Талап қою іс жүргізуінің негіздері. Құқық негіздері, 11 сынып, дидактикалық материал.


1 топ – ҚР азаматтарының талап арыз беруінің алғышарттары мен себептері. Талап элементтері. Талап арыздың критерийлері мен белгілері

Əрбiр адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа жүгiнуге құқылы. Мемлекеттiк органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгiсiз бiр тобының құқықтарын жəне заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау туралы сотқа арыз берiп жүгiнуге құқылы. Ол талап беру арқылы жүргізіледі.

Талап өндірісі – азаматтық, отбасылық, еңбектік және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын субъективті құқық немесе қорғалатын заңды мүдде туралы дауларды қарастыру және шешу бойынша соттың азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қызметі. Талап - құқық туралы дау шешу үшін бұзылған немесе даулы субъективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау туралы талап қою туралы талап қою арқылы тұлғаның сотқа жүгінуі. Талап қою құқығының шарттары - нақты азаматтық іс бойынша тұлғаның талап қою субъективтік құқығының пайда болуын заң бойынша оның бар не жоқтығымен байланысты мән-жайлар.

Талап қоюшы – сотқа талап арыз беру арқылы өзінің субъективтік құқықтары мен заңмен қорғалатын мүддесін қорғаушы тұлға.

Жауапкер – талап қоюшының талабы бойынша сот алдында жауап беретін тұлға. Үшінші тұлғалар - өздерінің субъективтік құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін басталып кеткен азаматтық процеске қатысатын және тараптардың (талап қоюшы мен жауапкердің) құқықтары мен мүдделерімен сәйкес келмейтін тұлғалар.

Талап арыз - субъективтік құқық туралы дауды шешу үшін заңмен белгіленген сотқа жүгінуі нысаны.

Талап қоюды тану - сотта талап қоюшының талаптарын қанағаттандыруға және талап қоюшы үшін лайықты сот шешімін шығаруға бағытталған жауапкердің келісуі. Талаптың эелементтеріне: мазмұңы, нысанасы және негіздемесі кіреді. Талаптың мазмұны - талап қоюшымен көрсетілген сот арқылы қорғану түрі, яғни сотқа жүгіну арқылы талап қоюшының өзінің бұзылған немесе даулы құқығын қорғау үшін сұрайтын соттың қызметі. Талаптың негіздемесі - талап қоюшының сотқа өз үндеуін негіздейтін мәнжайлар. Талаптың нысанасы - бұл талап қоюшының соттан шешуді сұрайтын материалдық-құқықтық дау. Тараптар – сотта субъективтік құқықтары немесе заңмен қорғалатын жеке мүддесі туралы даулары қаралып және шешілуге тиіс іске қатысушы тұлғалар. Тараптардың  сотқа  ұсынған  талаптары мен қарсылықтары және куәлардың түсініктемелерімен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен айқындай отырып, әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеу арқылы өз құқықтарын сот арқылы қорғай алады

Талап арыздың критерийлері:

Бірінші критерийі – құқық туралы даудың болуы.

Екінші критерийі – дау субъектілерінің теңдігі

Үшінші критерийі - қорғауға дауласып отырған бұзылған деп есептелген субъективтік құқық немесе заңмен қорғалатын мүдде нысана болады.

Төртінші белгісі әр кезде бұл іс жүргізу талап болғандыңғын әр кезде анықтауға болады, яғни сотқа берілген талап арыз бұған айғақ болады

2 топ – Талап арыздың үлгісі мен мазмұны. Қарсы талап қою жолдары

       148-бап. Талап қою арызының нысаны мен мазмұны

      1. Талап қою арызы жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында бірінші сатыдағы сотқа беріледі.

       2. Арызда:

      1) талап қою арызы берілетін соттың атауы;

      2) талап қоюшының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның туған күні, тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, ал егер талап қоюшы заңды тұлға болса, онда оның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi мен банктік деректемелері; егер арызды өкіл берсе, өкілдің атауы мен оның мекенжайы көрсетілуге тиіс. Арызда, егер бар болса, талап қоюшы мен өкілдің ұялы байланысының абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс;

      3) жауапкердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол талап қоюшыға белгілі болса), егер жауапкер заңды тұлға болса, онда оның толық атауы, орналасқан жері, банктік деректемелері (егер олар талап қоюшыға белгілі болса) мен бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (егер ол талап қоюшыға белгілі болса). Арызда, егер талап қоюшыға белгілі болса, жауапкердің ұялы байланысының абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс;

      4) азаматтың құқықтары мен бостандықтарын немесе талап қоюшының заңды мүдделерін және талап қоюшының талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні;

      5) талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, сондай-ақ осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелердің мазмұны;

      6) егер бұл заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, жауапкерге жүгінудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау туралы мәліметтер;

      7) егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы, сондай-ақ өндіріп алынатын немесе дауланатын ақшалай сомалардың есебі;

      8) талап қою арызына қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

149-бап. Талап қою арызына қоса берілетін құжаттар

      1. Талап қою арызына:      1) жауапкерге немесе оның өкіліне, үшінші тұлғаларға талап қою арызы мен оған қоса берілген құжаттар көшірмелерінің жіберілгенін растайтын құжат;       2) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;      3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат;      4) талап қоюшы өзінің талаптарын негіздеген мән-жайларды растайтын құжаттар;      5) дауды сотқа дейін реттеу тәртібінің сақталғанын растайтын құжаттар, егер осы тәртіп заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе;      6) егер дәлелдеме жауапкерде немесе үшінші тұлғада болса, талап қоюшының дәлелдемелерді талап ету туралы өтінішхаты;      7) егер талап қоюды заңды тұлға берсе, жарғының, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.      2. Электрондық құжат нысанында берілетін талап қою арызына осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың электрондық нысандағы көшірмелері қоса беріледі.

150-бап. Талап қою арызын қабылдау

      1. Судья талап қою арызы келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы мәселені шешеді.

      2. Талап қою арызын бірінші сатыдағы соттың іс жүргізуіне қабылдап, судья сот ісін жүргізу тілін көрсетумен бірге азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарады

 Қарсы талап қою - жауапкер бiрiншi сатыдағы сот шешiм шығарғанға дейiн алғашқы талап қоюмен бiрлесiп қарау үшiн талап қоюшыға қарсы талап қоюға құқылы. Қарсы талап қою талап қою туралы жалпы ережелер бойынша жүргiзiледi. Іске қатысушы тұлғалардың іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге; қарсылықтарын мәлімдеуге; дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға; іске қатысушы басқа адамдарға, куәлерге, сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қоюға; өтініш жасауға, соның ішінде қосымша дәлелдеме талап ету туралы өтініш жасауға: сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге;сот процесі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерін келтіруге; іске қатысушы баска тұлғалардың өтінімдері мен дәлелдеріне қарсылық білдіруге; сот жарыссөздеріне қатысуға; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған жазбаша ескертпелер беруге; соттың шешімі мен ұйғарымына шағьмдануға; азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдарда берілген басқа да іс жүргізу құқықтарын пайдалануға құқығы

3 топ – Талаптардың құқықтық іс жүргізу бойынша жіктелуі. Талап өндірісінің кезеңдері

1 ұйғару туралы талаптары

2-мойындау туралы талаптар

3 өзгертетін талаптар

ұйғару туралы талаптар немесе атқару талаптар дегеніміз бұл жауапкердің белгілі әрекеттер жасау немесе жасамауын соттан талап қоюшының сұрайтын талабы. Мысалы талап қоюшы соттан жауапкерден қарызды төлеуі, пәтерді босату және т.б. Осындай талаптар сот шешімі бойынша атқару парақтары беріледі немесе атқару талаптары деп те аталады

Мойындау талаптары, мысалы талап қоюшы белгілі бір әдебиет шығармашылығына өзінің авторлық құқығын бекітуін сұрайды.

өзгертетін талаптар қатысушылары (жеке және заңды тұлғалар) соттың қатысуынсыз

өз еркілерімен араларындағы құқық қатынастарын өзгертеді немесе тоқтатады. Мысалы, неке бұзу (егер ортақ кәмелетке толмаған бала немесе ортақ мүлікті бөлу жөнінде дау болмаса)

Материалдық-құқықтық белгісі бойынша талаптар жіктелуі келесі түрлерге бөлінеді: отбасылық, алименттік, тұрғын ұй, жер және т.б.

Талаптар әр түрлі сала бойынша жікетеледі. Мысалы жер дауы талаптары, еңбек дауы талаптары және т.б.

Талап өндірісінің кезеңдері

1) азаматтық істің қозғалуы

2) азаматтық істі соттық талқылауға дайындау

3) соттық талқылау.

4 топ – Соттағы іс жүргізуінің негізгі түрлері

Шарттар өзара: - жалпы (құқық қабілеттігі, сотқа бағыныстылығы, мәселеге сот шешімінің жоқтылығы, тараптардың дауды сот арқылы шешуге келісімнің жоқтығы), арнаулы (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлға претензия арқылы реттеуі ), оң, теріс болып бөлінеді

 Заңды тұлғалардың және азаматтардың конституциялық құқығын қорғау сотқа талап арыз беру арқылы іске асырылады.Заңда әр азаматтық істі қараудың процедуралық реті көрсетілген, яғни талап арыздан өрбитін өндірістерді талап өндірісі, әкімшілік құқық қатынастардан пайда болатын өндірістер және ерекше өндірістер болып бөлінеді. талап өндірісінің бірінші аталуының мәні азаматтық істің басым көпшілігі құқық туралы даудан пайда болады.Талаптың мәні ол материалдық құқықтық дау, ол даулардың түрлері:

1.талапкер мен жауапкер ортасында материалдық құқық қатынасының болуы немесе болмауы туралы дау;

2. талапкер мен жауапкер ортасында жауапкердің міндетінен туатын дау;

3. талапкер мен жауапкер ортасындағы құқық қатынасты өзгерту немесе жою туралы дау;

Егер прокурор азаматтардың мүдделері үшін өтініш жасаған жағдайда талап арызда азаматтың өзінің талап қоюы мүмкін еместігінің себептерін негіздеу болуға тиіс; арызға әрекет қабылетсіз адамның мүдделері үшін арыз беретін жағдайларды қоспағанда,азаматтың сотқа талап қоюмен жүгінуге келісімін растайтын құжат қоса тіркелуге тиіс. Арызға талапкер немесе талап арызға қол қоюға және оны көрсетуге өкілеттігі болған жағдйда оның өкілі қол қояды. Судья талап арыз түскен күннен бастап 5 күн мерзімде оны сот ісін жүргізу үшін қабылдау туралы мәселені шешуге құқылы. Талап арызды қабылдай отырып,судья азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарады. Ал егер жауакер талапкердің талабынан қорғанғысы келсе, ол қарсылық жазу немесе қарсы талап беру арқылы іске асырылады. Қарсылық білдіру – жауапкер берілген талапты нақтылы негіздер келтіре отырып негізсіз деп тануға күш салады, яғни талапкердің талап беруге құқығы жоқ немесе талап беру барысында процесуалдық тәртібінің сақталмауының негізінде процестің болуының өзі қателік деп табуды айтамыз. Ал қарсы талап арыз – талапкердің сотқа өз алдына жауапкердің арызымен бірге қарау үшін берген талабы.

3. Судья талап арызды қабылдаудан егер:

- арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаруға және шешуге жатпаса;

- сол тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған соттың заңды күшіне енген шешімі немесе талапкердің талап қоюдан бас тартуына байланысты іс бойынша сот істі жүргізуді тоқтату туралы немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту туралы сот ұйғарымы болса бас тартады.

Судья арызды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді ұйғарым шығарады, егер іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса, талап қоюшының қандай органға жүгінуі керектігін көрсетеді. Арызды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді ұйғарым ол сотқа түскен кезден бастап 5 күн мерзімде шығарылады және ароыз берушіге қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге табыс етуге немесе жіберілуге тиіс. Бұл арызды қабылдаудан бас тарту туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.

Судья талап арызды, егер;

  • талап қоюшы істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін алдын ала шешу заңмен белгіленген тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаса;
  • іс осы соттың соттауына жатпаса;арызды әрекетке қабылетсіз адам берсе;
  • арызға оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойса;
  • осы немесе басқа бір соттың іс жүргізуінеде сол тараптар арасында, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша дау жөнінде іс бар болса;
  • коммуналдық мүлікті басқаруға құқылы орган жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекттік тіркеуді жүзеге асыратын органның осы затты қабылдаған күннен бастап 1 жыл өткенге дейін жылжымайтын затқа коммуналдық меншікті төлеу туралы өтінішпен сотқа жүгінсе;талап арызды қайтарыды талап қоюшы мәлімдесе қайтарып жібереді.

Есептер:

1. Морозова үйге меншік құқығын мойындау жөнінде сотқа талап арызбен барды. Өтінішінде ол 1990 жылы бірінші некеден туған қызы Галинамен (жауапкер) бірігіп сол үйді сатып алғанын жазған. Үй талапкер атына тіркелген, қызымен арасының суып кетуіне байланысты әрі қарай тұра алмайды, сол себепті қызының үлесіне тең сомма ақша беруге келісімді.

Сот отырысында Морозова екінші күйеуі тұратын жақтан жаңа пәтер сатып алғысы келетіндігін мәлімдеді. Сондықтан қызынан ақшаны талап етіп отырғанын айтты. Сот бұл жағдайды қалай шешу керек? Талаптың элементтерімен түрлерін атаңыз.

2. Р. Б. Трушина өз міндеттерін белгісіз себептермен орындамағаны үшін №58 мектеп әкімшілігімен жұмыстан шығарылды.

Жұмыстан шығарылуын заңсыз деп санаған ол сотқа талап арызбен жүгінеді.

Қай тарап жұмыстан шығарылғандығының заңдылығын (заңсыздығын) дәлелдеуі керек?

Бұл тарап сотқа қандай дәлелдемелерді көрсетуі қажет(нақты құжаттарды көрсету)?

Ырғыз аудандық сотына

Арызданушы: __________________________

Аты-жөні, тұрғылықты жері, , СТН, байланыс телефоны

Мүдделі жақ __________________________

аты-жөні, тұрғылықты жері, ЖСН , байланыс телефоны

А Р Ы З

Әрекетке қабілетсіз деп тану туралы

Менің балам _________________________________________________________ туылған

аты-жөні, туған жылы, туған қаласы.

Ол _______________________ бастап облыстық психоневрологиялық диспансерінде

жылы, айы күні

«__________________ » диагнозбен диспансерлік есепте тұрады.

аурудың сипатын көрсету

Жылына бірнеше рет комиссиядан өтедіі.

Алайда менің балам психикалық ауруы салдарынан өз әрекеттерінің нақты сипаты мен маңызын түсінбей, не істегенін білмейді. Тұрақты қамқоршылықты қажет етеді, себебі өзі тамақтанбай, киіне алмайды, яғни өзін өзі күтіне алмайды.

Бұл мән-жайлар облыстық психоневрологиялық диспансерінің анықтамасымен, ДКҚ-ның хаттамасының үзіндісімен, медициналық картасымен және басқа да құжаттармен расталады.

Баламды әрекетке қабілетсіз деп тану мені қамқоршы етіп тағайындау үшін қажет.

ҚР АПЗ-ның бабын басшылыққа алып,

С Ұ Р А Й М Ы Н:

Менің балам _________________________________________________________

аты-жөні, туған жылы, туған қаласы.

әрекетке қабілетсіз деп тануды.

Оның психикалық жай-күйін анықтау үшін сот-психикалық сараптама тағайындауды.

Тіркелді:

Мемлекеттік баж төленгендігі туралы түбіртек.

Арыздың көшірмесі. Туу туралы куәліктің тиісті түрде бекітілген көшірмесі .

ДКҚ хаттамасының үзіндісі және басқа да психикалық ауруды растайтын

құжаттар. Мүгедектік туралы анықтама.

Арыз берушінің жеке куәлігінің көшірмесі.

Арызданушы қолы Арыз берілген күні

В _____________________________ суд

___________________________ области

Истец: Ф.И.О., дата рождения

место жительства: г._______, улица ________

дом №_____, квартира № ____, ИИН__________________________________

абонентский номер сотовой связи: _________

электронный адрес: _______________

Ответчик: полное наименование юридического лица

(предприятия, учреждения, организации),

место нахождения: г._________, улица __________, офис: _______,

______________________________________

(указать банковские реквизиты и БИН, абонентский номер сотовой связи, электронный адрес, если они известны истцу)

 

ИСКОВОЕ ЗАЯВЛЕНИЕ

(о взыскании заработной платы)

На основании приказа № ___ от _____ года я был принят ответчиком на работу _____________________ (указать должность и место работы), с окладом _____ тенге.

Ответчик с ______ (дата) без уважительных причин не выплачивает мне заработную плату, что подтверждаю справкой бухгалтерии от ____ (дата).

Сумма долга по заработной плате по состоянию на ______ (дата) составляет ____ тенге.

На основании изложенного, руководствуясь статьей 113 Трудового кодекса Республики Казахстан, статьями 148-149 Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан,

П Р О Ш У :

Иск ____________ Ф.И.О. (истца) к ____________________ (наименование предприятия, учреждения или организации) о взыскании заработной платы удовлетворить.

 Взыскать с _____________ (указать наименование ответчика, его банковские реквизиты) в пользу ___________________ (Ф.И.О. истца) заработную плату в сумме - ____ тенге.

 Судебные издержки возложить на ответчика.

 Перечень прилагаемых к исковому заявлению документов:

  • Копия искового заявления и приложенных к нему документов по числу ответчиков и третьих лиц;
  • Копия трудовой книжки (договора или контракта);
  • Справка бухгалтерии предприятия о сумме долга по зарплате

 

Истец: подпись Ф.И.О. истца Дата __________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру