Серпімділік күші қайда пайда болады? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


Әдістемелік нұсқау

Жаратылыстану

3-сынып

Серпімділік күші қайда пайда болады?

Сабақ барысында серпімділік күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру;

жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау оқу мақсаттары орындалады.

Спортта тапсырмасының мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын ояту, сабақтың тақырыбын анықтау. Оқушылармен әңгімелесу жүргізіледі: Суға секіру – су спортының бір түрі. Спортшылар суға трамплиннен секіреді. Сырықпен секіру – жеңіл атлетика спортының бір түрі. Спортшы сырықтың көмегімен биіктікке секіруі керек. Спортшы секірген кезде трамплин мен сырық қандай өзгеріске түседі?

/Оқушылардың жауаптары тыңдалады/

-Ендеше, бүгін біз не туралы өтетін боламыз? Қалай ойлайсыңдар?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау

Бағалау критерийлерін шығару

Проблемалық сұрақ. Мақсаты: оқушылардың қызығушылығын ояту, сыни ойлауын дамыту, болжам жасау. Оқулыққа назар аудару.

- Неге ағаштардың бұтақтары ауыр салмақтан сынбайды?

- Алма ағашының жемістерін теріп алған соң, немесе шырша ағашының қарлары еріген соң, бұтақтарда қандай өзгеріс болады?

- Суретте көрсетілген кір жайылған жіпке назар аудар. Ол барлық киімдерді ілген кезде жіпке не болады? Киім кепкенде жіп қалай өзгереді? Ал киімдерді жіптен алған кезде ше?

- Жоғарыда аталған үш мысалдан қандай ұқсастық байқадыңдар?

/Оқушылардың жауаптары тыңдалып, тәжірибе жасауға кіріседі/.

«Бірге зерттейік» Мақсаты: серпімділік күшін анықтау, тұжырымдама жасай білу, ой қорыту. Мұғалім серіппені қолмен тартып, одан кейін оны бос жібергенде, оның қайтадан бастапқы қалпына келетінін көрсетеді.

  • Не байқадық?
  • Серіппеде қандай өзгеріс болды?

/ Серіппе бастапқы қалпына келді/.

-Ендеше, бұл күш қалай аталады деп ойлайсыңдар?

/Серпімділік күші/

-Серпімділік күшіне қандай анықтама келтіруге болады?

/Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Бастапқы болжаммен салыстырады/.

Анықтама: Серпімділік күші (Сила упругости) — деформацияланған дененің ұзаруына пропорционал және деформация салдарынан дене түйіршіктерінің орын ауыстыруына қарама-қарсы бағытталған күш.

Басқаша айтқанда, дене деформацияға ұшыраған кезде денеде белгілі бір күш пайда болады, сол күш әсерінен ол өзінін пішінін және бастапқы күйіне қайта келуге тырысады. Бұл күш атомдар мен молекулалар арасындағы электромагниттік әсерлесудің нәтижесінде пайда болады.

Дәл сол күшті-серпімділік күші деп атайды.

Кестемен жұмыс.

Мақсаты: ақпаратты есте сақтауын дамыту.

Серпімділік күші дегеніміз не?

(анықтама)

Серпімділік күші

(мысал келтіру)

/Оқушылар өзара кестелерін ауыстырып, 1-2-ші баған бойынша дұрыс жауаппен тексеріп, «+», «-» әдісі бойынша бағалайды, кері байланыс жасалады. Үшінші бағаны толытырылмайьтыны айтылады/.

Салыстыр. Мақсаты: оқушылардың сыни ойлауын дамыту.

Оқушыларға ермексаз (жұмсақ болу керек) және резинкадан жасалған доп таратылып беріледі.

Тапсырма: Бір қолына ермексаз, екінші қолына допты алып, алақанмен заттарды қысуларын сұрайды.

-Не байқадың? Денелерде қандай өзгеріс болды? Неліктен?

- Серпімділік күші қай денеде орын алды?

/Оқушылар доптың өз қалпына келгендігін, ал, ермексаздың пішіні өзгеріп, бастапқы қалпына келмегендігін және оның себебін дәлелдейді/.

Кестемен жұмыс. Мақсаты: зерттеулер бойынша өз тұжырымын ұсыну.

Мұғалім оқушыларға жоғарыда толтырған кестенің үшінші бағанын толтыру қажеттігін айтады.

/Оқушылар жинақтаған мәлімет бойынша өз тұжырымдарын қорытып жазады, өзара «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалайды /.

Мұғалім оқушылардың дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күш серпімділік күші екендігін туралы қорытынды жасағандығына қарап, оқушыларды ауызша түрде бағалайды.

Мәтінмен жұмыс. Мақсаты: серпімділік күші туралы білімдерін бекіту.

  • Мәтінді «Тізбектеу» әдісі бойынша оқып шығады.
  • Сұрақ-жауап алдымен жұппен содан соң, ұжыммен жүргізу арқылы білімдері бекітіледі, кері байланыс жасалады.

«Сен білесің бе?» Мақсаты: Оқушының дүниетанымын кеңейту. Цирктің «оқ-адам» нөмірінде адамды зеңбіректің ішіндегі үлкен серпімді серіппенің көмегімен ұшырған.

«Анықта» Мақсаты: денеге әсер етуші серпімділік күшін анықтау.

Таңда. Суреттерге қара. Олардың ішінен серпімділік күшінің әсері көрсетілген суретті таңда. Оның қасына (✓) таңбасын қой.

/Тапсырма орындалып болған соң, дұрыс жауап оқылады, оқушылар өзін-өзі «+», «-» әдісі бойынша бағалайды, нәтижесі анықталып, мұғалім кері байланыс жасайды/.

Рефлексия.

- Сен бүгін не үйрендің?

-Саған бүгін ең маңызды болған нәрсе? Неге?

-Не туралы тағы да көбірек білгің келеді?

Үй тапсырмасы: жұмыс дәптері 26-бет. 2-тапсырма.

Мысал келтір. Өз үйіңде байқаған серпімділік күшіне мысал келтіріп, суретін салу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Рахмет сизге
    Рахмет сизге 26.02.2024 20:35
    0 + 1 -
    Коп-копии рахмет
    1. Искендерова Раяна
      0 + 0 -
      Рахмет