Үйкеліс күші дегеніміз не? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


Әдістемелік нұсқау

Жаратылыстану

3-сынып

Үйкеліс күші дегеніміз не?

Бұл тақырып аясында үйкеліс күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру; күштің әсер ету бағытын анықтау; экспериментті жоспарлау және жүргізу оқу мақсаттары жүзеге асырылады.

Кіріспе тапсырма. «Кімдікі дұрыс?». Оқушыларға фотосуреттерге қарап, сұрақтарға жауап беруді тапсырыңыз. Денені не қозғалтады? (Күш.) Күш денелердің қозғалысына қалай әсер етеді? (Кейде көмектеседі, кейде кедергі келтіреді, бірақ жылдамдық әрдайым өзгеріп тұрады.) Фотосуреттерде көрсетілген денелердің қозғалысына әсер ететін күш қандай өзара әрекеттестіктің нәтижесінде пайда болады? (Денелер жанасады, олардың беттері бір-біріне үйкеледі.)

Жаңа ұғым енгізу үшін оқушыларға зерттеу жасатыңыз. Ойыншық мәшинені алдымен еденде немесе парта бетінде жүргізіп көреді. Одан кейін оның жолына түрлі қолда бар материалдар төсеп: (былғары не дермантин, картон қағаз, мата, түкті сүлгі), олардың үстінен өткен мәшиненің қозғалысын сипаттау.

–Оның қозғалысы неге байланысты болды? (Жолына төселген материалдарға)

–Олар қалай әсер етті? (Қозғалысқа кедергі келтірді)

–Материалдардың кедергісі бірдей ме? (Жоқ. Әрқайсысынікі әртүрлі)

–Кедергінің әртүрлі болуы неге бойланысты болды? (Материалдың ерекшелігіне, бетіне)

Мәшиненің дөңгелегіне кедергі келтіретін қозғалысқа қарсы пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады.

Себебін анықта. Әртүрлі жазықтыққа қарауды тапсырыңыз: парта, дәптер мұқабасы, өшіргіш, алақан. Олар сырттан қалай болып көрінеді? деп сұраңыз. (Алақан мен өшіргіш – жарғақ, қатпарлы, парта мен мұқаба – тегіс.) Жоғарыда аталған заттардың беттерін қолмен сипап өтуді және алақандарды бір-біріне үйкеуді тапсырыңыз. Бұл жазықтықтардың қандай екенін сұраңыз. (Барлығы кедір-бұдырлы.) Оқулықтағы суретке назар аудартыңыз. Неліктен біз оларды ылғи көрмейміз? (Олар ұсақ. Бірақ оларды үлткейткіш әйнекпен көруге болады.)

Әрекет. Сұраңыз: балалардың қайсылары велосипед немесе самокат теуіп көрді. Сендер оны қалай тебесіңдер? (Велосипедтың педальдарын айналдыру керек, ал самокат тепкен кезде жерден әрдайым итерілу керек.) Егер оны істемесе не болады? (Денелер тоқтайды.) Неге? (Үйкеліс күші әсер етеді.) Сұраңыз: бұл күш қозғалысқа қандай әсерін тигізеді? (Кедергі келтіреді.) «Пікірталас» тапсырмасындағы адамның банан қабығынан сырғанап құлап жатқаны бейнеленген суретке қайта келіп, сұрауға болады: «Егер үйкеліс күші қозғалысқа бөгет болса, неге адам қозғала бастайды?» (Үйкеліс күші әлсіз.) Егер үйкеліс күші қозғалысқа кедергі келтірсе, онда ол қайда бағытталған? (қозғалысқа қарама-қарсы.)

 Тәжірибе жаса. Оқушыларға қарындашты кітаптың үстіне оның түбіртегіне параллель қоюды тапсырыңыз. Содан кейін кітаптың жоғарғы шетін жайлап көтеріңіз. Не болып жатыр? (Қарындаш қозғалмайды.) Қозғалмай тұрған, яғни, тыныштықта тұрған қарындашқа тыныштық үйкеліс күші әсер етіп тұрғанын айтыңыз. Одан жоғары көтеруді тапсырыңыз. (Қарындаш төмен қарай сырғанай бастайды.) Кітапты сәл еңкейтіп, сол күйде ұстап тұрып, қарындашты қайтадан қоюды тапсырыңыз. (Қарындаш қайтадан қозғалмайды.) Кітапты саусақпен шертуді тапсырыңыз. Нені көріп тұрсың? (Қарындаш төмен қарай сырғанайды). Қарындаш сырғанайды, демек пайда болған күш сырғанау үйкеліс күші деп аталады. Сосын қарындаштыкөлденең қоюды тапсырыңыз. Не болып жатыр? (Қарындаш домалайды.) Бұл тербеліс үйкелісі.

 Үйкеліс қандай болады? Суреттерге назар аударыңыз. Әрқайсысындағы үйкелістің түрін анықтауды тапсырыңыз. (Біріншісі – тыныштық, екіншісі – сырғанау, үшіншісі – тербеліс.) Қай суреттегі құбылыс оқушылардың түсінігіне ауыр тиеді? (Біріншісіндегі). Қалай ойлайсың, неге? Тыныштық үйкелісін басқаларымен салыстырыңыз. (Тыныштық үйкелісі ең көп.) Қандай үйкеліс күші қозғалысқа ең аз әсер етеді? (Тербеліс.) Күштерді өсу ретімен орналастырыңыз. (Тербеліс,сырғанау,тыныштық.)

 Зертте. Оқушыларды шағын топтарға бөліңіз. Сұраңыз, тәжірибеде нені өзгертуге болады? (Массаны, бетті, тақтайдың көлбеулену бұрышы). Тәжірибе саны бойынша үш жұмыс аймағын құруға болады.

 Әр топқа қажетті ресурстар дайындаңыз: тақтайлар, ойыншық машиналар, жазықтықтар, текшелер таратып, нұсқаулық бойынша зерттеу жұмысын ұйымдастырыңыз

Түрлі топтар зерттеулерінің нәтижелерін талқылау. Берілген жұмыс оқушылардың жоспар құрып, тәжірибе жүргізу қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.Оқушылар үйкеліс күшінің түрлі параметрлерге байланыстылығы туралы өз болжамдарына дәлелдемелер келтіре алады.

Ойлан. Оқушылардан сұраңыз, денелер тек қатты жазықтықтар үстімен ғана емес, су мен ауада қозғала алады ма? (Иә, ұшақтар, су асты қайықтары, құстар.) Бұл денелердің пішіндерінің арасында ортақ нәрсе бар ма? (Олардың барлығы тегіс, сүйірленген.) Қалай ойлайсың, неге денелер осындай дөңгеленген, сүйір пішінге келтіріледі? (Ауа мен су олардың қозғалысына кедергі келтірмес үшін.)

Сен білесің бе? Оқушылардан сұраңыз,олар ежелгі адамдардың отты қалай тапқанын біледі ме? (Таяқшаның соңын тақтайға тіреп бұраған.) Алақандарды бір-біріне тез үйкеуді тапсырыңыз.Не сезесің? (Алақандар жылы.) Олар өте ыстық болуы үшін не істеу қажет? (Өте тез үйкеу.) Ағаш кесетін араның не бұрғының қызуы туралы мысал келтіруге болады. Үйкеліс денелерді жылытатыны жайлы қорытынды жасау.

Қосымша тапсырма

Үйкеліс күші жанасу аумағына байланысты еместігін дәлелдейтін тағы бір тәжірибе көрсетіңіз. Беткі аумағы әртүрлі тақтайшаларды үстелге қойып, оларға серіппелерді бекітіңіз де, бірдей созыңыз. Серіппенің созылуын өлшеңіз. Тақтайшаларды үстелге басқа қырымен қойып, тағы да тартыңыз. Серіппе сол ұзындыққа созылады.

Дәптермен жұмыс

31-жұмыс парағы. Схеманы толықтыр. Оқушылар берілген мысалдарды өсу не кему ретімен сәйкес бағаналарға бөледі, үйкеліске қатысы жоқ мысалдардың астын сызады. Сызбаны өз мысалдармен толықтырады.

Жауап: Үйкелістің артуы: «жүк қосу», «домалаудың орнына тыныштық».

Үйкелістің кемуі: «жеңіл денені алу», «сырғанаудың орнына домалау», «тыныштықтың орнына сырғанау».

Бағытты көрсет. Оқушылар бағыттамамен үйкеліс күшінің бағытын көрсетеді.

Жауап: Үйкеліс күші денелердің жылдамдығына қарсы бағытталған.

32-жұмыс парағы. Сәйкестендір. Оқушылар суреттерді оларға сәйкес келетін үйкеліс түрлерімен сызықпен қосады.

Жауап: Тыныштық үйкелісі: жүріп келе жатқан қыз, түйін байланған жіп.

Сырғанау үйкелісі - жұмысшы жүкті арқанмен өрге сүйреп келеді, адам шаңғы теуіп жүр.

Домалау үйкелісі – жүріп келе жатқан көлік, бала ролик теуіп жүр.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу