Серпімділік күші қайда пайда болады? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспар

Жаратылыстану

3-сынып

Табиғат физикасы

Күш және қозғалыс

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:

Тақырыбы:

Серпімділік күші қайда пайда болады?

Оқу мақсаты:

3.5.1.1 серпімділік күшін зерттеу және оның білінуіне мысал

келтіру

3.1.2.4 жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау

Сабақтың мақсаты:

Cерпімділік күшінің пайда болу жағдайларын анықтайды, зерттейді және оның білінуіне мысал келтіре алады

Бағалау критерийі

Серпімділік күшіне мысал келтіреді;

Пайда болған серпімділік күшін сипаттайды;

Серпімді және серпімсіз денелерді атайды

Тілдік мақсат:

Жаңа тақырып туралы әңгімелегенде серпімділік күшіне байланысты ұғымдарды орынды қолданады

Құндылықтар:

Қоршаған ортаның құбылыстарын танып білуге ынталану, өмір бойы білім алу, өзара көмек

Пәнаралық байланыс

Математика, дүниетану, қазақ тілі

Алдыңғы меңгерілген білім

Серпімділік күші, серпімді және пластикалық (серпімсіз) денелер туралы біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Алдыңғы білімді жаңғырту

Серпімділік күші қандай күш?

Ол қалай пайда болады?

Жедел жауап.

Неліктен денелер өз пішінін өзгертеді?

Бастапқы пішініне қайта келе алатын денелер қандай денелер деп аталады?

дене серпімділік қасиетін жоғалта ма?

Серпімді денеге мысал келтір.

Серпімсіз денеге мысал келтір.

Үйге берілген тапсырма бойынша сұрақ: Өмірде серпімділік күшін қайдан байқауға болады?

Қызығушылығын ояту, сабақтың тақырыбын анықтау.

Спортта. Суреттермен жұмыс

Сұрақ: Суға секіру кезінде трамплин мен сырық қандай өзгеріске түседі?

Оқушылардың жауаптары тыңдау

Бүгін біз не оқып үйренеміз деп ойлайсыңдар?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау

Бағалау критерийлерін анықтау:

  • Серпімділік күшіне мысал келтіреді;
  • Пайда болған серпімділік күшін сипаттайды;
  • Серпімді және серпімсіз денелерді атайды

Трамплиннен суға секіруші мен сырықпен секірушінің суреті;

оқулық

Сабақтың ортасы

Мәселе (Оқулықтағы «Табиғатта», «Тұрмыста тапсырмалары бойынша)

Мақсаты: оқушылардың қызығушылығын ояту, сыни ойлауын дамыту, болжам жасау.

Суретке (оқулыққа) назар аудару.

- Ағаштарды сипатта. Үшеуі бір-біріне несімен ұқсайды? Неге ағаштардың бұтағы ауыр салмақтан сынбайды?

- Алма ағашының жемісін теріп алған соң немесе шырша бұтағындағы қар түсіп қалса, бұтақтарда қандай өзгеріс болады?

- Кір жайылған жіпке назар аудар. Оған барлық киімді ілген кезде не болады? Киім кепкенде жіп қалай өзгереді? Ал киімді жіптен алған кезде ше?

- Жоғарыда аталған үш мысалдан қандай ұқсастық байқадыңдар?

Оқушылардың жауабын тыңдау

Бірге зерттейік

Мақсаты: серпімділік күшін анықтау, тұжырымдама жасай білу, ой қорыту.

Мұғалім серіппені қолмен тартып, одан кейін оны бос жібергенде, оның қайтадан бастапқы қалпына келетінін көрсетеді.

  • Не байқадық?
  • Серіппеде қандай өзгеріс болды?

/ Серіппе бастапқы қалпына келді/.

-Ендеше, бұл күш қалай аталады деп ойлайсыңдар?

/Серпімділік күші/

-Серпімділік күшіне қандай анықтама келтіруге болады?

/Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Бастапқы болжаммен салыстырады/.

Анықтама: Серпімділік күші 

Дәл сол күшті-серпімділік күші деп атайды.

Кестемен жұмыс.

Мақсаты: ақпаратты есте сақтауын дамыту.

Серпімділік күшін анықтаған ғалым

Серпімділік күші дегеніміз не?

(анықтама)

Серпімділік күші

(жинақтаған ақпарат бойынша тұжырым жасау)

/Оқушылар өзара кестелерін ауыстырып, 1-2-ші баған бойынша дұрыс жауаппен тексеріп, «+», «-» әдісі бойынша бағалайды, кері байланыс жасалады. Үшінші бағаны толытырылмайьтыны айтылады/.

Салыстыр. Мақсаты: оқушылардың сыни ойлауын дамыту.

Оқушыларға ермексаз (жұмсақ болу керек) және резинкадан жасалған доп таратылып беріледі.

Тапсырма: Бір қолына ермексаз, екінші қолына допты алып, алақанмен заттарды қысуларын сұрайды.

-Не байқадың? Денелерде қандай өзгеріс болды? Неліктен?

- Серпімділік күші қай денеде орын алды?

/Оқушылар доптың өз қалпына келгендігін, ал, ермексаздың пішіні өзгеріп, бастапқы қалпына келмегендігін және оның себебін дәлелдейді/.

Кестемен жұмыс. Мақсаты: зерттеулер бойынша өз тұжырымын ұсыну.

Мұғалім оқушыларға жоғарыда толтырған кестенің үшінші бағанын толтыру қажеттігін айтады.

/Оқушылар жинақтаған мәлімет бойынша өз тұжырымдарын қорытып жазады, өзара «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалайды /.

Мұғалім оқушылардың дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күш серпімділік күші екендігін туралы қорытынды жасағандығына қарап, оқушыларды ауызша түрде бағалайды.

Мәтінмен жұмыс.

Мақсаты: серпімділік күші туралы білімдерін бекіту.

  • Мәтінді «Тізбектеу» әдісі бойынша оқып шығады.
  • Сұрақ-жауап алдымен жұппен содан соң, ұжыммен жүргізу арқылы білімдері бекітіледі, кері байланыс жасалады.

«Сен білесің бе?» Мақсаты: Оқушының дүниетанымын кеңейту. Цирктің «оқ-адам» нөмірінде адамды зеңбіректің ішіндегі үлкен серпімді серіппенің көмегімен ұшырған.

«Анықта» Мақсаты: денеге әсер етуші серпімділік күшін анықтау.

Таңда. Суреттерге қара. Олардың ішінен серпімділік күшінің әсері көрсетілген суретті таңда. Оның қасына (✓) таңбасын қой.

/Тапсырма орындалып болған соң, дұрыс жауап оқылады, оқушылар өзін-өзі «+», «-» әдісі бойынша бағалайды, нәтижесі анықталып, мұғалім кері байланыс жасайды/.

слайд

Оқулық 36-бет.

Серіппе.

Оқулық 37-бет.

Үлестімеі материалдар

Презентация

Кестелер

Ермексаз, резинкадан жасалған доп

Оқулық 37-бет.

Оқулық 37-бет.

Жұмыс дәптері 28-бет

Сабақтың соңы

Рефлексия.

- Сен бүгін не үйрендің?

-Саған бүгін ең маңызды болған нәрсе? Неге?

-Не туралы тағы да көбірек білгің келеді?

Үй тапсырмасы: жұмыс дәптері 26-бет. 2-тапсырма.

Мысал келтір Өз үйіңде байқаған серпімділік күшіне мысал келтіріп, суретін сал.

Жұмыс дәптері 26-бет

Қосымша

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топта жұмыс жасату арқылы дифференциациялау. Қабілеттері әр түрлі оқушыларды топтастырып жұмыс жасату. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қабілеті жоғары оқушыларға күрделі тапсырма беру.үй тапсырмасын орындау барысында ынтасы жоғары оқушыларға қосымша ақпарат ізденуге тапсырма беру.

Оқушылар өздік және жұптық жұмыстар арқылы білімдері бағаланады

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу