Ауырлық күші дегеніміз не? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


Әдістемелік нұсқау

Жаратылыстану

3-сынып

Ауырлық күші дегеніміз не?

Сабақ барысында ауырлық күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру және күштің әсер ету бағытын анықтау оқу мақсаттары жүзеге асырылады. Сонымен қатар, оқушылар эксперимент жоспарлап үйренеді.

Сабақ басында сурет немесе серіппе жұмысын көрсету арқылы серпімділік күшін пысықтап алыңыз.

Бірге зерттейік. Оқушыларды топтарға біріктірі

Топта ауырлық күшінің білінуін мысал арқылы анықтау үшін зерттеу ұйымдастырыңыз

Зерттеу жасау барысында толтырылатын кесте таратылады

Зерттеу нөмері

Зерттеу объектілері

нәтиже

қорытынды

1

2

3

Бірінші доппен зерттеу жүргізуді ұйымдастырыңыз. Оқушыларға допты жоғары, төмен, көлденең лақтырып, қозғалыс траекториясын сызғызыңыз. Кез келген жағдайда жерге құлайды деген қорытынды жасалады.

Екінші Жер бетіндегі адам. Жер ғаламшарының пішіні қандай? (шар тәріздес)

Жер шары айналғанда, адамдар неге Жерден құлап түспейді? Шар мен өшіргішпен эксперимент жасап көрсетіңіз.

Осы екі зерттеу арқылы жаңа тақырып ашылады. Денелер Жердің тартылыс күшінің әсерінен құлайды. Ауырлық күшіне анықтама: ауырлық күші – Жердің денелерді өзіне тарту күші. Сондай ақ глобустың көмегімен Жердің центрін (шардың ішінде, ядро орналасқан тұсы) елестету арқылы түсіндіріңіз. Ауырлық күші осы центрге бағытталады.

Кейбір оқушылар үшінші зерттеуді өздігінен ұсына алады.

Табиғат құбылыстары. Оқушылар табиғи құбылыстарды атап шығады. (Жаңбыр, қар, жел, тұман, бұршақ және т.б.). Олардың ішінде қайсысы ауырлық күшінің әсерінен болуы мүмкін екенін талдаңыздар. Маусымдық өзгерістер де ауырлық күшінің әсерінен болады. (Күзде жемістер мен жапырақтар жерге түседі; жел екпінімен көтерілген жапырақтар мен ұсақ бұтақтар жерге қайта түседі).

Зілтемір неге ауыр? Оқушылар қолдарына салмағы түрлі заттарды алып, оларға әсер ететін ауырлық күшін бір қолына қарындашты, екінші қолына кітапты алуды ұсыну. Олар заттарды көтеруге бірдей күш жұмсады ма деп сұраңыз. Біз денелерді көтерген кезде қандай күшті жеңеміз? (Ауырлық күшін, өйткені біз дененің құлауына жол бермейміз.) Біздің күшіміз және сәйкесінше ауырлық күші неге байланысты? (Дененің массасына.) Ауырлық күші дененің массасына қалай байланысты? (Дене массасы ауыр болған сайын, оған әсер ететін ауырлық күші де көп болады.

Тірек. Партаның үстінде жатқан заттарды атау.

Оларға ауырлық күшінің әсер етеді. Онда денелер жерге тартылады (құлайды). Сонда партаның бетіндегі денелер неліктен жерге құламайды? Денелерге ауырлық күші әсер етеді. Парта тірек қызметін атқарып, олардың құлауына жол бермейді. (Заттар тіректің үстінде жатыр, оларға серпімділік күші әсер етіп тұр.) Ал денелердің астындағы тіректі алып тастаса, не болар еді? Қорытынды жасайды.

Зерттеу жұмысын жүргізу. Оқушыларды шағын топтарға бөліңіз. Әр топқа қажет ресурстар дайындаңыз: бөтелкелерді түрлі мөлшерде сумен толтырыңыз. Болжау жасау: Оқушылар бөтелкелердің ауыры жерге бірінші құлайды деген болжам жасауы мүмкін. Шындығында ауырлық күші дененің массасына тәуелді, бірақ ол құлау жылдамдығына әсер етпейді. Яғни барлық дененің жерге құлау жылдамдығы бірдей.

Зерттеу мақсатын анықтау (зерттеу сұрағын қою) үшін әңгімелесу жүргізіңіз.

-Қандай дене жерге тезірек түседі: ауыр дене ме, жеңіл дене ме? Оны қалай тексеруге болады? Топта эксперимент жоспарын құруды талқылау ұйымдастырыңыз.

Орындыққа шыққанда, бөтелкені жерге тастаған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертіңіз.

Зерттеу жүргізу нұсқаулығы:

-Орындықтың үстінен екі бөтелкені бір мезгілде босату

-Бөтелкелердің еденге тиген сәтін бақылау

-Экспериментті басқа бөтелкелермен жалғастыру

-Нәтижені тіркеу, қорытынды жасау,

-Эксперименттің жоспары мен оның іске асырылуымен салыстыру

Суретпен жұмыс істей отырып, жұптар бір бірін бағалайды. Кейбір жұптарды тыңдап, ауызша кері байланыс беріңіз. Оқушыларды дескриптормен таныстырыңыз: Оқушы

- сурет бойынша күштерді анықтайды (ауырлық, серпімділік);

- ауырлық күшінің дене массасымен байланысын түсіндіреді;

- ауырлық күшінің білінуіне мысал келтіреді

Өзіндік жұмысты ұйымдастыру

27-жұмыс парағы. Анықтама құрастыр. Жауап: Ауырлық күші – Жердің барлық денелерді өзіне тарту күші.

Бағытты көрсет. Оқушылар бағыттаманың көмегімен берілген суреттердегі ауырлық күшінің Жер центріне бағытталғанын көрсетеді.

28-жұмыс парағы. Траектория. Жауап: Құлаған және тігінен жоғары лақтырылған денелер тура қозғалады, трамплиннен секірген адам, құбырдан атқылаған су – парабола сызығымен, яғни қисық сызықпен қозғалады.

Сен білесің бе?

-Жерден ұшырылған жасанды серік қалай ұшатынын білесіңдер ме? (Ол Жерді айналып жүреді)

-Ол неліктен ғарышқа ұшып кетпейді? (Серік ауырлық күшінің әсерінен оның айналасында ғана қозғалады)

Ойлан.

-Жерді өзіміз тұрған жерден бұрғылап келесі бетіне дейін тесіп шығып, сол тесікке денені түсіріп алса, не болады? Келесі жақтан шыға ма? (Оқушылардың пікірін білу)

Оқушыларға глобустан шамамен Жердің центрін көрсету. Ауырлық күші Жердің центріне бағытталатынын айту.

-Мұны қалай түсінесіңдер?

Бұл тесікке құлаған дене Жер центріне жетіп тоқтайды. Бағыттамамен көрсету.

Есіңе сақта!

Оқушылар жұпта өтілген тақырып бойынша бір біріне сұрақтар құрастырады, жауап береді. Мысалы:

  • Денені әуелете жоғары лақтырса не болады?
  • Неліктен денелер жерге құлайды?
  • Ауырлық күші деген не?
  • Оның әсері қандай?

Ауырлық күшінің әсерінен денелер Жерге тартылады. Ауырлық күші ғаламшардың ортасына қарай бағытталады әрі дененің массасына байланысты болады. Дененің құлау жылдамдығы оның массасына байланысты емес.

Рефлексия

- Сен бүгін не үйрендің?

-Саған бүгін ең маңызды болған нәрсе? Неліктен?

-Не туралы тағы да көбірек білгің келеді?

«Жетістік баспалдағында» өзін – өзі бағалау (Слайдқа немесе баспадақ суретіне стикер жапсыру)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу