Талап қою іс жүргізуінің негіздері. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Бөлім: Іс жүргізу құқығының негіздері

Азаматтық іс жүргізу құқығының институттары

Мектеп: Алматы қ. ФМБ НЗМ

Уақыты: 2 сағат

Мұғалімнің аты - жөні: Кульбаев А.К.

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Талап қою іс жүргізуінің негіздері

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

11.4.2.1 - талап қою шарттарын түсіндіру; 11.4.2.2 - талап қою арызын оның мазмұны мен формасына қойылатын шарттарға сәйкес құрастыру

 Сабақтың мақсаты

  • «Талап», «талап арыз» «талап қоюшы», «жауапкер», «талаптың мазмұны», «тараптар» «қарсы талап қою» ұғымдарының мазмұны ашылады және талап қоюдың шарттары түсіндіріледі;
  • Оқушылар талап қою арызын оның мазмұны мен формасына қойылатын шарттарға сәйкес құрастырады;
  • Талап және талап арыз институттының жүзеге асыру барысында туындайтын түрлі құқықтық жағдаяттарды талдау дағдыларына ие болады.

 Бағалау критерийлері

Барлығы: «талап», «талап арыз» «талап қоюшы», «жауапкер», «талаптың мазмұны», «тараптар» «қарсы талап қою» ұғымдарын біледі әрі түсінеді және талап арыздың құқықтық нормаларын дұрыс қолдана алады, сақтайды және пайымдайды.

Көпшілігі: «талап», «талап арыз» «талап қоюшы», «жауапкер», «талаптың мазмұны», «тараптар» «қарсы талап қою» ұғымдарының мазмұның талдайды және өздері құрастырған талап арызды терең талдау жүргізе алады

Кейбіреулері: Талап және талап арыз институттының жүзеге асыру барысында туындайтын түрлі құқықтық жағдаяттарды талдау дағдыларына ие бола тұра ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы жүйесіндегі талап арыздың алатын орын мен рөлін белгілейді және оған бағасын береді

 Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология:

Жәбірленуші — потерпевший, азаматтық талап қоюшы — гражданский истец, гражданский жауапкер — гражданский ответчик, талап арыз — исковое заявление, талаптың мазмұны, талап қоюды тану, талаптың негіздемесі, үшінші тұлғалар, қарсы талап қою

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Талап арыз дегеніміз – бұл...

Талап қоюды тану деп ...

Талаптың негіздемесіне...

Талап және талап арыз институтының қоғамдағы маңызы келесі жағдайларымен белгіленеді...

Біздің анықтағанымыз...

Қорытындысында...

Біздің тобымыздың ойынша....

 Құндылықтарды

  дарыту

-тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану;

- жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;

- Құндылықтар:

-патриотизм,-ұлттық сана-сезім,-төзімділік,-бостандық,

-ынтымақтастық,-мақсаттылық,-жауапкершілік,-өмір бойы оқу

 Пәнаралық

  байланыстар

Қазақ және орыс тілі, тарих, философия

 АКТ қолдану

  дағдылары

Азаматтық іс жүргізу Кодексінің жаңа жобасы таныстырылды (толығырақ)

https://www.youtube.com/watch?v=NalwMiYFV3U

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар іс жүргізу құқығының негіздерін біледі,, күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін және БАҚ көздерінен берілетін іс жүргізу құқығы туралы ақпараттарды қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың қезеңдері

Сабақта орындалатын іс - әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақ басы

7 мин

Ұйымдастырушы кезең. Мұғалімнің сәлемі

Оқушыларға «Миға шабуыл» әдісін қолдану арқылы бейнесюжет көрсетілу алдында нұсқаумен мен бірге келесі сұрақтар қойылады:

Бейнесюжетті мұқият тыңдап келесі сұрақтарға жауап беріңдер:

1. Қалай ойлайсыздар, неге жаңа Заңда азаматтардың сотқа дейіңгі берген құжаттары мен айғақтар жинау мерзімі ұзартылды?

2. Медиация немесе бітімгершілік жолы арқылы дауларды шешудің қандай пайдасы бар деп ойлайсыздар?

3. Бейнесюжеттің мазмұнына қарап жаңа сабақтың тақырыбын атай аласыздар ма?

Мақсат галереясы арқылы оқушылар сабаққа мақсат қойып, тақтаға орналастырады.

Тақырыпқа сай мозайка жинау арқылы 4 топқа бөлеміз.

Азаматтық іс жүргізу Кодексінің жаңа жобасы таныстырылды (толығырақ)

https://www.youtube.com/watch?v=NalwMiYFV3U

Ұлт жоспары - Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамыhttps://www.inform.kz/kz/ult-zhospary-n-nazarbaevtyn-bes-institucionaldyk-reformasyn-zhuzege-asyrudyn-100-kadamy_a2777949

ҚР Конституциясы. А.,2017

Сабақ ортасы

33 мин

Зерттеу жұмысын ұйымдастыру

Топтық жұмыс

1 топ – ҚР азаматтарының талап арыз беруінің алғышарттары мен себептері. Талап элементтері. Талап арыздың критерийлері мен белгілері

Дескриптор: Топ оқушылары ҚР азаматтарының талап арыз беруінің алғышарттары мен себептерін, талап элементтерін және талап арыздың критерийлерімен белгілерін зерттейді;

 

2 топ – Талап арыздың үлгісі мен мазмұны. Қарсы талап қою жолдары

 Дескриптор: оқушылар талап арыздың үлгісі мен мазмұның жіне қарсы талап қоюдың ерекшеліктерін талдап көрсетеді.

 

3 топ – Талаптардың құқықтық іс жүргізу бойынша жіктелуі. Талап өндірісінің кезеңдері

Дескриптор: оқушылар талаптардың құқықтық іс жүргізу бойынша жіктелуін зерттеп, талап өндірісінің кезеңдерін талдайды.

4 топ – Соттағы іс жүргізуінің негізгі түрлері

 Дескриптор: оұқушылар соттағы іс жүргізуінің негізгі түрлеріне құқықтық баға береді.

Топтық/ жұптық работа

Сабақ барысында алынған білімге негізделе келе құқықтың әртүрлі салалары бойынша талап қою арызын оның мазмұны мен формасына қойылатын шарттарға сәйкес құрастырыңдар

Дескриптор: топ оқушылары құқықтың әртүрлі салалары бойынша талап қою арызын оның мазмұны мен формасына қойылатын шарттарға сәйкес құрастырындар

Әр топ талап арызды құрастыру жөніндегі зерттеу нәтижелерін жариялайды

Есептер шығару:

1. Морозова үйге меншік құқығын мойындау жөнінде сотқа талап арызбен барды. Өтінішінде ол 1990 жылы бірінші некеден туған қызы Галинамен (жауапкер) бірігіп сол үйді сатып алғанын жазған. Үй талапкер атына тіркелген, қызымен арасының суып кетуіне байланысты әрі қарай тұра алмайды, сол себепті қызының үлесіне тең сомма ақша беруге келісімді.

Сот отырысында Морозова екінші күйеуі тұратын жақтан жаңа пәтер сатып алғысы келетіндігін мәлімдеді. Сондықтан қызынан ақшаны талап етіп отырғанын айтты. Сот бұл жағдайды қалай шешу керек? Талаптың элементтерімен түрлерін атаңыз.

2. Р. Б. Трушина өз міндеттерін белгісіз себептермен орындамағаны үшін №58 мектеп әкімшілігімен жұмыстан шығарылды.

Жұмыстан шығарылуын заңсыз деп санаған ол сотқа талап арызбен жүгінеді.

Қай тарап жұмыстан шығарылғандығының заңдылығын (заңсыздығын) дәлелдеуі керек?

Бұл тарап сотқа қандай дәлелдемелерді көрсетуі қажет(нақты құжаттарды көрсету)?

Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право РК. Учебник. Том 1-2. - Алматы, 2001;

Алтаева М.О., Сардаров Ч.С. «Гражданское процессуальное право Республики Казахстан»

Учебное пособие. Шымкент: Университет «Мирас», 2018, 304 стр.

Баймолдина З.Х. К вопросу об упрощении гражданского судопроизводства. - Фемида, 2012. - № 5

Жаналинова Г.А. Азаматық іс жүргізу құқығы. Әдістемелік оқу құралы - Қарағанды, 2012

ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы пәнінен глоссарий

Ақтөбе 2012

Соңы

5 мин

Кері байланыс

  • Бүгіңгі сабақтан нені біліп түсіндім/ әлі түсінбедім
  • Сабақты толық игеру үшін нені мен жасауым керек?
  • Қаншалықты бұл сабақ маған қызықты/ қызықты емес болды? Неліктен?
  • Сабақ маған қызықты әрі пайдалы болу үшін нені жасауым керек?

Үй тапсырмасы.

«Талап өндірісі жүйесінде нені өзгерткілерін келеді?» атты тақырыбында мини-эссе жазу (80-100 сөз)

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Коммуникативті дағдыларын дамыту мақсатында құрылған топтар/жұптар тілді меңгеру қабілеті төмен оқушыларды тілді меңгеру қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін меңзейді. Мұғалім талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалау тиіс.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету.

Талқылау барысында оқушылар берілген жағдаяттарды қалай шешкендігін, топтағы зерттеу жұмысын бағалау.

Талап өндірісі қызметін қарастыру негізінде өзара түсінушілік, адамгершілік қасиеттері қалыптастырылады. Талап өндірісінің қоғамдағы алатын орны мен рөлін сезінеді.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру