Талап қою іс жүргізуінің негіздері. Құқық негіздері, 11 сынып, презентация.


Бейнесюжетті мұқият тыңдап келесі сұрақтарға

жауап беріңдер:

1. Қалай ойлайсыздар, неге жаңа Заңда азаматтардың сотқа дейіңгі берген құжаттары мен айғақтар жинау мерзімі ұзартылды?

2. Медиация немесе бітімгершілік жолы арқылы дауларды шешудің қандай пайдасы бар деп ойлайсыздар?

3. Бейнесюжеттің мазмұнына қарап жаңа сабақтың тақырыбын атай аласыздар ма?

Сабақ тақырыбы : Талап қою іс жүргізуінің негіздері

Сабақтың мақсаты

«Талап», «талап арыз» «талап қоюшы», «жауапкер», «талаптың мазмұны», «тараптар» «қарсы талап қою» ұғымдарының мазмұны ашылады және талап қоюдың шарттары түсіндіріледі;

Оқушылар талап қою арызын оның мазмұны мен формасына қойылатын шарттарға сәйкес құрастырады;

Талап және талап арыз институттының жүзеге асыру барысында туындайтын түрлі құқықтық жағдаяттарды талдау дағдыларына ие болады.

Терминдер

Талап өндірісі – азаматтық, отбасылық, еңбектік және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын субъективті құқық немесе қорғалатын заңды мүдде туралы дауларды қарастыру және шешу бойынша соттың азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қызметі.

Талап қоюшы – сотқа талап арыз беру арқылы өзінің субъективтік құқықтары мен заңмен қорғалатын мүддесін қорғаушы тұлға.

Жауапкер – талап қоюшының талабы бойынша сот алдында жауап беретін тұлға.

Талаптың мазмұны - талап қоюшымен көрсетілген сот арқылы қорғану түрі, яғни сотқа жүгіну арқылы талап қоюшының өзінің бұзылған немесе даулы құқығын қорғау үшін сұрайтын соттың қызметі.

Талаптың негіздемесі - талап қоюшының сотқа өз үндеуін негіздейтін мәнжайлар.

Талаптың нысанасы - бұл талап қоюшының соттан шешуді сұрайтын материалдық-құқықтық дау.

Тараптар – сотта субъективтік құқықтары немесе заңмен қорғалатын жеке мүддесі туралы даулары қаралып және шешілуге тиіс іске қатысушы тұлғалар

Бағалау критерийлері :

Барлығы: «талап», «талап арыз» «талап қоюшы», «жауапкер», «талаптың мазмұны», «тараптар» «қарсы талап қою» ұғымдарын біледі әрі түсінеді және талап арыздың құқықтық нормаларын дұрыс қолдана алады, сақтайды және пайымдайды.

Көпшілігі: «талап», «талап арыз» «талап қоюшы», «жауапкер», «талаптың мазмұны», «тараптар» «қарсы талап қою» ұғымдарының мазмұның талдайды және өздері құрастырған талап арызды терең талдау жүргізе алады

Кейбіреулері: Талап және талап арыз институттының жүзеге асыру барысында туындайтын түрлі құқықтық жағдаяттарды талдау дағдыларына ие бола тұра ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы жүйесіндегі талап арыздың алатын орын мен рөлін белгілейді және оған бағасын береді.

1 топ – ҚР азаматтарының талап арыз беруінің алғышарттары мен себептері. Талап элементтері. Талап арыздың критерийлері мен белгілері

Дескриптор: Топ оқушылары ҚР азаматтарының талап арыз беруінің алғышарттары мен себептерін, талап элементтерін және талап арыздың критерийлерімен белгілерін зерттейді;

 

2 топ – Талап арыздың үлгісі мен мазмұны. Қарсы талап қою жолдары

 Дескриптор: оқушылар талап арыздың үлгісі мен мазмұның жіне қарсы талап қоюдың ерекшеліктерін талдап көрсетеді.

 

3 топ – Талаптардың құқықтық іс жүргізу бойынша жіктелуі. Талап өндірісінің кезеңдері

Дескриптор: оқушылар талаптардың құқықтық іс жүргізу бойынша жіктелуін зерттеп, талап өндірісінің кезеңдерін талдайды.

4 топ – Соттағы іс жүргізуінің негізгі түрлері

 Дескриптор: оұқушылар соттағы іс жүргізуінің негізгі түрлеріне құқықтық баға береді.

Топтық жұмыс

Сабақ барысында алынған білімге негізделе келе құқықтың әртүрлі салалары бойынша талап қою арызын оның мазмұны мен формасына қойылатын шарттарға сәйкес құрастырыңдар

Дескриптор: топ оқушылары құқықтың әртүрлі салалары бойынша талап қою арызын оның мазмұны мен формасына қойылатын шарттарға сәйкес құрастырындар

Әр топ талап арызды құрастыру жөніндегі зерттеу нәтижелерін жариялайды

Топтық/ жұптық жұмыс

Есептер

1. Морозова үйге меншік құқығын мойындау жөнінде сотқа талап арызбен барды. Өтінішінде ол 1990 жылы бірінші некеден туған қызы Галинамен (жауапкер) бірігіп сол үйді сатып алғанын жазған. Үй талапкер атына тіркелген, қызымен арасының суып кетуіне байланысты әрі қарай тұра алмайды, сол себепті қызының үлесіне тең сомма ақша беруге келісімді.

Сот отырысында Морозова екінші күйеуі тұратын жақтан жаңа пәтер сатып алғысы келетіндігін мәлімдеді. Сондықтан қызынан ақшаны талап етіп отырғанын айтты. Сот бұл жағдайды қалай шешу керек? Талаптың элементтерімен түрлерін атаңыз.

 

2. Р. Б. Трушина өз міндеттерін белгісіз себептермен орындамағаны үшін №58 мектеп әкімшілігімен жұмыстан шығарылды.

Жұмыстан шығарылуын заңсыз деп санаған ол сотқа талап арызбен жүгінеді.

Қай тарап жұмыстан шығарылғандығының заңдылығын (заңсыздығын) дәлелдеуі керек?

Бұл тарап сотқа қандай дәлелдемелерді көрсетуі қажет(нақты құжаттарды көрсету)?

Кері байланыс. Рефлексия

Бүгіңгі сабақтан нені біліп түсіндім/ әлі түсінбедім?

Сабақты толық игеру үшін нені мен жасауым керек?

Қаншалықты бұл сабақ маған қызықты/ қызықты емес болды? Неліктен?

Сабақ маған қызықты әрі пайдалы болу үшін нені жасауым керек?

«Талап өндірісі жүйесінде нені өзгерткілерін келеді?» атты тақырыбында мини-эссе жазу (80-100 сөз) )

Үй жұмысы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру