Батыс Европа елдерінде 12 ғасырға дейін үстемдік етті, кейін христиандық аристотилизмнің негізін қалаушылар Ұлы Альберт пен Фома Аквинскийдің ілімдерімен ығыстырылды.
Схоластикалық тәсілдің негізін қалаушы және қорғаушы француз теологы-схолосты, философ Пьер Абеляр (1079-1142 ж.ж.) болды. Негізгі еңбегі – “Бар және жоқ”.
Абелярдің пікірінше, шынайы өмір сүретін – жалқылар, бірақ олардың өзара ортақ қасиеттері болғандықтан, осы негізде жалпылар ұғымы қалыптасады. Бұл жалпылар шын өмір сүреді, себебі ол құдайдың ақыл-ойында есепте тұр әрі ол жаратқан заттардың үлгісі болып табылады. Олай болса, жалқыларды зерттеп, алған білім де, жалпылардың шын екеніне деген сенім де бір-біріне қайшы келмеулері керек. Адамға ең керекті нәрсе оның іс-әрекеті емес, құдайға деген сенімі.
Абеляр осындай екіұшты пікірлері үшін номиналистер жағынан да, реалисттер жағынан да сынға түсті.
Христиандық діни ілімді Аристотельдің философиясымен байланыстырып, шіркеудің алғашқы схоластикалық ұстазы болған, 1879 жылдан бастап католик шіркеуінің шешімімен осы шіркеудің ресми теолог-философы деп жарияланған Фома Аквинский 1225-26 ж. туылып, 1274 ж. қайтыс болады. Негізгі еңбегі “Теологияның жиынтығы”, т.б. Ол Аристотельдің іліміне сүйене отырып белсенді түр (реттілік принципі) мен тұрақсыз және қалыптаспаған материаның (болмыстың әлсіз түрі) арасындағы байланысты түсіндіру арқылы Иисус Христостың бойындағы құдайлық (идеалдық) және адамдық (материалдық) қасиеттерін теориялық
жолмен негіздеуге тырысады. Құдайдың арқасында қосылған алғашқы бастамалар – түр мен материя жеке заттар әлемін тудырады. Адамның өзі де жан (түр қалыптастыратын принцип) мен дененің қосындысынан пайда
болған. Жан “таза түр” ретінде күйреуі, жоғалуы мүмкін емес. Бірақ ол жерде тіршілік пайда болғанға дейін жеке өмір сүрмеген, оны құдай жаратқан.
Рух пен материяның табиғаты туралы пікірталас жалқылар мен жалпылардың (универсалилер) табиғаты жөніндегі тартысқа айналды. Фома Аквинский Аристотельдің жалпы ұғымдар жалқылардың түр қалыптастыратын принципі ретінде өмір сүреді деген іліміне сүйене отырып, универсалилер ақыл-ойдың жемісі болғанымен, санадан тыс, құдайдың ойында орын алғандықтан, өз алдына жеке дара тіршілік етеді деп есептейді. Осыдан келіп ол универсалилердің үш түрлі өмір сүретіндігін көрсетеді. Яғни, олар:
1. зат пайда болғанға дейін – құдайдың ойында;
2. заттардың өзінде – олардың мәні ретінде;
3. заттардан кейін, адамдардың ақыл-ойында – сол
заттардың ұғымы, абстракциялық ойдың нәтиже-
сі ретінде өмір сүреді.
Заттардың мәні олардың түпнегізі – құдайдың бойындағы жалпы идеялар болғандықтан, адамдардың мақсаты – соларды діни сенім арқылы білуге ұмтылу. Ал философия болса, ол да діни догмалардың дұрыстығын, ақиқаттығын өзіне тиесілі бар беделімен дәлелдеуі керек.
Аквинскийдің пікірінше, дін құдайдың табиғатын түсіндіретін ілім, сондықтан шіркеу оны уағыздаушы ретінде азаматтық қоғамнан жоғары тұрады. Демек, өкімет билігі құдайдан. Жердегі тіршілік о дүниедегі болашақ рухани өмірге дайындық болғандықтан, патшалық билік рухани (діни) билікке бағыну керек. Рухани билікті жүргізетін, аспанда – Христос, жерде – Рим папасы. Аквинскийдің ілімі ХІХ ғасырдың аяғында қалыптасқан қазіргі кездегі философияда өзіндік орын алып отырған неотомизмнің теориялық және идеологиялық арқауы болып отыр.
Дунс Скотт (1268-1308 ж.ж.) шотланд схоласты, Аквинскийді іліміне қарсы сын айтып, құдайдың да, адамның да ақыл-ойы оның ерік-жігеріне тәуелді, сондықтан да құдайдың жігері не істеймін десе де абсолютті ерікті, ал оның қалағанын істегеннің өзі – игілік. Құдай жігерінің арқасында әлемдегі жеке заттарды жаратқан. Ол тек жаратушы ғана емес, сонымен бірге сол заттардың рухани түпнегізі. Осындай рух адамда да бар. Адамның рухы (жаны) мәңгі, ал оның денесі кеңістік пен уақытта шектеулі. Рухтың негізгі мақсаты – танып-білу. Адамдар сезімдік түйсіністер арқылы заттардың қасиет, сипаттарын таныса, ақыл-ой осы алынған мәліметтер негізінде жалпылықтың (универсалий) мәнін түсінуге
ұмтылады. Жалпы ұғымдар таза ақыл-ойдың туындысы емес, әр заттың мәні, түпнегізі. Олар әр уақытта болған және мәңгі бола береді. Тек адамдар таным процесі кезінде оларды заттардан бөліп алады да, “жалпы” ұғымын қалыптастырады. Ақыл-ой да, сезімдік түйсіністер де өз алдына рухани түпнегізді танып-біле алмайды, себебі олар сезім мүшесіне әсер етпейді. Олай болса, таным процесінде белсенділік көрсететін сезім мүшелері де, сана да емес, тек жігер ғана. Себебі жігердің өзі жалпы рухтарға тән, ал рухтың жігері құдайдың жігерінен
нәр алады. Скоттың пікірінше, философия қарастыратын негізгі мәселе
болмыс болғандықтан, ол рухани түпнегізді танып біле алмайды, ал діннің пәні – рухани түпнегіз болғандықтан, бірақ оны нақты түрде дәлелдей алмайтынына қарамастан, оның айтқандарына күмәнданбай сену керек.
Дунс Скоттың ілімі скотизм деп аталған өзінің ізбасарлар мектебінің өкілдеріне үлкен әсер етті.
Орта ғасырлық философияның көптеген идеяларымен келіспей, өзіндік пікір айтып, таным процесінде тәжірибенің беделін көтерген ойшылдардың бірі Роджер Бэкон болды (1214-1294ж.ж.). Ол философияны, табиғаттану ғылымдарын теологиядан бөлу керектігін уағыздап, ғылымдар ғимаратының іргетасы – тәжірибе, эксперимент және математика деп есептеді. Ол өз кезіндегі ғұламаларды схоластикалық беделдің алдында бас июден гөрі тәжірибеге жүгінуге, бос пікірталастықтан экпериментке, керегі жоқ кітаптардан – табиғатты зерттеуге шақырады. Осы салада өзі де үлкен жетестіктерге жетті.
Номиналистік бағыттың көрнекті өкілі, схоластикалық ойлау тәсілінен арылып, трансценденталдық болмыстың антопологиясын қалыптастыру арқылы Суарес, Лейбниц және Г.Биль сияқты ойшылдарға үлкен әсер еткен ағылшын ғұламасы Уильям Оккам (1300-1349-50 ж.ж.) болды. Оның пікірінше, әлем жеке заттар мен мәндерден тұрады. Мәнділіктердің негізгі анықтамаларының қасиеттері (трансценденталий) өзінен бөлінбейді және қажеттіліктің арқасында оның мәнінен тікелей туындайды. Трансценденталилер категориялардан да, біртектес заттарды қамтитын жалпы ұғымдардан да жоғары тұрады. Ал категориялар мен жалпы ұғымдар заттардың таңбасы, белгілер ғана, олай болса, олар жеке-дара өмір сүретін тек жалқылар болғандықтан, таным процесі заттарды, құбылыстарды түйсіктер арқылы бейнелеуден басталады. Танымның өзі сыртқы және ішкі тәжірибе арқылы түйсініп-білуден тұрады. Ішкі тәжірибеде адам жалқыларды бейнелеудің нәтижесінде оларды түсініп, нақты білім алса, сыртқы тәжірибеде трансценденталилер туралы абстракциялы білім жинайды. Бірақ аұыл-ой күшімен құдайды, оның бар екендігін бұлжытпай дәлелдейтін фактілер болғандықтан, оған сену ғана
керек. Олай болса, Оккамның пікірінше, философиялық ақиқат пен діни
ақиқат екі түрлі құбылыс. Ғылым мен философия үшін ең маңызды
нәрсе – интуиция мен білім арқылы ақиқаттығы дәлелденетін фактілер. Ал дәлелдеудің өзі қарапайымдылыққа, түсініктілікке негізделуі шарт.
Оккамның ілімі Коперниктің аспан механикасы туралы ілімінің қалыптасуына және ғылымдарда геометриялық тәсілдің үстемдік етуіне ықпал жасады.
Қайта өрлеу кезеңіндегі философия
ХV ғасырдың аяғында өндірістің, сауданың, әскери құралдардың жедел қарқынмен өсуі техниканың, табиғаттану ғылымдарының, математиканың, механиканың дамуына себепші болды. Ал қоғамдық өмірде қалыптасқан бұл жағдайлар схоластикалық ой-пікірлерден тазарып, таза табиғаттану ғылымдары тұрғысынан әлемдік процестерді және адам табиғатын түсініп-білуге жол ашты. Адамдардың өмірі мен іс-әрекеттері тікелей бағынышты табиғат заңдылықтарын танып-білуде барлық ғылымдарға тән универсалдық (әмбебаптық) тәсілдің маңызы зор деп есептелініп, сондай әмбебаптық тәсіл ретінде көбінесе логикалық ойға және тәжірибеге сүйенген математикалық кейінірек механикалық тәсіл ұсынылады.
Қайта өрлеу кезеңі философиясының гуманисттік сарында болуына католиктік шіркеудің рухани қыспағынан құтылуға ұмтылған адамдардың еркіндік, бостандық туралы идеялары ықпал жасады. Жалпы алғанда қайта өрлеу философиясы негізгі үш бағытта дамыды. Біріншісі (Николай Кузанский, Пико делло Мирандолла, Леонардо да Винчи, т.б.) адамның еркін, бостандығын өздерінің философиялық ілімдерінің негізгі өзегі етіп қабылдап, рухани өмірде, мәдениетте гуманизм (адам сүйгіштік) деген бағытты дүниеге әкелсе, екінші (Николай Макиавелли, Томас Мор, Томазо Компанелла) адам бостандығын жүзеге асыруға кедергі болып отырған қоғамдық құрылысты сынап, утопиялық социалистік идеяға бой ұрады, ал үшіншісі (Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилей) табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, христиан дінінің әлемнің пайда болуы және оның құрылысы туралы іліміне сәйкес келмейтін, табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйеніп түсіндіруге болатын көзқарастың дамуына үлкен әсер еткен, революциялық жаңалықтар ашты.
Схоластикалық философиядан гуманистік идеяға толы философиялық көзқарасқа жол ашқан неміс ойшылы Николай Кузанский (шын аты Николай Кребс) (1401-1464 ж.ж.) болды. Негізгі еңбектері: “Мүмкіндіктің болмысы туралы”, “Жер шарының айналуы туралы”, “Құдайдың көріпкелдігі туралы”, т.б. Кузанский пікірі бойынша, әлем қарама-қарсы заттардан тұрады және олар математикадағы теңдеудің екі жағындағы мүшелерінің бір-біріне ауысып отырады. Ауысқан қарама-қарсылықтардың теңесуі тек құдайға ғана тән. Жалпы алғанда, материалдық денелер құдай жаратқаннан кейін өз заңдылықтары бойынша дамып, өзгеріп отыратын болғандықтан, оларды танып-білуге болады. Бұл ретте адамдарға математикалық тәсіл мен тәжірибе көмектеседі. Кез-келген теориялар мен концепцияларды тәжірибеде дәлелдеуге не болмаса таріске шығаруға болады. Адамдар да заттар сияқты микрокосмосқа жатады және ол құдайдың көрінісі болып табылады. Бірақ өзінің ақыл-ойының, іс-
әрекеттерінің арқасында құдаймен қатар тұрады. Осыдан келіп, “адам дегеніміз оның ақыл-ойы” деп тұжырымдайды. Ақыл-ойды табиғаттың заңдылықтарын білу арқылы үздіксіз толықтырып отыру қажет.
Гуманистік ойды қалытастырып, оны жалпы адамзаттық мәдени құбылысқа айналдыруда Италияның ұлы суретшісі, табиғат зерттеуші ғалымы, инженер, көрнекті философы Леонардо да Винчидің (1452-1519 ж.ж.) қосқан үлесі өте зор болды. Да Винчидің философиясы беделділіктің әсерінен бас тартып, тәжірибеге, адамның ақыл-ойының күшіне сену негізінде табиғаттың бірлігін, адамзат мәдениетінің өміршендігін дәріптеумен ерекшеленеді. Ол осы тұрғыдан орта ғасырлық схоластиканы сынға алып, оны софистика сияқты пайдасы жоқ ілім деп есептеді. Жалпы алғанда, Да Винчи “философиялық тас” іздестірудің өзі пайда бермейтін іс, себебі табиғат құдайдың заңдылығына емес, өзінің қажеттілік заңына бағынады да, үздіксіз өзгерісте, даму үстіне болады деп тұжырымдайды. Мысалы, белгілі бір жағдайда су буға, бу мұзға, мұз қайтадан суға айналады.
Да Винчи әл-Фараби мен ибн Рушдтың – “екіұдай ақиқат” теорияларына қарсы болды. Оның ойынша, діни ақиқат деген жоқ, себебі құдайдың өзі жоқ, шын ақиқат – тек тек ғылыми ақиқат қана. Ғылымда табысқа жетудің бірден-бір жолы – математика тәсілі мен тәжірибе. Жалпы, ғылыми жетістіктердің құндылығы олардың практикада қолданылуға мүмкіндігінің болуымен айқындалады. Осы тұрғыдан ол механикаға (теория мен практиканың бірлігі ретінде) аса зор көңіл бөліп, өзі осы айтылған қағидалар негізінде көптеген инженерлік идеяларды жүзеге асыруға тырысты (парашют, ұшатын қанат, тоқым станогі, т.б.).
Да Винчи алғашқылардың бірі болып сурет өнері саласында сынның маңызы туралы пікір айтып, эстетикалық талғамның қалыптасуына үлкен әсер етті.
Адам еркін, бостандығын жүзеге асыруда қоғамның мемлекеттің рөлін көрсететін ағымдардың ішінде ерекше орын алатын итальяндық саяси қайраткер және тарихшы Николай Макиавеллидің (1469-1527 ж.ж.) ілімі еді. Негізгі шығармалары: “Билеуші және Тит Ливидің бірінші декадасы туралы пікірлер”, “Олардың принциптері”, т.б. Макиавелли Тит Ливидің шығармалары негізінде саяси іс-әрекет тәртібін жүйелеп, христиандыққа дейінгі Рим империясының этикасы мен күшін дәріптейді.
Мемлекеттің қайсысы болса да римдіктердің күші мен ұлылығы сияқты қасиетке ие болу үшін, өз іс-әрекетінде дұрыс деп тақан тиісті шараларды қолданулары қажет. Ал бұл жолда әдептілік қағидалары мен азаматтық бостандық ығыстырылып, ескерілмей қалса, онда тұрған ештеңе де жоқ, билеуші оған көңіл бөлмеуі керек. Макиавеллидің бұл ілімі “макиавеллизм” деп аталып кеткен, саясатта өз мақсатыңа қалай жетсең
де дұрыс деген қағиданың қалыптасуына әкеліп соқты.
Сол кездегі қоғамның, халықтың әлеуметтік талап - сұраныстарын
шеше алмауы негізінде утопистик (қияли) социалистік идеялар пайда
болды. Томас Мор (1478-1535 ж.ж.) “Утопия”, Томаза Компанелла (1568-
1639 ж.ж.) “Күн қала” атты шығармаларында “беймәлім жерде”, “күн қалада” әділетті қоғам орнаған оларда байлар да, кедейлер де жоқ, бұл мемлекеттерде меншік иесі – қоғам, ал жеке адамдар сол қоғамның мүшелері ретінде еңбек нәтижелерін тең бөліседі, оларда билеушілер де, қарпайым адамдар да заң алдында тең және олар әр түрлі діндерге дәйектілікпен қарайды. Бірақ, діндерде өндірістік процестерге кесел келтіретіндей әр түрлі тыйым салатын қағидалар аз болуы керек. Жастарды тәрбиелеу ісі қоғамның қолында болады да оны дінбасылары басқарады.
Т.Мор мен Т.Компанелланың идеалды мемлекет пен қоғам туралы ой-пікірлері әлжуаздығына, қиялилығына қарамастан кейінгі социалистік ілімдердің қалыптасуына үлкен әсер етті.
Әлемдегі процестерді өз заңдылықтарына сүйеніп, түсіндіруге бағытталған Н.Коперниктің (1473-1543 ж.ж.) (негізгі еңбегі – “Аспан денелерінің айналуы туралы”) әлемнің күнорталық жаратылысы туралы қағидасының негізінде Джордано Бруноның (1548-1600 ж.ж.) философиялық көзқарастары қалыптасты. Негізгі еңбектері: “Себептілік, бастама және біртұтастық туралы”, “Әлемнің және заттардың шексіздігі туралы”, т.б.
Бруноның пікірінше, табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ. Ол кеңістікте де, уақытта да шексіз, ал қозғалыс оның өмір сүру тәсілі. Табиғат өз заңдылығымен дамиды. Әлем мен құдай бір. Әлем – универсум (әмбебап бастама), жалғыз ғана мәнділік. Сондықтан ол мәңгі және өзгермейді. Ал әлемге кіретін денелер сансыз көп, олар үздіксіз қозғалыста және өзгерісте болады. Барлық заттар өшпейтін, мәңгі, қарапайым бөлшектерден тұрады. Оларды Бруно-монада деп атайды. Монаданың материалдық денелерге ғана емес, психикаға да қатысы бар. Ал психикалық құбылыс барлық заттарға тән болғандықтан әлемде жансыз денелер жоқ. Осыдан келіп Бруно әлемде шексіз және сансыз көп тіршілік түрлері болуы әбден ықтимал деген тұжырым жасайды. Бруноның көзқарасынан жүйеленген түрде қолданылған Демокрит пен Гераклиттің ілімдерінің ықпалын байқаймыз.
Коперник пен Бруноның ілімдерін әрі қарай жалғастырушы итальян астрономы, физигі, математигі, философы Г.Галилей (1564-1642 ж.ж.). “Ғылымның жаңа екі саласына байланысты математикалық дәлелдемелер мен пайымдаулар”, “Табиғат туралы кітап”, т.б. еңбектер жазған.
Галилейдің ғылымда ашқан екі жаңалығы 1) қатты және серпілмелі заттардың сыртқы күштерге қарсылығы; 2) денелердің құлау заңдылықтары оның философиялық көзқарасыныңқалыптасуына үлкен әсер етті. Оның пікірінше, философия алфавит әріптерінен басқаша әріптермен жазылған табиғат кітабын оқуы керек. Табиғаттың кітабы үшбұрыш, квадрат, дөңгелек, шар, т.б. тәріздес. Оларды оқу үшін схоластикалық ойланып-толғанудың қажеті жоқ, керісінше, таза тәжірибеге сүйенген
математикалық тәсіл керек. Ғылыми зерттеу жұмысында ешқандай
беделді мойындамау керек, тек күмәндану ғана оны ілгері дамытады. Теория концепцияларды бақылау, эксперимент негізінде, индуктивтік тәсілді қолданып тұжырымдауға болады. Тек механикалық әдіс қана әлемдегі құбылыстарды және олардың мәнін түсініп-білуге мүмкіндік беретіндіктен, бос схоластикалық ойлауға әкелетін дедуктивтік (жалпыдан жалқыға) тәсілдің өміршендігі жоқ.
Ол Коперник пен Бруно сияқты Жер өз осі мен Күнді айналып жүреді және ол күн жүйесіндегі көптеген планетелардың бірі ғана, ал күн жүйесі сияқты жұлдыздар жүйесі әлемде сансыз көп және олардың көпшілігінде жердегідей тіршілік болуы ғажап емес деген пікір айтты.
Философияда механикалық көзқарастың қалыптасуына зор үлес қосқан ойшыл, ағылшын философиясының көрнекті өкілі, ғылыми зерттеудің индуктивті тәсілінің негізін қалаушы – Френс Бэкон (1561-1626 ж.ж.) еді. “Жаңа Органон” атыы шығармасында табиғтты өзінің зерттеу нысаны етіп ала отырып, одан алынған білімнің қандай әдіспен, қалай пайда болғанына назар аударады. Сөйтіп, ол философия мен ғылымда эмпирикалық және индуктивтік әдістердің негізін қалаушы болды. Бірақ, оның әдісінің бәрі тәжірибемен тығыз байланысты болып, кең көлемдітеорияның тууына жол аша алмады. Мұндай тар өрістілік Бэкон сияқты философқа танымның әлеуметтік негізін ашып, адамның табиғатын түсінуіне мүмкіндік бермеді.
Ол табиғатты байлықтың көзі деп қарай отырып, оның негізгі мәнін, адамға қатысты жақтарын аша алмады. Сондай-ақ, ұлы философтың ғылыми жаңалықтарымен бірге, негізгі кемшілігі қоғамды, ондағы қатынастарды түсінуде де айқын көрінді. Ол орта ғасырдағы ақылдың адасушылығын тамаша көркем тілмен суреттеп бере отырып, оның мәнін терең түсіндіре алмады. Сондықтан да біз ағылшынның ұлы ғалымы, әрі философы Ф.Бэконның жаратылыстану саласындағы ғылыми еңбегін зор бағалай отырып, оған тән тар өрістілік оның ғылыми әдісіне, әсіресе пайымның шеңберінен толық шыға алмағандығында жатыр дер едік.
Рене Декарт философиясы зерделі ойдың негізінде дүниені екі субстанциядан (латын тілінде – негіз деген мағынада), яғни материалдық және рухани негіздерден тұрады деп есептеді. Бұл екі субстанцияның мәнісі – басқа заттың бар болуынан тәуелсіз өмір сүріп тұрған зат бір-біріне бағынышты емес, бір-бірінен келіп шықпайды.
Декарттың ойынша, адамның сезім мүшелері үнемі алдайды, олар нақты білім жасауға дәрменсіз. Олай болса біз ойлау процесінде тек ақылға, зердеге ғана сенуіміз қажет. Декарттың рационализмі таным процесіндегі тәжірибе мен сезім мүшелерінің рөлін анықтай алмағандықтан әдістегі сыңаржақтылықты тудырды. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Философия ғылым туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Философия ғылым на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Философия жоспарымен, казакша реферат жоспар, Философия ғылым